Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан


АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан
Мамандық:0301000 - «Емдеу ісі»
Біліктілігі:0301013 - «Фельдшер»
107 топ (2 курс) студенті
Мұратова Назеркем Мұратқызы
Тексерген:Айдынғалиев Талғат
Атырау, 2020
Республиканың егемендігі мен ұлттық тәуелсіздігі мәселесі 1986 жылғы желтоқсан айында алдыңғы қатарға шығып, бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп дүниежүзілік саяси жүйедегі өзгерістердің бастауы болғаны тарихтан мәлім. Кеңес Одағының ыдырауы мен одақтас республикалардың қайта құрылуы нәтижесінде қалыптасқан президенттік институт жетекші саяси жүйеге айналып, жаңа мемлекеттіліктің іргетасы қаланды. Осылайша, қоғамдық дамуды бағыттауға қабілетті бірыңғай мемлекеттік билік қалыптасады. «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде Жоғарғы Кеңес сессиясында ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан мемлекетті басқаруға қатысып, бірқатар басшылық қызметтерді атқарған, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін 1989 жылғы маусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы лауазымына, содан соң 1990 жылғы 24 сәуірде ҚКСР тұңғыш Президенті болып сайланған, тұлғасы аса танымал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа елді басқару жауапкершілігі жүктелді. Бұл міндеті жайлы Елбасы: «Бізге төніп тұрған дағдарыстың бұлтын халқымның даналығына, еңбекқорлығына арқа сүйей отырып серпіп тастауға менің білім-білігім де, күш-қайратым да жетеді. Елімізде жүріп жатқан жаңғыруларды жалғастыруға, елімізді көркеюге және біздің әрқайсымызды игілікке жеткізетін жолға мемлекетімізді алып шығуға менің тәжірибем де, ерік-жігерім де жетеді. Мен өз тағдырымды халқымның тағдырынан бөлек қарап көрген емеспін . . . Мен осы елдің жолында бәйгеге басымды тіккен адаммын. Ол жолда ештеңеден тайынбаймын да, ештеңемді аянбаймын да. Қазақстанның елдігін, көпұлтты Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та жоқ менде, арман да жоқ менде», - деп, өз тағдырын елдің арман-мұратымен ажырамас бірлікте қарастыратынын атап көрсете отырып, тарихымыздың сол кезеңінде атқарылған істерге: «Біздің алдымызда тәуелсіз, демократиялық, нарықты экономикалық мемлекет құрудың дап-дайын тұрған тәжірибесі болған жоқ. Мен де мемлекеттің қалай құрылатынын бірден біле қалған жоқпын. Біз адамзат тарихындағы өсу мен өркендеудің, даму мен болашаққа ұмтылудың . . . қадамын бастадық . . . Біз өз мемлекеттілігіміздің іргетасын жаңадан бастап қалап, оның барлық болмыс-бітімін дер кезінде кезең-кезеңімен қалыптастыра, осы жолда үйрене отырып, тарихи жетістіктерге қол жеткізе білдік», - деп баға берді.
Тәуелсіздікті орнату мен орнықтыру бағытындағы Қазақстанның ішкі саясатындағы тарихи маңызды оқиғалардың алғашқылары 1988 жылы Қазақ КСР Компартиясының Орталық комитетінің 1920-1950-ші жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары болған белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерін ақтау туралы қаулысы және 1989 жылғы қыркүйектің 22-сінде қабылданған «Тіл туралы» Заңы болғанын атап өткен жөн. 1990 жылғы наурыз айында өткізілген Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутаттарды жаңа демократиялық қағидаттар негізінде сайлау елдегі демократиялық үрдістердің басталуына жол ашты. Сонымен қатар қазақстандық қоғамда әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мемлекеттік-құқықтық әдістерді қолдану арқылы бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру, ол үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кең көлемде кепілдік беру үшін қажетті жағдай жасау алдыңғы орынға шығады. Қоғамдық келісімге қол жеткізуде мемлекеттік билік тармақтарының бірлесе отырып іс-қимыл жасау тетіктері конституциялық деңгейде қалыптасты.
1990 жылғы 25-қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны» қабылдау арқылы бүкіл әлемге Қазақстанның егемендігі жарияланды. Республика Конституциясының негізін қалаған тұңғыш заң актісі болып табылатын бұл Декларацияда Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет болып табылатындығы жарияланды. Сондай-ақ, алғаш рет Қазақстанның өз экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетіне, табиғи қорына меншік құқығы белгіленді және Қазақстан Декларацияда белгіленген заң нормалары шеңберінде егемен мемлекет ретінде республика мәртебесін іске асыратын жаңа Конституция мен басқа да заңдық-құққықтық актілерді әзірлеу өкілеттігіне ие болды. Қазіргі кезеңде 25-ші қазан Қазақстан Республикасы күні ретінде аталып өтуде.
Қазақстан Республикасының егемендік алып, әрі қарай тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде қалыптасып-дамуы қиын жағдайлармен ұштасты. Көптеген аймақтарда әлеуметтік-демографиялық және саяси-экономикалық тұрақсыздық белең алды. Әлемдік кеңістікте жаһандық қауіпсіздікті сақтауда ядролық қаруды таратпау мәселесі - Қазақстан Республикасы саясатының аса маңызды бағыты болды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өзара халықаралық міндеттемелерінің қатарында ядролық қаруды таратпау және оған қатаң қадағалау орнату болды. БҰҰ-ның 1975 жылғы 11 желтоқсандағы № 3472 В қарарында: «Ядролық қарудан азат аймақ деп таныған мемлекеттердің кез келген топтары өздерінің егемендігін конвенция немесе шарттың күшіне сәйкес еркін жүзеге асыру жағдайында құрған кез келген аймақ саналады және ядролық қарудың мүлдем болмауы туралы мәртебе белгіленеді . . . », - делінген. Соған сәйкес, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы 29-тамыздағы Жарлығымен Қазақстандағы Семей ядролық сынақ алаңы жабылды. Бұл күні - адамзаттың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қырық жыл бойы төніп келген қауіпке тосқауыл қойылған болатын. Қазақстан дүние жүзінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тарту арқылы жаһандық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, Жер бетіндегі бейбітшілік ісіне теңдесі жоқ үлес қосты. Елбасы елімізді дамыту стратегиясында бұл мәселеге байланысты: «Қазақстан . . . бірінші кезекте ядролық қаруларды болашақта толық жою мақсатымен қысқартуға, қолдануға және оны жасауға жәрдемдесетін материалдар мен технологияларды сыртқа шығаруға жол бермеуге қол жеткізе беретін болады», - деп атап өтті.
Н. Ә. Назарбаевтың 1991 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында одақтас республикалар тең құқылы мемлекеттер ретінде достық одағын құруы туралы ұсынысы іске асырылып, Кеңес Одағы республикаларын егеменді мемлекеттер одағы ретінде қайта құру реформасы дайындала бастады. 1991 жылғы қыркүйек айында Алматы қаласында өткен Төтенше съезде Қазақстан Коммунистік партиясы қызметінің тоқтатылғандығы жарияланып, сол жылы 1 қазанда Н. Ә. Назарбаев бастамасымен Алматы қаласында КСРО құрамында болған 13 республика өкілдерінің кездесуінде 8 мемлекеттің, яғни Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстанның өкілдері өзара экономикалық байланыс туралы келісім-шартқа қол қойды.
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1991 жылғы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Азия кеңістігінде Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) үлгісімен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) құруды ұсынды. 1991 жылғы 8-желтоқсанда Белоруссияның Минск қаласында Ресей, Беларусь, Украин президенттері «Тәуелсіз Мемлекеттер Досастығын құру туралы» Беловежск келісіміне қол қойғаннан кейін Орта Азия және Қазақстан мемлекет басшылары Ашхабадта 13-желтоқсандағы кездесуде Беловежск келісімін талқылап, бұрынғы бірыңғай Одақтың орнына тең құқылық мәртебесі бар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға дайын екенін мәлімдеді. ТМД-на мүше болған мемлекеттер ішкі, саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелерін дербес шешетін әскери, сыртқы және т. б. аса маңызды халықаралық мәселелерді ортақ негізде бірлесе отырып шешуді ұйғарды. Бүкілхалықтық Президент сайлауын алғашқы рет 1991 ж. 1-желтоқсанда өткізу нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев ҚКСР Президенті лауазымына сайланып, 10-желтоқсан күні қызметін атқара бастады. Сонымен қатар Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды, ал желтоқсанның 16-сы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңында Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды. Қазіргі кезеңде бұл күн Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ретінде аталып өтуде. Бұл бастама БҰҰ тарапынан қолдау тауып, бүкілдүниежүзілік ауқымда іске асырылды. Осы шешімге сәйкес 1991 жылғы 16-желтоқсанда Республика Жоғарғы кеңесінің 7-ші сессиясында Парламент депутаттарының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңын қабылдауы нәтижесінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді және тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет деп жарияланды. 1991 жылғы 21-желтоқсанда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ұсынысымен Алматы қаласында 11 республиканың басшылары қатысқан кездесуде Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттері тең құқылық қағидатына негізделетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім хаттамасы мен «Алматы Декларациясын» қабылдады. Аталған Декларацияда жаңадан құрылған ТМД мемлекеттерінің «арасындағы қарым-қатынастар әрбір елдің мемлекеттігін тану және құрметтеу, өзін-өзі билеу құқығының бұлжымастығы, тең құқылық және ішкі істеріне қол сұқпау ұстанымы, күш қолдану мен күшпен қоқан-лоққы жасаудан, экономикалық қысым жасау әдістерінен бас тарту, дауларды шешу, адам құқы мен еркіндігін, соның ішінде аз ұлттардың да құқығын құрметтеу, халықаралық құқық нормалары мен талаптарын адал орындау негізінде дамиды», - деп атап көрсетілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz