Әлеуметтанудың пәні мен объектісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Ғұмарбек Дәукеев атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т І Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Тақырып: Әлеуметтану ғылым ретінде.
Мамандығы: Ғарыштық техника және технологиясы.
Орындаған: Абаев Алишер. Тобы: ҒТТ 19-1.
Тексерген: Апашов С.Б.
2020 ж. (бағасы) (қолы)

Алматы 2020
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
2.1 Әлеуметтанудың пәні мен объектісі, заңдары мен категориялары ... ..4
2.2 Қоғамның ұйымшылдық деңгейі, әлеуметтік ғылымның деңгейлері...6
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Қоғам - тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі қауымдасқан адамдардың материалдық игіліктерді өндіру тәсілі мен өндірістік қатынастарына негізделген қарым-қатынастардың жалпы жиыны. Қарапайым тілмен айтқанда, ол - адамдардың кез келген механикалық жиынтығы емес. Керісінше, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында топтасқан, өзара байланысқан, тарихи тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет - ғұрыптар негізінде өзара әрекет ететін, өзін - өзі басқаратын, ынтымақтас, ниеттес адамдардың ерікті бірлестігі. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.
Тақырыптың зерттеу деңгейі: Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. Әлеуметтану түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді.
Семестірлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Әлеуметтанудың пәні мен объектісін, заңдары мен категорияларының адам өміріндегі маңыздылығын анықтау. Қоғамның ұйымшылдық деңгейін, әлеуметтік ғылымның деңгейлерін қарастыру

Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
Атақты ағылшын ғылымы ДЖ.Херд Әлеуметтануға кіріспе еңбегінде, әлеуметтану адамзат қоғамы жөнінде ғылым ретінде белгіленеді. Оның отандасы Э.Гидденс қоғамды әлеуметтік кеңістікте, әлеуметтік уақытта айқындалу формаларында қарастырады. Әлеуметтану - бұл адамның әлеуметтік өмірі, топтар мен қоғам жөнінде оқу.
Әлеуметтану біржарым ғасыр аралығында өмір сүріп жатыр. Осы аралықта әртүрлі социологиялық ағымдар, бағыттар, мектептер қалыптасты. Олардың әрқайсысы өз пән саласын айқындады және оны белгілі танымдық нәтижилер шектеулерінде жетті.
Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.
Біздің елімізде әлеуметтік зерттеулерді экономикалық, саяси, құқық ғылымдарына, философияға жақындату талпыныстары жүргізілді. Әлеуметтануға идеологиялық - апологетикалық роль берілді.
Әлеуметтану пәнінің тарихында екі негізгі тенденция қалыптасты: макросоциологиялық және микросоциологиялық. Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.
Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.
В.А.Ядов Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым деп жазады.
Әлеуметтану - қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда -- еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.

Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.
Әлеуметтік заң - бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.
Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.

Қоғамның ұйымшылдық деңгейі
Қоғам - бұл деңгей бойынша ұйымдастырылған жүйе. Олардың өзара қатынас спецификасын ашатын және деңгейлерін тіркейтін, әлеуметтану пәнінің маңызды аспектілерінің бірі болып саналады. Әлеуметтануда қоғамның құрылысын социеталды деңгей деп атайды.
Келесі деңгей - бұл әлеуметтік институт. Әлеуметтік институт тек материалдық түрдегі мекеме ғана емес, ол ең алдымен, адамдар тобының іс-әрекетінің түрақты ұйымдасқан формасы. Әлеуметтік институт - бұл мемлекет, шіркеу, жанұя, ғылым, білімберу және т.б. Әлеуметтік институттың институт қызметінің тұрақтылығына жәрдемдесетін өзіндік ұйымы мен арнайы дайындалған адамдары бар. Қоғам ұйымшылдығының ерекше деңгейіне әлеуметтік қауым жатқызылады. Оларды зерттеу - стратификация түсінігімен сипатталатын, әлеуметтік білімнің ең негізгі динамикалық аймағы болып табылады .
Жеке адам деңгейі. Жеке адам, тұлға ең күрделі және қарама-қайшы білім беру ретінде айқындалады,- Бір адамзат жанының тарихы біртұтас халықтың тарихынан бай". Әр деңгей өзінің мәдениетіне, өзінің әрекет тәсілдеріне, белсенділік шегіне ие болады.

Әлеуметтік ғылымның деңгейлері
Әлеуметтік ғылым дегеніміз не және оның деңгейі қандай? деген сұрақтың жауабы әлеуметтану пәнін түсіну мен оны зерттеу ерекшелігінен айқындалады. Егер әлеуметтануды - әлеуметтік қауымдар, олардың арасындағы әлеуметтік қатынастар, әрекеті мен бұқаралық тәртібі жөнінде ғылым деп саналса, онда әлеуметтік білім әлеуметтік қауымдастықтар мен олардың қалыптасу мен даму механизмнің білімі ретінде белгіленеді. Осы мәселелерді шешу көбінесе жалпы ғылыми және айрықша әлеуметтік әдістер арқылы жүзеге аасырылады. Әлеуметтану ғылымының 3 деңгейі ажыратылады:

1) жалпы әлеуметтік қағида;

2) арнайы әлеуметтік қағида;

3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) -- бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.
Мұндай оқу жолын 20-шы жүзжылдықтың 60 жылдары американ социологы Р.Мертон ұсынды және әлеуметтік білімнің 3 деңгейін құрастырды: әлеуметтік қағиданың кең деңгейі, орташа ранг қағидасы және соңғысы күнделікті зерттеулерден пайда болатын кіші жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Әлеуметтану ғылым ретінде
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтанудың әдісі
Әлеуметтану және экономика ғылымы
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
Қазіргі қоғамның түсінігіндегі әлеуметтанудың рөлі
Пәндер