Дәлелдеу, оның маңызы мен қылмыстық іс жүргізуде алатын орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Дәлелдеу, оның маңызы мен қылмыстық іс жүргізуде алатын орны
Кіріспе
І. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясының маңызы
1.1 Дәлелдемелер ұғымы
1.2 Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны
1.3 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны
ІІ. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер негіздері
2.1 Дәлелдемелерді жинау және іс жүргізуге бекіту
2.2 Дәлелдемелер түрлері
2.3 Заттай дәлелдемелер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен ҚІЖК-нің 115-бабында былай деп жазылған: Осы негізде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының кінәлілігін не кінәліі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртiппен Қазақстан Республикасының ҚПК-те көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнәлiлiгiн не кiнәсіздігін, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Сонымен дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
oo дәлелдемелердің ҚПК-ке сәйкес жолмен алынуы;
oo дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
oo дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
oo мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана құқығына беру;
oo жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін не кінәсіздігін анықтау.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені құқықтық категория ретінде түсінуде бірлік болмады. Осыған байланысты үш көзқарас қалыптасқан:
Дәлелдеме екі жақты табиғаты бар категория. Бір жағынан бұл фактілер, ал екінші жағынан фактілердің көздері. Бұл ілім длелдемені екі жақты түсіну деген атақ алады.
Осы көзқарасты негіздей отырып М.С. Строгович былай деп жазады:
Дәлелдеме ұғымының екі мағынасы бар. Дәлелдеме бұл біріншіден, қылмыстың болғандығы немесе болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның кінәлілігі немесе осы адамның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын істің басқа да жағдайлары анықталатын фактілердің бір тобы. Екіншіден, заңда қарастырылған көздер дәлелдемелер болып табылады, олардан тергеу мен сот іс үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алады және сол арқылы осы фактілер анықталады.
Дәлелдемелерді жіктеудің теориялық та, практикалық та маңызы бар. Теориялық маңызы мынадан көрінеді: жіктеу зерттелетін объектілерге жүйелік көзқарастың негізі болып табылады. Қызмет ретінде длелдеу процесінің күрделілігі мен әр қилылығына, іс жүргізушілік длелдеуге тартылатын объектілердің шексіздігіне, сондай-ақ дәлелдемелер мен мазмұнының алуан түрлілігіне байланысты дәлелдемелерге қатысты бұл өте маңызды. Дәлелдемелерді жіктеудің практикалық маңызы туралы айта кетіп А.А. Хмыров былай деп атап өтеді: оларды жинақтаудың, зерттеудің және бағалаудың ерекшеліктеріналдын ала анықтайды, жекелеген дәлелдемелер түрлерінің, іс жүргізушілік режимін, сондай-ақ оларды пайдаланудың жолдары мен әдістерін, олардың дәлелдеудегі маңызын дұрыс анықтауға көмектеседі. Жіктеу істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге жәрдемдесуі тиіс және жинақталған дәлелдемелер жиынтығын бір жүйеге түсіруге, дәлелдеуге жататын іс жағдайларының қайсысы жеткілікті түрде толық анықталғанын, қайсысы әлі де анықталмағанын не қосымша нақтылануға мұқтаж екенін білуге көмектеседі.
Жоғарыда аталған негіздерге сәйкес дәлелдемелердің жіктелуі мен олардың негіздері, дәлелдеудің шарттары туралы қарастыра отырып біз аталған мәселелерді талдап көрсетіп негіздерін айқындауды мақсат еттік.

І. Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясының маңызы
1.1 Дәлелдемелер ұғымы
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз - шындықты анықтаудың процесі, пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең мағынасындағы дәлелдеме қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асырады. Тар мағынасында - бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды: а) дәлелдеме - шындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә) дәлелдеме - тану мен бағалаудың статистикалық объектісі.
Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртiппен Қазақстан Республикасының ҚПК-те көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнәлiлiгiн не кiнәсіздігін, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер: күдіктінің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнің, қорғалуға құқығы бар куәнің, сарапшының, маманның айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындысымен; заттай дәлелдемелермен; процестік әрекеттердiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен белгіленеді.
Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
а) тектік сипаттағы философиялық ұғым;
ә) түрлік сипаттағы іс жүргізу құқықтық ұғымы.
Дәлелдеме ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А.И. Трусов былай деп жазды: ...Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі фактілермен жұмыс істейді.
Ол соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін негіздейді:
1) соттық дәлелдемелермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
2) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола алады;
3) соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген қылмыстық іс жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады немесе жоққа шығарылады.
Р.С. Белкиннің пікірі бойынша жинақталған, зерттелген және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол жеткізудің құралы ретінде қызмет етеді.
Дәлелдеме - шындыққа көз жеткізудің құралы. Сонымен бірге дәлелдеме шындықты жасаудың құралы емес.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме - қылмыстық іс жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз.
Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚПК-тің 115-бабында былай деп жазылған: Осы негізде анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмаандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Соңғы көзқарас мынадай түсініктер бойынша дұрыс:
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу шектерінен тыс қарапайым, жалпы түрдегі іс жүзіндегі деректер - өткен уақытта шын мәнінде орын алған оқиғалар туралы ақпарат, яғни бұл объективті түрдегі шындықтың өзіне тән көрінісі.
Мәселен, қылмыскер мүлік ұрлады делік. Факт ретінде ұрлық, біздің еркіміз бен санамыздан тыс өз алдына жеке тұрады.
Осы факті туралы тергеу органдарына белгілі болған сәттен бастап тергеушінің алдында, сөз жоқ, өткен уақыт бейнесін қалпына келтіру және оны іс жүргізушілік жолмен бекіту міндеті туындайды.
Өткен уақыттың бейнесі таным, яғни адам санасында көрініс табу жолымен қалпына келуі мүмкін. Бірақ осы өткен уақыт бейнесін тергеуші де сот та тікелей қабылдай алмайды. Бұл жерде ойша елестету ғана орын алуы мүмкін.
2. Заттық айғақтар фактілер болып табылады деген пікір қате... Мәселе мынада, олар заттық әлемнің бұйымдары болып табылатындықтан қандай да бір фактінің орнына жүрмейді, бар болғаны өткен уақытта орын алған әрекеттің іздерін сақтайды.
3. Қылмысқа байланысты фактілерді қабылдаған адамдардың жауаптары басқа ештеңе де емес, олар өздері қабылдаған оқиға туралы мәліметтерді хабарлау ғана. Бұл жерде субъективті фактор да аз рөл ойнамайды (құлағының нашар естуі, көз жанарының әлсіздігі, мінез-құлқының ырықсыздығы, қорқыныш, қиялға берілу бейімділігі және т.т.). Мұның бәрі олар хабарлайтын мәліметтердің мазмұнына өз ісін қалдырады. Субъективтік факторлардың ықпалы, сондай-ақ бірыңғай фактілер және фактілер туралы мәліметттер ретінде түсінуге мүмкіндік бермейді (фактілер туралы мәліметтер фактілердің өздерімен сәйкес келмеуі мүмкін).

1.2 Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны
Дәлелдеу құқығы дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі болып табылады. Н.С. Алексеев атап көрсеткеніндей, дәлелдеме теориясы дәлелдеме тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, заңдық регламенттің даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық проблемаларды және т.т. қамтиды.
Заң ғылымының саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығы құрамдас элемент ретінде дәлелдеме теориясын да қамтиды. Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми-теориялық базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді таңдайды:
oo таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу туралы;
oo осы процесте танымның негізі және шныдықтың өлшемі ретінде көрінетін қоғамдық тәжірибенің өзгеше нысандары туралы;
oo қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің (дәлелденетін тақырыптың) ерекшелігі мен мазмұны туралы;
oo қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері мен жіктелуі туралы;
oo дәлелдемелерді пайдаланудың және оларды бағалаудың принциптері мен ережелері туралы;
oo аталған құқықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға, тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеберінен шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады;
oo дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының мақсаттары қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігімен сәйкес келеді және әрбір қылмыстық іс бойынша шындыққа қол жеткізуді және сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді;
oo қылмыстық іс жүргізу құқығына негізделген дәлелдеу құқығы алғашқысы сияқты құрылымдық тұрғыдан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді; аталған бөлімдердің қарым-қатынасы да қылмыстық іс жүргізу құқығындағыдай болып келеді;
oo дәлелдеу құқығын дамытудың кейбір деңгейге дейін дербес сипаты болады, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы шегінде жаңа ережелерді қалыптастыру және қолда барды тереңдету процесіне дәлелдеу құқығының оң ықпал етуінің негізі болып табылады;
oo дәлелдеу құқығы нормаларының құрылымы тұтас алғанда қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларының құрылымына сәйкес келеді, сонымен бірге дәлелдеу құқығының жекелеген нормаларының ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын құрудың ерекшелігін көрсетеді.
Сонымен, сот ісін жүргізуде дәлелдемелермен жұмыс істеу, әділ соттың ұзақ жылдық тәжірибесі құқық қолдану қызметінде орын алған қайшылықты, сәйкессіздікті анықтады. Дәлелдеме және дәлелдеу проблемаларының жиынтығы осы проблемалардың теориялық және практикалық аспектілерін дербес түрде жетілдіру қажеттігін өмірге әкелді. Әуел баста бөлек-бөлек зерттеулер түптеп келгенде тұтастық және жүйелілікке тән дәлелдеу құқығына айналды. Біз осы тараудың құрылымын түсіндіру сипатында қарастырмақпыз,онда дәлелдеме ұғымы дәлелдеу құқығының сипаттамасынан және дәлелдеу теориясынан бұрын беріледі.
Ғылыми әдебиетте дәлелдеу теориясының мәні түрліше түсіндіріліп келді. Атап айтқанда М.Л. Шифман дәлелдеме теориясы мен дәлелдеу құқығы бір нәрсе деп есептеді. Ол былай деп жазды: Қаралатын сот ісі үшін мәні болатын фактілерді дәлелдеу мен бағалаудың нормалар жүйесі, бірыңғай принциптері, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы дәлелдеме теориясы немесе дәлелдеу құқығы деп аталады. Дәлелдеу құқығының немесе дәлелдеме теориясының мәнін осылайша түсіну негізіне біздің көзқарасымызша, КСРО-ның соғыстан кейінгі кезеңіндегі іргелі еңбектердің бірінің авторы, академик А.Я. Вышиновскийдің көзқарасы алынған. Ол 1946 жылдың өзінде былай деп жазды: Дәлелдеме туралы ғылым немесе дәлелдеу құқығының теориясы, жалпы көпшілік мақұлдағандай, бүкіл сот құқығының басты, орталық теориясы болып табылады.

1.3 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты жататындығы туралы ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды объективті түрде талап етеді.
Нақты деректер, егер олар ҚПК-те талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде:
1) азаптауды, зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер мен қатыгез қарым-қатынасты қолдану арқылы;
2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсiндiрмеу, толық немесе дұрыс түсiндiрмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;
3) осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргiзуiне байланысты;
4) қарсылық білдірілуге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекетті жүргiзу тәртiбiн елеулі түрде бұзу арқылы;
6) белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.
Қылмыстық процесте нақты деректердiң дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуына жол бермеуді, сондай-ақ оларды шектеп пайдалану мүмкiндiгiн анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот өз бастамасы бойынша немесе тараптың өтiнiшхаты бойынша белгiлейдi. Анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе судья дәлелдемелерге жол бермеу туралы мәселені шеше отырып, әрбір жағдайда жол берілген бұзушылықтың нақты қалай көрініс тапқанын анықтауға және уәжді шешім қабылдауға міндетті.
Егер күдіктінің, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары, сарапшының, маманның қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерiнiң хаттамалары және өзге де құжаттар қылмыстық iс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, оларды айыптау негiзiне жатқызуға болмайды. Күдіктінің одан куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында берген айғақтары дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды және оларды оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы қолдануға, сондай-ақ күдіктіні айыптау негiзiне жатқызуға болмайды.
Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ ҚПК-тің 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген бұзушылықтар арқылы алынған нақты деректер тиiстi бұзушылықтар және қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оларға жол берген тұлғалардың кінәлілігі фактісінің дәлелдемелері ретінде пайдаланылуы мүмкiн.
Танымның философиялық проблемаларын жалпы көпшіліктің жетілдіруі, айналып келгенде таным теориясы аталған философиялық дербес бөлікке айналды. Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы мәселелерде диалектикалық-материалистік көзқарас жатыр.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланысы мынада: соңғысы ғылыми таңдауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс жүргізу танымының алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.
Таным теориясы дәлелдеу теориясын заңдармен және ойлау нысандарымен толықтырады. Кез келген саладағы ұйымды тану үшін қажетті ойлаудың жалпыға ортақ нысандары мен тәсілдерін формальды логика зерделейді. Тап осы формальды логика танымның диалектикалық теориясының құрамдас бөлігі бола отырып, бір мезгілде дәлелдеу теориясының элементін де қамтиды.
Методологияның әмбебап сипаты туралы мәселеге қайта оралсақ, қылмыстық іс бойынша шындықты анықтау процесіне қалыптасатын әр түрлі жағдайларды қамту үшін формальды логиканың шеңбері әлде қайда тар. Мәселен, формальды логика алынған қорытындыларының ғана емес, олардың негізінде қаланған логика сілтемелердің дұрыстығын, шындықты тексеру туралы мәселелермен айналыспайды. Формальды логика қандай жолмен танымнан білім туындайтынын, толық емес және дәл емес білімнен толық және дәл білім алынатынын түсіндіруге мүлдем дәрмені жоқ.
Соңғы он жылдықтарда дәлелдеу теориясының мәнісіне анықтық енгізуге, оны анағұрлым нақты белгілеуге жекелеген әрекеттер жасалуда. Мәселен А.А. Давлетов дәлелдемелер теориясы деген қылмыстық процестің ғылыми бөлімінің дәстүрлі атауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Қылмыстық сот ісін жүргізудегі заттай дәлелдемелер және дәлелдеу құқығының түсінігі
Дәлелдеу процесінің жалпы сипаттамасы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципі
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Дәлелдеме ұғымы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясы. Негізгі ережелер
Пәндер