Азаматтық құқық түсінігі, пəні, қағидалары


Кенжеғалиева Наргиз
201-группа
Тақырыбы: Азаматтық құқық түсінігі, пəні, қағидалары
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік
заңгерлер Рим азаматтарының құқығы - цивильді құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді. Римдік jus
civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік
қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы
әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы
сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Сондықтан да азаматтық құқықты
цивилистік деп атайды.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария
және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді:
жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал
жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке деп
бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі
бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты.
Сосын азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі
бір дәрежеде ұқсастықтары да бар. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Құқықтың қандай
салаға жататындығын білу үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі
қолданылады.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Мүліктік қатынас дегеніміз -
мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану болып табылады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің
тиістілігіне қарай заттық қатынас, мүліктің бір адамнан екіншісіне
ауысуы, өтуі міндеттемелік қатынас, меншік иесінің қайтыс болуына
байланысты болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас)
тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып
алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып
табылады. Бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі. Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азаматтың мәртебесін,
олардың құқықтары мен бостандықтарын ең маңызды институт ретінде ерекше
бөліп жеке бөлім нысанында бекітеді. Сонымен қатар Негізгі Заңдағы Адам
және азамат бөлімі Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне,
басқа да мемлекеттік органдарына арналған бөлімдердің алдында тұр. Осындай
Конституцияның құрамы да адам және азамат құқықтары институтының ерекше
орнын көрсетеді. Азаматтық құқықтық қағидаларының мазмұны туралы мәселелер
маңызды және белгілі мөлшерде өзекті болып табылады. Азаматтық құқықтық
қағидалары институтын айта отырып ескеретініміз, бұл бостандықтың нақты
тарихи дәрежесінің ең көрнекті конституциялық-құқықтық нысаны. Азаматтық
құқықтық қағидалары оның болмысының маңызды белгілерін іске асыратын
азаматтық құқықтықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Олар арқылы тұлғаның өмірін,
адамгершілік қасиетін және қоғамдық өмірдің барлық құқық салаларында
қызмет ету адамның бостандығын қамтамасыз ететін нақты және формальды
түрдегі табиғи мүмкіндіктері пайда болады. Азаматтық құқықтық қағидалары
түсінігінің туындауы мен оны бөлек санаттағы құқықтар ретінде танып білу,
табиғи құқық идеяларының пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты болып келеді.
Қазіргі қоғамда негізгі құқықтық қағидалар мен бостандықтар ажырамас және
әркімге туылған сәтінен бастап тиесілі екендігі танылады. Бұл құқықтарды
олардан ешкім және ешқандай жағдайда айыра алмайды.
Нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне және басқа да
ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, таптық, өзге де жағдайына
қарамастан адам барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс. Бұдан
басқа, адамнаң қай елге немесе аумаққа тиесілілігіне байланысты, бұл
аймақтың тәуелсіз, біреудің қамқорлығындағы өзін-өзі басқара алмайтын
немесе өз егемендігі бойынша әлде бір шектеулері бар болатындығына
қарамастан саяси, құқықтық немесе халықаралық мәртебесі негізінде ешқандай
өзгешеліктер болмауы тиіс.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Азаматтық құқық сала ретінде
елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі ғой.
Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастарының түсінігі - реттеу пәні
мен реттеу тәсілдері.
Адам мен азаматтың құқықтары туралы мәселе тұлғаның қоғамда және
мемлекеттегі нақты жағдайы мәселесінің құрама бөлігі болып табылады. Әр
адам туа пайда болатын ажырамас құқықтарға және белгілі көлемдегі
материялдық және рухани игіліктерге ие. Олардың қамтамасыз етілуі үшін
қоғам мен мемлекет қолғабыз етуі тиіс. Азаматтық құқық қағидалары деп
қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын
айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz