ҚР-ның экологиялық құқығы


Кенжегалиева Наргиз
201-группа
ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.
3. Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне - айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.
Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі - экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан Экологиялық құқықтың қайнар көздері деген ұғым Экологиялық заңдар деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:
1. кешенді
2. ресурстық
3. әлеуметтік - экологиялық
Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған ҚР Экологиялық Кодексін жатқызуға болады.
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтікактілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т. б. жатады.
Экология құқықтарының әлеуметтік - экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы, Семей облысындағы ядролық полигон туралы заңдарды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы - экологиялық құқықтың негізгі қайнар көзі.
Қазақстан Республикасы Конституциясы - экология құқықтарының негізгі қайнар көзі болып табылады, себебі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық негізін қалайды. Басқа барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болады:
1. ұйымдық - басқарушылық.
2. экономикалық.
3. әлеуметтік.
1. Ұйымдық басқарушылық нормаларға айналадағы табиғи ортаны қорғау жағдайында мемлекеттің және лауазымды адамдардың мақсаттары туралы нормалар кіреді. Конституциялық нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің жергілікті өкімет органдарының міндеттерін реттейтін нормалар айналадағы табиғи ортаны қорғауды құқықтық реттеудің керек екендігін көрсетеді. Мысалы: 31 бапта- мемлекет адамдардың өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды делінген. 61 бапта- Парламенттің айналадағы ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығаруға хақылы екендігі көрсетілген.
2. Экономикалық нормаларға Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға меншік құқықтармен реттейтін нормаларды жатқызуға болады. ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағында : Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге Конституцияда меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетін нормалардан да тұрады. (26 баптың 2 тармағы)
3. Әлеуметтік нормаларға Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті делінген.
Экологиялық құқықтың келесі қайнар көзі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған ҚР-ның Экологиялық Кодексі болып табылады. Оның құрамына 9-бөлім, 47- тарау, 326 - бап жатады. Бұл кодекс қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған.
3) Экологиялық құқықтың қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік - құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т. б. ) .
3. Заңды тұлғалар.
4. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.
ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz