Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы даму жағдайын талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы даму жағдайын талдау

Орындаған:Ынтықбай Б.Б.
Тексерген:Кулиев И.У.

Алматы, 2020ж

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің ағымдағы даму жағдайын талдау

Қазіргі экономикалық даму теорияларында кәсіпкерлік қызмет соңғы орында емес, себебі шағын және орта кәсіпорындар экономикалық ахуалды жасқартуға зор әлеуетке ие. Осыған сәйкес бұл теориямен мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың оңтайлы және тиімді әдістерін табуы тиіс. Қазақстанда экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.
Еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар іс-шаралар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы, Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол - шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Кәсiпкерлiктi және шағын кәсiпкерлiктi мемлекет тарапынан қолдау мен реттеудiң негiзгi бағыттарына:

Елде жекешелендiрудi одан ары жүргiзу;
Рыноктық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiк қызметтердiң еркiн қызмет етуiне қолайлы ортаны қалыптастыру;
Кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмiн сертификаттаудың оңайтылған тәртiбiн белгiлеу;
Ұлттық маңызды және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
Қаржы көздерiн анықтай отырып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын жасау;
Елдегi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестерiмен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
Өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде отандық кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру.
Елімізде кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті, әсіресе инновациялық кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сыйымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатына құрылады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтқанда, қазңрге дейін шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 6 мемлекеттік бағдарламасы (1992-1994 жж., 1996-1998 жж., 1999-2000 жж., 2001-2002 жж., 2004-2006жж., 2005-2007жж.,) қабылданып жүзеге асырылды. Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты жағдайына, елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын, шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталды.
Бағдарламаның жалпы мақсаты - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет сферасын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалды шарттарды жетілдіру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.
Жалпы алғанда елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе еліміздің экономикалық саясатының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
Шағын кәсіпкерлік субъектілері
Кәсіпорын қызметінің дамуы
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесі
Пәндер