Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Кеңес дәуіріндегіРесей мектебі мен педагогикасы


1. С. Т. Шацкий, П. П. Блонскийдің педагогикалық көзқарас тары.

2. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы

3. А. С. Макаренко бойынша тәрбие үдерісі

С. Т. Шацкий (1876-1934) көрнекті кеңес педагогы. Ұстаздық қызметін 1905жылы бастап Москваның жұмысшылар тұратын аймағында "Сетлемент" қоғамын құрды. Оның міндеті еңбекшілердің балалары арасында тәрбиелік, білімдік жұмыстар жүргізу еді. Бұл клубта балалар ән айтып, би биледі, қолөнерімен айналысты, сурет салды, кітаптар оқыды. Физика мен химиядан өте күрделі емес тәжірибелер жүргізді. Мерекелерде театрларға, мұражайларға барды. Балабақша, мектеп, жұмысшы жастарға арналған политехникалық курстар, қыздарға арналған тігін шеберханалары ұста цехы жұмыс істеді. Балалар бір іс істеуге өздері бірікті, әр топта жалпы жиналыс өткізіп, жауапты адамдар белгіленді. Алуан түрлі қызықты ақыл-ой жұмысы, көркемөнер балаларға және ата-аналарға жақсы әсер етті.
1909 ж. "Балалар еңбегі және демалыс" деген қоғам ашты Москвадан жүз шақырым жерде "Сергек өмір" деген балаларға арналған еңбек колониясы ашылды. Оған әр жаз сайын Москва клубтарының 60-80 баласы келіп жұмыс істеді. 1915 ж. жазылған "Сергек өмір" деген кітабында тәрбиеде ең бастысы балалардың өмірін дене еңбегі, ойын, өнер ақыл ой және әлеуметтік даму арқылы өзара әрекет жасау негізінде ұйымдастыру керек деп жазды.

Шацкий тәрбиені баланың өмірін ұйымдастыру деп білді. Еңбектің бала ұжымына керектігін сезген оқушы ғана оны аткара алады, еңбегі өмірмен, қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру, білімді меңгеру мен жұмыс істеу қатар жүру керектігі туралы идеялары әлі өз маңызын жойған жоқ.

Павел Петрович Блонский (1884-1941) . Оны көбіне кеңес Песталоций деп атайды. Себебі ол 20-жылдардағы педагогтардың менталитетіне үлкен ықпал етті. Ол негізгі педагогикалық идеяларды тұжырымдады. Оқыту мен тәрбиені баланы дамытатын заңдылықтарға сүйініп жүргізу, баланың жеке тұлғасын құрметтеу, оның қызығушылықтарын және қажеттіліктерін ескеру, баланы әр жакты дамыту (ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек) Блонскийдің зерттеу жұмыстарының басты бағыттары. Ол екі негізгі приципке негізделді: дамыту идеясы және баланы тұтастай зерттеу. Ол бала өмірінің толық бейнесін беруге тырысты. "Педология" (1936) оқулығында Блонский әртүрлі жас кезеңдерінде баланың денесі мен психологиясында болатын өзгерістерді сипаттап, оларды ескеріле жүргізетін тәрбие және оқыту жұмыстары туралы жазды.
Еңбек тәрбиесінің және политехникалық білімнің мақсаты жеткіншектердің еңбекке дұрыс көзқарасын, еңбек ету дағдысын қалыптастыру деп санады.

Ол тәрбиені қоғамдық құбылыс деп қарады. П. П. Блонский білім алу үшін белсенділік керек дей келе, оқушыларды оқуға қызықтырып өздік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін және өздігін дамыту туралы пікірлер айтты. Блонский "зерттеу әдістері", "өмірге қоятын міндеттерді шешу әдістері" сияқты оқытуда қолданылатын белсендіәдістерді қолдады. Сезім әлемін зерттеп, оны адам іс-әрекетінің іргетасы деп қарады.

2. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру төңкерістің алғашқы күнінен басталды. 1917 жылдың 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.

Халық ағарту комиссары А. В. Луначартский жұртшылыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттеріне сипаттама берді: жалпыға міндетті бастауыш білім алу, мектептің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діннен бөлек болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.

Халық ағарту ісінің ескі жүйесі таратыла бастады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі «Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже» қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару Халық ағарту мемлекеттік комиссиясына, ал жергілікті жерлерде уездік, губерниялық және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне жүктелді. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табыллады. 1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қармағына беру туралы декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қармағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді.

1918 жылы 20 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінің «Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы» декрет қабылданды. Онда шіркеуде мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлу жарияланды. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланып, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамны кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркіндігі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлкеттік және қоғамдық сонымен қатар жеке меншік оқу орындарында діни қағидаларды оқуға тиым салынды.

1 Бүкілресейлік халық ағарту съезінде (25 тамыз- 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектеп жүйесі мақұлданды: 1 саты- 5 жыл және 2 саты- 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес өкіметінің осы декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер-буржуазиялар, помещниктер, буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді. 1918 жыл бойы Халық ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А. В. Луначарскийдің, П. Н. Лепешинскийдің, Н. К. Крупскаяның жетекшілігімен «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер» жасауда қызу жұмыс жүргізді.

«Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» педагогикалық жұртшылықтың арасында «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады.

Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәрбиенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуымен дүниеге келген жаңа қоғамның қажеттілігін бейнелей келе, кеңестік педагогика буржуазиялық педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, саяси және басқа да қағидаларына адамзаттың алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны жанжақты дамытудың қажетті алғышарттары және шарты ретінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру.

Тәрбие және білім беру мәселелері қызу талқыланды. Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» атты декларацияда анық та айқын көрініс тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды.

Кеңестік педагогика өнерді баланың танымдық қабілеттерін дамытудың, рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеал мен дүниеге эстетикалық қатынастардың ең күшті құралы ретінде бағалады. Кеңес педагогикасын дамытуда П. П. Блонский ерекше орын алады. Ол «Педагогика» және «Педагогика негіздері» оқулықтарын жазды.

Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н. Н. Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек қана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерді қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарастарын қалыптастыруда ерекше рөл атқаратындығын атап көрсетті.

1917-1918 жылдары Кеңес үкіметі қабылдаған 30-ға тарта мемлекеттік декреттер негізінде кеңес мектебін құру ұстанымдары қайта қаралды:

  • Қазан төңкерісіне дейінгі барлық оқу-тәрбие мекемелерінің типтері таратылып, мектеп жүйесі өзгертілді;
  • мектеп шіркеуден бөлініп, діни мектептер таратылып, мектепте дінді оқытуға тыйым салынды;
  • барлық азаматтардың шыққан әлеуметтік ортасына, дініне, ұлтына және т. б. қарамастан, білім алу құқы жарияланды;
  • Ресей құрамындағы барлық халықтарға өз ана тілінде оқуға мүмкіндік берілді;
  • ұл балалар мен қыздарды бірге оқыту қолға алынды;
  • тұңғыш рет мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылатын болды;
  • мектеп ісін басқару мемлекет қарамағына алынды.

Халыққа білім беру қайраткерлері және I Жалпыресейлік халықағарту сьезі (1918) . Мектеп ісін басқаруды Кеңес үкіметі большевиктік партияның көрнекті қайраткерлері А. В. Луначарский мен Н. К. Крупскаяға жүктеді.

1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі мемлекеттік комиссияда А. В. Луначарскийдің және Н. К. Крупскаяның басқаруымен “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” атты құжатты даярлау жұмысы жүргізіліп, 16 қазанда аталған құжаттар жарияланды. Осы құжаттың екіншісі “Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация” деген атпен халыққа тарады. “Декларация” мектептің саясатпен байланысты болуын кеңес педагогикасының ең негізгі ұстанымы ретінде атап өтті.

Анатолий Васильевич Луначарский (1875-1933), Халық ағарту комитетін 1929 жылға дейін басқарып, коммунистік тәрбие беру идеясын насихаттап, мектепті қайта құру мәселелерімен белсене айланысты. Оның негізгі ұстанған идеясы жас ұрпаққа қоғам мүддесіне сай білім беру және тәрбиелеу болды.

Халықағарту қайраткерлерінің бірі - Надежда Константиновна Крупская (1869-1939) . Оның негізгі идеясы жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру болды. Н. К. Крупская еңбек тәрбиесіне жалпы және политехникалық білім беруге, мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбиеге, оқыту мен тәрбие мазмұнына арналған көптеген педагогикалық еңбектер жазды.

Ол еңбек тәрбиесін политехникалық білім берумен ұштастыру қажет деп санады, политехникалық білімнің жалпы білім негізінде берілуін талап етті. Политехникалық білім беруге Н. К. Крупская тірі табиғатты, материалдардың технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың тетігін, энергетиканы білу, сонымен қатар экономикалық қатынастардың жағрафиялық негізін білу жатады деп санады. Политехнизм жеке пән емес, - деді ол, - барлық пәндерді оқытуда сол пәндердің (физиканың, химияның, жаратылыстың, қоғамтанудың) материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бірімен-бірі байланысты тәжірибемен ұштастырыла оқытылуға тиіс, әсіресе оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек деп есептеді.

1918 жылы I Жалпыресейлік халық оқу-ағарту съезінде жаңа мектептің бағытын айқындайтын құжаттардың “Бірыңғай еңбек мектебінің ережесі” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” деп аталған құжаттардың жобалары қабылданды. Осы құжаттардың негізінде мектепті қайта құру ұстанымдары мен оқудың жаңа мазмұны қарастырылды, оларда:

  • жергілікті басқару органдарынан мектеп ісін тікелей қолға алу талап етілді; етілді;
  • мектепте өзін-өзі басқаратын орган (мектеп кеңестерін) құру, оныңқұрамына педагогтар, оқушылар, ата-аналардың өкілдерін қамту көзделді;
  • жергілікті жердің жағдайын ескеретін, үлгі ретінде (міндетті емес) оқу бағдарламалары енгізілді;
  • ғылым негіздерінен оқулықтар дайындалды, қолданыста бар оқулықтарды пайдалануды ұсынды;

Алайда бұл құжаттарда балалардың білімін күнделікті тексеріп отыру, үйде орындауға тапсырма беру, емтихан тапсыру міндеттелмеді.

Жаңа мектепті құрудың алғашқы жылдарында мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибелік ізденістеріне шектеу қойылған жоқ. Оқу ісін ұйымдастыруға мұғалім мен оқушылар тең құқықпен белсенді түрде өздері қатысуы тиіс болды. Мектептегі оқытудың негізіне еңбек тәрбиесі алынды. Мектептегі еңбек тәрбиесі ең бірінші маңызы зор мәселе ретінде қаралумен бірге, оқушылардың дене және эстетикалық тәрбиесіне де ерекше назар аударылды, политехникалық білім беру мәселесін қолға алу керектігі атап көрсетілді.

Балалармен гуманистік, яғни ізгілік қатынас құру мақсатында мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластық қарым-қатынас үлгісін орнатуға көңіл бөлінді.

Бірыңғай еңбек мектебінбір нұсқадағы ғана мектеп деп түсінбей, олар ұстанатын жалпы идеялар бірлігін талап етумен бірге, жергілікті аймақтың жалпы және айырықша ерекшеліктерін ескеру қажеттігі айтылды.

1920 жылы Оқу-ағарту халық комиссариаты кеңес мектебінің оқу жоспарын жариялады. Бұл оқу жоспарының ерекшелігі әр түрлі оқу пәндерін оқытуға назар аударылды. Орыс тілі мен әдебиеті, математика пәндерін оқытуға сағат көбірек бөлінді. Сонымен бірге, алғашқы оқу жоспарының басты кемшілігі - оның орындалуы міндетті болмады, ол тек үлгі ретінде ғана ұсынылды.

Орыстан өзге халықтардың балалары үшін ұлттық мектептер құрыла бастады.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында оқыту мен тәрбие беру мекемелерінің төмендегідей жаңа типтері ұйымдастырылды.

Сауатсыздықты жою мектептері. 1919 жылы 26 желтоқсанда сауатсыздықты жою туралы декрет жарияланды. Онда 50 жасқа дейінгі азаматтар орыс және ана тілінде сауатын ашуға міндетті болды. 1920 жылы Н. К. Крупскаяның басшылығымен сауатсыздықты жою мақсатында Жалпыресейлік төтенше комиссия құрылды. Одақтас республикаларда да сауатсыздықты жою пункттері мен шала сауаттыларға арналған мектептер ашылды. Мысалы, қазақтың ұшы-қиырсыз кең даласын “Қызыл керуендер” мен “Көшпелі қызыл отаулар” шарлай бастады. Олардың қызметкерлері сауатсыздар мен шала сауаттылардың есебін жүргізді. Ескере кететін жәйт - латын алфавитіне көшуге байланысты араб жазуын білетін сауатты адамдар жалпы есепке алынбады.

Панасыз балаларға арналған балалар үйі. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары панасыз балалар саны тым көп еді. Жүздеген мың балаларды аштан өлуден және моралдық азғындаудан құтқару керек болды. Осы мақсатпен одақтық республикаларда балалар үйлері құрылды. Мысалы, тек Қазақ республикасында 1921 жылдың басында 5 мыңнан аса балалар үйінде 260 мың панасыз балалар тәрбиеленсе, 1922 жылы балалар үйлерінің саны 7815-ке, ал оларды тәрбиеленетін балалар саны 415 мыңға жетті.

Балалар бақшалары мен яслилері. Әйелдердің шаруашылық, саяси, мәдени өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау үшін мемлекет тарапынан балалар бақшалары мен яслилері және ойын алаңдары ұйымдастырылды.

Жұмысшы факультеттері 1919 жылдан бастап жұмысшы мен шаруалардың мектеп жасынан есейіп кеткен балалары үшінқұрылды. Бұл оқу орындары 4 жыл мерзімде жастардың жоғары оқу орындарына түсуіне қажетті орта білім берді.

Бұрынғы жоғары оқу орындары мемлекет қарауына алынып, онда қыздарды тегін оқыту көзделді. Жоғары оқу орындарының саны да тез дами бастады.

Ресей федерациясының Халық комиссарлар кеңесі 1928 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орнын ұйымдастыру жөнінде қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес 1928 жылы Алматыда - республикада мұғалімдерге педагогикалық жоғары білім беретін тұңғыш жоғары оқу орны - Қазақ педагогика институты құрылды. Алғашында Қазақ педагогика институтында кішігірім үш бөлім ашылды. 1928 -1929 оқу жылында осы бөлімдерде 124 студент оқыды, 9 оқытушы (алтауы қазақ), оның ішінде үш профессор болды, белгілі тарихшы, профессор, институттың бірінші ректоры - С. Д. Асфендияров, көрнекті ғалым-тілші - Қ. Жұбанов, әдебиетші профессор - Н. Н. Фатов, тағы бір доцент қызмет етті.

1931 жылы желтоқсанда институт орта мектептерге өзінің алғашқы 59 түлегін ұшырды. 1932 жылға дейін бұл институт педагог мамандар даярлайтын, қазақтың ұлттық зиялыларын қалыптастыратын бірден-бір орталық болды.

1935 жылы институтқа қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Институтта осы кезде көптеген көрнекті ғалымдар істеді. Олар: қазақ әдебиетінің негізін салушы С. Сейфуллин, академик жазушы -М. . Әуезов, профессор Ш. Әлжанов, көрнекті ғалым-тілші - С. Аманжолов, академиктер С. Мұқанов, Т. Тәжібаев, С. Кеңесбаев, О. Жәутіков, т. б.

Жалпыға бірдей бастауыш және жетіжылдық оқуды енгізу (1930) . 1930 жылдың 14 тамызында Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлар кеңесі жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру туралы қаулы қабылдады. Онда одақтың барлық жерінде балаларға жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру талап етілді, 8-9 жасар ер және қыз балалар мектепте білім алуы міндетті деп белгіленді.

1930-1931 жылдан бастап бастауыш мектепте оқу, төрт сынып көлемінде білім алу міндетті болып белгіленді. Осы оқу жылынан бастап 11-15 жас арасындағы балаларды жаппай оқыту белгіленді.

1930/31 оқу жылынан бастап өнеркәсіпті қалаларда, аудандарда, жұмысшы бекеттерінде жетіжылдық мектеп көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. 1930 -1935 жылдары ұлттық республикаларда жалпыға бірдей бастауыш және жетіжылдық білім беру күшті қарқынмен жүргізілді.

Осы кезеңдегі мектеп жұмысы жайындағы қаулыларда мектептің оқу жұмысында орын алып келген кемшіліктер мен бұрмалаушылықтар (лабораториялық-бригадалық әдіс, сынып-сабақ жүйесін жете бағаламау, т. б. ) ерекше аталып көрсетілді.

Отызыншы жылдардың басында “Жалпыға бірдей бастауыш білім беру” туралы Заң (1930, тамыз) қабылданып, “Бастауыш және орта мектеп” (1931, қыркүйек), “Бастауыш және орта мектептегі оқу бағдарламалары мен режимі” (1932, тамыз) тарихи қаулылардың қабылдануы Қазақстандағы ағарту жүйесінің дамуына тікелей әсер етті. Қазақ АССР Халық ағарту комиссары С. Меңдешев 1932 жылы мектептерде пәндік оқу жүйесіне көшу басталғанын, осы мақсатта жаңа оқу бағдарламаларының жасалып, талқылауға жіберілгенін хабарлады. Осы жылы болып өткен Халық ағарту қызметкерлерінің өлкелік конференциясында қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды талдауға айырықша көңіл бөлінді.

Сол кездегі бірқатар мемлекеттік құжаттарда, халық ағарту саласының қызметкерлері мен ғалым-педагогтардың сөздерінде білім беру, тәрбиелеу үрдісін жетілдіре түсу үшін арнайы ғылыми-әдістемелік орталықтың қажеттігі айтылды. Сонымен, 1932 жылы Алматыда Ғылыми-педагогикалық кабинет құрылды.

1933 жылдың қаңтарында Республикалық Халық ағарту комиссариатының қарамағындағы Ғылыми-педагогикалық кабинеттің негізінде Педагогикалық ғылыми-зерттеу институты құрылды. Алғашқыда оның құрамында небары үш сектор және әдебиет оқулықтарының кабинеттері болды. Институттың басты міндеті - институт айналысатын мәселелерді анықтау, өзін мамандармен қамтамасыз ету, ғалымдарды, әдіскерлерді оқу бағдарламалары мен төл оқулықтар жасауға жұмылдыру болды. Бұл жұмыстардың басында институттың тұңғыш директоры - Ш. Әлжанов, ғылыми қызметкерлері С. Балаубаев, Қ. Жұбанов, Ә. Сытдықов, С. Логинов сияқты белгілі ғалым-педагогтар тұрды.

Оқытудың негізгі формасы - сабақ, ол белгілі кестемен, тұрақты құрамы бар сыныппен жүргізілуі керектігі айтылды. Оқытушының жаңа сабақты жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өздігінен жұмыс істеуі, оқушылардың жазу мен сызу жұмыстары, лабораториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсия жүргізу талап етілді.

Мектептегі тәрбие жұмысын жақсарту - пионер ұйымының ең негізгі міндеті, ол оқушыларды оқуға, еңбекке және қоғам жұмысына коммунистік рухта тәрбиелеуі қажет деп саналды.

Әр сыныпта тәрбие жұмысын басқару үшін жетекші белгіленді. Олар 1934 жылдан бастап сынып жетекшілері деп аталынды. Жүзеге асырылған осындай шаралар кеңес мектебіндегі жалпы білім беру сапасын айтарлықтай көтеруге мүмкіндік берді.

Мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелері (пионер сарайлары, балалар клубтары, т. б. ) көркемөнерге, эстетикалық тәрбиеге едәуір көңіл бөлді. Республика астанасында және кейбір облыстық қалаларда балаларды көркемөнерге тәрбиелеу үйлері құрылды. 1934 жылдан бастап көркемөнер олимпиадалары өткізіле бастады.

Партия мен Халық комиссарлар кеңесінің 1934 жылғы қаулысында мектептің бірыңғай жүйесі: төртжылдық бастауыш мектеп (1-IV), жетіжылдық орталау мектеп (I-VII сынып) және онжылдық мектеп (I-X сынып) белгіленді.

1935 жылы “Бастауыш, орталау және орта мектептің ішкі тәртібі және оларда оқу жұмысын ұйымдастыру туралы” қаулы қабылданды. Бұл қаулы бойынша оқу жылының басы 1 қыркүйек болып белгіленді, оқу жылы төрт тоқсанға бөлініп, оқу жылының аяқталу мерзімі анықталды. Осы қаулыда оқушылар білімінің сапасының төмендігі, үй тапсырмаларының шамадан тыс берілуі, жаңа материалдардың сыныпта пысықталмауы, т. б. мектеп жұмысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.

Ұлттық республикаларда мектеп оқушыларының саны жылдан жылға артты. Оларға ана тілінде мектеп ашу үшін оқулықтар даярлау қажет болды. Одақ халықтарының тілінде әліппе және басқа оқулықтар баспадан шығарылды. 1928 жылы Одақта 70 тілде, ал 1934 жылы 104 тілде кітаптар баспадан шығарылды. Ұлт мектептерінде оқитын балалар үшін латын алфавиті орыс алфавитімен ауыстырылды. Біріншіден, бұл оқушылардың орыс тілін меңгеруін жеңілдетсе, екіншіден кеңес үкіметінің басты саясаты, барлық халықтарды бір тілде сөйлетіп басқаруды көздеді, осының салдарынан біртіндеп ұлт мектептерінің қоғамдық өмірдегі маңызы әлсіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
«Халық педагогикасы», «халықтық дәстүр» ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәні
Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz