Бастауыш сынып оқушыларына тәжірибе арқылы жаратылыстанудан білім беруді ұйымдастыру әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым Министрлігі М.Әуезов Атындағы
Оңтүстік Қазақстан Университеті

Баяндама

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларына тәжірибе
арқылы жаратылыстанудан білім беруді
ұйымдастыру әдістемесі

Орындаған: Шалгынбай Гүлнұр
Тобы: Тп - 17 - 10К1
Жетекшісі: б.ғ.к.,доцент Сихимбаева С.М.

2020 - 2021 ж
Бастауыш сынып оқушыларына тәжірибе арқылы
жаратылыстанудан білім беруді ұйымдастыру
әдістемесі
Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми - зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.Халықаралық практикада білім стандарты білім нәтижелері түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарастырылып, Нәтижеге бағдарланған білім моделіне көшуге бағыт алады. Онда білім компонентілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір - бірінен пәндер алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғада білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компонентілігін қабылдауды қамтамасыз етеді.Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан - жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі. Саралап және даралап оқытуға басым бағыт беріледі. Ақпаратты білімнің дәстүрлі тәсілдері - ауызша және жазбаша сөйлеу, компьютерлік құралдармен байытылады.
Жаңартылған бағдарламаның мәні - баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі Өмірмен байланыс ұғымына құрылған. Бұл жаңа жүйе бойынша бағдарлама әзірленіп, жаңа оқулықтар қолданысқа түсіп отыр. Бастауышта зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыратын және өмір сүретін әлем туралы жаңа Жаратылыстану пәні енгізілді.
Жаратылыстану пәні бастауыш мектепке бірнеше себептерге байланысты енгізіліп отыр. Атапайтқанда:
-пән мазмұнындағы деректер мен білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады.
-пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу,зертеу жоспарын дайындау және болжам жасау, сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау,өңдеу және түсіндіру,дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
-бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді, ақиқатпен байланысты іс - әрекеттердің жауабын табуға сұрақтар қоюға дағдыланады, ғылыми - зерттеу тәсілдерін түсініп ойлауға және бақылауға дағдыланады.
Жаратылыстану пәнінің мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология,химия,физика) меңгеруге дайындау,күнделікті өмірде үйде, мектепте, табиғатта көрген , бақылаған, құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
Жаратылыстану пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқулық Мен зерттеушімін,Өсімдіктер, Жануарлар, Адам, Күш пен қозғалыс, Жер және ғарыш, Табиғат физикасы, Жарық және Дыбыс сияқты оқу бөлімдерін қамтиды.
Бұл пәннің артықшылығы бала тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына және дұрыс тұжырым жасауына бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Жаратылыстану оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған. Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі,табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.
Жаратылыстану пәнін оқыту кезінде бастауыш мектеп білім алушылары биология,экология география бойынша қарапайым ұғымдармен танысады.
Жаратылыстану пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі.
1. 1- сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 33 сағатты құрайды
2. 2 - сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағатты құрайды
3. 3 - сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағатты құрайды
Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем туралы ой - өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
Бастауыш мектепте Жаратылыстану пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай - ақ табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
Түркістан Республикасы үкіметінің қазақ халық ағарту институтын ұйымдастыру шаралары
Шетелдегі халыққа білім беру жүйесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру
Биология оқыту әдістемесі
ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Физиканы оқытудың нақты мақсаттары
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Пәндер