Исламдагы діни-саяси қозғалыстар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1.Исламдагы діни-саяси қозғалыстар .
2.Ваххабидтер..
3.Исламдық негіздеуге терроризмнің аныктамасы
4.Қазіргі Қазақстандағы Ислам
1.Ислам діні - дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы - Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін б Басқа да барлық дүниежүзілік діндер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүниежүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шамдасып жатады. Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл-күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жөн.асып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.
2.Ваххабиттер-Ваххабизм сөзі діни терминологияда өте сирек ұшырасады. Жалпы ислам заңнамасында мұндай ағым туралы бірде-бір сөз айтылмаған. Бұл терминнің дінмен байланысы да аз. Себебі әрбір мұсылман тек Құран мен Суннаға ғана жүгінуі шарт. Ваххабизм-әсіресе іргелес Ресейде құдай сөзі мен құқықтық тұрғыға қарағанда, саяси астарға көбірек ие. Негізінде Ресейліктер Ваххабит деп радикалды көңіл-күйдегі мұсылмандарды атағанымен, көбінесе бұл сөзді қатардағы діндарларға қаратып та айтып жатады. Жалпы бұл термин 18-ші ғасырда Сауд арабстанында өмір сүрген Абдуль-Ваххабтың есімімен байланысты. Ол сол уақытта өзі өмір сүрген өңірде өте өзекті болған көптәңірліктің сипаттарын нақтылап, Бір ғана Жаратушыға сыйынуға шақыратын еңбек жазған. Араб тілі туралы іргелі еңбекте әл-ваххабийяға - дінді жаңалық пен көптәңірлікке үндейтін бөгде ойлардан тазарту деген мағына береді. Мұхаммад ибн `Абдул-Ваххабтың талпынғаны да осы болды. Ваххабизмді сол тұстағы билеуші Мұхаммад ибн Су`уд мемлекеттік деңгейде қолдайды. Өкінішке орай діннен шала сауатты қандастарымыздың көбісі қолдан жасалған осы атауға жауша қарайды. ТМД көлемінде Абдул-Ваххабтың идеясы көбінесе кеңес кезінде туралығынан жаңылып қалған дін мен әдет-ғұрыптарға қарсы шығатын жастар арасында жиі қолдауға ие болып жүр. Көбінесе Абдуль-Ваххабтың идеясын жастар жағы ешбір дайындықсыз соқыр сеніммен қабылдап, барлығына қарсы шығып жатады. Мұхаммад ибн `Абдул-Ваххаб - пікірі ислам дініндегі құдай сөзін дәріптейтіндер арасында қатар қолданылатын ғұламаның бірі. Кейбірі оны ағылшын тыңшысы ретінде сипаттайды. Оның қаншалықты рас екені бір Аллаға ғана аян. Біреулер оның әрекетінің арқасында Араб жарты аралы түріктердің бақылауынан шығып, ағылшындардың ықпалына түсіп қалды дейді. Сондықтан Ваххабты жөнсіз қаралау мен ол ілімге соқыр сеніммен мойынсұнудан аулақ болыңыздар. Себебі оның көздегені дінді тазарту болған. Ең бастысы Құран мен Суннадан аутқымаңыздар.
3.Терроризмнің- ең қарапайым анықтамасы, ол террорды (terror

латын тілінен алғанда үрей,құбыжық дегенді білдіреді) яғни, қорқыныш пен үрей туғызушылықты жүйелі түрде қолдануғанегізделген саясат. Ертеде терроризм жекелеген адамдарға бағытталса, бүгінде терроризмніңнысанасына бүтін

бір қоғам ілікті, бұл оның анти
-
адамдық болмысын одан ары асқындыра түсуде.
Жүйелі түрде Исламды терроризммен қатар қою жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншыжылдары басталды. Осы жылдары бірқатар Батыс елдерінің беделді саясаткерлері менсарапшылары дұшпандары мен қарсыластары белгілі қос
-полюсті әлемнің шарттылықтарынжеңудің қиындықтары жайлы айта бастады. Қырғи
-қабақ соғыстан кейінгі әлемдік саясат пенхалықаралық қатынастардағы тыныштық көптеген саясаткерлердің көңілінде үрей тудырды.Мәселен, АҚШ президенті болған тұста Д.Буш
-үлкені: Біз қырғи
-қабақ соғыста жеңіске жеттік,алайда біз өзіміздің қарсыласымызды жоғалттық, оның үстіне, біз сыртқы саясатымызды өргесүйреп тұрған ұлттық ұйысу факторын да жоғалттық дегенді айтып салды
4.Қазіргі Қазақстандағы ислам дінің жағдайы .
Біздің қазақ халқы - мұсылман, діні - ислам екендігі үнемі Елбасшымыз Н.Ә.Назарбаев биік мінбелерден тектен текке айтып жүргені жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған. Өкінішке орай, кешегі қызыл империя ата-бабаларымыз қасиеттеген, түпкі табиғи болмысына айналдырған ислам дінін мансұқтап, ұрпақтарына құбыжық еткен атеистік тәрбие сәл болмағанда алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете жаздады. Құдайға шүкір, қазір тәуелсіздігіміз өз қолымызда, егеменді елміз. Халқымыз ислам дінімен қайта қауышып, көпшілік имандылыққа бой ұруда.
Қазіргі жаһандану дәуірінде бәле қайда? Бассаң аяқ астында дегендей, бізді сақтануға шақыратын мәселелер жетерлік. Еліміздіегі экономикалық қиындық көптеген келеңсіз жайттердің бой көтеруіне жол ашып берді. Бір формациядан екінші формацияға өту, әрине, көптеген қиындықтарды қоса әкеледі. Бұл қиындықтардан рухани біртұтастық қиналдырмай алып шығаруы хақ. Ал, рухани күйзеліске ұшырау, әртүрлі жіктерге бөлініп, дағдарысқа ұшыратады. Қазіргі Қазақстан халқы рухани дағдарыстарды басынан кешіруде. Алпауыт империялар ең алдымен жаһандану дәуірінде кез келген елдің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді тектен текке көздемейді. Рухани тұтастығынан айырылған елді өнбіс етіп алу ежелден келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық мәдени және діни дәстүрлердің халықаралық құқыққа әсері
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Ислам дініндегі негізгі құндылықтың бірі
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)
Қазақстан Республикасындағы қауіп төндіретін дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Исламдағы адам өмірі
Орталық Азия қауіпсіздігіне дәстүрлі емес қауіптер
Пәндер