Жылқылар, зебралар, тарпан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жылқы - сүтқоректілер классы, тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебра), домбай, (кұлан), керқұлан (онагра), тарпан, түзат жатады. Қолга үйретілген жылқының аргы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылкылар тарихи дәуірде Еуразияның далалы, шолейтті аймақтарында да үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылган. Ерте кездерде тарпан мен түзат казақ дапасында көптеп кездескен. Тарпан XIX гасырдың бас кезінде жойылган. Жылқының алғаш қолга үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Оны бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолга үйретілгенін археологиялық зертеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолга үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазіргі археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаган қасиетті түлігінің бірі - жылқы. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт-түліктің ішіндегі пір тұтатыны да - жылқы. Жылқының пірі - Қамбар ата. Жылқы көш көлігі және елді, жерді қоргау мақсатында қолга үйретілген. Жылкыга катысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. «Ат - ер қанаты», «Жылкы малдың - патшасы», баска да даналык накылдарда жылкының кадіркасиеті айтылған. Адамгершілігі мол сабырлы да салмақты адамды «жылкы мінезді» деп дәріптеуде үлкен мәні бар. Халық сүйікті перзентін «құлыным», «құлыншағым» деп еркелетуі, жылқыны өте жоғары багалаганын көрсегеді. Ертеде көшпелі тайпалар жылқыга табынған. Беделді адамдар өлген кезде жылқыны коса жерлеу дәстүрі ежелгі сак тайпаларында сақгалган. Бұған Шығыс Қазакстан, Алматы, Атырау өнірлерінен табылған адамдар мен қоса жерленген жылкы сүйектерінің калдықтары дәлел. Қазіргі елтаңбамызда жылкы бейнесінің болуы сол сабақтастыкты аңгартады. Жылкыны жеті казынаның бірі деп есептейді. Жыл санауда жылкының 7 жыл болып енуінде үлкен мән бар. Жылқының кадір-қасиетіне байланысты «аргымақтар» және «жабылар» ( казакы жылкылар) деп екі топка бөледі. Соның ішіңде-қазақы жылкы, оның негізі - «жабы». Ол Қазакстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жаткан кол тұқымынын бірі. Бұл кол тұқым көлік малы ретінде және еті, сүп үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, катаң ауа-райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жем-шөп талғамайды, тез конданады, салт мінуге ыңғайлы. Жабы жылкылары Атырау, Актөбе, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймактарында өсіріледі.

Қазақстанның кең байтақ жерінде жылкынын жогары өнімді 17 түрі өсіріледі. Олардың ішіңде республикамыздың өзінде шыгарылған салт мінілетін-жегілетін жылкылар бірі-Қазақстанның батыс аймақтарында ертеден өсіріліп келе жаткан колтұкымы - адай жылқысы. Жергілікті халык «дала көркі» деп ерекше дәріптейді. Оны салт мініс көлігі ретінде пайдаланады. Адай жылкысы өлкеміздің батыс өңірінің табиғат жағдайларына бейімделген. Ол - ұзақ уакыт ішінде халыктық сұрыптау тәсілімен шығарылған жергілікті жылкының тұқымы.

Көшім жылқысы да халықтық сұрыптау нәтижесінде Батыс Қазақстан аймағында шығарылған. Жергілікті биелерді баска асыл тұкымды айғырлармен жұптастыру аркылы алынған қол тұқым. Кеудесі кең, кабырғалары шеңберлі, арқасы тегіс әрі жазық, сауыры сом етті, аяқгары сүйекті келеді. Жаиылымда жаксы семіреді, қара жұмысқа шыдамды және ұзақ жүріске де дес бермейді. 1976 жылы жеке тұкым ретінде бекітілді. Қостанай жылкысы. Қостанай және Ресейдің Челябі аймақтарыңда өсіріледі. 1951 жылы өз апдына жеке қол тұқым ретінде бекітілді. Жергілікті жылкылардың айғырларымен жұптастыру арқылы шыгарылды. Денесі орташа, мойны түзу, басы онша үлкен емес, алқымы кең. Арқасы жалпақ, аяқгары сіңірлі, тұяқтары дөңгелек. Бұл қолтұқым тебінге төзімсіз. Қыста қорада ұсталады, жазда жайылымга шыгарылады. Қара жұмысқа көнбіс әрі төзімді, салт мінуге де, арбага жегуге де ыңгайлы және жүрдек.

Жылқылардың жабайы туыстарына зебра, есек, құлан, Пржевальский жылқысы және тарпан жатады.

Зебралар . Африканың орманды - далалық аймақтарында мекендейді. Олардың денесі тарғыл түспен сипатталады. Табынды үйірмен өмір сүреді. Өте шапшаң және үріккіш сақ жануар. Қолга үйретуге және жерсіндіруге нашар көндігеді. Зебраны жылқымен шагылыстырганда келешекте тұқым бермейтін зебройд буданы туады. Зебраның басы үлкен, құлақтары ұзын, кекілі жоқ, жалдары қысқа тік тұрады, құйрықтары қысқа және үш жагы топ жүнді, аяқтары өте мықты, тұяқтары кішірек болады. Зебралардың төл көтеру уақыты 336-335 күнге созылады. Зебралар төрт түрге бөлінеді.

Зебра квагга . Оңтүстік Африканың оңтүстік батыс бөлігінде өмір сүрген, табигатта 1870 жылга дейін кездескен, ал зоопарктагы ақыргы квагалар: Лондонда - 1872 жылга, Берлинде - 1875 жылга, Амстердамда- 1883 жылга дейін болгандыгы белгілі.

Тау зебрасы. Анголада, Намибияда ОАР-ның оңтүстік батысы және оңтүстік бөлігінде кездеседі.

Бурчелло зебрасы. Сомалиде, Эфиопияда, Суданда, Кенияда, Угандада, Руандада, Бурундиде, Танзанияда, Заирдың Оңтүстік - шыгысында, Малавияда, Замбияда, Мозамбикте, Родезияда, Анголада, Ботсванеда, Намибияда, ОАР-да кеңінен тарган.

Зебра Греви. Сомалиде, Эфиопияның шыгысында, Кснияда, Угандада, Руандада, Бурундиде, Танзанияда, Заиррдың Оңтүстік - шыгысында, Малавияда, 3амбияда, Мозамбикке, Родезияда, Анголада, Ботсванеда, Намибияда, ОАР-да кеңінен тараган. Зебра Греви. Сомалиде, Эфиопияның шыгысында, Кенияның солтүстік бөлігінде сақталган. Жабайы есектердің ішінде екі түрлері белгілі: абиссин - нубийлік жэне сомалийлық. Бірінші - кіші денелі (шоқтыгының биіктігі 122 см) түсі ақшыл, иыгында қара жолагымен сипатталады, екіншісі - үлкендеу (шоктыгының биіктігі 142 см) түсі күңгірт тартқан, аяқтарында қара жолақтары кездеседі. Жабайы есектердің барлыгы басы үлкен, кұлактары ұзын, жалдары қысқа, бөксесі түсіңкі, құйрыгы қыска, тұяктары кішілеу келеді. Есектер аса бір күтімді кажет етпейді, өте төзімді жануар. Көлік ретінде пайдалануга, әсіресе, таулы аудандарда өте құнды мал. Үй жануарымен шагылысады, егер есек аталыгы биені кашырган болса, одан туган буданды кашыр (мул) деп атайды, олар ете мықты келеді. Есектің ұргашысын айғырмен шағылыстырса, одан туған буданды атқашар (лошак) деп атайды. Бірак екі тәсілмен де алынған будандар келешекте ұрпак бермейді.

Құлан . Кейде құландарды жартылай есектер деп те атайды. Олар Азияның шөлейт далаларын мекендейді. Құландар өте жүрдек келеді, түстері қошқыл сары. Құлақгары кішірек. Жартылай есектердің бірнеше түрлері бар: кәдімгі құлан (жегітай) Орта Азияның шөлейт аймактарында таралған, шоқтығына дейін биіктіп - 127 см, онагр Солтүстік Арабияның шөлейт аймақтарында Сирия, Ирак, Иран Ауғанстан және Түрүкменстан жерлерінде кездеседі; ен ірілері кианг (шоқтығына дейін биіктік-142 см) Тибет тау қыратында мекендейді. Түрүкменстаннын оңтүстігіңде (Бадхызда), Қазақстанда (Барсакелмес жэне Басши) құландар мен оңғырларга арналған мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған.

Пржевальск жылкысы . Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша жылқының шыққан тегі Пржевальск жылқысы деп саналады. Ол қазіргі уақыттарды Моңғолияның ішкі құмдарында кездеседі. Ең алғаш рет оларды орыс ғалымы, саяхатшысы Н. Н. Пржевальский Азияда (Гоби шөлінде) 1879 жылы кездестірген. Сондыктан бұл жануарға осы ғалымның аты берілғен. Пржевальск жылқысының бойы аласа, жатаған (шоктығына дейінгі биіктігі 124- 134 см) . Тұркы қысқа, басы үлкен, кекілсіз, тік жалды, шұнак құлақ, мойны жуан әрі кысқа, аяктары жіңішке, тұяктары жалпак, түстері негізінен құла-шабдар, шоқтыгынан құйымшагының бітісіне дейін қара жолагы бар. Бұл жануарды үй жылқысымен шағылыстырса өсімтал бұдан алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үй жануарларының арғы тегін жан - жақты зерттеу
Тұяқты жануарлар
ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ. ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ. ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Жылқы жайылым малы
Жылқы туралы
Башқұр жылқы тұқымы
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы
Жылқыны ауыл шаруашылығы жұмыстары мен көлік ретінде пайдалану
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz