Университет кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті
Педагогика факультеті
Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Университет кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау.
Орындаған: Болат Анар Толағайқызы
Тобы:Дефектолгия-401
Тексерген: А.М. Таганова, п.ғ.к., доцент



Ақтөбе 2020ж

№2.Университет кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау.
Кітапнама (немесе Библиография) (кӛне грекше: bіblіon - кітап және кӛне грекше: drapho - жазу) - баспа ӛнімдері жӛнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметін ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа ӛнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға кӛмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философиялық және эстетикалық кӛзқарастарды, техника жетістіктерін таратуға мүмкіндік туғызады.
Библиография жазу негіздері
Библиографияда баспа туындыларына библиография
сипаттама берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. Библиография сипаттамасында автордың аты-жӛні, шығарманың тақырыбы, басылым орны, мерзімі, кӛлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған) сипаттама жасалады. Библиография атқаратын қызметіне қарай - ретроспективті (ағымды, ӛткенді шолу) және перспективті (басып шығаруға дайындалған ӛнімдер), тақырыбына қарай
- салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы әмбебап болып бӛлінеді.
Сонымен қатар библиографияның қосымша түрлері - библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің белгілі ғалымдарының, ақын- жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің ӛмірі мен қызметі туралы мәлімет беретін биобиблиография деген

түрі де болады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың ӛркендеуіне байланысты кітапханалық процестер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған кӛрсеткіштерді белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады. Әлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін ғаламторға қосылу библиография үшін үлкен жетістік болды. Арнаулы мәліметтерді сақтау мақсатында техника баспа материалдары (микрофиштар, магниттік таспалар, дискеттер) пайдаланылады.
Салалық библиография
Салалық библиография - білімнің және (немесе) іс
жүзіндегі қызметтің белгілі бір саласына мазмұны жағынан қатысты құжаттармен жұмыс істейтін библиография.
Кез келген ғылыми жұмыс, ол студент баяндамасы, курстық немесе диплом жұмысы, диссертация, мақала, кітап болсын - әдебиеттің сұрақтарын сұрыптау мен зерттеуден басталады. Сондықтан да студент-филологтің ӛздік жұмысының ең маңызды шарттарының бірі - жұмыс үшін қажетті дереккӛздер мен оқу құралдарын суреттемесі мен жүйеленуі туралы арнайы ғылым - библиография түзу.
Билиография негіздерін білмей, адамзат мәдениетінің сан ғасырлық дамуымен жинақталған кітаптар мен мақалар арнасында бағдарлау мүмкін емес. Сол себептен де кез келген мамандықтың иесі ӛзінің жұмысына қажетті әдебиеттерді іздеп табуға кӛмектесетін жолбасшылармен таныс болуы керек. Ғылымның барлық немесе жеке салалары бойынша баспа бетін кӛрген шығармалар тіркелетін библиографиялық басылымдардың әрқилы түрлері осындай жолбасшылар болады.
Студент - филолог ӛз мамандығы бойынша анықтамалық - библиографиялық әдебиеттің бүкіл негізгі түрлерін біліп, негізгі оқу құралдарының аталымын есте сақтап, олардың қандай мәліметтерді қамтитынын, құрылымын, қандай жағдайда пайдалы болатынын, басқа

да ұқсас еңбектермен байланыстылығын зерделей білуге міндетті. Барлық осындай мәселелердің шеңберін, әдетте, библиографиялық деректану деп атайды.
Библиографиялық дереккӛздері түрліше болып, ӛздерінің сипаты, мазмұны мен белгіленуіне қатысты ажыратылады. Баспадан қайтадан шығатын туындыларды бейнелеп, ғылымның әр түрлі салаларындағы жаңалықтардан хабар беретін ағымдық библиография да бар. Филология аясындағы жаңа әдебиетті бақылауға бірқатар мерзімді басылымдар кӛмектеседі:
1. Кітаби шолу газеті 1966 жылдан бастап, аптасына бір рет шығады. Дабылды даналар айдарымен апта аралығында біздің еліміздің түрлі басылымдарында жарық кӛрген тіл білімі мен әдебиеттануға қатысты кітаптар
Филологиялық ғылымдар бӛлімінде тіркеледі. Осындай жедел дереккӛздер кітапханаға, дүкенге түскен қажетті кітап жӛнінде уақытында білуге және оны ӛзінің жеке карточкасына тіркеуге жағдай жасайды.
2. Бүкілодақтық кітап палатасының Жылнамалар:
Кітаби жылнама - кітаптар, жинақтар, альманахтар, кітапшалар мен үндеулерді тіркейтін мемлекеттік билиографиялық орган. 1907 жылдан бастап шығады.
Журнал мақалаларының жылнамасы орталық, республикалық және облыстық журналдарда, жинақтарда,
еңбектер, ғалым хаттары, хабарлар секілді ғылыми- зерттеу және оқу институттары, университеттерде шығатын басылымдарда жарық кӛрген орыс тіліндегі мақалаларды тіркейді. 1926 жылдан бастау алған, апта сайын шығады.
Газет мақалаларының жылнамасы 1936 жылдан бастау алады, ай сайын шығады.
Рецензиялар жылнамасы баспада кӛрінген рецензияларды кітапқа, мақалаға, жинаққа және т.б. тіркейді, 1934 жылдан баспа бетін кӛруде.

Жылнамаларда материал жүйелі тәртіппен орналасқан, сондықтан оларды қолдану оңай - мазмұнынан
әдебиеттану не филологиялық ғылымдар бӛлімін табу жеткілікті. Қажетті әдебиетті табуды анағұрлым жеңілдететін жылнамаларға тоқсан сайын шығатын қосымша кӛрсеткіштер де жатады. Сонымен қатар Кітаби шолу газету секілді жылнамалар бойынша да тарих, лингвистика, ӛнертану тәрізді аралас ғылымдардағы жаңалықтарды бақылау ӛте қолайлы. Мұны әдебиеттанушы міндетті және жүйелі түрде жасап отыруы қажет.
3.Ағымдық библиографиялық барлық түрінің ішінен әдебиеттанушы үшін маңыздысы - ай сайын шығатын
қоғамдық ғылымдар бойынша жаңа кеңес әдебиеті кӛрсеткіші. Ол 1953 жылдан бері баспа бетін кӛруде және 1976 жылға дейін Әдебиеттану бойынша жаңа кеңес әдебиеті деп аталады. ҚарМУ кітапханасында 1974 жылдан, Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапханада 1970- 1987 жылдардан бері бар. Бұл кӛрсеткіш КСРО-да орыс және одақтас республикалардың тілдеріне шығатын ғылыми және сыни әдебиет туралы ақпарат береді. Оған монографиялар, мақалалар, кітапшалар, диссертациялардың авторефераттары енгізіледі. Әдебиет ғылымының бүкіл салалары бойынша жұмыстар есептеледі: теория және барлық елдер мен халықтардың, барлық тарихи кезеңдердің әдебиет тарихы бойынша.
Осы басылым әдебиетке қатысты анағұрлым маңызды да қызықты зерттеулердің қысқаша аналитикалық мазмұндамасымен танысып шығуға болатын реферативті журналдар (РЖ) қатары, шетел әдебиеттануы мен тіл білімі бойынша кӛрсеткіштер жарық кӛреді. КСРО-дағы қоғамдық ғылымдар. РЖ 7 - топтама Әдебиеттану басылымын анағұрлым жиі пайдаланамыз.

Белгілі бір уақыт аралығында шыққан жаңа кітаптар жӛніндегі пайдалы ақпаратты арнайы филологиялық журналдардан табуға болады: Әдебиет мәселелері (Вопросы литературы) - 1957 жылы негізі қаланған, ай сайын шығады; Орыс әдебиеті - тарихи-әдеби журнал, 1957 жылдан бастап шығады, жылына 4 мәрте баспа бетін кӛреді, Филологиялық ғылымдар - 1957 жылдан бастау алады, жылына 6 мәрте шығады, Әдеби оқу, әдеби шолу.
Жаңа кітаптар туралы мәліметтер әдістік журналдарда да қамтылған - Әдебиет мектепте және т.б., кӛптеген әдеби-кӛркем, қоғамдық-саяси журналдарда, аралас ғылымдар журналдарында, ӛнерге қатысы журналдарда:
Театр, Кино ӛнері, Жаңа әлем, Жалау, Шетел әдебиеті, Простор (Қазақстан жазушылар Одағының журналы) және т.б.
Перспективті библиография баспаға дайындалып жатқан кітаптарды сипаттайды. Бұлар туралы ақпарат жоғарыда аталған газеттер мен журналдарға жиі енгізіледі. Перспективті библиографияға баспалардың тақырыптық жоспарлары да жатқызылады. Олар жылдың соңғы ағымында шығады және келесі жылға қандай әдебиеттің шығарылуға жоспарланғаны жақындағы мәліметті құрайды. Маман-филолог Кітап - поштамен дүкендері арқылы қажетті кітаптарға алдын ала тапсырыс беру үшін,
Ғылым, Кеңес жазушысы, Кӛкем әдебиет, Жоғары мектеп, Ағарту баспаларының тақырыптық жоспарларымен уақытында танысуы керек.
Тақырыпты ғылыми зерттеу үшін, оның тарихнамасын, яғни оны зерттеудің тарихын білу қажет. Сол себептен де тек ағымдық библиографиямен шектеліп қалуға болмайды, жазушының анағұрлым ертеректе жарық кӛрген шығармаларына, ғылыми еңбектер мен материалдарға назар аударған жӛн. Мұндай жағдайларда

кӛмекке ретроспективті библиография келеді, яғни бұл - ӛткен кезеңде, бұрын жарыққа шыққан туындыларды бейнелейтін арнайы библиографиялық анықтамалықтар мен кӛрсеткіштер. Ретроспективті кӛрсеткіштердің арасынан алдымен белгілі бір кезеңдегі әдебиеттің барлығы туралы мәліметтерді құрайтын жалпы сипаттағы әдебиеттану библиографияларын білу керек.
Жалпы сипаттағы анықтамалықтардан басқа, бір ғана сұраққа арналған - жалқы библиографиялар да бар. Ең кӛп таралған түрі - қандай да бір жазушы жӛніндегі жекелеген библиография. Кейде кӛрсеткіштер жазушы ӛмірі мен шығармашылығының бір ғана, жеке мәселесіне арналады.
Жалқы библиографияларға әдебиеттің бір ғана мәселесін ашатын немесе тегі мен жанрына жекелей арналған тақырыптық анықтамалықтар да жатады.
Ғылыми-зерттеу жұмысында әдебиеттану ғылымы бойынша библиография түзудің ӛзіндік ерекшеліктері бар.
Библиография - әдебиеттану ғылымының қосымша үш саласының бірі. Оның қандай рӛл атқаратыны белгілі. Библиография - ғылыми-зерттеу жазба жұмысының құрамдас бӛлігі.

Кітаптардың библиографиялық суреттемесі
Суреттеме сызбасы.
Негізгі бастама. Басқа бастама Жауапкершілік туралы
мәліметтер. - Қайталым немесе басылым сипаттамасы туралы мәліметтер. - Басылым орны: Баспа, басылым жылы - беті.
А) Бір, екі немес үш автордың кітаптары суреттеменін басынан соң бейнеленеді, яғни суреттемені автордың фамилиялары мен инициалдарын белгілеуден бастайды.
Б) Тӛрт және одан да кӛп авторлардың кітаптары бастамадан кейін бейнеледі (кітап аталымынан соң), ал содан кейін авторлық жӛнінде мәліметтер беріледі. Тӛрт автордың фамилиясын толық келтіреді. Егер авторлар саны тӛртеуден кӛп болса, онда алдыңғы үшеуінің фамилиясын кӛрсетіп, және т.б. деп толықтырады.
В) Әр түрлі авторлардың мақалалар жинағы мен ұжымдық монографиялар да бастамадан соң суреттелінеді.
Г) Бастамадан кейін ғылыми жұмыстардың жинақтары суреттелінеді, бірақ жауапкершілік туралы мәліметтерде міндетті түрде авторлар ұжымы басылымды баспаға шығаратын мекеме атауы кӛрсетіледі.
Аналитикалық библиографиялық суреттеме
Баспа шығармасының қандай да бір құрамды бӛлігінің
суреттемесін аналитикалық деп атайды. Бұл жинақтан, журналдан, газеттен, Ғалым хаттары, Еңбектерден алынған мақала, сондай-ақ кітап тарауы немесе параграфы болуы мүмкін.
Аналитикалық суреттеме әдетте екі бӛлімнен тұрады. Бірінші бӛлімінде құрамды бӛліктің авторы және оның арналу нысаны, ал екіншісінде ол жарық кӛрген басылым кӛрсетіледі. Екінші бӛлімнің алдына ШББ қойылады(екі қисық ызық).
А) Егер автор мақаласы оның ӛзінің мақалалар жинағынан алып суреттемеленсе, екінші бӛлімде автор фамилиясы қайталанады.

Сонымен қатар егер автор белгілі болса, жинақтан немесе кітаптан алынған мақала секілді, энциклопедиядан алынған мақала да суреттемеленеді. Энциклопедия аталымы қысқартылып беріледі, басылым орны мен баспа атауы жазылмайды.
Егер энциклопедиядағы мақаланың авторы болмаса, ол бастамадан кейін суреттемеленеді.
б) Бір автордың шығармалар жинағы немесе таңдамалы шығармаларынан алынған мақаласын суреттемелей отырып, екінші бӛлімде автор есімін қайталамайды, ол басылымның негізгі бастамасында сӛздерді қысқартады.
в) Журналдан, газеттен, Ғалым хаттары, Еңбектер секілді басылымдардан алынған мақаланы суреттемелеуде, басылым атауы тырнақшаға алынбайды, басылым жылы, томы, шығарылымы, нӛмірі және мақаланың орналастырылған беті (тек араб цифрымен) кӛрсетіледі.
Егер мақала топтамалақ басылымның томының атауы болса, ол суреттемеге келтіріледі.
Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЦИФРЛЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
Ұлттық кітапхана
Қазақ КСР ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасы
Академиялық кітапхананың сипаттамасы
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Ғылымның негізі - кітапта
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Пәндер