Жаратылыстану негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

МРНТИ 14. 23. 05

А. Е. Манкеш 1 Ж. К. Даулетбаева 2

12 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Алматы қ., Қазақстан

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Аңдатпа

Мақалада ғылыми дереккөздердің негізінде «жаратылыстану», «зерттеу» «ғылыми - зерттеушілік» ұғымдарына отандық және шетелдік авторлардың берген анықтамалары бойынша талдау жасалынған. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметіндегі зерттеушіліктерін дамыту туралы ақпараттар ұсынылады. Соңғы кезде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттарды көптеп кездестіреміз, сол себепті мектепке дейінгі ұйымдардан бастап ғылымды қарапайым түсініктермен таныту қажеттігі туындап отыр. Жаратылыстануды оқытуға балалардың қисынды ойын дамытудың құралы ретінде қарап. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаратылыстану мен экологияны оқытуды ұсына отырып, баланың ақыл-ойын дамытуда жаратылыстану пәнінің маңыздылығы көрсетілген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарын меңгеріп қана қоймай, оны өзіне қызмет етуге бейімдейді, осының негізінде жаратылыстанудан алатын ғылыми ұғымдар үнемі баланың ақыл-ойын дамытуға көмектесетіндігі жөнінде тұжырымдар жасалған. Жаратылыстану ғылымы туралы педагог - ғалымдар мен практиктердің жүргізген психологиялық-педагогикалық зерттеулерінің нәтижелері туралы мәлімет беріле отырып, мектепке дейінгі білім беруде осы зерттеулерді қолдану балалардың ойлауының қазіргі заманғы талаптарға сай әрі қарай дамуына негіз бола алатыны жөнінде дәлел келтірілген.

Түйін сөздер: Жаратылыстану, зерттеу, зерттеу қабілеті, ғылыми зерттеушілік, мектеп жасына дейінгі балалар, іс-әрекет, ақыл-ой

А. Е. Манкеш 1 Ж. К. Даулетбаева 2

12 Казахский национальный педагогический университет имени Абая,

г. Алматы, Казахстан

РАЗВИТИЕ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ НАВЫКОВ У ДОШКОЛЬНИКОВ НА ЕСТЕСТВЕННОЙ ОСНОВЕ

Аннотация

В статье анализируются понятия «естествознание», «исследования» и «научное исследование» на основе научных источников, основанных на определениях, данных отечественными и зарубежными авторами. Он предоставляет информацию о развитии детей дошкольного возраста в их естественной учебной деятельности. В последние годы мы столкнулись со многими ситуациями, требующими научных знаний, поэтому дошкольным организациям необходимо внедрять науку с простыми понятиями. Рассматривая естественное обучение как средство развития логического мышления для детей. Важность предмета науки в развитии интеллекта ребенка подчеркивается предложением преподавания естествознания и экологии в дошкольных учреждениях. При этом они не только осваивают законы природы, но и приспосабливают их к своему служению, основываясь на заключении, что научные концепции, основанные на естествознании, постоянно помогают ребенку развивать свое мышление. На основе результатов психолого-педагогических исследований учителей и практиков естествознания доказано, что использование этих исследований в дошкольных учреждениях может обеспечить основу для дальнейшего развития мышления детей в соответствии с современными требованиями.

Ключевые слова: Естествознание, исследования, исследовательская способность, научное исследование, дети дошкольного возраста, интеллект

Mankesh A. E 1 Dauletbayeva Zh. K 2

12 Abai Kazakh National Pedagogical University

Almaty, Kazakhstan

THE DEVELOPMENT OF RESERCH IN PRESCHOOL CHILDREN ON A NATURAL BASIS

Abstract

In the article analyzes the concepts of "natural science", "research" and "scientific research" based on scientific sources based on definitions given by domestic and foreign authors. It provides information on the development of preschool children in their natural learning activities. In recent years, we have faced many situations that require scientific knowledge, so preschool organizations need to introduce science with simple concepts. Considering natural learning as a means of developing logical thinking for children. The importance of the subject of science in the development of the child’s intelligence is emphasized by the offer of teaching natural sciences and ecology in preschool institutions. Moreover, they not only master the laws of nature, but also adapt them to their ministry, based on the conclusion that scientific concepts based on natural science constantly help the child to develop his thinking. Based on the results of psychological and pedagogical studies of teachers and practitioners of natural science, it is proved that the use of these studies in preschool institutions can provide a basis for the further development of children's thinking in accordance with modern requirements.

Кeywords: Natural sciences, studies, research ability, scientific research, preschool children, intelligence

Н. Назарбевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында қазіргі таңдағы білім беру мәселелеріне тоқтала келіп, болашақ қоғам иесі жастардың ғылыми дайындығы мен біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Соның бірі - 2018 жылғы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында білім берудің ең түбегейлі жаңалығы төменгі сыныптардан басталмаса, келешекте ғылымның дамуы мүмкін еместirіне ерекше мән беруі. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында мамандар дайындау мәселелеріне тоқтала келіп, «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл-жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты»- деп көрсетеді.

ХXI ғасырдың басындағы білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруі, мектепке дейінгі ұйымдарға да біршама тың серпілістер әкелді. Осы тұста қазақтың этнопедагогикалық бай материалдары мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық мәдениетті сақтаудың және оны дамытудың басты факторы екені белгілі болды. Ендеше, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіру мәселесін қарастыру қажеттігі туындады. Өйткені унитарлық ұлттық мемлекет балабақшасы ертеңгі қазак елінің туын берік ұстай алар тұлғаларды өсipетін, ұлттық ұстанымды куаттайтын орта болуы тиіс. Мұндай абыройлы мәртебеге халқымыздың этнопедагогикалық және этномәдениеттік мол мұрасын мектепке дейінгі ұйымдардың жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдалануға басымдық берілуі тиіс.

Бүкіл әлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алған әл-Фарабиден бастап түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары Ж. Баласағұни, М. Қашқари еңбектерінде дүниенің ғылыми бейнесін жаратылыстану мазмұны арқылы қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, қоршаған ортамен, табиғатпен қарым-қатынасы, ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ә. Маргұлан, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов және т. б. ойшылдардың еңбектеріне арқау болған.

Жаратылыстану ғылымының зерттеу ауқымы, оқыту технологиясы өте кең, сондықтан ол қоршаған орта жайлы, оның тіршілігі, өсіп-өнуі, дамуы, құрылымы, тарихы жайлы білімдердің маңызды көзі болып табылады. Мәселен, философияда «өзін қоршаған ортаны анық білуге деген ерекше ұмтылыс, адамның ақыл - парасатының, сана - сезімінің ең басты қасиеттерінің бірі»- деген түсінік беріледі.

Жаратылыстану ғылымы адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалық ғана емес, гуманитарлық та мүмкіндікке ие болып отыр. Сөйтіп, жаратылыстану пәндері арқылы дүниетанымдық қызметпен қатар, дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқаруға болады.

Жаратылыстану ғылымының ең дамыған тұсы XVII-XIX ғ болды. Ол кезде физика, химия, биология, география, астрономия деп бөлмей, бүкіл жаратылыстану ғылымына жататын пәндерді біріктіріп қарады және бұл ғылыммен негізінен философтар айналысты. Кейін сауда-саттықтың күшейіп, теңіз жолдарының ашылуына байланысты география, астрономия және біртіндеп техниканың дамуы физика мен химияны дүниеге келтірді.

XVIII-ғасырдың басында жан-жақты дамып келе жатқан орыс еліне сауатты адамдар, өндірістің тілін білетін мамандар қажет болып, алғашқы халықтық училищелер мен жекеменшік мектептер ашыла бастады. Бұл мектептер жастарды жазуға, есеп шығаруға жаттықтырып және жаратылыстанудан хабары болуды көздеді. Жаратылыстанудан берілетін білім негізінен пайдалы қазбалардың түрін білу, оларды зерттеп, қазба байлық ретінде табу жағына бағытталды. Осы тұста Ресей мектептерінде жаратылыстану тарихы, (Естественная история) пән ретінде (1782-1786 жж. ) еніп, пәнді оқытуда екі мақсат қойылды:

  • оқушыларды әртүрлі минералдармен, өсімдік, жануарлармен таныстыра отырып, олардың адамға және мемлекетке пайдасы барын баса түсіндіру;
  • халық шаруашылығына керекті мәселелерді білетін, мемлекет үшін қызмет жасайтын кадр дайындау;
  • мемлекетке мүлтіксіз бағыну заңдарын меңгеру.

Балаларға ғылыми дерекке сүйенген білім беру орыстың атақты әдіскер ғалымдарының еңбектері негізінде жалпы балабақша өмірінде жаратылыстануды оқытудың әдістемесі мен оқулықтарының шыға бастауымен байланысты болды.

Табиғат жайындағы білімнің негізін салған, табиғат зерттеуші К. Ленней табиғат жайында жүйелі баяндау әдісін ұсынды. Оның еңбектерінің жинағы 1735 жылы «Табиғат жүйесі» деген атпен жарық көрді. Бұл еңбекте сол кезде белгілі болған өсімдіктер мен жануарлардың және пайдалы қазбалардың сипаттамасы берілді.

Россиядағы жалпы ой-пікірлердің дамуына байланысты 60-жылдары жастардың материалистік көзқарасын дамыту мақсатымен нақты нысандарды бақылау, олардың өзара байланысының себебін анықтау сияқты мәселелерді шешу жолға қойылды. Жалаң атауларды жалаң жаттау енді ешкімді де қанағаттандыра қоймайтыны белгілі болды. Орыс қоғамының алдыңғы қатарлы азаматтарының материалистік көзқарастары дамып, жаратылыстану ғылымына қызығушылық артты. Осы тұста 1861 жылы Чарлз Дарвиннің «Түрлердің» пайда болуы атты еңбегі жарық көрді. Сонымен қатар, К. Д. Ушинскийдің табиғаттың, адам тәрбиелеудегі ең құдыретті орта екенін және баланың жүйелі ойы мен тілінің дамуының күшті құралы екенін уағыздаған мақалалары жарық көре бастады. Мұндай алдыңғы қатарлы ойшылдардың тұжырымдары педагогикалық ой-пікірдің дамуына жағдай жасамай қоймады. Соның салдарынан жаратылыстанудың мазмұны мен оны оқытудың әдістемесіне нағыз қажеттілік туындады. Бірінші кезекте жастарды жаратылыстану құралдары арқылы тәрбиелеу мақсаты тұрды.

Осы тұста В. Ф. Зуевтің оқулықпен бірге шығарылған әдістемелік нұсқауында білім берудің дидактикалық принциптері де айқын көрсетілді. Автор жаратылыстанудан берілетін білімнің ғылымилығын, бірізділігін, жүйелілігін, түсініктілігін қамтамасыз ету және оқушылардың оны саналы меңгеруіне жағдай жасаудың керектігін ашып көрсетті. Педагог-ғалым сол тұстағы қоғамның талабына орай, өсімдіктер мен жануарлар туралы сипаттағанда олардың пайдасына аса көңіл бөлуіне тура келді. Мәселен, қайың ағашы туралы түсінік бере отырып, онан қарамайды қалай айырып алуға болатынын көрсетеді. Сол сияқты кейбір ағаштарды сипаттай отырып, оның ыдыс-аяқ жасауға қолайлылығы және т. б. шаруашылық пайдасына тоқталды. Сонымен қатар, ол оқулыққа экологиялық мазмұндағы материалдарды да енгізіп, табиғатпен қатар өсімдік пен жануарды қорғауды ұсынды. Бұл экологиялық бағыттағы ең алғашқы түсінік болатын. Оқулық сол кез үшін мұғалімнің де, оқушының да пайдалануына жарайтын тиімді құрал болды. Ғалымдар мен әдіскерлер тарапынан жоғары баға алған еңбектің тек сол кез үшін ғана емес, әлі күнге дейін бағасы жоғары екенін білеміз. Сонымен қатар, балабақша үшін жаратылыстанудан дайындалған бірінші бағдарлама, бірінші әдістемелік құрал болып есептелді. Бұл еңбектің құндылығы жаратылыстануға байланысты ғылыми көзқарастың дамуына, білімді практикада қолдануға негіз болды. Яғни, балаларды өмірге дайындады, олардың жаратылыстану ғылымына қызығушылығын тудырды, қоршаған ортаның нысандарына жауапкершілікпен қараудың керектігін, әртүрлі ортада тіршілік ететін организмдердің сол ортаға бейімделетінін және тіршілік ерекшеліктерін үйретті. Міне, автордың бұл қағидалары гимназияларда және халық училищелерінде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауға негіз болды.

В. Ф. Зуевтің еңбегі жаратылыстанудан білім берудің біраз практикалық мәселелерін шешті, олар:

- жаратылыстану пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтап, ғылым мен оқу пәнінің байланысын ашуы;

- пәннің ғылыми мазмұнын көрсетіп, табиғи және бейнелі көрнекіліктердің жаратылыстанудан білім берудегі мәнін талдауы;

- ғылыми жаратылыстану білімінің практикалық маңызын (өмірмен байланысын) көрсетуі;

- жаратылыстануды оқытуда зерттеу әдісінің тиімділігін көрсетуі болды.

Бұдан біз, жаратылыстанудың бүкіл табиғат, табиғи нысандар, табиғи құбылыстар туралы білімдердің жиынтығы ретінде, балабақша қабырғасына біртіндеп ене отырып, жаратылыстану ғылымының негізгі салаларынан балаларға ғылыми тұрғыдан білім беріп, олардың қоршаған әлем негіздерін терең меңгеруіне жағдай жасалғандығын білеміз.

Мектепке дейінгі ұйымнан бастап жаратылыстану негіздерін оқытуға үлкен мән беріп, көрнекілік теориясының негізін салған К. Ушинский балаларға білімді саналы меңгеруге көңіл бөле отырып, берілетін білімнің нақтылығын, жүйелігін, бірізділігін талап етті. Педагог жаратылыстанудан берілетін ұғым өсімдіктер мен жануарлардың дене құрылысының ұқсастығын, өлі және тірі табиғаттың байланыстылығын ұғындыру үшін табиғатқа жүргізілетін бақылаудың маңызына ерекше тоқталды. Баланың өз көзімен көргенінің тиімділігін мұғалімнің сөзі алмастыра алмайтындығын атап айтты.

Жаратылыстануды оқытуға балалардың қисынды ойын дамытудың құралы ретінде қарады. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаратылыстану мен экологияны оқытуды ұсына отырып, баланың ақыл-ойын дамытуда жаратылыстану пәнінің маңызын бірінші орынға қойды. Балалардың сөздік қорын молайтып, тілін дамыту ең алдымен қоршаған ортаны танып-білуден басталады деді. Сонымен қатар, білімді саналы меңгерудің кезі табиғатқа бақылау жүргізуге негізделетінін ашып айтты. Бала табиғи ортамен өз мақсатына және жас ерекшелігіне сай қарым-қатынасқа түседі. Сол арқылы табиғат заңдылықтарын меңгеріп қана қоймай, оны өзіне қызмет етуге бейімдейді, осының негізінде жаратылыстанудан алатын ғылыми ұғымдар үнемі баланың ақыл-ойын дамытуға көмектеседі деп тұжырымдады. Педагогтің өзінің тұжырымы бойынша адамның жаратылыспен күресі ешқашан тоқтамайды және ол жаратылыс сырын ашқан сайын туындай түседі - деген болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми әрекетін қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Биология анықтамалылығы журналы
Мектеп жасына дейінгі балаларда зерттеушілік әрекеттің дамуы жағдайындағы балалардың эксперименті
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Бастауыш сынып окушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін ескерілетін жағдайлар
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz