Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
8 ОЖСӨЖ тақырыбы: Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтерін анықтаңыз. Қоғам мен дін арасында қандай қарама-қайшылықтар туындайтынын айқындаңыз (Бринкерхоф, Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Жауабы:
Мешіттер, шіркеулер, деноминациялар және культтар өз өмірінің мәнін діннен көретін адамдарды өздеріне жұмылдырады. Неге және қалай болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін өте өзекті. Бұл адамдар үшін дін дегеніміз не? Әлеуметтік деңгейде оның мәні неде? Функционалистер, діннің қандай әлеуметтік мақсаттарға қызмет ететінін анықтауға тырысса, ал қайшылық теориясын жақтаушылар, қандай жағдайда дін таптық жүйені нығайтады немесе оны түбірімен жояды, болмаса алғашқысы мен соңғысының қалыптасуына мүмкіндік береді деген сұрақтың шешімін көрсеткісі келді.

Дін индивидтердің кейбір психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Э. Дюркгейм діни өмірдің қарапайым түрлері (1912 ж.) атты еңбегінде, адамдар өз өміріндегі қоғамдық билікті мойындағаннан гөрі дінге сенуді жөн санайды дейді. Қоғамдық өмірді қолдай отырып, оның құрылымы мен нормаларын бейнелейді. Біз өзіміз ойлап таппаған тілде сөйлеп, өзіміз шығармаған құралдарды пайдаланамыз... Өркениеттің мұндай сыйын біз қоғамнан аламыз - деген Э. Дюркгейм. Бірақ әрбір кезектегі ұрпақ бұл нәрселерді дайын күйінде алады, оларды қайта жасамайды, өйткені қандай да бір тылсым жоғары күш бар және ол тылсым дүние оған емес қоғамға берілген. Адам өзінен тәуелсіз қандай да бір белсенді күштердің бар екендігін сезінеді және бақытты тағдырды иеленуге мүмкіндік беретініне сене отырып, оны сол қалпында сақтап өзіне берілген күшті, жоғары бағалауға тырысуы ықтимал. Э. Дюркгейм өзінің қорытындысына австралиялық тайпаның тотемдік дінін зерттеу негізінде келді. Тотем - қасиетті саналатын табиғаттан берілген символ (мысалы, жыландар немесе кеңгіру). Әрбір тотем туысқандық топтың немесе кланның символын көрсеткен. Кландар қоғамның негізгі бірлестіктері болса, ал тотем - клан бірлігінің символы, елтаңбасы болған. Кланның өзіне бас игеннің орнына, оның мүшелері тотемге бас иген. Олардың діндері, өздері өмір сүрген қоғамның құрылымын көрсетті [1].

Жалпы тотем (солт. - америк. аджибве тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиһанкезі Дж. Лонг енгізген. Адамзат дамуының алғашқы архаикалық сатыларында адамдар өздерінің табиғатпен етене байланысын толық сезінген, сондықтан да олар өздерінің шығу тегін табиғаттың нақты көріністері арқылы түсіндірген. Адамдардың осылайша өздерін теңестіру формаларын тотемизм деп атайды. Тотемнің әлеуметтегі атқаратын қызметіне оның белгілі бір адамдар қауымдастығының басын біріктіруі, туысқандық сезімін қалыптастыруы жатады. Ең бастысы, тотем біз және басқалар арасындағы шекараны анықтайды. Арғы ата - тотемнің сол халықтың мифтерінде, аңыз әңгімелерінде айтылған тарихы, олардың мәдени ұйымдастырылуының негізі болып саналады. Қазірде тотемнің қалдықтарын геральдикадан, тұрмыстық символикадан, т.б. көруге болады. Қазақ мәдениетінің архетипі - көне түркі мәдениетінде де тотемдік көзқарастар молынан кездесіп отырған. Көне түркілердің өздерінің шығу тегін көк бөрімен байланыстыруы қазақ ақын-жырауларының аузына бөрілі менің байрағым... деген жолдарды салса, қарапайым халық арасында сол Көкбөрі рухына арналып жасалатын бәйге түрі - көкпар тарту жүргізілген [2].

Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, дін қоғамның құрылымын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге адамдардың үміті мен сенімін ортақ бір сенім күшіне бағыттай отырып, қоғам құрылымын нығайтады. Мұндай бірігу қызметі ритуалдарды орындау барысында жүзеге асады. Мысалы, тотемизм таралған тайпалардың арасында тотем болып саналатын өсімдік немесе жануарды тұтынуға арнайы ритуалдарды орындау кезінде ғана рұқсат етілген. Қасиетті құпияларға толы христиандық ритуалдар да осындай принциптерге негізделген. Нан және шарап - өзінше тотем. Олар Христостың қаны мен тәнінің символы. Осы тәріздес ритуалдар сенуші топтардың құндылықтарын қолдайды және олардың негізгі нормаларының бұзылуына жол бермейді [1].

Э. Дюркгеймнің дін теориясында, біріншіден қоғам адамдық тәжірибені нығай- тады. Екіншіден, адамдар сыртқы күштердің әсерін түсіндіруге жауап іздейді. Бұл қоғам- ның құрылымына сәйкес келетін діннің қалыптасуына әкеледі. Дюркгейм бойынша, діннің негізгі белгісі - қасиетті объектілерге бағытталған, қоғамдық келісім күшін жинайтын, ұжымдық сананы қолдайтын және оларға өмірге қажетті сенімді ұялататын ол - ритуалдарды орындау деген. Қоғам бір мезетте әрі Құдай, әрі сенуші болып табылады. Діндегі басты нәрсе - догматикалық бөлік емес, керісінше ритуалдарды ұжымдық орындау түріндегі діни іс-әрекет.

Ритуал - әлеуметтік реттелген, рәмізделген жүріс-тұрыстың тарихи қалыптасқан бітімі.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүр ұғымдары ритуал түсінігімен тығыз байланысты. Ритуалды, оның мәнін анықтау күрделі мәселе болып табылады. Оның көптеген анықтамалары бар. Зерттеушілердің басым көпшілігі ритуалға анықтама бергенде, оны діни жүріс-тұрысты білдіретін категория ретінде түсінуден бастайды. Мысалы, Э. Дюркгейм ритуалды адам өзін қасиетті объектілермен қатынаста қалай ұстау керек екендігін айқындайтын жүріс-тұрыс ережелері деп санайды. Дюркгейм ритуалды тыйым салынған объектілермен байланыстарын негативті, ал құрбандық шалу, ата-баба аруағына табыну, күнәсін өтеу сияқтылармен байланыстыларын позитивті деп бөлген. Ритуалдың сұрыптамасын жасады. Ол ритуалды әлеуметтік қызметі ұжымдық сезімді күшейту, әлеуметтік бірлікті қолдау деп санады. Осындай анықтамалар ритуалды адам әрекетінің сакральды (құпия) аймағына (күнделікті тұрмыстан бөлек) жатқызады. Малиновский ритуалдың қатарына тек діни тәжірибені ғана емес, мистикалық түсініктермен байланысқан магиялық тәжірибені де жатқызды. 19-20 ғғ. бірінші жартысында ритуалды зерттеуде ритуал мен миф арақатынасы мәселесі үлкен орын алды. Антропологтардың қайсыбіреулері ритуал алғашқы, алмифоныңтұрақтануы, онытүсіндіру, рационализациялануы деп санаса (Фрейзер, Лич, Робертсон-Смит), ал басқалары миф алғашқы деп санайды (Тайлор, Малиновский, Гуди). Қазір ритуал мен мифті бір рәміздің көрініс табуының екі түрлі бітімі деп қарастырады. Олар бір уақытта және өзара байланыста болады. Ритуал рәмізін француз әлеуметтану мектебінің структуралистік бағытының өкілдері зерттеді. Мысалы, Леви-Строс структуралық лингвистика тәсілдерін қолдана отырып, ритуалды тіл немесе таңбалық жүйе ретінде зерттеді. Лич ритуалды сакральдылық (құпиялылық) аймағына шығу ретінде қарастырды. Онда күнделікті тұрмыс нормалары өз маңызын жоғалтады. Ол ритуалдық актілер мен әдеттегі іс-қимылдардың аражігін ашу өте қиын, өйткені әр қимылдың практикалық, аспаптық және ритуалдық аспектілері бар деп санайды. Яғни әрбір іс-қимылдың ритуалдық өлшемі бар. Э. Гоффман қазіргі кездегі ритуалды қарастырып, олардан діни табынушылықпен байланысқан өткен уақыттағы ритуалды сакральдандыру адам тұлғасына да таралғанын, себебі қазір адам тұлғасының өзі қасиетті объектіге айналғанын көреді. Оларды табиғи ритуалдар - сәлемдесу, этикет, әңгімелесу, сөйлесу ритуалдары деп атайды. К. Лоренц ритуалды жүріс-тұрыс үлгілері ретінде қарастырады. Олар, негізінен, коммуникативтік қызмет, сондай-ақ бақылау, топты біріктіру, мәдени рәміздерді қалыптастыру қызметтерін атқарады. Қазіргі заманғы орыс ғалымы В. Топоров архаикалық ритуал табиғатын талдап: ритуал - бұл ұжымдық іс-қимыл. Ол әу бастан табиғат ырғағының заңдылықтарына бағынып, кейіннен адамдардың алғашқы әлеуметтік топтарының әлеуметтік ырғағын қалыптастырды деген қорытындыға келеді. Ритуал барлық ұжымдық және қоғамдық жүріс-тұрысты реттейді, оған мән-мағына және мақсаттық сипат береді. Ритуал әртүрлі қызметтер: діни-құқықтық (мораль, заң, тәртіп), қорғаныс (қауіпсіздік, әскери) және шаруашылық-экономикалық (еңбек) қызметтерін атқарады [2].

Зигмунд Фрейд, діннің басқа да қызметін көрсеткен. Оның пікірі бойынша, дін - адамдарды бала кезінен бойынан өткізіп келген қорғансыздық қорқынышынан сақтайды. Осындай қорқыныштан сақтанудың жолын бала атаанасынан тапса, сол сияқты үлкендер оның жауабын сүйікті жаратушыдан табуға тырысады. Оның ойынша, діни түсінік - ол әлеуметтік иллюзиялар. Адамдар материалдық табиғатқа қарамақайшы өздерінің психологиялық қажеттіліктерге бағытталып өмір сүріп жатқандығын түсінсе, бұл иллюзиялар сейілер еді дейді.

Қайшылық теориясының жақтастары, дін - бұл әлеуметтік өзгерістерге шыңдайтын күш деп түсіндіреді. Діндегі ыдырау қоғамды радикалды түрде өзгертуі мүмкін. Бұған Ирандағы жағдай дәлел бола алады, мұсылман шиитер аятолла Хомейннің басшылығымен Иран шах үкіметін құлатып, ирандықтардың күнделікті өмірін мұсылмандық сенім ережесіне сәйкес ұйымдастырып көруді жасады. Діннің қоғамға әсерін тарихи талдау М. Вебердің классикалық зерттеуінде берілген. Кальвинизмнің етек алуы неміс ғалымының қызығушылығын оятты. Кальвинизм сенімі өзге діндерден адам тағдырының алдын ала анықталатындығын тұжырымдаумен ерекшеленді. Осыған сәйкес адам дүниеге келмей тұрып, оның рухы тыныштық таба ма, жоқ тозақ отында жана ма оны осы діни сенімде құдай шешеді. М. Вебердің еңбегінің басты идеясы - әр елдегі экономикалық өмір оларда қалыптастасқан діни-әдептік нормаларға тікелей байланысты өтеді. Вебер дінді, бір жағынан, мәдени жүйенің белгілерін (тұлға мен қоғамның құндылықтары, таңба мағыналары, рәміздері) бойына жинақтайтын әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырса; екінші жағынан, дін әлеуметтік әрекетке мазмұн және мағына беретін дербес құрылымға жатады. Әлемдік тарихты экономика шешеді деген Маркстің ерекше тұжырымына, Вебер, адамдар дүниесінде тұтыну емес, ақиқат, ізгілік және әсемдік билеуі керек деді. Вебер басқа да факторларды атап көрсетті, мысалы, әскери бюджеттің рөлі және тауарларды тұтынуға жоғары сұраныс өндірістің ұлғаюына ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік жаңа бетбұрыстар діни сенімнің өзгеруіне әкеледі, сондықтан қоғамның дінге ықпалы болады дегенді Вебер мойындаған. Протестанттық реформацияның әсерімен экономикалық құрылым өзгеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ қоғамның басқа да көптеген институттары: ғылым, құқық және білім беру де өзгерді. Кальвинизмнің ықпалынан пайда болған өзгерістер комплексі қоғамның әлеуметтік құрылысын қалыптастырды.

Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан, дін институты өзара байланысқан екі деңгейден тұратын жүйелік құрылысты көрсетеді: 1) құндылықты-нормативтік модель, өзіне қасиетті деп танылатын анықталған құбылыстар мен құралдар ортасына кіретін сенім жиынтықтары мен символдарын бекітеді; 2) діни нормалар мен сенімдердің барысында реттеліп және басқарылып отыратын, мінез-құлықтық үлгілердің құрылымы. Соңғысының шынайы көрінісі діни тәжірибенің түрлі аспектілерін бекітетін ұйымдардың әрекет етуі: сенушілердің моральдық қауымдастығы, дәстүрлер, ұстанымдар жіне т.б. Діннің құндылықты-нормативті деңгейі құлшылық етудің күрделі жиынтығын көрсетеді, яғни киелі мәтіндер мен жазбалар- да берілген құндылықтар, символдар. Мысалы, мұсылман дінінде құндылықтар мен білімнің көзі Құран болса, ал христиан дінінде Библия [2].

Діннің әлеуметтік қызметтері, негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт - дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін, құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни абсолютті күш деп түсіндіреді.

Екінші бағыт - бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге, ең алдымен, отбасының, оның мүшелері мен туған-туысқандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті, халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдетғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнегеөсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің - әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.

Үшінші бағыт - реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні
Діннің қоғамдағы маңызы
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Қоғам және дін
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Діннің әлеуметтік құрылымы
Дін - әлеуметтік өмірдің феномені
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер