Кіріккен сөздер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Автор кіріккен түбірлерге "өлі түбірлі не өлі қосымшалы сөздер сияқты, ішкі жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы, түбір мен жалғаудан құралмай, өңшең түбірлерден құралған" сөздерді жатқызады. Мысалы: ашудас -ашу+тас, күндіз -күн+ дүз (жүз, бет),аяз -ай+юз, белбау-бел+бау, қаралат - қар +ала +ат. Осындай екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дейміз" дейді [2: 155-156]. Бұдан ары автор кіріккен сөздерді көне және жаңа деп екіге бөледі. Ерте құралып, арасының жігін жоғалтып кеткен сөздерді кіріккен сөздердің көнесі деп қарайды. Мысалы :қаралат, аяз. Ал жаңадан құралып, әлі жігін жоғалтпағандарын кіріккен сөздердің жаңасы деп қарайды. Бұған қолғап, күнбағыс, айғабақ, белуар сияқты сөздерді жатқызады. Автор бұл сияқты кіріккен сөздерді тұтас күйінде тұрып, жалғасып кіріккендіктен жалғаулы кіріккен сөздер деп атайды
Қазақ ғалымдарының ішінде қазақ тіліндегі біріккен сөздерді арнайы зерттеген - Г.Н.Жәркешова. Ол 1949 ж. осы тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғады, оннан аса мақала жариялады."Халық мұғалімі" журналының 1951 жылғы 8 нөмірінде жарияланған мақаласында біріккен сөздердің бірнеше тұлғалық белгілері бар екенін көрсеткен.
1960 ж. ол "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігің" шығарды. Автор еңбегінің кіріспесінде түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың біріккен сөздер мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігін, ертеректегі Мелиоранский, Будагов, Катанов, Казамбек сияқты ғалымдардың еңбектерінде біріккен сөздер жайындағы мәліметтер өте тапшы екендігін, кейінгі түркітанушылардан А.Н.Кононовтың "Грамматика турецкого языка" (М., Л., 1941 ж. ) еңбегінде түрік тіліндегі бірнеше біріккен сөздің этимологиясын ашқандығын, А.Боровков пен Э.В.Севортяннің біріккен сөздерді түркі тілдеріндегі сөзжасам амалы деп қарап, бұл мәселенің әлі зерттелмегенін, жалпы алғанда, біріккен сөздер жайында сүйенерлік күрделі зерттеулер жоқтығын айтады [4: 3-4].
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер (біріккен, кіріккен сөздер, қос сөздер т.б. туралы пікірлер, тұжырымдар қазақ тілінің жоғары оқу орындарына арналған грамматикаларында берілген.
1954 ж. шыққан "Қазіргі қазақ тілі" атты тұңғыш ғылыми грамматикада морфологияның жалпы бөлімін жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді тұлғасына қарай бес түрге бөледі: 1) түбір сөздер, 2) туынды сөздер, 3) біріккен сөздер, 4) қос сөздер, 5) қысқарған сөздер [5: 190]. Бұл бөлудегі соңғы үш түрге автор күрделі сөздер деген терминді қолданбаған, тек "бірікпеген күрделі сөз" деген ұғымды ғана қолданған [5: 194].
А.Ысқақов біріккен, кіріккен сөздер мен қос сөздерді бұлардан бөліп, жеке талдаған. Біріккен сөздердің жоғарыда айтылғандай фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық факторлар негізінде сөз тіркестерінің белгілі заңдылықтарына лайық жасалатынына, олардың не сабақтаса, не салаласа құралатынына тоқтаған. Біріккен сөздердің мағыналық жағын талдауға көбірек көңіл бөлген. Бірқатар біріккен сөздің мағынасы компоненттерінің мағыналарының жиынтығына сай келмейтіні (білезік, қарлығаш, биыл,ендігәрі), бірқатарының мағынасы өзінің құрамындағы компоненттерінің мағыналарының жиынтығына жуық болатын (жаздыгүні, қыстыгүні, құсбегі, атбегі), біріккен сөздердің бірсыпырасының құрамындағы компоненттері әуелгі мағыналарын жоғалтып, жаңа бір мағынаны білдіретіні (белбеу, бәйшешек, отағасы, тоқсан, өйткені) көрсетілген [5: 108-109 ].
Профессор К. Аханов күрделі сөздің мынадай басты белгілерін көрсетеді: 1.Күрделі сөз кемінде екі түбірдің (немесе негіздің) бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан жасалады. 2.Күрделі сөз жасайтын сыңарлар семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан тұтасып, бір ғана ұғымды білдіреді. 3. Күрделі сөздің құрылымдық тұтастығы берік сақталады, оның сыңарларының арасына басқа бір сөз кіргізуге және олардың орнын ауыстыруға болмайды. 4. Күрделі сөз сыңарлары тұтас бір ауа түйдегімен үзіліссіз айтылып, бір ғана дауыс екпінге ие болады [6:49-97].
Қазақ тіліндегі күрделі сөздерді және оларды мектепте оқыту мәселесін Ж.Шәкенов [7:32] күрделі сөздердің грамматикалық, семантикалық сипатымен бірге, олардың фразеологиялық тұлғалармен арақатынасына ерекше назар аударған
Күрделі етістік жайын зерделеп, оның өзіндік ерекшелігін, қалыптасу заңдылықтарын ашу, оларды ұқсас аналитикалық формалардан ажыратып қарау проф. Н.Оралбаеваның еңбектерінен басталады. Ол осы мәселелерге байланысты "Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары (1975 ж.) [8 ] ."Күрделі етістік. Құранды етістік", "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" (1989 ж.) [9 ] т. б. еңбектер жарияланды.
Автор түркітануда күрделі етістік деген термин соңғы кезге дейін кең мағынада қолданылып, зерттеушілер оларды құранды етістіктер, күрделі етістіктер, аналитикалық етістіктер деп әр түрде атап, оған сырттай ұқсастығы бар аналитикалық формалы етістіктерді де, фразалық тіркестерді де, құранды етістіктерді де жатқызып келгенін айтады [9: 290-291 ].
Жоғарыда аталған ғалымдардың зеріттеуі бойынша, Біріккен сөз дегеніміз екі немесе одан көп сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз деген тұжырымға келеміз.
Біріккен сөздер құрылымы жағынан сөз тіркесі сияқты болып та келеді. Біріккен сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады:
Екі сөз бірігіп, ортақ мағынаға ие болады. Мәселен, басқұр, алтыбақан, ақбоз, ақиық т.б.
Әр компонент бір екпінмен айтылып, екі сөздің бірігуінен жасалады, нәтижесінде сөз құрамы фонетикалық өзгеріске түседі. Мысалы, ала+өкпе - алаөкпе, жан+бас - жамбас, күздің+күні - күздігүні, ала+ауыз - алауыз т.б.
Кей біріккен сөздер бастапқы формасын жоғалтып, тарихи даму барысында танымастай өзгерген: әкел- алып+кел, бүгін - бұл+күн, ағайын - аға+ +іні, білезік- білек+жүзік т.б.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.
Біріккен және кіріккен сөздердің мән-жайын айқындау арқылы оларды дұрыс жазып таңбалаудың ғылыми негіздерін аңғарамыз.
1963 жылы шыққан Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде біріккен сөздер бірде біріктіріліп, бірде бөлек жазылады. Біріккен сөздердің жазылу емлесіне сай келмейтін кей тұстары бар екенін байқаймыз. Сөздікте алжапқыш, бесжылдық, ақсүйек, қайынаға, біртектес т.б. сөздер бірігіп жазылады да, осылардан айырмашылығы жоқ төсек жапқыш, қайын ата, он күндік, қос басшы т.б. сөздер біріктірілмей, бөлек жазылады.
ҚазССР ҒА- ның корр. Мүшесі М. Балақаевтің Социалистік Қазақстан газетінде жариялаған Біріккен сөздерді қалай жазуымыз керек? деген мақаласында Біріккен сөздердің бірде бөлек, бірде бірге жазылуын барлық сөздерді біріктіріп жазсақ қана құтыламыз деген пікір білдірген болатын.
Сөздерді біріктіріп жазудың мақсаты - тілдік санада, тілдік тәжірибеде барды банды ету, жұртты саналы, сауатты жазуға жетектеу. Олардың ғылыми негіздері мыналар:
1. Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз. Солай сөз жасау тарихи процесс. Ол - тілдің ішкі заңдарына негізделген заңдылық. Ойдан шығарылған не басқа тілге тән құбылыс емес, қазақ тілі, қазақ жазуы қабылдап, игеріп жатқан құбылыс. Оны дамыта беру үшін графикалық таңба, орфографиялық ережелер арқылы белгілі қалыпқа түсіру - тіл жұмсаушылардың сан-сезімін дамытуға ықпал жасағанымыз болады. Тіл жұмсаудағы бұл прогрестің дамуы - адам ойының ілгері дамуының да көрінісі. Біріккендердің жігін айырып бөлшектеп жазу, немесе біріктіріп жаңа сөз жасауға қарсы орфографиялық қағида ұсыну - күрделенген өскелең өмірімізге жарасымды әрекет болмаса керек. Сөз - сөз тіркестері мен сөйлемдерді құраудың материалы болса, біріккен сөз - сомданған материал. Оларды сол күйінде жазу - бөлшекті бүтін күйінде пайдалану, сөйлемдер арқылы ой дәлдігін білдірудің нышаны. Біріктіріп жазу жинақтылықтың да нышаны. Жинақтылық- мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті елдің жазуы тілдегі сөз тұтастығын бұзбай, адамдардың психологиялық ойлау қабілетіне сәйкес болуға тиіс.
2. Біріккен сөздерді біріктіріп жазу- тілдің сөз байлығын дамытудың да қамы. Тұтастырып жазу - жазудың тиімді түрі. Ол тіл жұмсаушылардың, мектептерде тіл сабағын оқытушылардың саналы, ойлы әрекетіне негізделеді.
3. Біріккен сөздерді жұртқа біріктіріп жазып оқыту арқылы солардың тұтастығын танытамыз, бір сөз ретінде дұрыс жазып жылдам оқуға тиісті жағдай жасаймыз. Мысалы, біржола, келіссөз, оңтүстік, қосаяқ тәрізді сөздерді бір жола, келіс сөз, оң түстік, қос аяқ деп қырғыздарша бөліп-бөліп жазып, олай оқытқанда, ықшамдылықтың орнына шашыраңқылық, ежіктеу, теріс түсініктер пайда болмай ма? Түсінік үшін бірге жазылатын ақсүйек (ойын), ақсақал (адам, қария), Аққұм, Сұршақыз (ән) сияқтыларды сондай құрамда бөлек жазылатын ақ сүйек, ақ сақал, ақ құм, сұрша қыз дегендей тіркестерінен айыруда үлкен мән бар, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
О.Бөкей шығармаларындағы біріккен сөздердің қолданылу сипаты
Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз
Біріккен сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелуі
Грамматикалық формалардың лексикалануы
Дара және күрделі сөздерді танып-танытудағы пікірталастар. Сөздерді бірге, бөлек жазудағы ұстанымдар
Қазақ тілінде біріккен сөздердің зерттелуі
Қос сөз
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
Сөздің құрылысы мен құрылым жүйесі
Қос сөздердің жасалуы
Пәндер