Оқушының оқуға уәжін қалыптастыру мен мотивациялық үдерісті басқара білу-сабақтың сапасы мен тиімділігінің кепілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оқушының оқуға уәжін қалыптастыру мен мотивациялық үдерісті басқара білу-сабақтың сапасы мен тиімділігінің кепілі
Қазіргі таңда мектептің алдында тұрған міндет- педагогикалық процестің тиімділігін арттыру.Осыдан оқу процесін қалай тиімді етуге болады? деген сұрақ туындайды.
Әр мұғалім оқушысының жақсы оқып, мектепке қызығушылықпен және құштарлықпен келгенін қалайды.Мұны ата- аналар да қолдайды. Өкінішке орай ,көбіне мұғалімдер де ,ата-аналар да оқығысы келмейді, тым жақсы оқыр еді,құлқы жоқ деп жатады.Бұл жағдайда біз оқушының бойында білім алуға қажеттілік қалыптаспағандығын,оқуға қажеттілігін сезінбесе, қызығушылықтың жоқтығы айқын аңғарамыз.
Оқушы білім алуға немқұрайлы қараса,қызығушылық танытпаса,білім алудың қажеттігін сезінбесе, оқуда жетістікке қол жеткізе алмайтындығын әр мұғалім біледі.Сондықтан мектеп оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында баланың оқу қызметіне жағымды мотивация қалыптастыруы тиіс .
Оқыту мотивациясы жоғары деңгейде болмайынша, оқуда жетістікке жету ,оқушылардың өз бетінше білім алу дағдысын және танымдық қызығушылығын қалыптастыруды елестету мүмкін емес.
Мотивация сөзі латынның movere - қозғалту деген сөзінен алынған.
Мотивациясы бар адам біреу жетелеп тұрғандай, табанды,тапсырманы орындауға бар ынтасымен кіріседі,интеллектуалдық, спорттық, шығармашылық жетістіктерге жеңіл қол жеткізеді.
Мотивация - күрделі педагогикалық проблеманың бірі.
Мотивация жүйесі -- сапалы және жемісті еңбекті қамтамасыз етуден тұратын материалдық және материалдық емес ынталандырулардың өзара байланысы.
Оқыту мотивациясы -- оқу қызметін жүзеге асыруға бағытталған процесс,ол барлық күш-жігерін тапсырманы бағыттайды.
Оқыту мотивациясы мәселесі- оқыту процесінің өзі туралы мәселе,-дейді П.Я. Гальперин.
Мотивацияны 2 - ге бөлеміз:
Оқытудың сыртқы мотивтері:
oo Бағалау;
oo Міндет;
oo Материалдық марапттауға ие болу үшін , көшбасшы болу үшін,престиж үшін оқу;
oo Жазалаудан құтылу .
Оқытудың ішкі мотивтері:
oo Өз ісінен ләззат алу Удовлетворение от самой деятельности;
oo Нәтижеге қол жеткізу Прямой результат деятельности;
oo Жетістікке ұмтылу Стремление к успеху,
oo Өмірге қажеттілігін түсіну Понимание необходимости для жизни;
oo Оқу қарым-қатынас жасау мүмкіндігі Учение как возможность общения.
Оқыту мотивациясының басты міндеті-оқыту процесін оқушы тұлғасының ішкі мотивациалық потенциалының ашылуына мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.
В.А. Сухомлинскийдің айтуынша : Егер оқушының білім алуға құлқы болмаса,біздің барлық ойға алғанымыз бен ізденістеріміздің күлі көкке ұшады.
Мотивация мәселесі кеңінен зерттелуде.Мұғалімдердің жұмысын бақылау нәтижесінен байқалғаны: мұғалімдер оқушы мотивациясына қажетті деңгейде мән бере бермейді екен.Көптеген мұғалімдер өздері байқамай: бала мектепке келді ме мұғалімнің ұсынғанын бұлжытпай орындауы тиіс деп ойлайды .
Халық даналығындағы атыңды қайнар бұлаққа әкелгенмен ,суды қанып ішуге мәжбүрлей алмайсың деген сөзді қазіргі мектеп тәжірибесіне қатысты айтуға болады.Иә,баланы партаға отырғызып, тәртіпке шақыруға, тіп-тіке отырғызуға болады.Бірақ қызығушылығын оятпайынша,ішкі мотивациясын қалыптастырмайынша баланың оқу қызметі көзбояушылық боп қала береді.
Баланы білімнің қайнар бұлағынан қанып ішуге қалай тартамыз? Білімге қажеттіліктің маңызы неде? Қалай пайда болады? Қалай дамиды? Оқушының білім алуға мотивациясын қалыптастыру үшін қандай педагогикалық құралдарды пайдаланамыз?

Балалар класта отырып оқуы және толыққанды оқу қызметі түріндегі жаңа білім мен дағдыны меңгеруі үшін оқыту процесін дұрыс ұйымдастыру қажет.( В.В.Давыдов)
oo Кіші мектеп жасы оқушының оқуға ынтасын ,дағдының іргетасын қалау үшін қолайлы уақыт.
oo Оқушының оқуға күш салуы оқу мотивациясының қалыптасу деңгейіне байланысты болады.
oo Оқыту процесінің өне бойына оқушының білім алуына және қарқынды ақыл-ой еңбегіне ішкі қызығушылығын ояту маңызды.
Оқушының танымдық қызметін қалай мотивациялау керек?
Психологияның заңдылығы бойынша баланы бір қызметке шақырмас бұрын оны қызықтыра білу,ол істі орындау үшін қажетті барлық күш-жігерін жұмылдырып,дайын отырғандығына көз жеткізуіміз қажет.

Мотивацияның 3 киті ретінде төмендегілерді атаймыз:
1-кит Іздену еркіндігін сезіну Біз мұны өзіміз түсіндік,білдік,ойлап таптық
2-кит Таңдау еркіндігін сезіну Біз өзіміз таңдай аламыз
3-кит Құзіретті екенін сезіну Бұл менің қолымнан келеді, мен түсіндім мұны істей аламын.
Оқушы өзін іштей дайындамайынша,іске мотивациясы болмайынша негізгі педагогикалық әрекет күштеуге әкеліп соғады. Міндеттісің, осылай ету қажет деген түсініктегі мұғалім негативті мотивацияға кезігеді.
Бұл жағдайда оқушы:
* Сабақ оқудан бас тартады;
* Оқу қызметі мен нәтижесі мардымсыз;
* Сабақта жан-жағына алаңдайды;
* Тез шаршайды;
* Өзіне өзі көңілі толмайды;
* Ойлауы дамымайды.
Сондықтан да оқушының жеке қызметін, өз бетінше жұмысын ұйымдастыру мына бағытта жүргізілуі тиіс:
* Оқушы әлі нені білмейтінін түсінуі керек;
* Оқушы түпкі нәтижені ұғынуы керек
* Нәтижеге қол жеткізу үшін жоспар құра білу керек
* Оқушы мәлімет көзін анықтай білуі керек
* Оның не үшін қажет екенін түсінуі керек
* Әр оқушыға жұмыстың жеке өзі үшін нәтижелі болғанына көз жеткізу керек
Мотивацияның проблемаларын шешудің өзіндік жолдары бар:
1) Оқығысы келмеуінің себебін анықтап, оны азайтуға тырысу
2) Оқушының оқу мотивациясын оятатын іс-әрекетті көбейту.
Оқыту мотивациясын дамыту процесіне бағытталған жұмыс түрлеріне тоқталсақ:
- таңдауға мүмкіндік беру;
- эмоционалдық тренинг;
- оқушылардың жетістіктерін мадақтау және оқу қызметіндегі олқылықтар үшін жазалау жүйесін ойластыру т.б.
Оқушының мотивациялық дағдарысының себептері:
oo Оқу материалының шамадан тыс көптігі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу мен ескерту жолдарының педагогикалық сипат
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Сыни тұрғыдан ойлану
Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементтерінде
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы
Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастыру әдістемесі (еңбекке баулу пәні бойынша)
Пәндер