Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі


Аннотация
Бұл жұмыс барысында мемлекеттік қызмет түріндегі қылмыстық іс жүргізу процесінің ұғымы және онда қатысушылардың міндеттері, олардың жіктелуі, сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде, қылмыстық процесске қатысушы өзге де адамдар, куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы туралы мәселелер қарастырылады.
Анықтамалар
Қылмыстық процесс принциптерiнiң мемлекеттік маңызы мен мәнi - оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргiзудi жарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердi бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкелiп соқтырады.
Қылмыстық процеске қатысушылар - қылмыстық істерді тергеуге жөне қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең қүқықтар берілген жеке және занды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдар.
Куә - айғақ беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
Сарапшы - арнаулы ғылыми бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам.
Маман - қлмыстық iс бойынша iс жүргiзуге маман ретiнде қатысу үшiн қылмыстық процестiң қатысушыларына өзiнiң арнайы құзыретiне жататын түсiндiру жолымен дәлелдердi жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшiн қажеттi арнаулы бiлiмi бар, iске мүдделi емес адам.
Аудармашы - аударма жасау үшiн қажет тiлдi меңгерген және сезiктi, айыпталушы, сотталушы; олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сонымен бiрдей жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысуға тартылған iске мүдделi емес адам.
Куәгер - қылмыстық iзге түсу органы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адамдар.
Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады.
Соттар қызметiнiң және сот шешiмдерiн орындаудың белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi орындаушы лауазымды адам сот приставы болып табылады.
Қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі
ҚР ҚІЖК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1 Мемлекетік қызмет түріндегі қылмыстық процесс . . . 6
1. 1Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі . . . 6
1. 2 Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде . . . 12
2 Куә . . . 16
2. 1 Сарапшы . . . 16
2. 2 Маман . . . 18
2. 3 Аудармашы . . . 19
2. 4 Куәгер . . . 20
2. 5 Сот отырысының хатшысы . . . 20
2. 6 Сот приставы . . . 21
Қорытынды . . . 27
Қолданылған әдебиеттер . . . 29
Нормативтік сілтемелер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - 1995 жыл 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі - Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi.
(соңғы өзгерістер мен толықтырулар 21. 01. 10 ж. жағдайы бойынша енгізілген) .
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі -Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi
(соңғы өзгерістер мен толықтырулар 20. 01. 10 ж. жағдайы бойынша енгізілген) .
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі . Мемлекеттік қызмет түріндегі қылмыстық процес келесідей жіктеледі: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргiзудi жарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердi бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкелiп соқтырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең қүқықтар берілген жеке және занды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек.
Курстық жұмыстың қазіргі заманға жасалымдарының сұрақтары. Мемлекеттік қызмет түріндегі қылмыстық процесстің заңды және тұрақты түрде өтуі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні қылмыс пен құқықтың дамуын құрайды.
ҚІЖК-тің 7-бабының 9-тармағында "процеске қатысушылар"- қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы) тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың завды екілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның завды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың занды өкілдері мен өкілдері" деп түсіндірілген; осылармен қатар ҚІЖК-тің 7-бабының 25-тармағында тағы да бір түсініктеме берілген:"қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар"- сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
ҚІЖК 2-бөлімі ("Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар") сот (судья), іс бойынша төрағалық етуші, тергеу белімінің бастыш, анықтау органының бастығы қызметін регламенттеген, мұның өзі ҚІЖК-тің 7-ба-бының 9 және 25-тармақтарында керсетілген процеске қатысушылар шеңберінен едәуір кең. 10-тарауда ("Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар") процеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысьюың хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі ҚІЖК 7-бабының 25-тармағына сәйкес келеді.
Курстық жұмыстың зерттеу зерттеу объектісі қылмыс пен құқықтың пайда болу тарихы.
1 Мемлекеттік қызмет түріндегі қылмыстық процесс
1. 1 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі
Қылмыстық процесс принциптерiнiң мемлекеттік маңызы мен мәнi мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргiзудi жарамсыз деп тануға, мұндай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердi бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкелiп соқтырады.
Қылмыстық процестiң мемлекеттік мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуi тиiс.
Сот, прокурор, тергеушi, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚІЖК, ҚІЖК-нің 1-бабында көрсетiлген өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi.
Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот, қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп ұйғарса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және сол актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.
Соттың, қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңмен белгiленген жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға әкеп соғады.
Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы:
Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот әдiлдiгiн тек соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң болса да иемденуi заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Соттың үкiмi бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкiм де қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды.
Соттың құзыретi, оның заңды құқығының шегi, оның қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен айқындалады және оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болса де төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және атқарылуға жатпайды.
Өзi қарауына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асырушы, өзiнiң өкiлеттiгiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық сот iсiн жүргiзу принциптерiн өзгедей бұзған соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға тиiс.
Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн осы Кодексте көзделген тәртiппен тек тиiстi соттар ғана тексерiп, қайта қарай алады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау:
Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар.
Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңмен көзделген соттылығы өзгертiле алмайды. Мемлекет заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша жәбірленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн және келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi.
Жеке адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу:
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процеске қатысушы адамдардың абыройын түсiретiн немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен iс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi, сонымен бiрдей осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.
Қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың заңсыз әрекеттерiнен адамға келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
Адамның жеке басына тиiспеушiлiк: ҚІЖК-де белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұстауға, қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.
ҚІЖК-де көзделген жағдайларда ғана және қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығын бере отырып, тек соттың немесе прокурордың санкциясымен ғана қамауға алуға және күзетпен ұстауға жол берiледi. Адам прокурордың санкциясынсыз жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұсталуы мүмкiн. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi. Күзетпен ұсталмаған адамды сот-медициналық сараптама жүргiзу үшiн медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмi немесе прокурордың санкциясы бойынша жол берiледi.
Әрбiр ұсталған адамға ұстаудың негiзi, сондай-ақ ол жасады деп сезiк келтiрiлген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасы дереу хабарланады. Сот, қылмыстық iзге түсу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға мiндеттi. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадiр-қасиетiн түсiретiн әрекет жасауға болмайды. Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп туғызатын iс жүргiзу әрекеттерiне қатысуға тартуға болмайды. Адамның жеке басына тиiспеушiлiктi бұзатын iс жүргiзу әрекеттерi адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн. Өзiне қатысты жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған адамды қамауда ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиiс.
Заңсыз бас бостандығынан айыру, өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау: қылмыстық процестi жүргiзушi орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға мiндеттi.
Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтелуге тиiс. Жәбiрленушiнi, куәнi немесе қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен, не өзге де заңға қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытқандығына жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
Жеке өмiрге қол сұқпаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы: азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудiң, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркiне қарсы кiруге, оны қарауға және тiнту жүргiзуге заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша ғана жол берiледi.
Меншiкке қол сұқпаушылық: меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де соттың шешiмi болмайынша өз мүлкiнен айыруға болмайды. Iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысында адамдардың банктегi салымдарына және басқа да мүлiктерiне тыйым салу, сондай-ақ оны алу осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
Кiнәсiздiк презумпциясы:
Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз деп саналады.
Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
Айыпталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күдiк оның пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңын қолдану кезiнде пайда болған күмәндер де айыпталушының пайдасына шешiлуi тиiс.
Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуы тиiс.
Қайта соттауға және қылмыстық iзге түсуге жол берiлмеуi: ешкiмдi де нақ бiр қылмыс үшiн қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Сот әдiлдiгiн заң мен сот алдындағы теңдiк негiздерiнде жүзеге асыру:
Сот әдiлдiгi барша жұрттың заң мен сот алдында теңдiгi негiзiнде жүзеге асырылады.
Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге қатысы, сенiмдерi, тұрғылықты жерi бойынша немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша қандай да болсын кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды.
Қылмыстық iзге түсуден иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен, заңдармен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.
Судьялардың тәуелсiздiгi: судья сот әдiлдiгiн атқару кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Соттың сот әдiлдiгiн атқару жөнiндегi қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапқа тартылады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңмен белгiленген.
Қылмыстық іс жүргізу заңында қаралып отырған категорияның өзінде, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-әрекеті қылмыстық іс жүргізушілік ережесін де түрліше түсіндіруге әкеліп соғатын дәлсіздіктер бар, мысалы:
а) 84-баптың 1-бөлігінде маман - "тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін" шақырылған адам деп көрсетілген; ал 7-баптың 25-тармаш бойьшша маман-қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; сараптамалық зерттеу үшін маманның катысуымен үлгілер алу туралы 260-бапқа жасалған талдау маман - тергеу іс -әрекетіне қатысушы екенін дәлелдейді (атап айтқанда, бапта былай делінген: "Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетінің барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттері көрсетілуге тиіс") ; 239-баптың 2-бөлігіне сәйкес маман "тергеу экспериментіне қатыстырылуы" мүмкін, 238-баптьң 3-белігіне сәйкес оқиға болған жерде айғақгарды тексеру мен айқындау қажет болған жащайда маманның қатысуымен жүргізіледі. Маман және қылмыстық процеске тартылатын өзге де адамдар жағдайының регламенттелуіне жасалған талдаудан "қатысушы", "қатысу үшін шақырылған адам", "іс-әрекетке қатысушы адам", "қатыстыру", "қатысуымен" және сол секілді ұғымы -бір нәрсені білдіретінін көреміз;
ә) маманның қылмыстық процеске қатысушы ретіндегі жағ-дайының анықтамасын "процеске қатысушы" және "қылмыстық процеске қатысушы өзгеде адамдар" ұғымдарымен салыс-тырьш көрелік:
маман - процеске қатысушы;
маман - кылмыстык процеске қатысушы өзге адам;
Қарапайым салыстыру негізінде "процеске қатысушы" және "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адам" ұғымдары тең деген тұжырым жасаймыз;
б) Қылмыстық процеске тартылатын адамдарды "қатысушылар" мен "қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға"бөлу шарты, сырттай сипат алып отыр және заң шығарушының сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлдебір мүдде көздемейтінін атап көрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегі статусына байланысты ондай мүдделер бар (сот сот терелігін жүзеге асыруға, прокурор - заңдылықтың сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушыға қолдау көрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы - іс бойынша ақиқаттың анықталуына және кінәлілердің әшкереленуіне, қорғаушы - қорғауындағы адамның мүдделері қорғалуына мүдделі секілді) .
Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тін бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді.
Сонымен бірге "процеске қатысушылар" категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада түсінілуі:
занды бір ізге салу;
заңды әмбебаптандыру;
заң бұзылуының алдын алу;
құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды.
Соңғы кезде әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқалып отыр.
Процеске катысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге:
сот ісін жүргізуге әрбір катысушының статусын белгілеуге;
түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар:
а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық катынастарында жүзеге асырылады;
ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қаты-сушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады;
б) қылмыстық іс жүргізу кызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады;
в) құқық қатынастарының сипаты адамньщ құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және сол секілді) ;
г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарашпы бола алмайды және сол секілді) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz