Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ5

1. 1 Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу. 5

1. 2. КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҚТЫҢ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КӘСІБИ АЙҚЫНДАЛУЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ13

1. 3. ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ17

1. 4. КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРУ. 25

ІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ. 34

2. 1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері. 34

2. 2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ35

2. 3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫ37

2. 4. ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІНІҢ САПАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ43

ҚОРЫТЫНДЫ46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі46

Кіріспе

Қазіргі кезде еліміздегі демократиялық қоғам құру кезеңінде экономика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация процесі жүріп жатқан кезде, осы демократиялық қоғамда өмір сүретін шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу қоғамның басты мақсаты, әрі білім беру жүйесін реформалаудың кезек күттірмес негізгі міндеті болып табылады.

Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін міндеттердің ерекше рөл атқаратыны белгілі.

Осыған орай, жеке адам бағыттылығының бір түрі ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру болашақ іскер мамандарды даярлаудың негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі жоғарғы сынып оқушылары үшін ең өзекті мәселе болып табылады.

Республикамызда бүгінгі күн талабына сай әртүрлі типтегі орта мектептердің пайда болуына байланысты оқушыларға кәсіби бағдар беру арқылы олардың кәсіби бағыттылығын мәселесі басты назарға айналуда.

Оқушы жастардың кәсіби бағыттылығы мен оларға кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мәселелерін қарастыратын ғылыми-психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің талдауы - кәсіби бағдар беру жұмысының теориясы мен қолданбалық тәжірибесіне өзіндік үлес қосатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, жалпы білім беретін қазақ мектептері, гимназиялар мен лицейлер, лицей-интернаттар, колледждер мұғалімдері кәсіптік бағдар беру жұмысын дұрыс жолға қоюда, өздерінің бұл процестегі орны мен ролін дұрыс анықтауда, оқушылардың кәсіби бағыттылықтарын олардың жеке-даралық ерекшеліктеріне сәйкес қалыптастыруда көптеген құндылықтарға тап болатындығын көрсетеді.

Мұндай жағдайлар кейіннен оқушылар бойында мамандықты, жұмыс орнын, оқу орнын ауыстыруға, кәсіби қанағаттанбаушылыққа, өзін маман және жеке адам ретінде дұрыс бағаламауға әкелері сөзсіз. Осыған байланысты мектептегі педагогикалық процесте оқушыларға кәсіби бағдар беруде олардың тұлғалық, саналық ерекшеліктерін ескеру мен кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың ғылыми негізделген жолдарын қарастыру проблемасы туындайды.

Жоғарыда аталған жайттардың барлығы біздің магистрлік зерттеу жұмысымыздың тақырыбын анықтайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі - оқушы жеке тұлғасының кәсіби бағдарлылығы, оның болашақтағы кәсіби айқындалуының негізгі мотивациялық компоненті ретінде мектептегі білім беру жүйесінің кәсіби бағытталған оқу-тәрбие процесінің біртұтастығы мен сабақтастығында қалыптасатындығымен сипаптталады.

Жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізін жеке тұлға және оның дамуындағы іс-әрекеттің ролі туралы ілімнің мәнін анықтайтын психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар, оқушының кәсіби бағыттылығын қалыптастыру процесіндегі жүйелік іс-әрекеттік позиция және кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселелері құрайды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы - мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысындағы оқушылардың жеке адамдық қасиеттерін ескере отырып жүргізілген зерттеу мәліметтерін білім беру жүйесінде кәсіби бағыттылықты тәрбиелеудегі жүйелілікті іске асыруда және осы саладағы жас маман психолог-педагогтардың кәсіби білімдерін жетілдіру жүйелерінде пайлдалануға болады деп есептейміз.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы - теориялық тұрғыда алғаш рет мектепте кәсіби бағдар беру мәселесін зерттеудегі отандық ғалымдар еңбектерін Қазақстандағы осы бағытттағы жұмыстардың көшбастаушыларының бірі - Ж. Аймауытұлының “Жан жүйесі және өнер таңдау” еңбегіндегі авторлық теориялық тұжырымдамаларымен салыстырмалы зерттеуге ұмтылыс жасалды.

Зертеу мақсаты - жалпы білім беретін мектептердегі жоғарғы сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі тұлғалық-индивидуалдық қасиеттерін есепке ала отырып зерттеу.

Зерттеудің мақсатына сәйкес мынадай міндеттер айқындалды:

  1. Кәсіби бағыттылықты қанағаттандыру процесінің теориялық негіздері, оның психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық көрсеткіштерін анықтау;
  2. Кәсіби бағыттылықтың оқушылардың болашақ кәсіби айқындалуына тигізетін әсерін көрсету;
  3. Оқушыларға кәсіби бағдар беру түсінігінің психологиялық негіздері мен заңдылықтарын ажырату;
  4. Кәсіби бағдар беруде оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу, жұмыстарын негіздеу.

Зерттеудің жұмыстық болжамы.

  1. Кәсіби бағдар мен оқушылардың болашақтағы кәсіби айқындалуының арасында тығыз байланыс бар.
  2. Кәсіби бағдар беру табыстылығы - оқушының тұлғалық қасиеттерін есепке ала жүргізілген жұмыс нәтижелеріне тікелей тәуелді болып табылады.

Зерттеу пәні - жалпы білім беретін мектептегі жоғарғы сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру. Кәсіби бағыттылығын қамтамасыздандыру процесі.

Зерттеу объектісі - Әуезов ауданы, №104 қазақ мектебінің жоғарғы сынып оқушылары.

Жалпы саны -

Зерттеуде пайдаланылған әдістемелер: ДДО, қызығулар картасы, Ж. Аймауытұлы ұсынған кәсіби бағдарды айқындауға арнылған анкета.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу.

Қоғамның болашақ мамандарын тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептердің ерекше роль атқаратыны белгілі. Жеке адам бағыттылығының ерекше түрі ретіндегі кәсіби бағыттылықты қалыптастыру - болашақ іскер мамандарда тәрбиелеудің негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағдар беру мәселесі жоғарғы сынып оқушылары үшін ең маңызды мәселе.

Жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын қалыптастырудың теориялық негідерін қарастыру барысында болашақ маманның тұлғалық құрылымындағы кәсіби бағыттылығының алғышарттық негізі ретінде кәсіби бағдар беру, оқушылардың кәсіби бағыттылығының қалыптасыру мәселелеріне ерекше көңіл аударылады. Жеке адамның кәсіби бағыттылығының проблемасы қазіргі кездегі психология, педагогика ғылымдарының ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Жеке адам құрылысындағы бағыттылық маңызын, оның іс-әрекет деңгейіне әсерін, жеке адамның негізгі қырларының бірі ретіндегі мәні мен динамикасын белсенді зерттеу жалғасуда. Бұл бағыттағы зерттеудің барлығы да өмірлік және кәсіби дұрыс айқындалу мәселесінің маңыздылығынан туындайды.

Психологиялық әдебиеттерде жеке тұлғаның бағыттылығы оның құрылымындағы негізгі компонент түрінде қарастырылады. К. К. Платоновтың пайымдауынша, жеке адамның бірінші құрылымында - бағыттылық қатынастар және моральдық қасиеттер “тұтастай алғанда бағыттылқ иерархия түрінде байланысқан бірнеше форманы қамтиды: бағыттылықтың ең қарапайым формасына дейін шет қалмайды” (1) .

В. С. Мерлиннің айтуынша, жеке адам сипаттамасында ең маңыздысы және негізгісі - оның кәсіби бағыттылығы, яғни адам өмірінің жалпы бағыты мен барлық белсенді шығармашылық іс-әрекеті соған байланысты (2) .

В. Г. Леонтьев жеке адамның психологиялық тұжырымдамасын бастаушы мен мақсаттық тұрақты қарым-қатынасын бейнелейтін қажеттіліктер, сенім, мұрат, мотивтермен сипаттайды (3) .

Қазіргі кездегі жеке тұлғаның жалпы бағыттылығы оның бейнесін құрушы фактор ретінде қарастырылатын С. Л. Рубиншттейн, А. И. Леонтьев, Б. Г. Ананьев, К. К. Платонов, т. б. ғылымдардың теорияларын талдай келіп, Б. Ф. Попов былай дейді: “Жеке зерттейтін талдауларының әртүрлілігіне қарамастан . . . барлық көзқарастар жеке адамның негізгі сипаттамасы ретінде оның бағыттылығына зор көңіл бөледі . . . Нақ осы кәсіби бағыттылық қасиетінде жеке адамның мақсаты, мотивтері, іс-әрекетке субъективті қатынастарының жүйесі көрінеді.

Психологиялық әдебиеттерде жеке адам бағыттылығы ұғымын неғұрлым толық қарастырған ғалымдардың бірі - С. Л. Рубинштейн. “Бағыттылық, -деп жазады ол, - факт жүзінде индивидтен бөлек тұрған бір нәрсеге қажеттіліктен туады және бағыттылықты айқындайтын кез-келген динамикеалық тенденция әрқашан да индивидтен бөлек тұрған нәрсемен азды-көпті саналы түрде түсінілетін байланысты, ішкі мен сыртқының өзара қатынасын қамтиды (4) .

С. Л. Рубинштейн жеке адам бағыттылығында екі өзара тығыз байланысты жағдайды ашты: біріншіден, бағыттылық қашанда нақты затқа бағытталған, екіншіден, осы жағдайда пайда болатын шиеленіс. Сонымен, С. Л. Рубинштейн тұрғысынан жеке адам бағыттылығы - оның кәсіби іс-әрекетін анықтайтын түрткілер мен мотивтер жүйесі.

Л. И. Бошович бағыттылықты мінез-құлықтың нақты мотивтерінің үстемдігінің нәтижесі ретінде қарастырады. Психологиялық әдебиеттерде берілген бірқатар көззқарастар талдауы, бағыттылықтың әртүрлі анықтамаларындағы ортақ пікір, олардың бәрі де жеке адамның өзіне тән іс-әрекеті мен мінез-құлқының нақты деңгейін қамтамасыз ететін, онсыз кәсіби қалыптасуы мүмкін болмайтын жеке адам қасиетінің маңызды және тұрақты ерекшеліктері деген сипаттамада тұжырымдалады. Жеке тұлғаның жалпы бағыттылығына, оның өзгешелігі әсер етеді. Бағыттылықтың мазмұнына байланысты оның сапалық сипаттамасы мен жүйесін көруге болады. Жеке адам бағыттылығының негізгі типтері: қоғамдық, ұжымдық, жеке бастық, кәсіби, эстетикалық, т. б. қарастырылады. Аталмыш мәселеге педагогтар көзқарасы, жеке адам бағыттылығы - оқу, оқудан тыс іс-әрекет формаларының баршасының әсерінен қалыптасатын, оқушы жастардың болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындығын тәрбиелейтін күрделі жеке адамдық құрылым деген түсінікке саяды.

Біздің жұмысымыз үшін маңыздысы - жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру арқылы олардың кәсіби бағыттылығының мәнін айқындау. Бұл мәселеге бірқатар ғалымдардың зерттеулері арналған. Олардың қатарында А. Е. Голомшток, Л. А. Йовайша, А. П. Сейтешов, Ю. В. Укке, П. А. Шавир және т. б. атауға болады.

Бағыттылық жеке тұлғаның ерекшеліктерін тұтастай анықтайтын құрылым болса, кәсіби бағыттылық жеке адамның жалпы бағыттылығының құрамдас компоненті ретінде қарастырылады.

Кәсіби бағыттылық - адамның таңдалынған мамандыққа көзқарасын сипаттайтын кәсіби іс-әрекетке дайындығы мен оның табыстылығына әсер ететін жеке адамның интегралды қасиеті.

Кәсіби бағыттылықтың жан-жақтылығын жеке адамның жүйесін құрайтын қасиеті ретінде П. А. Шавир еңбектерінде қарастырады. Оның пікірінше, кәсіби бағыттылық - нақты іс-әрекетті артығырақ көретін мотивтер жүйесі, оның өзі жеке адамның танымдық және құндылық бағдарлық іс-әрекеті негізінде өтетін кәсіби әсерлер жүйесімен қарым-қатынас үрдісінде қалыптасады (5) .

Кәсіби бағыттылық - жеке адамның интегральды қасиеті, оның тұлғалық бейнесін құрайтын факторы ретінде түсіну, оны комплекс түрінде, оның ішінде, кәсіби іс-әрекетке, қажеттілік, бейімділіктер, кәсіби мұраттар, кәсіби іс-әрекетке деген құндылық бағдарлар және дүниетаным компоненті деп түсінуді талап етеді.

Кәсіби бағыттылықтың психологиялық-педагогикалық аспектісін, кәсіби шеберлікті дамыту бағытында кәсіби бағыттылықты қалыптастыруды жетілдіру және жеке адамның жалпы дамуы тұрғысынан өте терең және жан-жақты зерттеген А. П. Сейтешов.

А. П. Сейтешовтың пікірінше, кәсіби бағыттылық дегеніміз - жеке адамның маңыздды жақтарының бірі, ол оның қызығулары, ниеттері, бейімділіктері, мұраты мен сенімдерінде көрінеді (6) .

Психология білімінің қағидалары мен өз зерттеулерінің нәтижесін негізге ала отырып, А. П. Сейтешов бағытының көрінуінің ұлық формаларын толығымен қарастырады, жас жұмысшылардың жеке тұлғасының кәсіби бағыттылығы дамуының кейбір заңдылықтарын, оны тәрбиелеу жағдайларын көрсету.

Кәсіби бағыттылық - болашақ маманның жеке тұлғасының біртұтас және жан-жақты қасиеті түрінде толық түсіну үшін, оның компонентік құрамын, санасы сипаттамалары мен динамикасын анықтау қажет.

Кәсіби бағыттылықтың құрылымы туралы зерттеушілер арасында бірыңғай пікір жоқ. Жалпы осы бағытта жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, кәсіби біліктілік компоненттерін былайша анықтауға болады: қызығулар, бейімділіктер, кәсіби ниеттер, жеке тәжірибе, еңбек етуге даярлық, мақсат, кәсіби мотивтер, шығармашылық кәсіби ойлау, ұжымшылдық, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер, мотивтердің иерархиялық жүйесі, танымдық, мотивациялық, дүниетанымдық, эмоциялық-еріктік, мінез-құлықтық, т. б.

П. А. Шавир кәсіби біліктіліктің психологиялық сипаттамасын бере отырып, оны жастық шақтағы жеке адамдық орталық құрылым деп анықтайды. Кәсіби бағыттылықтың қалыптасуының ең бірінші қажетті шарты - адамның мамандыққа деген дұрыс, таңдаулы қатынасының пайда болуы. Бұл қатынас, көбінесе, белгілі іс-әрекет мазмұнының кейбір жақтары немесе мамандықтың ерекше белгілері, іс-әрекетке кәсіби мотивтердің пайда болуынан басталады. Оқушының жеке басының бағыттылығын, яғни мотивтерін қалыптастыру үшін олар туралы түсінік болуы керек. Нақты жеке адамның мотивациялық саласында не жатқанын білу керек, қандай педагогикалық шаралар қолдану керек, оқушының жеке бастық белсменділігі туралы мәселелерді шешу керек.

Қазіргі кездегі зерттеулер жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру арқылы кәсіби бағыттылықты қалыптастыруда олардың мамандық таңдауындағы мотивтер тобын бөліп көрсетеді.

  1. Болашақ кәсіби іс-әрекет мазмұнымен байланысты, оның әлеуметтік мәнін саналы түрде түсіну, болашақ іс-әрекетке берілгендігімен және кәсіби бағыттылығының қалыптасқандығын сипаттайтын мотивтер.
  2. Берілген мамандықты игеруге маңызды, бірақ кәсіби бағыттылықтыңжоғары деңгейде дамуын көрсетпейтін, оның орташа қалыптасуын сипаттайтын мотивтер.
  3. Кәсіби бағыттылығы қалыптаспаған, жаңаша немесе кездейсоқ мотивтер.

Оқушының жеке басының кәсіби бағыттылығытың құрамында мотивациялық сферасынан басқа да маңызды болап табылатын эмоциялық-еріктік және танымдық сфераларын бөліп қарастыру қажет.

Кәсіби бағыттылықтың эмоциялық-еріктік компоненті, ең алдымен, болашақ мамандыққа деген эмоциялық қатынасынан, мамандыққа қанағаттануынан, мамандыққа даярлануынан көрінеді.

Кәсіби бағыттылықтың танымдық компоненті іс-әрекет объектісіне бағыттылығына, өзінің болашақ кәсіби және қазіргі оқу іс-әрекетінің маңызы мен қажеттілігін саналы түрде түсіндіруіне байланысты.

Белгілі бір мамандық туралы хабардар болу деңгейінен, оқушылардың кәсіби жоспарларынан, таңдалатын мамандықтың маңыздылығын түсіну деңгейінен, болашақ кәсіби іс-әрекетке дайындық кезеңінде салалы пәндерді оқу мақсатын түсінуінен көрінеді. Осы бағыттағы зерттеулердің бірқатары кәсіби бағыттылықтың негізгі компоненттерінің бірі ретінде сәйкес объектілер мен құбылыстарға қатысты психологиялық белсенділікті тудыратын кәсіби қызығушылықтың маңызына көңіл бөледі.

В. С. Леднев жеке адам құрылымының түрлі теорияларын салыстыру негізінде маңызды компоненттердің бірі ретінде білім, іскерлік пен дағдыны бөліп көрсеті керек деп көрсетеді.

А. Б. Каганов та бұл пікірді қоштай келіп, оларды кәсіби бағыттылықтың дамуының іргетасы деп бағалайды.

Кәсіби қызығу жеке адамдық қасиеттер тобына кіреді, олардың негізгі қасиеттері - жеке адамның оқу-танымдық және кәсіби-еңбектік іс-әрекетіне итермелейтін белсенділік туғызатын функция. Кәсіби қызығулардың пайда болуы және дамуы танымдық әдістермен бірге жеке адамның эмоциялық және еріктік процестерінің бар екенін де көрсетеді. Яғни, кәсіби қызығу оқушының сабақ және сабақтан тыс әрекетіне де эмоциялық түр беру керек.

Кәсіби бағыттылықтың барлық құрылымдық компоненттері - қажеттіліктер де, мотивтер де, қызығулар да бір-бірімен тығыз байланысты және өзара бір-біріне тәуелді. Қажеттіліктер кез-келген іс-әрекеттің бастапқы кезеңінде болады. Ізденіс іс-әрекеттің нәтижесінде “заттанады”, ал қабылданатын зат өзінің итермелегіштік және бағытталғыштық әрекеттік функциясына ие болады, яғни мотивке айналады.

Кәсіби бағыттылық құрамы мен құрылысын зерттеп, осы мәселеге деген түрлі көзқарастарды талдау, эмпирикалық зерттеу жұмыстарын саралағанда “оқушылардың кәсіби бағыттылығы” ұжымдық анықтамасын көруге болады.

Ол мектеп бітірушілердің ойдағыдай кәсіби айқындауын қамтамасыз ететін интегралды динамикалық қасиет, оның негізін болашақ мамандардың әрқайсысында кәсіби білімдерін жетілдіруге, үздіксіз кәсіби дамуға өз бетінше ұмтылуына дағдыландыру мақсатымен оқу тәрбие процесінде қанағаттандырылатын қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар мен білім, іскерлік дағдылар жүйесін құрайды. Жоғарғы сынып оқушыларының саналы түрде мамандық таңдауын мотивтейтін өз кәсіби қызығуларын түсінуі, мақсаттарын іске асыру ұшін саналы мақсат қойып, іс-әрекетін жоспарлауы - кәсіби бағыт қалыптастыруының маңызды факторы болып табылады. Жоғарыда айтылған жәйттардың барлығы да отандық ғалымдардың көпжылдық қажырлы еңбектері мен зерттеулерінің нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдамалар.

Ал, енді өзімізге келер болсақ, мамандықты дұрыс таңдау - адам өміріне маңызы туралы мәселелер ежелден-ақ Шығыстың, Орта Азияның ұлы ойшылдары мен ағартушы ғалымдарын (әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашғари, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) замандастарымыздың, ұлы зиялылары Ж. Аймауытұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, т. б. ерекше толғандырған. Ұлы бабамыз әл-Фараби: “Ізгі және қасиетті жұмыс істеген адам басқа адамнан жоғары тұруы керек”, - десе, осы ойды “түсіне қарама, ісіне қара” - деп түркі халықтарынан шыққан ғалым М. Қашғари жалғастырады. Халықтың болашаға білімде екендігін Шығыс ғалымдары ертеден түсінген.

Ж. Баласағұн: “Бар ізгілік тек білімнен ашылар, біліммен аспанға жол салынар”, - десе, бабаларымыздың асыл мұраларынан сусындаған ұлы Абай: “Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба”, - деп, әрбір адам өз мүмкіндіктері мен білім, қабілеттіліктеріне сай өмірдегі өз орнын табады.

Ғасырлар өткен сайын ұрпақ тәрбиесі туралы өзекті ойлар өз жалғасын тауып, ғалымдар еңбектерінде айрықша орын алады.

Қазақстан мектептері мен оқу орындарындағы кәсіптік бағдар беру мәселесіне көңіл аударып, зерттеу жүргізіп, еңбектер жазған ғалымдардың көшбастаушысы, бес арыстың бірі - Ж. Аймауыұлы болса, С. Мұқанов, Т. Тәжібаев, М. А. Құдайқұлова, Л. Х. Мәжитова, Ж. Түрікпенұлы, А. П. Сейтешов сынды ғалымдарымыздың осы саладағы зерттеулері жалпы тұлға құрылымындағы кәсіби бағыттылық, мамандық таңдау мен кәсіби бейімделі мәселелеріне арналған. Аталмыш еңбектердің кәсіби бағыттылық проблемаларын шешуде өзіндік ғылыми және практикалық маңыздылығы жоғары болып табылады. Дегенмен, біз өзіміздің магистрлік жұмысымызда қазақ зиялыларының ішінде Ж. Аймауытұлының бұл бағытта жазылған еңбектерінің еліміздің болашақ ұрпақтары үшін қашан да өз теориялық құндылығы мен тәжірибелік маңыздылығы ұшан-теңіз екендігіне көз жеткізгендей болдық. Жұмысымыздың келеі тарауында Ж. Аймауытұлының “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген еңбегінен көптеген деректер мен тұжырымдамаларды кездестіруге болады.

Сонымен бірге, біз Ж. Аймауытұлының аталмыш еңбегіндегі кәсіптік бағдар, өнер таңдау, мамандыққа сай қасиет, сапалар туралы шетелдік ғылымдар тәжірибесі мен өзіндік пайымдаулары салыстырмалы берілген теориялық маңызы зор мәселелеріне толығырақ тоқталмақпыз. Автордың 1926 жылы жарық көрген “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген еңбегінің беташарының “Неге арналсаң, соны істе!” деп бастауының өзі оның бұл мәселедегі басты ғылыми позициясын анықтайды.

Ж. Аумауытұлының пікірінше, әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктердің бірі - әлеуметтің әр мүшесі әр адамның “өз орнында” қызмет етпеуі. Адам іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яғни зеректік болады. Кім де кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өзіне де, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. “Өз орнында” істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын адаспай тауып алатын адамдар сирек кездеседі. Адамның көбі өмір бойы өз соқпағын таппай, сенделумен күн кешеді. Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан, өмірге, тағдырға налып, зорланып, бақытсыз ғұммыр кешеді. Міне, адамның кәсіби бағыттылығы мен мамандық таңдауының өзара қатынас, байланысын түсіндірудегі ғалым пікірлерінің өз заманындағы ғылым даму аясынан анағұрлым озық тұрғанына жоғарыда келтірілген пайымдаулары куә болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, әркімнің өз орнында жұмыс жасауының қоғам дамуына әсерін былайша тұжырымдайды: “Әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке керек. Әлеумет те, мемлекет те, әр адамның еңбегінің берекелі болуын тілейді. Неғұрлым әр мүшеснің еңбегі жемісті болса, соғұрлым әлеумет тұрмысы да тез оңалмақ. Әр адамның еңбегі қашан жемісті болмақ? Әркім “өз орнында” жұмыс істегенде. Олай болса, бұл негізгі мәселе. ” (7) .

Қоғам мен жеке адамның кәсіби қатынасы мен маңыздылығын бұдан артық сипаттау мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалды даму деңгейі
10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Құқықтық тәрбие туралы
Оқыту мен тәрбие байланыс
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
Нарық жағдайындағы тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін теориялық талдау, эксперименттік зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz