ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері.
Тапсырма: Сұрақтар бойынша конспект жазу
1. Онкологиялық аурушаңдыққа қарсы мақсатты бағдарламалар.
2. ЭРОБ дегеніміз не? (Онкологиялық науқастарды электронды тіркеу - Электронный регистр онкологических больных)
3. Онкологиялық науқастарды есепке алу қалай жүргізіледі?
4.Онкологиялық науқастарға мамандандырылған медициналық кӛмек қалай жүргізіледі?
5. Онкологиялық диспансерге қандай міндеттер жүктеледі?
1. Онкологиялық аурушаңдыққа қарсы мақсатты бағдарламалар.
Онкологиялық аурулар біздің заманымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі және 21 ғасырдың өзекті мәселесі деп танылды. Шет елдік және отандық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, қатерлі ісік ауруы тұрақты түрде өсіп келе жатқандығы белгілі болып отыр. Онкологияның профилактикасы үшін көптеген шаралар қолданылуда - дұрыс тамақтануға үгіт жүргізуден бастап, темекі шегуден күнделікті күрес пен ерте диагностикалаумен аяқтайды.
Қазіргі уақытта Саламатты Қазақстан 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы негізгі басымдықтарының бірі республика тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтарын нығайту және сақтау, аурулардың алдын алу болып табылады.
Скрининг - бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатысында анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилақтикалық дәрігерлік қараудан.
"Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына сай онкологиялық ауруларды ерте анықтау скринингтік тексерулерге жатады:
әйелдердің арасында жатыр мойнының ісікалды, қатерлі ісіктерін;
әйелдердің арасында сүт бездерінің ісікалды, қатерлі ісіктерін;
ерлер мен әйелдердің арасында жуан және тік ішектің ісікалды, қатерлі ісіктерін ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған.
Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 395 қаулысы. Бұл қаулыда Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған кешенді жоспар қарастырылған, соның ішінде:
Қауіп факторларының профилактикасы және басқару;
Онкологиялық аурулардың профилактикасын дамыту;
Онкологиялық скринингтік қарап-тексерулердің тиімділігін арттыру;
Тиімділігі жоғары ерте диагностика ұйымдастыру;
Онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу;
Нормативтік құқықтық базаны және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
Онкологиялық көмек көрсетудің сапасын арттыру;
Онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру;
Онкологиялық көмекті цифрландыру мәселелері.
2. ЭРОБ дегеніміз не? (Онкологиялық науқастарды электронды тіркеу - Электронный регистр онкологических больных)
Онкологиялық науқастарды электронды тіркеу - бұл Қазақстан Республикасының онкологиялық диспансерлерінің пациенттерін есепке алуды жүргізуге, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі туралы ақпаратты жүргізуге және өңдеуге арналған жүйе. "Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі қаржылық және өндірістік блоктан тұрады.
Жүйенің өндірістік блогы-бүкіл республика бойынша онкологиялық науқастардың деректерін енгізудің бірыңғай жүйесі. Сондай-ақ, бұл блокта қымбат химиялық препараттарды сатып алу, дәрі-дәрмектерді тұтыну және жоспарлау бақыланады. Онкологиялық науқастардың стационар және амбулаторлық қозғалысын есепке алу.
Жүйенің қаржы блогы әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін диспансерлердің барлық төлем құжаттарын, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсететін ұйымдар мен әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының филиалдары арасындағы шарттарды қамтиды.
Мақсатты аудитория:
- Меншік нысанына және медициналық қызмет көрсету деңгейіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері;
- Жергілікті деңгейде денсаулық сақтауды саяси басқаруды жүзеге асыратын денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары;
- Медициналық ұйымдарды қаржыландыруды және халыққа ТМККК көрсетуге мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын ӘМСҚ және оның филиалдары;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК;
-Әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға көмек көрсететін облыстық диспансерлер, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары;
- Ғылыми орталықтар, республикалық деңгейдегі институттар.
3. Онкологиялық науқастарды есепке алу қалай жүргізіледі?
Ісік ауруларына күдіктенген немесе анықтаған жағдайда МСАК мамандары пациентті емхананың (қалалық, аудандық) онкологиялық кабинетіне жібереді. Онкологиялық кабинеттің дәрігері қажетті тексеріп-қарауды жүргізгеннен кейін диагнозы растау және тексеріп-қарау мен емдеудің кейінгі тәсілдерін анықтау үшін пациентті онкологиялық кабинетке жіберу туралы мәселені шешеді. Аудандық онколог тиісті деректерді онкологиялық науқастың электрондық тіркеліміне (ОНЭТ) енгізеді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде пациентті тексеріп-қарау мерзімі 3 күннен 5 күнге дейінгі жұмыс күні. Пациентті онкологиялық кабинетте толық тексеріп-қарау мерзімі - 7 жұмыс күні.
ОНЭТ тіркеуді, сондай-ақ онкологиялық науқастарды қайта тіркеу және есептен алуды электрондық цифрлық қолтаңбасы бар онкологиялық ұйымның жауапты адамы жүзеге асырады. ОНЭТ өзгерістер енгізу мыналардың негізінде жүзеге асырылады: дәрігерлер толтырып, қол қойған № 090е нысаны; азаматтық хал актілері жазбасы органдарынан қайтыс болуы туралы куәлік. 23. Аурудың IV сатысында және ІІІ сатыдағы көзбен көрінетін орындарда алғаш қатерлі ісік диагнозы белгіленген әрбір пациентке Науқаста қатерлі ісіктің асқынған нысаны анықталған жағдайға арналған хаттама статистикалық нысаны (IV клиникалық топ) (№ 907 бұйрығымен бекітілген № 027 -2е нысан) ( № 027 -2е нысан) толтырылады. 24. МСАК ұйымдарында келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 -күнінен дейін ай сайын аумақтық онкологиялық ұйымға ұсынылатын Қатерлі ісіктің асқынған жағдайларын талдау хаттамаларын (Талдау хаттамасы) ресімдей отырып қатерлі ісіктің барлық анықталған асқынған жағдайларын талдау жүргізіледі. Талдау хаттамаларының саны толтырылған № 027 -2е нысандарының санына сәйкес келуі тиіс.
Барлық орналасқан қатерлі ісік диагнозы бар пациенттер диспансерлік есепке алынады және аумақтық онкологиялық диспансер динамикалық бақылау жүргізеді. Бұл ретте көздің, бас және жұлын, лимфа және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар пациенттер окулисттердің, нейрохирургтардың, гематологтар мен басқа да бейінді мамандардың бақылауында бола алады. Өмірінде алғашқы рет диагноз белгіленген әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қала тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Медициналық көмектің сапасы
Қатерлі дерттің алдын ал
Паллиативті көмек көрсетудегі мейірбикелік күтім
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Демографиялық саясаттың тарихы
Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы
Онкологиялық пациенттерге паллиативті көмек
Пәндер