Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда әдістемелік іс-шаралар бағдарламасын өңдеу

oo Орындаған: Ескермес З.
oo Тобы: ТП 18-10к
oo Қабылдаған: Мамадалиев С.

Шымкент 2020
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда әдістемелік іс-шаралар бағдарламасын өңдеу

Кіріспе
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің Менің сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.
Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - нәтижелі білім берудің негізі
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Құзыреттілік ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық - педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.
Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі бағ баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.

Әдістемелік іс-шаралар бағдарламасын өңдеу
Мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін зерттеу төмендегі бағыттарды қамтиды:
1. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы.
2. Таным заңдылықтарын терең түсінуі.
3. Психо-педагогикалық біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруы.
4. Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы
5. Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы.
6. Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мен білім берудің жаңа технологияларынан хабардар болуы.
7. Жеке оқушылар мен сынып ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы.

8. Жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарламаларды оқып-үйренуі.
9. Оқу - тәрбие салалары бойынша жылдық және тақырыптық жоспарлар жасай білуі.
10. Әрбір сабақ пен іс-шараға тыңғылықты дайындығы.
11. Сабақ беруі мен оны (өз сабағын) талдай алуы.
12. Оқушылардың жазбаша жауаптары және орындаған тапсырмаларын талдай білуі.
13. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі.
14. Сынып жетекшілік және тәрбиешілік жұмысы.
15. Педагогтың қоғамдық жұмысы.
Сонымен бірге, аудан педагогтарының арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізіліп, аудан педагогтарының кәсіби біліктілігін арттырудың диагностикалық картасы жасалады. Мектептердегі әдістемелік жұмыстардың сапасы сол бойынша анықталады. Диагностикалық карта жыл бойы жасалады және бірнеше кезеңнен тұрады. Онда мына бағыттар қамтылған:
1. Мұғалімдердің оқыту және сабақ беру қабілеттері.
2. Педагогтардың кәсіби мүмкіндіктері мен педагогикалық мәдениеті.
3. Ұстаздардың өз білімін жетілдіру жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу барысы.
Алдағы жылдың жұмыс жоспары мұғалімдердің сұраныстарын ескере отырып, осы диагностикалық карта негізінде жасалады.
Мұғалім жұмысын жан жақты тексеру (І нұсқа).
1. Мұғалімнің кәсіби білімі (эрудициясы мен интеллект деңгейі, өз бетінше іздену барысы, ғылыми жұмыспен айналысуы, әдістемелік жұмыстарға қатысуы жақсы болуы, бағдарлама меңгеруі, жоспарлау барысы).
2. Мұғалімнің оқыту шеберлігі. Сөйлеу мәнері мен әдебі, көрнекілікпен тек құрал пайдалануы, тиімді оқыту әдіс - тәсілін меңгеруі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру дәрежесі. (Пән аралық байланысты қамтуы,) оқушылардың белсенділігі мен дербестігі, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Мұғалімнің әдістемелік біліктілігі (өзара сабаққа енуі, шығармашылық есеп беруі, зертханалық тәжірибесі, байқаулар мен педоқуға қатысуы).
4. Оқушылардың білім сапасы (диктант, бақылау, тест нәтижесі, оқу, жазу, есептеу дағдылары, ғылыми зерттеулерге, апталықтарға, олимпиадаларға қатысуы, үлгерім дәрежесі, оқу және ойлау икемділіктері).
5. Мұғалімнің қоғамдың белсенділігі (кластан тыс жұмыс жүргізу, ата - анамен байланысы, берілген тапсырманы орындауы, қоғамдық жұмыстары, еңбекте, спорт пен өнерге жанашырлығы).
6. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі (жеке оқушымен жұмыс, дәстүрлі емес сабақтар, жеке бағдарлама, сапалы сабақ талдау, ашық сабақ, эксперименттік жүйе).
7. Мұғалім туралы қосымша мәліметтер (курстан өтуі, атақ - дәреже, разряд, жүктеме).
Кәсіби құзіреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, комуникативті, педагогикалық-педагогикалық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады.
Мұндағы әлеуметтік-перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік яғни тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлекциялау нәтижесінде басқаның образын қалыптаструдан түзіледі.
Аутопсихологиялық құзіреттілік-тұлғаның өзінің сапаларын өзгертуге дайындығы мен қабілеттеріне бағытталған психологиялық жұмыс. Оның нәтижесінде өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, өзіндік ресурстарына әсер етуі қамтамасыз етіледі. Аутопсихологиялық құзіреттіліктің жүйе ретіндегі құрылымдық компанентеріне;
- рефлексивтік - өзін-өзі бағалау, бақылау
- жобалаушылық - өзін-өзі өзгерту әрекетін жоспарлау
- өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі
Мұғалімнің құзыреттілігі
Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің компоненттері
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
Құзіреттілік тұрғысында білім беру
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
«Жаңа формация мұғалім іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық аспектісі» пәніне жалпы түсінік
Пәндер