Думан Рамазанның Көш әңгімесіндегі шындық пен өтірікті бейнелеуде қолданған әдеби құралдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дана Ғабитова

KAZ 371

27. 10. 2020

Думан Рамазанның «Көш» әңгімесіндегі шындық пен өтірікті бейнелеуде

қолданған әдеби құралдары

Қазақ прозасында постмодернизм бағыты орын ала бастаған кезде, көштің алдыңғы қатарындағы қаламгерлердің бірі Думан Рамазан болды. Реалдылық пен фантазияны бірге ала отырған автордың өзіндік ерекше стилін «Көш» әңгімесінен анық байқауға болады. Осы туындыда ең басты көтерілген мәселе - шындық пен өтіріктің кереғарлығы, яғни антитеза, әңгіме бойы әртүрлі сипат ала отырады. «Ақиқатты тану - өте қиын, ал оны айта білу - одан да қиын» деген Қасиетті Хадистің жолдарынан-ақ бастап автордың осы екі ұғымды әңгімеде қозғалатын тақырып екенін нақтылап кетеді. Думан Рамазан «Көш» әңгімесіндегі шындық пен өтіріктің антитезасын кейіпкерлер арқылы сомдап, ирония мен синкретизм құралдарын қолдана отырып ерекше түрде бейнелеп өткен.

«Көш» әңгімесінде Думан Рамазан толықтай қарама-қайшы екі ұғымды кейіпкерлер бейнесіне салып, жандандыру құралын қолданды. Мында шындық пен өтірікті сомдаған кейіпкерлер - Нағыз ақын мен Дәлдүріш ақын болып келеді. Автор олардың тұрмысы мен тағдыры арқылы бойларындағы қозғаушы күштің адам өміріне тигізетін әсерін көрсеткісі келген секілді. Шындықты сомдаған Нағыз ақынды бізге автор былай таныстырады: «Қандай ақылды адам. Білмейтіні жоқ . . . Өнерлі-ақ. Өзіне, өнеріне нық сенімді . . . Өтірікпен жаны қас, тек шырқыратып шындықты айтады. Сондықтан да теперіш көріп, тепкінің астында жүр!». Осы жолдардан шындықтың ащылығын кейіпкердің күйінен және көріп жүрген күнінен байқауға болады. Сонда Думан Рамазанның айтқысы келгені, ақиқатты танудың өзі көп адамның қолынан келе бермейді, сондықтан осылайша шындықтың жолын қуған кейіпкер де зиялы, саналы, әрі халқына жанашыр болып келеді. Алайда, осы қасиеттерінің кесірінен ақымақ көсем бастаған өтірікке тұнған көштің арасында жалғанға көзін жұма алмай, ақырында бас уәзірдің қолынан қаза табады. Осындай рухани жаңғырған кейіпкердің қазасы шындықтың құны деген қорытындыға келуге болады. Ал өтіріктің бейнесі Дәлдүріш ақыннан көрінеді. «Басында шымшымдай ми жоқ. Ұятсыздығымен ұрты майланған дарақы біреу. Өтірікті суша сапырады. Жағымпаздығымен аты шығып, суайттығымен есімі елге жайылған сарай ақыны. Көсем мен оның маңайындағылар осындай түк көрмеген тексіздерді жақсы көреді. » деген жолдар осы кейіпкердің санасыздығы мен жағымпаздығының арқасында көсемге жағып, барлық жағдайы жасалып отырғанын бейнелейді. Дана қарттың айтқанындай: «Өтірік айтып айлаңды асыруың мүмкін, ал шындықты айтып ешқашан абырой таппайсың!». Көштің дәстүрлі өмір салтына айналып кеткен өтіріктің арасында тек соған сай болған адам қалағанына жете алады. Алайда, бұндай ар-ұят пен абыройсыз адамның тойы ұзаққа созылмайтынын әңгіменің соңынан байқай аламыз. Сонда автордың айтқысы келгені - жол қаншалықты қиын болса да, түбінде шындыққа жеткенде өтіріктің көзі жойылады. Осындай басты ойды оқырмандарға жеткізу үшін ұғымдарды бейнелейтін кейіпкерлер арқылы сомдау тәсілі қолданылған.

Сонымен қатар, ақиқат пен жалғанның бейнелерін сипаттауда автордың ирония мен сатираны қолданғаны байқалады. Осыған дейін шындықты айтып қана қоймай, оны танып білудің өзі сананы қажет ететіні жайлы айтқан болсақ, автор ирония арқылы, яғни нағыз мағынаны күлкі мен мазақтың астарынан білдіру арқылы, шындықтың ащылығын қайта атап өтеді. Жас баланың: «Ата, бұл өзі бір ақылды адам болды ғой! Ақымағың анау ғой! - деді қотыр құнан мінген адуынды ақынға көзінің астымен сүзе қарап, - Шындықты айтудың өзіне жақсылық әкелмейтінін біле тұра, көсемсіп несі бар, байқұстың! Нағыз делқұлы сол ма деймін!. . » деп күле отырып Нағыз ақынның шындық жолындағы күресін ақымақтыққа санайды. Алайда, бұл иронияның түпкі мағынасы ақынның жанашырлығында жатыр. Саналы, текті адамдардың Дәлдүріш секілді өз қамын ғана ойлап қоймай, сырт көзге ақымақтық болса да, халқының жағдайын өзінен биік қойып шындыққа талпынуы, керісінше, өтірікті мазақ етеді. Оған қоса әңгімедегі шындық пен өтіріктің бейнесін сатирамен суреттелген халықтан көре аламыз. Дана қарт секілді шындықты көрсе де, өтірік айтып үйренген қорқақ халықты автор шығармада «қутыңбай», «қыртынбай», «жыртыңбай» деген атаулармен атап өтеді. Мұндағы бір жағынан күлкілі мәнердегі сөздермен берілген халықтың өз басына пәле тапқысы келмегендіктен, көсемге жалтақтағаны мәлім. Сонда «Әй, бірақ халық қандай болса, ханы да соған лайық болады ғой!» деген Нағыз ақынның сөзінен тек өтірік айтып мақтайтындарды маңайына жақындататын көсем өтіріктің портреті деуге болады. Ирония мен сатираның қолданысы да жалған мен ақиқаттың арасындағы өзгешелікті сипаттауға өз үлесін қосады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әңгіме кейіпкері көсем бейнесі бұлдыр
Думан Рамазанның журналистикадағы бастамалары
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі тартыс табиғаты
Қазақ прозасының зерттелуі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Қызметтік хаттың құрылымы
Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер
Қасқыр бейнесінің поэтикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz