Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
Жоспар
Кіріспе
1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
Негізгі бөлім
1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы.
3. Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған №2694 Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

3. Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі
туралы. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған №2694 Қазақстан
Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет
органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын
және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат
мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі
ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен
қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен
құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
туралы Заңның екінші бабында: Мемлекеттік қызмет — азаматтардың
мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге
асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де
міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет
делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны,
бір-бірімен қарым қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі.
Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және
істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа
бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі
функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының
объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация,
профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың
ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде
баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы
мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді
атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен
реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі,
тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық
принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары,
қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.
Мемлекеттік аппарат халыктың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті.
Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуның демократиялық
жолдары—олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты
құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік
береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық
ұйымдарды құралы, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені
құрады. Конституцияның 33 бабында Азаматтардың тікелей және өз өкілдері
арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен
жұмыс істеуі жөніңдегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі делінген.
Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау;
мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау және оларға
сайлану, референ-думға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік
қызмет жүйесінің біртұтастығы: азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен
мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекет қызметіне
кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған
мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі
мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі;
мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Билік бөліну принциптері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің
тармақтарға бөліну принципі Конституцияда белгіленген негізгі принциптердің
біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас,
өйткені бірден-бір бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі
бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы,
атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті.
Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және
хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің
қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы — қатаң тәртіпті, су-бординацияны,
олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас
курделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот
жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің
алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері
мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай
қалыптасады.
Мемлекеттік аппарат — алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны
орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік
аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және
конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін
мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік
аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында
тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен
қалай қатынасатыны, ішкі кұрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік
аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті
былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге
міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтык нормалардың
орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар.
Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске
асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып
жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері
мемлекеттік органдар алдыңда тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес
анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі, МВД, КГБ құқықты
қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір бірімен байланысты. Бәрі бірге
жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.
Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР
Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда
белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде
қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқыктар шегінде және заңды
міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек
тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін,
шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде
мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген
тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен
материалдарды алуға құқықтары бар.
2. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің
органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;
2) Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар,
жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу
тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа
бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау
оргаңдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш
биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент — мемлекеттің басшысы,
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел
ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін
жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды.
Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы
өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Парламент тұрақты негізде
жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады.
Заң шығару жұмысын тікелей халыктың өзі де атқара алады, бұл жағдай
рефереңдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай
алынды.
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік рес-публикаларда
өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік
тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады,
оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық
сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты
егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей
тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі — атқарушы билікті жүзеге
асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне
басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан —
Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы
конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін
тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1-тармағы бойынша парламенттің
келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше
кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл
атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының
Үкіметін Премьер-Министр, оның орынбасарлары. Республика Үкіметі
аппаратының басшысы, Республика министрлігі, мемлекеттік комитеттерінің
төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және
нұсқаулар береді.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың,
мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы
мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы
Наурыздың 4 – дегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы
белгіленғен: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратынын
басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті
бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне
Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-
Министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның
құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің
басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті
мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген
шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы
органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік
саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді
жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі
және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару
органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік,
сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге
де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік
комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау
функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару
саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Рес-публикасында
сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін
жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары
арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін
Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық
және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика
аумағында ҚР Әскери (әскердің, құрамалардың, гарнизондардың) соттары
болады.
Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық,
қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше
соттарды құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне
қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Сот
төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі
заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес
деп саналады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның
келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тыңдатуға
құқылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
Ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына
қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмән туғызатын жағдай
айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғактардың
заңды күші болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол
берілмейді. Республика соттары қызметі заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі,
баршаның заң және сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспа-лылығы мен тең
құқылығы, істерді қараудың жариялығы принциптерінің негізінде құрылады.
Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын
болды. Жоғарғы Соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы Сот
Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы
Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауызымды
кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі
соттарға тағайындалатын қызметкерлердін Әділет министрі басқаратын
әділеттілік алқасы кадр мәселелерін шешеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды
Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық
Сот деп аталып, басқа : құзіреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы
мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан
Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған
екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның
құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы, заң күші бар, Жарлығында
айтылған болатын. Бұл мемлекеттік органның негізгі мақсаты - Конституциялық
заңдылықты қорғау, ал сол үшін ол мынандай құзыреттерін орындайды:
Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексереді, Парламент
қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін
Президент қол қойғанға дейін қарайды, Конституцияның нормаларына ресми
түсіндірме береді және кейбір сұрақтарды қарайды. Конституциялық Кеңес
нормативтік қаулыларды қабылдайды.
Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83 бабы. Бұл
орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан
Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-
құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі бірыңғай қолданылуын, жедел іздестіру
қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер
жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының жүйесін Республиканың Бас Прокуроры
басқарады, ол өзіне бағынышты орталық аппарат пен облыстық
прокуратуралардан, республикалық мәні бар қалалар прокуратурасынан және
Республика астанасының прокуратурасынан, облыстық, аудандық, қалалық, әрі
соған теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратуралардан
тұрады. Бас Прокурорды Сенаттың келісімімен Республика Президенті бес жыл
мерзімге қызметке тағайындайды. Оның құзыреті: Конституцияның заң
актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды
жою шараларын қолданады. Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен
тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына
қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Республика-
ның Коңституциясы мен заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық
жасайды және заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге
асырады. Прокурорлык қадағалау жалпы және ерекше қадағалауға бөлінеді.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шығарған актілері Казақстан
Республикасының Конституциясына, зандарына Президенттің жарлықтарына,
Министрлер Кабинетінің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды және лауазымды
адамдар мен азаматтардың дәлме-дәл және бірдей орындауын қадағалайды. Бұдан
басқа прокурорлық қадағалау анықтама және алдын-ала тергеу органдарының
заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өткізеді. Соттарда іс қаралған
кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау өткізеді. Ұсталғандарды
отырғызатын жерлерде заңның сақталуын қадағалау прокурорлық құзыреттің тағы
бір түрі.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғарғы
тұрған прокурорларға және ҚР Бас Прокурорына бағынатын органдар мен
мекемелердің біртұтас жүйесін құрайды.Ол өзінің қызметін тәуелсіз жүзеге
асырады. Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Заңда
белгіленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау
актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен аза-маттар үшін
міндетті. Прокуратураның құқықтық актілері былай бөлінеді: қадағалау
актілері (наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, ұсыным, заңға
түсіндірме); ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер
(бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер) және прокурордың бұйрықтары,
ережелері мен нұсқауларды бекітеді.
1995 жылы Конституция ауқымында және Қазақстан Респуб-ликасындағы
құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында
құқықтық реттеудің жетілдіру мен жедел іздестіру қызметтерін реформалау
жүргізілді. Қазақстан Республикасында жедел іздестіру қызметін жүзеге
асырушы органдар - ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары;
Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы; Қаржы министрлігінің салық
қызметінің органы және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет комитеті
болып табылады. 25 желтоқсан 1995 жылғы Президенттің жарлығымен бұл
органдардың қатарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Кеден комитеті
толықтырды.
Азаматтардың құқықтарын қорғау органдарына ішкі істер органдары мен
Республиканың қауіпсіздік органдары кіреді. Олардың да құқықтық жағдай-
ларын Президенттің Жарлығымен бекітілген 1995 жылдың 21 желтоқсанында
алынған актілер бекітеді. Ұлттык қауіпсіздік Комитетінің қарауына жеке
адамдардың, қоғам және мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы
мемлекеттік саясатты зерделеу мен жүзеге асыруға қатысу, ұлттык кауіпсіздік
органдарының қарауына жататын қылмыстарды анықтау, тыю ашу және тергеу
істері жатады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
Бұлар мемлекеттің тиісті аумағындағы істің жай-күйіне жауапты,
жергілікті және атқарушы органдар жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасындағы бірыңғай мемлекеттік биліктің түрі. Олардың функциялары:
халықтың жергілікті істерге қатысуын қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде
мемлекеттік меншікті, бюджеттің құрылуын, бекітілуін және орындалуын
басқару, жергілікті салықтар мен жиналымдарды белгілеу, жасалған жоспарлар,
экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар негізінде тиісті аумақтың дамуын
қамтамасыз ету, халықгың әлеуметтік-мәдени, коммуналдық-тұрмыстық және өзге
де қызмет қажетін өтеу. Жергілікті мемлекеттік басқару органдар жергілікті
өкілетті органдарды, маслихаттарды қамтиды, олар тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністегі халыктың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді
ескере отырып, оның жүзеге асырылуын бақылайды. Жергілікті атқарушы
органдарын басқаратын әкімдер, бұларға Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының бірыңғай жүйесі енеді, тиісті аумақтардағы мүдделер мен
қажеттіліктерді үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік
саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл органдардың ұйымы және қызмет бабы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Жергілікті
өкілетті және атқарушы органдар туралы қолданылып отырған заңында
белгіленген. Мәслихаттарға өткен сайлауға 18 жасқа толған азаматтар
қатысады, олар 4 жылға сайланады. Облыстық әкімдерді Президент
тағайындайды, ал одан төмен әкімдерді облыстық әкімдердің өздері
тағайындайды. Мәслихаттар өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша
шешімдер, ал әкімдер шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды
оның Қарулы күштері жүзеге асырады. Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік
пен құқык тәртібін қорғау ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарына және
республикалық ұланға жүктеледі. Олардың мәртебесі және қызметі заңмен
белгіленеді.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару және сот биліктерінің
органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы
органдарға бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық және
жергілікті органдарға бөлінеді.
Мемлекет тетігінің түсінігі және құрамы
Мемлекет тетігі - мемлекеттің функциясын (қызметін), алдына қойған
мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Заң ғылымында "мемлекет тетігі" және "мемлекеттік аппарат" түсініктері
синоним ретінде қолданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік
аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік
берілген органдарды жатқызады, ал "мемлекет тетігі" түсінігіне мемлекеттік
аппараттың "материалдық қосылымдары кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер
органдары. түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін
соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет тетігінің, коғамның өркениетті даму кезеңдерінде әр түрлі
құрылымдары және кызметтері болған. Адам баласының қоғамы, прогресс жолымен
жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрғақ мемлекеттің қызметін өз мәнінде
қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің кұрамдық және қызметінің әр түрлілігі,
оның жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән
сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуте мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне қоғамды мемлексттік баскару және оның негізгі
мүдделерін корғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы
іске асырылады.
Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан көрінеді:
Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан
тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік тетік органдардың және мекемелердің қиын
жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста
болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық кызметтері
ұйымдастыру және қаржы (финанс) құралдарымен камтамасыз етіледі, ал керек
жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын
қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен
шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адалдық
қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Адам баласы қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдеріндегі
мемлекеттетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды.
Бұны экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер
көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты
түсіндіругс болады.
Ертедегі шығыс және алғашқы Еуропа елдеріңде мемлекеттердің тетіктері
көбінесе тұракты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не
болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан,
жергілікті органдардан, чиновниктерден, армиядан, соттан, полициядан және
басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрган. Мысалға, Рим республикасының
негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, Ұлттык жиналыс, магистраттар жаткан.
1.Сенат - Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару
жағынан, Сенат центриаттармен трибундардын қабылдаған заңдарын бекіткен.
Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы
қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты
белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған
не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік
келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынақ Сенат мынадай маңызды
мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін
белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс
жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген
міндеттерді орындаған.
2.Ұлттык жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару
қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса
қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды
шешу кірген.
3.Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны
басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат
болуға құқығы болғақ бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер
иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол
талас орынға бірнеше адам сайланып. ал басқаруды әрбір магистрат жеке
жүргізген. Өздерінің орындаған лауазымды міндеттері үшін, магистраттар
жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы
әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халык жиналысын
жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін
айып салуға құқығы болған.
Магистраттар - өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты:
консулдарға, диктаторларға, прсторларға, цензорларға, квесторларға
бөлінеді.
Консулдар - ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер
басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған ішкі басқаруды жүргізген.
Диктатор - төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы
бойынша консулдардың арасынан біреуі ғана алты айға сайланған. Диктаторлар
елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше
жағдайларға байланысты құрылған.
Преторлар - алғашқы кезде, консулдардың көмекшісі одан кейін мүлік
туралы жұмыстарды шешуге, сот функциясын тұрақты атқаруға көшкен.
Цензорлар - лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим
республикасынын азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мез-
гілде азаматтардың дүние - мүлкін бағалаған және "адамгершілік" жөнінде
бақылау қызметін жүргізген.
Квесторлар - әр түрлі міндеттерді орындаған: біреулері кейбір
қылмыстық істер туралы жұмысты баскарған, басқасы байлықты сақтаған
төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда -
саттықты тексерген ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен
шұғылданған.
Феодалдық (ортағасырлық) мемлекеттің тетігі өздерінің даму
кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ертефеодалдық,
сословиелік - өкілеттік жәнк абсолюттік монархия. Ертефеодалдық монархия
кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол - мемлекеттің басы (король,
князь), сарай маңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар.
Кейіннен сословиелік - өкілетті, орындаушы және басқа мемлскеттік билік
органдары пайда бола бастайды.
Ортағасырлық мемлекеттердің шоғырлануына байланысты оның тетігі қиындай
түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әр түрлі
министрліктер, орталық ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция
аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген
феодалдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға
айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге
шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.
XVIІ-ХVIII ғасырларда, әсіресе Еуропадағы буржуазиялык революция
кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және
функционалдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі.
АҚШ-та мемлекет тетігі (механизмі) өкіметтің бөлінуінің классикалық
жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі
палатадан тұратын Конгреске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат.
Мемлскеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тыц Президенті белгіленген. Ең
Жоғарғы сот ретінде Жогарғы Федералды сот белгіленгсн, ол Конституцияға
сәйкес келмейтін заңдарды қайта карауға құкығы болған. Мемлекеттік аппарат
штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар,
полиция, сот, олардың өздеріне тән азаматтық, қылмыстық және процессуалды
заңдары болған.
Францияда мемлекеттік тетіктің жаңа элементтері - Ұлттық конвент,
Директория, Наполеон кезіндегі Консулство, Париж коммунасы т.с.с. пайда
болды.
Ресейде Мемлекеттік кеңес құрылып, жоғарғы заң талқылайтын органға
айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда және әскери
департаменттер құрылған. Кейіннен Министрлер кабинеті пайда болған.
Мемлекеттік Дума құрылып, заңдарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие
болған. Александр II патшалық құрған кезде жер-жерде губерниялық басқару
земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.
Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері
жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастайды. Дегенмен де, барлық тарихи
кезеңдерде мемлекеттік аппарат - қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы
негізгі, алғашқы бастама.
Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы
белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды
құруда және жұмыс процесінде жан жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік
басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мемлекеттік аппаратгы құрудағы
негізгі принциптерге заң ғылымдары мына принциптерді ұсынды: мемлекетті
баскарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялык централизм,
пролетарлық интернационализм. социалистік заңдылык, социалистік
жоспарлылық, есеп және тексер; мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде
партиялық басшылықты күшейту.
Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы баска салалардагы үлкен
өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және
қызметтерінін сипатына айтарлыктай өзгерістер енгізді. Оларға мыналарды
жатқызуга болады:
1) мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін
жоғары қою принципі тән. Ол демократиялык сайлау жүйесімен, әлеуметтік-
экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына
кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әр түрлі кызметтерімен
қамтамасыз етілуі.
2) өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық сол арқылы
өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын
тетіктер құрылады.
3) мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі.
Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде
(референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары
болмасын өз шешімдерін жояды сонымен бірге, бұған халықаралық
қатынастардағы да мәселелер кіреді.
4) жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзыреттілігі, олардың
жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселслерді халыктың мүддесіне
сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді
адамдарды пайдалану, яғни басқару кызметі сондай адамдардың негізгі
мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік
жұмыска шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп
соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, өндіріс не болмаса, ауыл-
шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте,
олардың комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді
тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.
5) заңдылык принцип - барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен
және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен катар әр түрлі қоғамдық
топтармен және ұйымдардың құқықтык бастамасы.
6) демократизм принципі, мемлекеттік органдардың кызмстін белгілегенде,
азаматтардың көпшілігінің әр түрлі мүддесін олардың діни ерекшеліктеріқ
ұлттық мәдениетіқ дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.
7) федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың кызметін
белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедералдык
органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің
арасындағы бір-бірімен келіскен әрекеті жатады.
Ұлттык федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы
белудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің
тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс
шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік биліктің нсгізгі орындаушы субъектісі
ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне
тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдык өмірдің дамуына, тұрактылығына,
демократиялык ұйымдастырушылыктың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп,
жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға
мемлекет рұқсат етсе, мемлекет органдарының билігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz