Құқық бұзушылықтың мазмұны және себептері.


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

а) Құқық бұзушылықтың мазмұны және себептері.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

б) Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы.

в) Құқық бұзушылық: белгілері, құрамы және түрлері.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Пайдалаған әдебиеттер.

  1. Құқық бұзушылықтың, мазмұны және себептері.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қаратырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.

Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді. Белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттердің бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдайда туады.

Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу заңдылықтарына ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.

Құқық бұзушылық - құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормалардың қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.

Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жүріс - тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі.

Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады:

  • мемлекеттік мәжбүрлеу;
  • құқық бұзушыны жауапқа тарту;
  • құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.

Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолануға құқылы.

Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіне кетіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қоланылады. Осы бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркіндігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:

- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;

- қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлелдеу;

- заңды бұзушылықтан басқа адамдарды сақтандыру болып табылады.

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әректтен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.

Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиян келеді.

1. Құқық бұзушылықтың объективтік жағыың элементіне әрекет-әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілмеген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз - келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет-әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т. с. с.

Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.

Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды.

Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төменжән қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.

Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен, әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында жасалуы, келтірген зиянның сипаты және тиісті құқықтық санкциясының ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға жіктелінеді.

Әлеуметтік жағдайлар - отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, тоқтықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз» деген мақал айғағы болса керек.

Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі болатыны белгілі. Біреуі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине балалардың жаратылысынан әр түрлі болуы, бұзақылық, адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік заң бұзушылық қылықтан тайынбайды.

Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да олардың талаптарын орындамауға себебін тигізетіні сөзсіз. Шынында да мемлекетімізде жүздеген заңдар қабылданған. Оларда азаматтарға сан алуан құқықтар беріліп, көптеген міндеттер жүктелген. Азаматтар ол заңдардың бәрін біле бермейді. Әрине, заңды білмей бұзғанмен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзғанның салдары арасында өте үлкен айырмашылық бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған заңды құжаттар баспасөз бетінде жариялануы қажет. Егер жарияланбаса, оның күші болмайды. Ондай құжаттың талаптарын орындамаған адам жауапқа тартылмайды (ҚР Конституциясы, 39-б) .

Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі - бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүдеге қарама-қайшы құқықтық сананың төмен деңгейлігі.

Ал объективтік себебі - өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы қайшылықтар. Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік жағдайға - оның субъективтік және объективтңк себептерінің орнын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.

2. Заңды жуапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

Заңды жауапкершілік-жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормаларының бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.

Заңды жауапкершілік - тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтық атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай түрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиынның орынын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.

Заңды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.

Заңды жауапкершілік - тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық - іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

  1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.
  2. Кінәлі белгілі бір шектеуге міндеттейді.
  3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болған болады.

Заңды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.

Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Заңдылық режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.

1) . Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кезедеседі:

  • ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;
  • бағыну тәртібіне байланысты сайлаулардағы ережелерді байланысты қорғаныс;
  • темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

2) . Қылмыстық және әкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әркез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған ғана адам тартылады. Әкімшішілік жауапкершіліктің түрлері: Ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.

3) . Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген тқлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты - тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.

Заңды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты - құқық бұзушының қоғам, болп жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғары деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Заңды жауапкершіліктің түрлері оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шататырмау керек. Заңды жауапкершілік түрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік - соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық - тек соттық тәртіпте іске асады.

Құқық бұзушылық - қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Кез-келген құқық бұзушылық дегеніміз адамдардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі ретіндегі әрекеті. Оларға табиғат құбылыстары мен жануарлардың мінезін жатқызуға болмайды.

Адам өзінің әрекеттері немесе заң жүзіндегі елеулі әрекетсіздігі болмаса заң үшін жоқ деп есептеледі. Жеке адамның ой және сезім жүйесі, оның биологиялық жай-күйімен әлеуметтік жағдайы, туыстық және жеке байланыстары құқық бұзушылық деп танылмайды.

Құқық бұзушылықтың сөзсіз белгісі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады. Ол зиянды болуын және іс-әрекетке қоғамдық бағаны қамтиды. Қоғамға қауіп төндірмейтін әрекет құқық бұзушылыққа жатқызылмауға тиіс. Сонымен бірге қоғамға қауіптілікті нақты индивидтің бірлі-жарым қылығынан (мысалы, көшенің өтуге болмайтын жерінен немесе бағдаршамның белгісі тұрғанда өту) ғана көріп қоймай, ең алдымен адамдардың белгілі бір іс-әрекетінің қоғамдық тәртіпке елеулі зиян келтіретін немесе мемлекет қорғайтын белгілі бір қатынастарды білдіру қатерін туғызатын нақты мінез-құлық түрі ретінде таралуын бағалау керек.

Құқық бұзушылықтардан келтірілетін зиян моральдық және материалдық, өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін зиян болады.

Қоғамдық қауіптіліктің, әрекеттің қоғам үшін зияндылығының заң жүзіндегі дәл көрінісі оның құқыққа қарсы екендігі болып табылады. Құқыққа қарсылық шегін және оның бұзғандығы үшін жауапкершілік шараларын мемлекет белгілейді және өзгертеді.

Егер әрекет заң міндетінг орындамау немесе құқықты асыра пайдалану болса, ол құқыққа қарсы болып табылады. Бұл тікелей Қазақстан Республика Конституциясының 12 -бабының 5-ші тармағы мен 34-бабының 1-ші тармағынан туындайды. Жеке адамның өзінің субъективті құқықтарын пайдаланбауы құқық бұзушылық болмайды, өйткені бұл оның қалауы мен тілегіне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Құкық бұзушылықтың себептері, мазмұны және түрлері
Құқық бұзушылықтың субьектісі
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері мен жағдайлары
Құқық бұзушылық. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы
Құқық бұзушылық түрлері
Құқыққа сәйкес мінез-құлық, құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Кәмелетке толмағандармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Құқық бұзушылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz