Табиғи фосфорқұрамдас шикізат кенорындары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 661

Қадірбаева А. А.

ТАБИҒИ ФОСФОРҚҰРАМДАС ШИКІЗАТ КЕНОРЫНДАРЫ

Түйін

Мақалада Қазақстанда есепке алынған фосфат кенорындары, геологиялық құрылымы мен жатыс сипаты туралы мәлімет келтірілген. Фосфорит - саз, карбонат, аралас құрамды тау жынысы, оның құрамы негізінен фторапатитке жақын. Фосфорит уран, сирекжер, стронций сияқты элементтерге бай келеді. Сонымен қатар оның құрамына ванадий, титан, цирконий, алтын және т. б. минералдар кіреді.

Қазақстанда баланстық қоры жағынан негізгі мәнге фосфорит (микротүйірлі және жалбыр) кені ие. Фосфорит кенорындары екі ірі алапта шоғырланған: Кіші Қаратау (микротүйірлі фосфорит) және Ақтөбе (жалбырлы фосфорит) . Кіші Қаратау алабы 14 өнеркәсіптік кенорынды (Шолақтау, Көксу, Жаңатас, Көкжон, т. б. ) біріктіреді. Олардың баланстық қоры 550 млн. тонна. Алаптың болжамдық ресурсы 2 млрд. тонна деп бағаланады. Ақтөбе алабы 9 кенорынды (Шилісай, Алға, Богданов, Көктөбе, т. б. ) біріктіреді, олар­дың жиынтық баланстық қоры 125 млн. тонна фосфордың бестотығы.

Кілт сөздер: кенорындар, фосфорит, апатит, баланстық қор, ресурс, шикізат

Кіріспе. Қазақстан қойнауындағы байлықтары бойынша ірі мемлекеттерге жатады. Оның қоры 5 трилион доллардан көп. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығына қажетті шикізат қорлары біздің еліміздің Жамбыл облысы Қаратау бассейінінде орналасқан. Қаратау бассейіні бірнеше кенорындарынан тұрады. Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Ақжар және тағы басқа. Жалпы табиғи кендер бойынша Қазақстанның өзіндік қоры үлкен. Менделеевтің кестесіндегі элементтер бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы елдерге жатады. Табиғи кендерді дайындау геологиялық тұрғыдан қарастырылады. Толық ақпарат алынған жағдайда кенді жару жұмысы бойынша орындау кенді қазу кезіндегі шығымының аздығына әкеліп соғады.

Кеннің техникалық сорттарын анықтау үшін кеннің басында флотациялық лаборатория орналастырылады. Лабораторияда үлгіні геологиялық тұрғыдан әртүрлі режимде зерттеулер жүргізіледі. Геологиялық және техникалық мәліметтер бойынша кенді жару үшін жару паспорты дайындалады. Бұл паспортта жару қабатының тереңдігі, биіктігі және жару аумағы көрсетіледі.

Зерттеу бөлімі. Фосфат шикізаты ретінде негізгі мәнге апатит пен фос­форит ие, олардың химиялық формуласы Са 5 [РО 4 ] 3 (Ғ, СІ, ОН ) . Апатит минералының құрамына қоспалар ретінде стронций, барий, магний, сирекжерлер, т. б. кіреді. Апатит табиғатта кең тараған минерал, бірақ негізгі өнеркәсіптік мәнге оның сілтілі және ультра - негізді-сілтілі тау жыныстардағы концентрациясы мен олармен байланысты постмагмалық жаралымдары ие.

Фосфорит - шөгінді таужыныс (саз, карбонат, аралас құрамды), олардың құрамы негізінен фторапатитке жақын. Фосфорит уран, сирекжер, стронций сияқты элементтерге бай келеді. Сондай-ақ оның құрамына ванадий, титан, цирконий, алтын және т. б. кіреді.

Қазақстанда есепке алынған фосфат кенінің баланстық қорында негізгі мәнге фосфорит (микротүйірлі жәнә жалбыр) кені ие. Фосфорит кенорындары екі ірі алапта шоғырланған: Кіші Қаратау (микротүйірлі фосфорит) және Ақтөбе (жалбырлы фосфорит) . Кіші Қаратау алабы 14 өнеркәсіптік кенорынды (Шолақтау, Көксу, Жаңатас, Көкжон, т. б. ) біріктіреді. Олардың баланстық қоры 550 млн. тонна. Алаптың болжамдық ресурсы 2 млрд. тонна деп бағаланады. Ақтөбе алабы 9 кенорынды (Шилісай, Алға, Богданов, Көктөбе, т. б. ) біріктіреді, олар­дың жиынтық баланстық қоры 125 млн. тонна фосфордың бестотығы. Бұл қордың үлкен бөлігі (90 млн. тонна) Шилісай кенорнында шоғырланған. Алаптың болжам­дық ресурсы 104 млн. тонна Р 2 О 5 деп бағаланады. Фос­фат шикізатының Қазақстанда нашар зерттелген резервтік көзі - апатит кені, ол Көкшетау ауданында орналас­қан (Красномай массиві) кенорындардан тұрады. Фос­фат шикізатының маңызды резерв көзі Торғайдың Со­колов, Сарыбай, Қашар және басқа кенорындарындағы апатитті магнетит кені болып табылады. Олардың байыту өнімдерін тазартқан кезде жыл сайын 100 мың тонна апатит концентратын алуға мүмкіндік бар.

Апатит кенінің болжамдық ресурсы 147 млн. тонна фосфор ангидриті деп бағаланады.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде (Маңғыстау, Арал маңы, Торғай) жалбырлы фосфоритпен катар түйлі фосфорит кең дамыған. Олар әзірше фосфорит кенінің болжамдық ресурсында шамалы мәнге ие болғанымен, өндіру мен байыту технологиясының қарапайымдығына байланысты қызығушылық туындатады.

Фосфат шикізатының белгілі бір үлесіне фосфат-глауконитті құм ие (Батыс Қазақстан мен Павлодардағы Ертіс маңы) . Олардың қоры мен болжамдық ресурсы жүздеген млн. тонна. Фосфорит-глауконит кені құрама минерал­дық тыңайтқыш алу үшін жоғары сапалы шикізат саналады.

Ақсай фосфорит кен орны - Жамбыл облысы, Талас ауданында Қаратау қаласынан батысқа қарай 40 км жерде орналасқан.

Қаратау фосфорит алабына енеді. Кен орнының ұзындығы 8 км, ені 100 м. Барлау жұмыстары 1951-1956 жылдары жүргізілген. Кен орны 1959-1987 жылдары ашық кеніш әдісімен игерілді. Ал 1987 жылдан бастап кентас жер астындағы кеніштен өндіріледі. Кен орнының ұзындығы 8 км, ені 100 м болады. Оны 1938 жылы геологтар П. Л. Безруков пен Б. М. Гиммельфарт ашқан.

Геологиялық құрылымы, құрамы. Ақсай фосфорит кен орны төменгі кембрийге жататын Шолақтау шоғырларынан тұрады. Бұл шоғырдың төменгі кентассыз бөлігі шақпақтасты доломиттер мен доломитті әктастардан (қалыңдығы 3-15 м) және фосфоритті шақпақтастардан (қалыңдығы 3-10 м) құралған. Бұлардан жоғары әрқайсысының қалыңдығы 1, 5-12 м, фосфор ангидридінің (Р 2 О 5 ) орта мөлшері 20-27% 4 кентас қабаты бар, олардың литологиялық құрамы негізінен фосфатты, шақпақтасты, карбонатты болып келеді. Алынған фосфорит кентасы Қаратау кен-химия комбинатында өңделеді.

Жаңатас фосфорит кен орны - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының оңтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан. Кен орны 1935 жылы ашылып, 1964 жылдан пайдаланылып келеді.

Геологиялық құрылымы. Жаңатас фосфорит кен орны төменгі кембрийдің Шолақтау шоғырынан орын алған. Осы шоғырдың фосфоритті горизонттары үлкен асимметриялық қатпардың солтүстік-шығыс қанатында. Үлкен аймақтық жарылыспен қиылған бұл құрылым құрамасы 30 ° -тан (солтүстік-батыста) 75 ° -қа (оңтүстік-шығыста) жететін, бағыты әр түрлі кішігірім жарылыстармен тілінген. Жатыс сипаты. Кеннің құнарлы горизонты фосфорит шақпақтастары-ның қабатшалары бар фосфориттер мен фосфорит конгломераттарынан, фосфоритті және кремнийлі тақтатастардан, фосфаттанған доломиттерден тұрады. Мұнда екі фосфорит горизонттары бар, төменгінің орташа қалыңдығы 7, 5 м, ал жоғарғысында 18 м. Бұл екі қабат бір-бірінен орташа қалыңдығы 18 м фосфорит-тақтатасты қабатпен бөлінген. Фосфориттің құрылымы кристалды, жасырын кристалды, түйірлі, оолитті болып келеді. Кен бойынша Р 2 О 5 -тің орташа мөлшері 15-17%-дан 35%-ға дейін жетеді. Жылына 84 млн. т. фосфорит беретін Оңтүстік-Шығыс және Орталық карьерлері 1975 жылы, ал Солтүстік-Батыс карьері 1980 жылдан кейін іске қосылды. Мұндағы фосфорит сары фосфор, термиялық фосфор қышқылы мен фосфорит ұнын алуға пайдаланылады.

Көкжон фосфорит кен орны - Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Кен орны 1939 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1969-1971 жылдары жүргізілді. Кен алаңы 4 телімнен (Аралтөбе, Қыштас, Қисықтөбе, Атқұм) тұрады.

Кен ортаңғы кембрий кезеңі шөгінділерімен (Шолақтау шоғыры) жапсарласқан. Төсеніш жыныстар төменгі кембрийдің малтатас, тақтатас, құмайт және аргиллиттерінен тұрады.

Жатыс сипаты . Фосфорит қабатының орташа қалыңдығы Қыштаста 15 м, Аралтөбеде 10 м. Фосфорит қабатында қалыңдығы 2-2, 5 м фосфорит-кремний жыныстары кездеседі. Қыштаста 400-600 м, Аралтөбеде 300 м тереңдікте де фосфорит қабаты бар екені анықталды. Фосфорит құрылымы кристалды, жабық кристалды, түйіршікті, оолитті; оның түйіршіктері карбонатты, кремнийлі, фосфатты заттармен тұтасқан; құрамындағы Р 2 О 5 мөлшері 22, 8%-дан 36%-ға дейін. Көкжон фосфорит кен орны Қаратау фосфорит алабындағы ірі кендер қатарына жатады

Қаратау фосфорит алабы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фосфорит кендері шоғырланған өңір. Тараз қаласының солтүстік-батысында 100 км-ден басталатын Қаратау фосфорит алабының ұзындығы 100-120 км, ені 25-30 км. 1936 жылы геолог И. И. Машкара Кіші Қаратау (Батыс Тянь-Шань) жотасында ұсақ түйірлі кремнийлі-карбонатты төмен кембрийлік фосфорит қабаттарын ашты. Ал 1937-1946 жылы П. Л. Безруков, Б. М. Гиммельфарб, А. С. Соколов, т. б. осы өңірден, әр түрлі 40-тан аса үлкенді-кішілі кен орындар мен кенбілінімдерін анықтады. Бұл жылдары алаптағы фосфориттердің қоры 2 млрд. т деп бағаланған. 1946 жылы алаптың алғашқы кен орнын игеру басталып, Шолақтау кенті (қазіргі Қаратау) салынған. Мұнда Шолақтау фосфорит кен орны негізінде Қаратау кен-химия комбинаты іске қосылды. Осы комбинатқа қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көксу, Түйесай кендері пайдаланылуда.

Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің көптеген химиялық өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералды тыңайтқыштар, элементтік фосфор, т. б. халық шаруашылығынана қажет заттар өндіріледі

Шолақтау фосфорит кен орны - Жамбыл облысы Қаратау қаласы-нан оңтүстікке 4км, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан.

Геологиялық құрылымы. Мұндағы фосфорит кені 5 км-ге созылып, тік немесе аударылып жатыр. Фосфорит кені төменгі кембрийдің шолақтау свитасында орналасқан.

Түйесай фосфорит кен орны - Жамбыл облысы, Қаратау қаласынан солтүстік батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Кен орны Ақсай кенінен оңтүстік-батысқа 4 км, солтүстік батысқа 6 км-ге созылған, ені 500 - 600 м болып келетін ойпаңда жатыр. Ол Түйесай-1 және Түйесай-2 деп аталатын екі телімнен тұрады.

Құрылымдық жағынан кен орындары ендік бағыттағы брахиантикли-налдық қатпарлармен ұштасқан. Фосфоритті шөгінді тау жыныстары қабатының ұзындығы 800 м, ол доломитті және кремнийлі горизонттарға сыйыстырылған. Өнімді қабаттың табанында қалыңдығы 2-3 м фосфоритті кангломераттар, одан жоғары қалыңдығы 2 м қабаттаса орналасқан фосфат-кремнийлі тақтатастар мен фосфориттер қалыптасқан. Жатыс сипаты . Қабаттың жалпы қалыңдығы 14-33 м. Түйесай фосфорит кенінің 200 м тереңдікте барланған қоры (категориялар бойынша) : Түйесай-1 кенінде В-1756 мың т, С1 - 5591 мың т, С 2 - 1550 мың т, Р 2 О 5 -тің орташа мөлшері - 23, 6%; Түйесай-2 кенінде С 2 - 2460 мың т, Р 2 О 5 -тің мөлшері 24%.

Шилісай фосфорит кен орны - Ақтөбе облысы, Қандыағаш темір жол стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Атырау - Орск темір жол кен орны үстінен өтіп, оны екі бөлікке бөледі.

Жатыс сипаты. Фосфоритті серияның қалыңдығы 0, 29 м болатын фосфоритті малтатас қабатынан және оның үстін жапқан фосфоритті жалбыр мен фосфоритті тақтадан тұрады. Жалбырлы тақта қабатының кен орны бойынша орташа қалыңдығы 0, 68 м. Фосфоритті серияның жалпы қалыңдығы 0, 97 м. Р 2 О 5 -тің орташа мөлшері 14, 5%, ерімейтін қалдық 41, 5%. Фосфориттің үстін қалыңдығы 1, 5-4 м жоғарғы кампан шоғырының сазы мен қалыңдығы 0, 3-1 м төрттік кезең саздағы жауып жатыр. Фосфорит малтатасы жұмырланған, қоңыр, диаметрі 0, 5-3 см. Фосфорит жалбырлары тесік, сауыс, бұрыс пішінді, қоңыр және күңгірт қоңыр, көлденеңі 1 см-ден 10 см-ге өзгереді. Фосфоритті тақта жалбырлардан тұрады, олар бір-бірімен фосфоритті материал арқылы керіштелген, жатысы тесік, каверналы. Шилісай фосфорит кен орны С2 категориясы бойынша қоры 268, 2 млн. т. құрайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фосфор және термиялық фосфор қышқылы
Химия өнеркәсібі
География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Маңғыстау облысының экономикалық потенциалы
Қоршаған ортаның материалды құрылымы
Экстракциялық фосфор қышқылының тазалау әдістері
Газ қауіпті жұмыстар
Маңғыстау облысының халқы
Қазақстан мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы және перспективасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz