Қытай және қазақ тілдеріндегі мақал - мәтелдердің лингвомәдени ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

УДК 81'1-027. 21

Құсайын Әлия Әлімжанқызы

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистрі,

Нұр - Сұлтан қ., e-mail: astkiss@mail. ru

тел: 87012705371

Жылқыбекұлы Бекқожа

Филология ғылымдарының кандидаты

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті,

Нұр - Сұлтан қ., Қажымұқан көш. 11, УЛК-5

e-mail: bekhoja_astana@mail. ru

тел: 87014510096

ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аңдатпа: Берілген мақалада қытай және қазақ тілдеріндегі мақал - мәтелдердің лингвомәдениет тұрғысынан ерекшеліктері қарастырылады. Бүгінгі таңда тіл ғылымында мақал - мәтелдерге жалпыға ортақ қабылданған көзқарас әлі қалыптаспағандықтан зерттелетін тақырып лингвистика саласында өзекті болып табылады. Мақалада қытай және қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің ерекшеліктері бөлек зерттеліп, олардың құрылымы мен түрлерін анықталып, өзара салыстырылған.

Түйін сөздер: тіл, паремия, мақал, мәтел, лингвомәдениет, ұйқас.

Аннотация: В данной статье рассматриваются особенности пословиц и поговорок в китайском и казахском языках в лингвокультурном аспекте. Сегодня тема исследования актуальна в области лингвистики, так как общепринятый подход к пословицам и поговоркам в лингвистике еще не сформирован. В статье отдельно изучаются особенности пословиц и поговорок в китайском и казахском языках, определяется и сравнивается их структура и типы.

Ключевые слова: язык, паремия, пословицы, поговорки, лингвокультура, рифма.

Abstract: This article discusses the linguistic and cultural features of proverbs and sayings in Chinese and Kazakh languages. Today, the topic of research is relevant in the field of linguistics, as the generally accepted approach to proverbs and sayings in linguistics has not yet been formed. In the article the features of proverbs and sayings in Chinese and Kazakh languages are studied separately, their structure and types are defined and compared.

Key words: language, paremia, proverbs, sayings, linguoculture, rhyme.

Кіріспе

Мақал - мәтелдер ғасырлар бойы әлем халықтарының, оның өмір салты, дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары туралы халықтың бақылаулары, тұжырымдары мен идеяларды сақтайтын тіл жүйесінің ең бай экспрессивті қабатын білдіреді. Мақал - мәтелдер, сондай-ақ, халықтың тәжірибесі бейнеленген шаруашылық, рухани - адамгершілік құндылықтардың, адамдардың қоғамда және отбасында қарым - қатынасының әдеп нормалары. "Бізге жеткен мақал - мәтелдердің басым бөлігі күнкөріс шаруашылығының үстемдігі мен патриархалды өмір салты дәуірінде қалыптасты" [Алефиренко Н. Ф., 2011, 25 б. ] . Бұл әлемдегі тілдердегі паремиологиялық бейненің лингвистикалық - мәдени кеңістігін тудырды.

Паремия (грек. тілінен - мәтел, мақал, астарлы сөз) - дидактикалық мазмұндағы тұтас сөйлем болып табылатын тұрақты фразеологиялық бірлік.

Паремияға тұтас сөйлемдерді білдіретін мақалдар, және сөйлемдердің үзінділері болып табылатын сөздер - мәтелдер кіреді. Паремиялар - бейнелі және афористік қанатты сөздерге жақын сөйлеу формалары, алайда соңғылардан айырмашылығы - олар анонимді сөздер болып келеді.

Адамның танымдық іс - әрекетін тілде бейнелеу механизмдеріне ерекше назар аударатын қазіргі антропоцентрлік лингвистика аясында паремиялар ауызша халық шығармашылығының жанры ретінде ғана емес, сонымен бірге халықтың, ана тілінің әлеуметтік - тарихи және күнделікті тәжірибесін ұсынатын ерекше тілдік бірліктер ретінде қарастырылады. Әрбір халық шындықты әр түрлі қабылдайды, сәйкесінше әлем бейнесін әр түрлі жасайды, объективті шындықты тілдік санада әр түрлі ажыратады. Әлемнің тілдік бейнесі жалпы мәдени концептуалды суреттің бөлігі болып табылады. Тілдің паремиясы әлемнің біртұтас тілдік бейнесінің ерекше сегментін немесе қазіргі терминологияға сәйкес әлемнің паремиологиялық бейнесін құрайды [Тер-Минасова С. Г. , 2000, 56 б. ]

Паремиялардың объективті лексикографиясын қиындататын негізгі қасиеттерінің бірі - бұл вариативтілік, атап айтқанда мақал - мәтелдердің өзара әрекеттесуі. Тілдік бірліктерді осы екі топқа бөлудің практикалық қиындықтарымен, ең алдымен, мақал - мәтел сөздіктерін жинақтаған авторлары кездеседі. Қазіргі уақытта белгілі бірде - бір паремиологиялық жинақ тілдік материалды мақал - мәтелдерге нақты жанрлық бөлуді қамтамасыз ете алмайды немесе құрылымы мен семантикасы жағынан паремио - логикалық күй бар басқа тілдік бірліктерді жоққа шығара алмайды.

“Мақал” және “мәтел” ұғымдарының анықтамасына жүгінсек, қазіргі тіл білімінде “мақал” және “мәтел” терминдерінің әртүрлі анықтамалары бар, олар зерттеушілердің паремия мен мақал - мәтел мәртебесінің тәуелсіздігі туралы әртүрлі көзқарастарын көрсетеді.

Мақал - нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел - ырыстың орманы, ер - ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”) .

Мәтел - өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір - бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді [Мақал-мәтелдер - Қазақстан Энциклопедиясы (encyclopedia. kz) ] .

Лингвомәдени талдау мақал - мәтелдердің ішкі формасына (бейнелі негізге) жүгінуді болжайды, ол бастапқы жағдайда - прототип, соның негізінде пайда болып, содан кейін осы немесе басқа мақал - мәтелдер фольклоризацияланады. Ішкі форма - бұл мақалдың сөзбе - сөз мағынасы, оның құрамдас бөліктерінің мәндерінен және олардың арасындағы байланыстардан тікелей алынады. Паремиялардың бейнелі негізі белгілі бір лингвомәдени қоғамдастықтың қоршаған әлемді түсіну тәсілі туралы құнды ақпарат береді - аретиптік, мифологиялық және прототиптік сана тілде қалай көрініс табатыны туралы сөз етеді. Бейнені түсіндіру халықтың дүниетанымымен тікелей байланысты және мәдени коннотацияны анықтауға мүмкіндік береді. Мақал - мәтелдердің бір ерекшелігін атап өткен жөн болады - бұл форманың ырғақты - фонетикалық жетілуі. Кейбір мақал - мәтелдерде ұйқас бар, ал басқаларында жоқ. Ұйқастық мақал - мәтелдер оңай есте сақталады және жағымды естіледі. Осыған байланысты олар ұрпақтан - ұрпаққа оңай беріледі [Яковлева Е. А., 2016, 19-20 б. ] . Мысалы: “Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”, “Ел ырыстың орамы, ер ырыстың қорғаны”.

Қытай тіліндегі мақал - мәтелдердің ерекшеліктері

Қытай лингвистері көбінесе халықтық сөйлеуді “俗语súyǔ” деген жалпы термин (халық даналығы, халық сөзі) арқылы атайды. Әйгілі қытай фразеологы Вэн Дуанчжэн “俗语súyǔ” санатына үш түрлі халық сөздерін жатқызады, атап айтқанда 1) мақал - мәтелдер - тілдің экспрессивті құралдарына кіретін нұсқаулық сипаттағы ойды білдіретін сөздер; 2) “тұрақты сөз орамы” - тілдің бейнелеу құралдарын білдіретін тұрақты фразеологиялық тіркестер; 3) астарлы сөз - екі бөліктен тұратын аллегориялық сөздер: аллегория және оның ашылуы, тілдің мәнерлі - бейнелеу құралдары. Ғылыми айналымда осыған байланысты тағы бір көзқарас бар, оған сәйкес “俗语súyǔ” термині тек мәтелдерді білдіру үшін қолданылады [Войцехович И. В., 2007, 77-79] . Алайда, бұл жерде мақал мен мәтелдерді ажырату туралы көптеген қиындық бар.

Бүгінгі таңда тіл ғылымында мақал - мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас әлі қалыптасқан жоқ. Фразеологтардың мәтелдердің семантикалық - грамматикалық құрылымы туралы көзқарастарының бір біріне сәйкес еместігін, сонымен қатар сөйлемнің құрылымымен мәтелдер мен сол құрылымдағы қанатты сөздерден, тұрақты сөз тіркесінің құрылымымен қанатты сөздерден және басқа фразеологиялық бірліктерден ажыратылмайтындығын атап өткен жөн. Мақал мен мәтелдердің арасының бөлінуі шартты, сондықтан олар әдетте бір сөздікте біріктіріліп қолданылады [Жуков В. П., 2000, 12 б. ] . Айтылғанның бәрі қытай мақал - мәтелдеріне де қатысты. Халықтық сөйлеудің аталып кеткен осы екі түрін белгілеу үшін “谚语yànyǔ” терминін де қолданады. “谚语yànyǔ” - бұл басқа халықтық сөйлеулерден ерекшеленетін мақал - мәтелдер, атап айтқанда, құрылымдық жағынан және мазмұны жағынан астарлы сөз және “тұрақты сөз орамы”. Негізгі айырмашылық мақал - мәтелдердің мазмұнды, нұсқаулық, дидактикалық сипаты [Войцехович И. В., 2007, 77-79] .

Қытай мақалдары, басқа тілдердегі мақалдар сияқты, халық даналығының көрінісі, халықтың өмірлік тәжірибесін бейнелейді. Қысқа бейнелі мақалдар әртүрлі құбылыстардың мәні мен тереңдігін, олардың ерекшелігін білдіреді. Бұл тарихи оқиғаларға, ежелгі өмірге, қоғамдық және отбасылық өмір салтына, сенімдерге, ғибрат өсиетке, адамның қарым - қатынасына және адамның табиғатпен қарым - қатынасына және т. б. қатысты ақпарат тасымалдаушылары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының ұлттық сипаты
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты
Мақал - сөздің мәйегі
Парсы тілінен енген сөздер
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Ағылшын-қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісі
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
АДАМНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық уәжі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz