Канаданың жер кадастры


КАНАДАНЫҢ ЖЕР КАДАСТРЫ
Канадада жер кадастрын жүргізумен жерді инвентаризациялау қызметі айналысады. Ол жерді зерттеуді бүкіл ел бойынша бір бағдарлама бойынша жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Оның ең басты міндеті - федералды және аудандық мекемелерді дәл және толық мемлекеттің жер ресурстарының өнімділігі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Канаданың жер кадастры әр түрлі есеп алу мен жерлерді тіркеуді аудандар бойынша жүргізеді. Федералды мекеме есеп алу мен тіркеуді тек қана Солтүстік-Батыс аймақтары мен Юкон ауданында жүргізеді. Шығыста тіркеу хабарландыру сипатта келеді. Қоғамды ол туралы хабарландырады, ал батыста тіркеу меншік иесінің құқығын растайтын құқық аттестатын беру кепілдігі бар (Торренс жүйесі) . Онтарио ауданында екі жүйе де қызмет етеді.
Канаданың кадастры парцеллалы болып келеді. Жер телімдерін кодтау процесінде қолданылады. Квебекте кодтау кадастрлық кодекс негізінде жүзеге асады. Француздыққа ұқсас болып келеді. Басқа аудандарда Ұлыбританиядағыдай. Және жеке меншік иесі екенін растайтын құжаттар арнайы кітаптар жіне реестрлар түрінде көрсетіледі. Ал Квебек провинциясында кадастрлық план түрінде беріледі.
200-ге жуық ЗИС жұмыс істейді. Бірақ комплексті ЗИС-тар жоқ. Алайда Канадада 1990 жылдардың басында оқуға, сақтауға, ресурстардың карталарын салыстыру мен анализ жасауға және жерлерді, қоғамдық және экономикалық ақпаратты пайдалануға, аудандарды таңдау мен есептеуге, мақсатты карталарды ұйымдастыруға арналған ең комплексті ЗИС жасалған болатын.
1963 жылға дейін Канадада жерлерді ауылшаруашылыққа пайдалануға болатын дәрежесіне қарай бөлуді аудандық ауыл шаруашылық департаменттері жүзеге асыратын. Осыған орай әр түрлі провинцияларда өзіндік жер классификациясы жасалатын. Ал ең толығы осылардың ішіндегі Британ Колумбиясы провинциясында.
1963 жылы жерлерді инвентаризациялау қызметінің орман шаруашылығы департаменті мен ауылдық аймақтарды дамыту департаменті жанынан пайда болуымен жерлерді классификациялаудың бірыңғай жүйесін ойлап шығару мақсатында зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл қызмет Канаданың адамдар мекендейтін аймағында, яғни 2, 5 млн км2 ауданда систематикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған орай аймақтарды ауыл шаруашылықта пайдалану басқа пайдаланушылық түрлерімен тығыз байланысты. Жерлерді бағалау мақсатына қарай 4 типті бөліп көрсетеді. Нақтырақ айта кетер болсақ, ауыл шаруашылығына арналған, орман шаруашылығына арналған, халықтың демалуына арналған, жануарларға арналған (тұяқтылар мен суда жүзетіндер) болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді классификациялағанда жерлерді пайдаланған кезде өнімділігі жоғары болу дәрежесіне қарай 7 классқа бөледі. Жерлерді классификациялау схемасы олардың ауыл шаруашылығында пайдалану мүмкіндігіне қарай факторлардың біліну дәрежесін анықтау негізінде жүргізіледі. Аталған факторлар жерлерді пайдалану мүмкіндігін шектейтін факторлар болып табылады. Және американдықпен өте ұқсас болып келеді. Алайда класс тармақтары айтарлықтай көп. Класс тармақтары шектеуші фактордың табиғатын сипаттайды. Класс тармақтары мынандай болып келеді: С класс тармағы климаттық факторға негізделген; D - топырақтың гранулометриялық құрамымен; Е - эрозиямен; F - топырақтың төмен өнімділігімен; I - су басуымен; М - ылғалдылықтың жетіспеушілігімен, бұл су өткізігіштігі мен топырақтың су жинауыш қасиетінің төмен болуы нәтижесінде болады; N - тұздылығымен; Р - тастылығымен; R - аналық жыныстың қаттылғымен; S - зиянды топырақ факторлар тізбегінің комплексті әсерінен; Т - топографиялық фактормен; W - артық ылғалдылықпен; Х - факторлардың аккумулятивті әрекетінің нәтижесі. Аталған факторлардың әрқайсысын жекелей алғанда олар жердің класстық дәрежесін түсіру мүмкіндігі аз болып келеді. Бірақ барлығы бірге аймақтың ең төменгі классқа жатуына мүмкіндік береді. Топырақты классқа және класс тармағына жатқызу шектелген факторлар арқылы және олардың көрсетілу дәрежесіне қарай жүзеге асады. Алдымен класс тармағын анықтайды. Яғни шектеуші факторды. Осыдан кейін классты анықтайды. Класс - шектеу дәрежесі, берілген фактор негізінде көрсетіледі.
Жерлерді инвентаризациялау жұмыстары, классификациялау жұмыстарын да қосатын, бүкіл халықтық бірыңғай бағдарлама шегінде жекелей алынған провинцияларда жүзеге асады. Қолдануға болатын жерлердің тақырыптық карталары 1: 50 000 масштабта жасалады және 1: 250 000 масштабта басып шығарады. Аталған карталар пландау жұмыстарына да қолдануға болады. Жерлерді пайдалану карталарын тек қана 1: 50 000 масштабта жасайды және оны басып шығармайды.
Канадада орман шаруашылығын жүргізу мүмкін болатын мақсатта пайдалануына қарай жерлерді классификациялайды. 7 класс пен 18 класс тармағы ерекше аталып көрсетіледі. Және де дәл осындай халықтың демалуына да арналған жерлерді классификациялау жүргізіледі. Бұл жерде 7 класс пен 24 класс тармағы бар. Сонымен қатар жабайы табиғатты сақтауға арналған жерлерді классификациялайды. Жабайы жануарларды өсіріп, көбейтуге арналған 7 класс пен 11 класс тармағы, және суда жүзетін құстарды өсіріп, көбейтуге арналған 7 класс пен 4 класс тармағы бар.
Канадада жерлерді бағалаудың бірыңғай тәсілі жоқ. Кейбір провинцияларда әдістер ойлап табылды. Олардың негізіне Стори индексі қойылған. Сонымен қатар бидайдың өнімділігін жерлерді бағалау көрсеткіші ретінде қолданады. Және барлық жерлер 5 өнімділік класына жіктеледі. Басқа дәнді-дақылдар мен өнімдерді бидайдың түсімділігінің сәйкес коэффициенттеріне аударады. Жерлерді экономикалық бағалау бағалық санға ауыстырылмайды.
Канадада жерлерді бағалау 1899 жылдан 1952 жылға дейін жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылық Министрлігінің қызметінің арқасында. XX ғасырдың екінші жартысынан қазіргі кезге дейін топырақты қорғау арнайы мекемесінің қызметімен жасалып жатыр. Топырақты қорғау мекемесі топырақтық зерттеулер жүргізеді және жерлерді дұрыс пайдалану жөніндегі сәйкес ұсыныстар береді. Топырақтанушылар фермерлермен бірге жерлерді дұрыс пайдалану жөніндегі жобаларды құрастырады. Бұл жобалар негізінде екі жақты келісім жасалады: жерлерді пайдалану жөніндегі пландар. Осы келісімге сәйкес фермер топырақты қорғау мекемесінен топырақты қайта өңдеуге, тыңайтуға, егіншілікке т. б. Жағдайларға қажетті құралдарды ала алады. Ал фермер барлық жағынан топырақ қорғау мекемесінің толық ұсыныстарын орындауы тиіс.
Канадада топырақты бонитеттеудің екі әдісі қолданылады:
1) комплексті - табиғи аумақтарды комплексті ерекшелеу және оларды көпжылдық өнімділігіне қарай бағалау ( > 10 жыл)
2) факторлық - табиғи факторларды есептеу. Осының нәтижесінде топырақтың қасиеттері мен оларды мелиорациялау жолдарын анықтайды.
Жерлердің класстарын анықтау табиғи қасиеттерді есептеуге, топырақтың тұздың мөлшеріне, рельефке, климаттық жағдайларға байланысты негізделіп, жүргізіледі. Салық салу мақсатында жерді бағалау тек қана өнімділікке негізделмейді, сонымен қатар топырақты өңдеу мен тыңайтуға, таза пайда мен өндіру нарықтан алшақтығы да ескеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz