Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі


Ізбасханқызы Мерей МИ 19-11
Семинар 8: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
1 Тәрбиенің түрлері, әдістері және құралдары, Рухани жаңғыру және ұлттық тәрбие,
Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері
2 Тәрбие үрдісінің заңдылықтары, Тәрбие гуманизациясы
3 Тәрбие әдістерінің жіктелуі; Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина жәнеВ. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.
Адамгершілік тәрбиесі-оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағыбіліммен қаруландырады. Оқушылар оларды жаттау ғана емес оқу, тәрбие еңбек процесінде іске асыруы қажет. Содан барып адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қежеттілік ретінде де маңызды болып саналады.
Қоғамдық құндылықтарға адам, отбасы, еңбек, білім, Отан, жер бетіндегі бейбітшілік т. б. жатады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға бағыт ұстайды, осындай алғашқы құндылықтарды мектептің мүмкіндігі мен оқушының бейімдімділігінеқарай кез-келген бағыт шеңберінде қалыптастыруға болады.
Адам - ең әуелі адамгершілігі мен парасатының биіктігімен көрікті.
Адам мәдениеті неғұрылым жоғары болса, оның айналадағылары мен қарым-қатынасы қарапайым, адамгершілік тәрбиесі-оқушыларды адамгершілікұғымды, прициптерді мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Оқушылар оларды жаттау ғана емес-оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асыруы қажет. Содан барып адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік тәрбиесіндегі құндылық қоғамның мүшесі ретінде де, жеке тұлғаға қажеттілік ретінде де маңыздыболып саналады.
Қоғамдық құндылық әрі сыпайы бола түседі.
Адамгершілік қатынастар белгілі бір моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдық негізігі міндеті адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында адамгершілік әдеп сақатау, қатынастарымен қалыптастыру, сөйтіп адам мен қоғам арасындағы қатынастыреттеу болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдері мен жағымдымінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесі адамның дүниеге, басқа адамдарға, оның адамгершілік мінез-құлқына қатынасын білдіреді.
Ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу үзіліссіз үрдіс болғандықтан, ол болашаққа бағытталуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz