STEM білім беру арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
STEM білім беру арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру

Дәулетхан М.Н.

5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамндығының
4-курс студенті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы қ. Қазақстан

Аңдатпа. Мақалада мектеп оқушыларды ғылыми техникалық шығармашылыққа баулу мен STEM білім беру арқылы оқушылардың экономикалық мәдениетін қалыптастыру қарастырылады.
Кілтті сөздер: STEM білім, экономикалық мәдениет, ғылыми шығармашылық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелерді интеграциялау, болашақ энергетика, жобалау және инжиниринг салаларында біліктіліктерді дамыту қажет. Мұның барлығын тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы жүзеге асыруға болады деген болатын.
Қазіргі уақытта әлемде төртінші революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр.
STEM дегеніміз - оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық, ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі.
S- scince (жаратылыстану ғылымдары)
T- technology (технологиялар)
E- engineering (инженерлік өнер)
M- mathematic (математика)
Бұндай тәсілдің мақсаты - мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEМ - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадығы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инноваияларды, инжинерия технологиялар мен математикалық үлгілерді дамытуға бағытталған STEM үлгілерді енгізу жоспарланды.
Қазақстанда STEM - білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контексінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM- элементтерді енгізу жоспарланды.
STEM білім беру - инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлаужәне жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
STEM- білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.
STEM- білім берудің кілттік мақсты- оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетімізде үлкен резонанс тудырып, көптеген игілікті бастамаларға жол бастап келе жатқан Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана, бәсекеге қабілеттік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау туралы айта келіп, білімнің салтанат құруына байланысты жиырма бірінші ғасырдағы технологиялық революцияның қарқыны таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кететіндігіне тоқтала отырып,қазіргі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін атап көрсетті.
Жаһандану заманындағы ең қажетті әрі үлкен сұранысқа ие пәндердің бір арнада тоғысуын зерттейтін, әрі заманауи іске асыратын, бір сөзбен айтқанда,STEM-пән аралық байланысты дамыта отырып, оқу бағдарламасында бес пәнді оқытудың бір жүйесінде интеграциялау болып табылатын жаңа оқыту әдістемесінің мемлекетіміздің білім беру саласындағы алғашқы қадамдары мен болашағы
ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 ж. 31 қаңтардағы: Қазақстандағы үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Жолдауында ел дамуының басты стратегиялық басымдығы - экономиканы жеделтетілген технологиялық жаңғырту деп атады. Осыған байланысты білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде жаратылыстану негізінде білім беру және ақпараттық сауаттылықты дамыту заманауи технологияларды, ғылыми- зерттеу және жобалық жұмыстарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Сабақта педагогикалық технологияны қолдану
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлері
Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі
STEM-ПӘНАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНЫП, ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ИДЕЯСЫНА НЕГІЗДЕУ
STEM - ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ
Пәндер