Тұрмыс және үй шаруашылығы. Үй шаруашылығындағы әйелдің рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Тұрмыс және үй шаруашылығы.
Үй шаруашылығындағы әйелдің рөлі.
Эссе

6В01510 География Курс 1


Алматы қаласы 2020

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Үй шаруашылығындағы әйелдің рөлі.
Отбасындағы әйел орны.
Әйелге қатысты қазақ ырымдары.
Қорытынды

Кіріспе

Сөз басын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ, - деген пікірінен бастасақ. Рухани тарихымыздың тарғыл беттерін парақтасақ, қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен оның үстіне жүрек тербер қазақтың халық әндеріне, немесе мақал - мәтелдеріне бір сәт көңіл аударып көрелікші. Нені меңзеп нені айтар екен. Бұларда аналарға, қыздарға тән әрі тәрбиелік, әрі тағылымдық мәні ерекше толғамдар бар. Соларды саралай келе мынадай сөз үйірлерін байқадым. Қазақ қауымында әйел ананың баланың орны ерекше болған. Әйел адам отбасында тәлім тәрбие беруші, әсіресе қыз баласына. Ата - бабаларымыз қызды қонақ деп есептеген, анасы қызын барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Қыз - өріс, ұл - қоныс деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін дей отырып, Қызға қырық үйден тыйым жасайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге ролі де көзден таса болмайды. Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.
Өйткені әке - шеше айта алмаған сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс бітімі мен тәрбиесінің басы қасында аяулы жеңгелер жүреді. Сүйген жігіті мен екі арадағы әдепті қарым - қатынастың табиғи өрбуіне сеп болатын осы жеңгелер. Ата - ана қызынан еш нәрсені аямайды. Оның еш нәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазақ халқы қызды бетімен де жібермейді. Қызды қымтап ұстаған ұялмайды- дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан қыз бен жылқы жаудыке деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қарайды. Қызды күте алмаған күң етеді, жібекті түте алмаған жүн етеді мұның көбі, негізінен қыздың шешесіне байланысты дүниелер. Сондықтан, қыз көретін жігіттер, алдымен жеңгесі арқылы шешесінің қандай адам екенін анықтағысы келеді. Шешесі жаманның қызын алма, немесе шешесін көріп қызын ал деуге осындай мақсат бар.
Заманның бағыт бағдарына қарай мақал мәтелдер де түрленіп, өзгеріске түсіп отырады. Шешесі отырып, сөйлеген қыздан безін деп келе, қыздың жақсысын іздейді.

Әуелде әйел заты үй, отбасы-ошақ қасы шаруасына, ал ер адам ақша табуға жауапты деп бөлінген. Бұл ұстаным ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, ХІХ ғасырда өзгере бастады. Әйел теңсіздігі үшін күрес басталып, ең батыл деген қыз-келіншектер еркектерге қарсы шығып, өз мүмкіндіктерін шектемеуді талап етті. Ғылымда бұл бағытқа феминизм деген атау берілді. Ұзақ жылдар бойы мұндай әйелдер сынға ұшырап, халық жауымен тең болды. Дегенмен уақыт өте келе әйелдер қауымы теңдікке қол жеткізді. Сол кезден бері әйел заты кез келген мамандық иесі болуына мүмкіндік алды. Қазір кейбір ер адамдар төзе бермейтін ауыр жұмыстың өзін де әйел адамдар атқара беретін болды. Дегенмен тұрмысқа шыққан соң, өз қалауымен үйде қалып, жұмыстан бас тартатын әйелдер де аз емес. Олардың бұл кәсібінің қандай артықшылықтары бар?
1. Қазақ отбасында үйде отыратын әйел өте сыйлы, қадірі бар ана саналады. Себебі кешке үйінің адамдары келгенде үй іші таза, тамақ дайын болып тұрады.
2. Сүйікті телехикаясын көруге, өзіне қызықты бір нәрсемен айналысуына уақыт табылады. Бұл орайда менің үйдегі шаруам да бастан асады, артық уақыт жоқ деген қарсы пікір туындауы мүмкін. Дегенмен әйелдердің біразы қыруар шаруаға қарамастан өзіне қызықты іспен айналысып, бүкіл шаруаны тындыра алады. Бұл нағыз әйел затына тән қасиеттің бірі.
3. Күнімен үйінде болатындықтан, таңертең оятқыштың шырылына шошып оянып, асығыс-үсігіс жұмысқа жиналудың қажеті жоқ. Дікеңдеп тұрған бастықтары жоқ. Бәсекелесетін қарсыластары жоқ.
4. Жұмыс істемейтін аналар баланың тәрбиесіне көбірек уақыт бөле алады. Сонымен қатар статистикалық мәлімет бойынша, үйде отыратын аналардың жасөспірім балалары дұрыс тәрбиеленіп, өз-өзіне сенімді болып өседі екен.
5. Күнімен үйде отыратындықтан, жаңа рецепт бойынша әртүрлі дәмді тағамдар жасауға мүмкіндігі бар. Кешкісін үйге шаршап келген жұбайы тағамға толы дастарқан мен көңіл-күйі көтеріңкі әйелін көріп риза болары сөзсіз.
6. Арасында қолыңыз босағанда анаңызға, құрбыларыңызға телефон шалып, хабар алуға уақытыңыз бар. Ал жұмысбасты әйелдер үйіне шаршап келіп, асығыс тамақ жасап, ас үйін жуып-тазалап, бірден ұйықтап қалады.

Ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үй шаруашылығындағы әйелдің рөлі
Гендерлік теңсіздік
Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
Қолөнер атауларының семантикасы
Отбасы әлеуметтануы пәнінен лекциялар жиыны
Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы
Ежелгі Вавилон мемлекетінің дамуы
Қазақстан Республикасында әйел жұмыс күші нарығындағы жағдайды талдау және оның негізгі индикаторларының динамикасы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Пәндер