Отбасы құқығы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кенжегалиева Наргиз
201-группа
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы
тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яғни отбасы
қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни
отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының
пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) немесе мүліктік
болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші
кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған
қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан,
отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік
қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік
қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік
қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған
керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті
болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке
адамның құқықтары мен міндетттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының
азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны
ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды.
Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткенде, жеке отбасы қатынастырына жататын
заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктері белгісі бір дәрәжеде
шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипатында неке отбасы
қатынастарнының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу, бала
асырап алушы мен асырап алунышының арасында өзара сенім қатынастары
орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді.
Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен
қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән
нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке
сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды
неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе
тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зертттеуші кеңес ғалымы Е.Н. Вороженкин, өзіндік сенімге
ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп
жағдайда мұндай қатынастар тоқталуы тиіс немесе ол басқа жолымен реттелді
деп жазды.

Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы
тәрбиесіне қабылдаудың, басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни
отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды,
яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқықсаласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік
емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар
құқыктың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін
пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан,
азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығыңда бірдей емес. Азаматтық
құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол
өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе
қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса
ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының
негізгі міндеттері болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік
қатынастар және адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады.
Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда
мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдай құқықтық реттеуге
жатпайды. Профессор О. С. Иоффе этап көрсеткендей, жеке отбасы
қатынастарына жататын заңды тұрғыда нормалаудың объективтік мүмкіндіктері
белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқынан шығып
кетеді. ().
Соңдай-ақ олардын бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы
қатынастарының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу бала
асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары
орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-
аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардын және қамқорлыққа
алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа
қатысушылардың өзара карым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе
оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң
нормаларымен құқықтық, реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М. Ворожейкин:
Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасайды деп есептеу
керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа
жолмен реттелуі керек дел жазды.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы
құқығының қайнар көзі Қазақстан Рсспубликасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы
Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969
жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы
туралы Кодексті алмастырды.
Неке және отбасы туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан Көне 213-баптан
тұрады.
Бірінші бөлімдегі Жалпы ережелерде неке-отбасы заңдарының негізі
жасалып, осы занмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын
реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
Неке деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату,
ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық
реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Отбасы деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардын Құқықтары мен
міндеттерінің негізі тұрады, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу
жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері
туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-
ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және
жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
Қорғаншылық және қамқоршылық деген 4-бөлімде қорған болу мен
қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен
қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен
міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты
тоқтату қарастырылады.
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары деген 5 бөлімде ата-
аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып-
күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің
алимснттік міндеттемелері көрсетіледі, соңдай-ақ алимент тағайындау және
оны төлеу тәртібі берілген.
Азаматтық хал актілері деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал
актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты
дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әртүрлі
акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы
заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады.
Неке және отбасы туралы Занның 4-бабында көрсетілгендей, неке және отбасы
туралы заңға (заңның өзінен басқа) өзбасы құқығының нормалары кіретін
Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жатады.
Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет
министрлігі бекіткен түрлі ережелер (мәселен, Қорғаншылық пен қамқоршылық
көрсетуші органдар туралы ережелер) мен нұсқаулар (мысалы, азаматтық хал
актілерін тіркеу тәртібі туралы Нұсқаулық жатады. Сонымен бірге осы Заңда
кейбір басқа актілер де атап көрсетілген. Айталық, 165-бапта азаматтық хал
актілеріне тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітуге тиісті екені көрсетілген.
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты
Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының
азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң
неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік
мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатынын (5-бап)
арнайы атап көрсетеді. Азаматтық Кодексті қолдану заң ретіндс немесе құқық
ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен
мәнінен туындайтын жәйт.
Неке және отбасы туралы Заңның, 3 бабы Қазақстан Республикасының
неке-отбасы зандары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді.
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2) ерлі-зайыптылардың отбасымдағы құқықтарының теңдігі;
3) отбасының ісіне кімнін болса да өз бетінше араласуына жол
берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі
мен алауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің
құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын
қамтамасыз ету, бұл құқықтарда сот қорғауынын мүмкіндіктері.

Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары
Отбасы құқығы бойынша неке бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік
және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен
заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі
жағдайында жасалған еркек пен әйелдік арасындағы тең құқықты одақ (Заңнын
1-бабы).
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі
жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген
некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдарының
негіздерінің бірі болыл табылады (Неке және отбасы туралы Заңның 2
бабының 3-тармағы).
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда
некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926
жылға дейін болды да, кейін 1944 жылғы 8-шілдедегі ҚССР Жоғарғы Кеңесі
Торалқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып,
бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндай
қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты отырып АХАЖ органдарында
тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптыдардың бірі
қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және
балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі
сот тәртібімен шешіліп отырды.
Мемлекеттік және қоғамдық мүдделер тұрғысынан алғанда да, ерлі-
зайыптылардың және олардың балаларының жеке және мүліктік мүддесін қорғау
жөнінде некені тіркеу қажет. Тіркеу кезінде некені қию шарттарының
сақталғандығын тексеріледі.
Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11-баптар) сақтау
қажет. Аталған шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу
қабылданған. Басқаша айтқанда онды жағы көбірек болып теріс жағы болмаған
жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жаитады: некеге тұратын ерке пен әйелдің
өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде
еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен
туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мен
бермейтінін көрсетеді
Неке және отбасы туралы Заңнын 10-бабында белгіленгендей еркектер
мен әйелдердің неке жасы - 18. ертеректе Қазақ КСР інің неке және отбасы
кодексінің 16-бабына сәйкес еркектердің неке жасы - 18, әйелдердікі 17 деп
белгіленген болатын.
Неке және отбасы туралы Заннын 10-бабында азаматтақ хал актілеріне
жазу органдары некеге тұруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәделді
себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету
мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының,
немесе қорғаншылардың келісімімен) көзделген.
Белгіленген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мұндай
жағдай әдетте неке жасна толмаған, бірақ ісжүзінде некеде тұрғандар үшін,
әйелдің аяғы ауырлығы мн баласын тууы үшін жасалады.
Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да
себептердің болатындығы Неке және отбасы туралы Заңның 11-бабында
қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұруына
тыйым салынады: 1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған
адамдардың; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын
туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасынын, әжесінің және
немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы
ортақ ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың); 3) асырап
алушылар мен асырап алынғандардың; 4) біреуін болса да психикалық ауруының
немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған
адамдардың.
Некенің жарамсыздығы
Заңмен белгіленген шарттар бұзылған жағдайда неке жарамсыз деп
танылады. Сондай-ақ жалған неке (Неке және отбасы туралы Занның 24-бабы)
жарамсыз деп танылады. Белгіленген заң тәртібнен тіркелсе де, отбасың құру
ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың
құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке (заңның 1-бабы) жалған неке деп
танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетініндей, жалған неке кейбіреулердің
бас пайдасы үшін ғана жасалады (мысалы, қалада тіркеуге тұру үшін, армия
қатарына шақырудан жеңілдік алу үшін т.б.).
Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар Неке
және отбасы туралы Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз деп тану
туралы талап қоюға жұбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы органдар,
сондай-ақ осы некені тіркеу кезінде құқығы бұзылған басқа да адамдар
құқылы.
Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелетке толмаған
адамнын ата-анасының, қорғаншасының (қамқоршысының) және прокурордың талап
қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелетке толмағандардың ісін қорғау
кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы
бойынша жарамсыз деп танылады.
Заңнын некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап
көрсетуге болады (Неке және отбасы туралы Заңның 5-тарауы, 24-27-
баптары).
Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді.
Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтте
заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені
жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге тұру кезінде басқа
әйелімен некелескенің сырған жағдайда, істі сот қарағанға дейін ол өзінің
бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгіре алады. :
Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған ерлі-
зайыптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ, Неке және
отбасы туралы Заңнын 27-бабында қарастырылған басқа да құқықтық
салдарлардың жойылуына әкеледі.
Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенін қиылуы нәтижесінде туған
немесе некені жарамсыз деп танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған
балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.

Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жекс және мүліктік
құқықтар мен міндеттерді тудырады.
Неке және отбасы туралы Занның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың
жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін,
мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін
бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең
міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы
өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен
білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың
бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-
зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру
кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңда текті тандаудың екі жолы ұсынылған. Некегс
тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға
дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымсн біргс ерлі-зайытылар өз қалаулары
бойынша ортақ бір тек таңдауға құқығы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі
де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің
тегін) тандайды.
Кейбір елдердің оның ішіндс ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-
зайыптылардың екі текті да алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне
жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-інің неке және отбасы
туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді Неке және отбасы туралы
Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі
қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат
етеді.
Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу
орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс
орынның табу жөніндегі мәселелерлі жеке өздерінің шешулеріне болатындығын
көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты
келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-
зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді
иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын бірікітіру үшін некеге
тұратындықтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың
пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу
құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде
тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтын өзара келісімімен
жүзеге асырылуы керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің
басқа бір тұрақты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына
мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа
мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін телеу (мыс. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1996 жылғы 3 желтоқсандағы Ақмола қаласына қоныс аударған
мемлекеттік қызметшілерді материалдық жағынан ынталандыру шаралары туралы
1471-санды қаулысын қараңыз), жас мамандарды болу кезіндс отбасының мүддесі
ескеріледі және т.б.).
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін
бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандарымен
бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі
бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да өзінің
еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде
келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген
органдарға шағымдануға құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар
тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және
қамқоршы органдар арқылы шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті
меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету
міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның Ерлі-
зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері деп аталатын 7-тарауындағы
нормалармен, ал екіншісі - Заңның Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-
зайыптылардың алименттік міндеттемелері деп аталатын 18-тарауындағы
нормалармен реттеледі.
Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы немесе басқаша
айтқанда олардын мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзгеріске ұшырады.
Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Занда ерлі-
зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке
шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де,
көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі - олардың ортақ
бірлескен меншік режимі қолданылады.
Отбасы әлеуметтік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасының басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерде бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы саясатын жетілдіруі болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс.
Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде өзінің болмысын қатынастардың нақты түрлері арқылы жүзеге асырады және осындай отбасы-неке қатынастары қоғам өмірінің негізгі заңы ─ конституциямен реттеледі және қорғалады.
Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардың пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге сонымен қатарұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста біз неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайптылардың арасындағы қатынас, олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады.

Отбасы құқығы Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сонадй-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп реттейді. Отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Отбасы құқығын реттейтін қатынастарға мыналар жатады:
1. некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
2. отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы пәні
Бала құқығы жайлы
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Отбасылық қатынстар ұғымы
Ата - аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар
Неке және отбасы туралы жалпы түсінік. Отбасылық құқық
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
Отбасы құқығы мен мораль нормаларының мүліктік емес қатынастарды реттеудегі алатын орны
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
Пәндер