Сөзжасам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Сөзжасам - лингвистика ғылымында жеке сала ретінде кеш танылып, кенже дамып, қалыптасып, жетіліп келе жатқан сала. Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі бұрын грамматиканың морфология саласында, кейбір мәселелері лексикология саласында қарастырылып келсе, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғынан бастап сөзжасам жеке сала ретінде зерттеле бастады. Қандай да бір ғылым саласы болмасын, оның қалыптасу, даму кезеңдері болатыны сияқты, сөзжасамның да өзіндік зерттелу тарихы бар. Талай ғылыми еңбектерге арқау болған сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, қалыптаса келе, қазіргі күрделі жүйелі дәрежеге жеткен. Тіл біліміндегі зерттеу еңбектерге сүйенсек, жалпы сөзжасам мәселесінің алғаш көтерілуі ХІ ғасырдан (Махмуд Қашқаридың Диуани-лұғат ат-түрк (ХІ), Ибн Муханнаның Китаб таржуман фарсы ва тюрки ва моголи (ХІV ғ.) т.б. еңбектерден ) басталады. Бұл кезеңдерде жазылған еңбектерде алғаш рет сөздердің құрамы жасалу жолына қарай қарастырылып, сөзжасам қосымшалары туралы мағлұмат берілсе, Қазан төңкерісіне дейінгі грамматикаларда сөзжасам тәсілдері (аффикстік және бірігу, қосарлану тәсілдері) туралы, ХХ ғасырдың І жартысында жарық көрген еңбектерде сөзжасам морфологияда қарастырылып, түркі тілдерінде жаңа сөз жасаудың жолдары (тәсілдері) одан әрі жалғасын тауып, жетілдіріліп отырды. Өткен ғасырдағы түркологиялық еңбектерде бастамасы жасалған сөзжасам мәселелерінің жеке түркі тілдерінде арнайы зерттеле бастауы 50 -ші жылдардан басталады. Жалпы, бұл кезеңдерде жазылған еңбектерде сөзжасам мәселелері әр сөз табының аясында қарастырылып, онда сөзжасамдық аффикстер (өнімді, өнімсіз, құнарлы, құнарсыз), сөзжасамдық тәсілдер (синтетикалық, аналитикалық, фонетикалық т.б.) одан әрі жан-жақты зерттелді. Ал, сөзжасамның өз алдына жеке сала ретінде өзіндік зерттеу нысаны мен оның басқа салалардан ерекшелігінің зерттелуі А.А.Юлдашевтің, Э.В.Севортянның, Ф.А.Ганиевтің, В.В.Виноградовтың, Г.О.Винокурдың, Е.С.Кубрякованың, Е.А.Земскаяның т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Қазақ тілінің сөзжасамына қатысты мәселелер ең алдымен орыс зерттеушілері П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Катаринскийдің, Н.И.Ильминскийдің еңбектерінде (ХІХ ғ.) қарастырылып, алғаш рет сөз таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау сияқты сөзжасам мәселелері сөз болды. Ал ана тілімізде бұл мәселенің қарастырылуы Ахмет Байтұрсынұлының (Тіл - құрал(1914 )), Қ.Жұбановтың (Қазақ тілінің грамматикасы (1936 )) еңбектерімен тығыз байланысты. Осы қазақ тіл білімінің бастау көздерінің өзінде сөздердің тұлғасы, сөзжасамдық жұрнақтар, күрделі сөздер мәселесі көтерілгені белгілі. Бұдан кейінгі зерттеулерде (Қ.Басымов, С.Кеңесбаев, И.Ұйықбаев, И.Маманов, А.Ысқақов т.б.) сөз таптарының сөзжасам мәселелері, аффикстердің қызметі, мағыналары, қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, сөзжасамның әр түрлі аспектілері диссерттациялардың зерттеу нысанына айналды. Белгілі ғалым Ә.Төлеуов есімдердің сөзжасам жүйесін, А.Қалыбаева (Хасенова) етістіктен сөз жасау жүйесін, Д.Түнғатаров омонимдік аффикстерді, Ж.Манкеева етістіктердің жасалуын, Н.Оралбаева сан есімнің сөзжасам жүйесін, Ө.Айтбаев терминдер сөзжасамын (терминдердің жасалуындағы негізгі амал-тәсілдер мен қалыптарды) қарастырса, сөз тудырушы қосымшаларды тарихи тұрғыдан зерттеуге Ғ.Айдаров, А.Есенқұлов, Т.Томанов, Т.Қордабаев, Ғ.Қалиев, Р.Сыздықова, С.Исаев, Ә.Ибатов т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты. Сонымен, түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде ғалымдардың жан-жақты зерттеулеріне негіз болған сөзжасам жүйесі 1989 жылы алғаш рет өз алдына жеке сала ретінде қарастырылып, арнайы монография ретінде профессор Н.Оралбаеваның редакторлығымен жарық көрді. Ұжымдық еңбек Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі деп аталып, онда қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесінің жалпы теориялық мәселелері, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық үлгі және сөзжасам тәсілдері мен сөзжасамның сөз таптарына қатысы ғылыми негізде сөз болып, әлі де ашылмаған зерттеуді қажет ететін мәселелерге нұсқау жасау бағытын анықтап берді деуге болады.
Сонымен, түркологияда және қазақ тіл білімінде өзіндік тарихы бар сөзжасамның зерттелуін мынадай кезеңдерге топтастырылуын көрсетуге болады:
1) ХІХ ғасырға дейінгі кезең. Сөзжасам қосымшалары туралы ілімнің негізі қалануы;
2) ХІХ ғасырдың басынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Сөзжасам тәсілдері туралы алғашқы зерттеулердің жарық көруі;
3) ХІХ ғасырдың І жартысында көптеген ғылыми грамматиканың жарық көріп, сөзжасамның морфологияның бір элементі ретінде қарастырылуы;
4) 1950 жылдардан кейінгі кезең. Негізінен морфологияда қарастырылғанымен, сөзжасамның өзіндік қасиеттерінің (өнімді, өнімсіз, құнарлы, құнарсыздығы) зерттелуі, дербес сала ретінде арнайы зерттеу нысанына айналуы, тарихи тұрғыдан зерттеле бастауы 1,5-11.
5) 1989 жылдан бергі кезең.
Сөзжасам өз алдына жеке сала ретінде танылған кезеңнен (1989) бастап, бүгінгі күнге дейін әр қырынан қарастырылып келеді. Оның әр түрлі теориялық мәселелерін және оны пән ретінде оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесін айқындайтын қомақты ғылыми еңбектер дүниеге келді. Мәселен, З.Бейсембаеваның Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамның кейбір мәселелері (1990) атты еңбегінде сөзжасамды зерттеудегі жаңа аспектілер, Ж.Отарбекованың Сөзжасам мәселелері және оның түркологияда зерттелуі атты мақаласында түркологиядағы сөзжасамның зерттелу кезеңдері (1996), С.Исаевтың Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты (1998) деген еңбегінде сөзжасамның мағыналық қырлары мен теориялық мәселелері, А.Салқынбайдың Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект) (1999) атты монографиясында сөз жасаудың тарихи қалыптасқан кешенді жүйесі, Б.Қасымның Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негізі (2002) атты докторлық диссертациясында туынды лексикалық бірліктердің (аталымның) уәждеме және уәжділік мәселелері арнайы сөз болады. Сөзжасамның теориялық бірліктері де қазіргі кезде өз алдына жеке зерттеу нысанына айналды. Мысалы, Н.Қоқышеваның кандидаттық диссертациясы сөзжасамдық ұялардың сатыларындағы туынды сөздерге (2001), Б.Есімсейтовтың кандидаттық жұмысы сөзжасамдық тізбек мәселесіне (2002), К.Құрманәлиевтың докторлық диссертациясы қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мәселесіне (2002), Д.Қуандықованың ғылыми жұмысы етістікті сөзжасамдық ұяның семантикалық сипатына (2005) т.б. ғалымдардың еңбектері арналады. Кейінгі кезде сөз тіркестерінің туынды мағыналы сөз жасауға қатысы туралы мәселеге арналған ғылыми еңбектер жарық көрді. Мәселен, Ж.Әуелбекованың зерттеу жұмысы қабыса байланысқан сөз тіркестерінің лексикалану семантикасына (2006) т.б. арналады. Диалектілердің сөзжасамға қатысы мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Диалектологтардың ішінде сөзжасамды арнайы зерттеген ғалымдардан Ғ.Қалиевтің Қазақ говорларындағы сөзжасам атты докторлық диссертациясын (1989), Г.Жексембаеваның Кірме сөздердің қазақ тіліндегі сөз тудыру процесіне қатысы туралы мақаласын (Мақалалар жинағы, 1985) атау орынды. Сөзжасамды жоғары оқу орындарының студенттеріне оқыту мәселесіне арналған еңбектер де баршылық. Мысалы, Н.Оралбаеваның Қазақ тілінің сөзжасамы атты оқулығы (2002), А.Салқынбайдың Қазақ тілі сөзжасамы атты оқу құралы (2003) т.б. Осы уақытқа дейін сөзжасам саласы бойынша біраз жұмыстар атқарылып келді. Десекте, бұл салада әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселелер баршылық. Мәселен, сөзжасам жүйесінің тілдік деңгейлерге қатысы, тілдік қабаттан алатын орны, тілдік бірліктері т.б.
Фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем ғылыми жұртшылыққа кеңінен таныс, тіл-тілдерде ұшырасатын тілдік бірліктер болып табылады. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның тілдік бірлігі және оның тілдік деңгейге қатысы туралы көзқарасын ғалым З.Бейсембаева былай деп білдіреді: ... сөзжасамның единицасы - туынды сөз. Туынды сөз дайын атау ретінде лексиканың, түбір және қосымша морфемадан құралатындықтан (синтетикалық тәсіл) морфологияның мазмұнына еніп кетеді. Сондықтан тек өзіне ғана тән единица болмағандықтан, сөзжасамды тілдік деңгейден көре алмаймыз. Осыған орай сөзжасамды лексика мен морфологияның арасынан орын алатын аралық деңгейге жатқызамыз 2,94. Э.В.Севортянның Грамматикалық типтегі сөзжасамның сөздікке бағынышты бола отырып, оған қызмет етуі, дегенмен, грамматикалық амал-тәсілдер арқылы іске асып отырады. Сөзжасамның мұндай өзгешелігі оның тілдің құрамды бөлімдері - грамматикалық құбылыс пен негізгі сөздік қордың арасында алатын орны ерекше екенін көрсетеді 3,17 деген пікірі де сөзжасамның өзіндік сипатын аңғартады. Ғалым А.Салқынбай: Егер тарихи фонетикада олардың дыбыстық мәні, фонемалық сипаты, жіктелу жағдайы әңгімеленсе, лексикология сөзді даяр қалпында зерттейтіндіктен, сөзжасамдық жаңа мағыналы нәтиженің даму жолы мен жүйесін сипаттайды. Демек, фонетика мен лексикология арасында сөзжасам саласы аралық буын ретінде тіл дамуына қызмет етеді 4,149 - деп көрсетеді.
Сөзжасам жаңа сөз жасаушы, туынды тұлға туғызушы процесс болғандықтан, тілдің барлық деңгейлерімен байланысқа түседі. Өйткені Біріншіден, тілде бір-бірімен байланыспайтын, байланысты керек етпейтін ешбір тілдік құбылыс жоқ. Екіншіден, әр тілдің сөзтудырым жүйесі соңғы кезге дейін морфологияның, кейде лексикологияның құрамында қаралуы олардың байланысына негізделгенін естен шығаруға болмайды 5,6. Мәселен, сөзжасам мен морфологияның тығыз байланыста болатын себебі екеуі де сөздің құрамын зерттейді. Морфология сөздің құрамын түбір және қосымша морфемаларға, яғни сөз түрлендіруші тұлғаларға ажыратып, лексикалық және грамматикалық мағыналарын зерттесе, сөзжасам туынды сөздің құрамын негіз сөз және сөз тудырушы тұлғаға ажыратып, сөзжасамдық мағынасын қарастырады. Демек, морфология туынды сөзді сөз табына қатысына қарай қарастырса, сөзжасам туынды сөзді жасалу тәсіліне, типіне, үлгісіне, өнімді, өнімсіздігіне т.б. ерекшеліктеріне қарай зерттейді. Тілдің даму барысында сөз таптарының бір-біріне ауысуы, яғни конверсиялық тәсіл арқылы жаңа сөздердің жасалуы морфология мен сөзжасамның байланысын көрсетеді. Сөзжасам амал-тәсілдер арқылы жаңа (туынды) сөз жасап, тілдің сөздік құрамын байыту, толықтыру жағынан лексикологиямен байланысады. Яғни, туынды сөз жасалғаннан кейін, ол лексикологияның нысанына айналып, сөздік құрамға енеді. Лексикология - тілдің қазіргі кездегі сөздік құрамының жағдайын және тарихи қалыптасу аспектісін зерттейтін тілдің өз алдына жеке бір саласы. Сөзжасам морфология мен лексикологиядан басқа сондай-ақ, тіл білімінің фонетика, синтаксис, стилистика т.б. салаларымен де тығыз қарым-қатынаста болады. Сөзжасамның фонетикамен байланысын мынадан көруге болады: тілдің тарихи даму барысында дыбыстардың алмасуы мен сәйкестігі нәтижесінде сөздердің тұлғалық жағынан өзгерістерге түсіп, жаңа мағынаның жасалуы сөзжасам процесі негізінде болатын құбылыс. Мысалы, тон - тоң, өс - өш т.б. Сонымен қатар, негіз сөзге сөз тудырушы тұлғалардың фонетикалық заңдылықтар бойынша жалғануын морфонология саласы қарастырады. Яғни, сөзжасам өзінің сөз тудырушы жұрнақтарының қолданылуы арқылы тілдің фонетика, морфонология салаларымен байланысады. Ал, сөз тіркестерінің лексикалану процесі негізінде күрделі сөздерге ауысуы, тілдегі сөз таптары сияқты, сөйлем мүшелері де сөйлемде жұмсалу ыңғайына қарай бір-бірінің орнына ауысып қолданылуы немесе сөздердің тұрақталған позициясынан басқа функцияда жиі қолданылуы негізінде туынды сөздің қалыптасуы синтаксис пен сөзжасамның байланысын көрсетеді. Сөзжасам жаңа сөздің жасалуы - жаңа мағынаның тууы жағынан семасиологиямен, жаңа сөздің тілдің стильдік жүйесіне қатысы жағынан стилистикамен байланысын көрсетеді. Сонымен, сөзжасам тілдік деңгейлердің барлығымен байланысып, өзара бірлікте өмір сүреді. Тілдік деңгейлер өзара байланыста, қарым-қатынаста бола тұра, олар өзінің зерттеу нысанасы арқылы бір-бірінен ерекшеленіп, дербестігін сақтайды. Сөзжасам тілдік деңгейлермен қарым-қатынаста болумен қатар, ол барлық тілдік деңгейлерді бір-бірімен байланыстырып, аралық процесс ретінде тілдің дамуына қызмет етеді. Өйткені, сөзжасамдық (фонетика-семантикалық, семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантикалық) тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің сөз табына қатысы, атқаратын қызметі сөзжасам процесінен кейін айқындалып қалыптасады.
Тіл білімінің әртүрлі саласының құрамында қарастырылып келген сөзжасам мәселелерін ғылымда жеке сала деп тану, оның тіл қабатынан алатын орнын, өзіндік нысанын, өзіне тән әдіс-тәсілдерін, мақсатын айқындау, ғылыми айналымға түсіру, дәлелдеу барысында көптеген жұмыстар атқарылып келді. Сонымен қатар, сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы кейбір тілдік құбылыстарды қайта қарап, жаңадан пайда болған көзқарастар мен теориялардың негізінде тағы да бір ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелердің бар екенін көрсетеді.
Сөзжасам жаңа сөз жасаушы, туынды мағына туғызушы процесс ретінде тілдің дамуын қамтамасыз етіп, барлық кезеңде үнемі болып отыратын тарихи-жалғаспалы құбылыс болғандықтан, бұл салада ізденістер, зерттеулер әлі де жүре бермек.
----------------------------------- -------
1. Отарбекова Ж.К. Сөзжасам мәселелері және оның түркологияда зерттелуі Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. А., 1996. №1, 5-11 б.
2. Бейсембаева З. Сөзжасамның тіл деңгейіне қатысы Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы (халықаралық ғылыми-практикалық конферен. матер.). А., 2001.
3. Севортян Э.В. Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке. М., 1962.
4. Сақынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект). А., 1999.
5. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 1989.
Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық зандылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тіл-дің сөзжасам жүйесін зерттейді.Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі ті-лінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жагқан тілдік құбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінін ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Қөне жазба ескерткіштер тілінде негізгі тұбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуң түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды (күн-түз, Темірқапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөз-дің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жуйесіне жатады: (қат, 1) қабат, к,атар, 2) жеміс, 3) жануардық аты, 4) щату, 5) араластыру). Келтірілген мысалдар көне туркі тілінде сөзжасамның сиитетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.
Ғ. Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің турлілігін, оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады1. Сонымен бірге ол көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның қазіргі тірі формаларының бәрі дерлік барын және өлі формалардың да кездесетінін айтады.Бұдан тілдің сөзжасам жуйесі көне құбылыстарға жататыны анық байқалады. Өйткені сөз жасаушы элементтер, сөз жасаудың тәсілдері, модельдері кунде құбыла-тын, кунде жаңаратын құбылыстар емес. Алайда сөзжасам жуйесі тілдің даму процесінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жуйесінде де өзгеріс болады, бірақ ол өте баяу болады және ол көбіне тілде бар модельдердің белгілі бір кезеңде активтенуі, не пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбір типтердің қолданудан шығуы сияқты өзгерістер ретінде болады. Мысалға көне жазба ескерткіштер тіліндегі туьшды сөздер санымен қазіргі тілдегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының экстралингвист-икалық факторларға қатысын былай койғанда, оның сөзжасам жуйесіне де тікелей қатысы бар.Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның син-тетикалық тәсілі болды, бірак әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазір де синтетика-лық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай, сөзжасам жуйесі жүрнақтар арқылы толыққан, бірақ сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын өте көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, мұндай дамудың өте баяулығын байқауға болады. Сөйтіп, тілдің сөзжасам жүйесінің сөзжасамдық жаңа элемент-Айдаров Г. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VIII века. Алма-Ата, 1971. С. 157 термен, әсіресе, жаңа қосымшалармен толығып отыруы жиі болып тұратын құбылысқа жатпайды. Сощы 40 -- 50 жылдың ішінде қазақ тілінің сөзжасам жүй-есіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз. Жаңа жұрнақтар аркылы сөзжасам элементтерінің соқғы кезендерде көбеюіне -- хана сияқты жұрнақтарды келтіруге болады. Ал ол арқылы тілде талай сөздер жасалды: емхана, кітапхана, баспахана, жатақхана, наубайхана т. б. орыс тілінен енген сөздердің құрамында біраз жұрнақ-тар енді, мысалра фамилияға қатысты жұрнақтар қазақ тілінде әбден орнықты.Сөзжасамдық жұрнақтардың толығуы жүрнақтардын, бір-бірімен тұлра, мағына жағынан кірігуі арқылы да болып отырады, оған тілдегі күрделі жұрнақтарды кел-тіруге болады. Мысалы: -дас-да+с, -лан-ла+н, -ғанша ,ған+ша-, -маль-ма+лы, -ушы-у+шы,-дықтан-дық+тан т 5.

Тілдің сөзжасам жүйесінің күрделенуі баюы, толыгуы көбіне сөзжасамдық жүрнактардьщ мағыналық құра-мыньщ кенеюі арқылы болады.Қосымшалардын, мағына жарынан дамуы өте ерте басталған. Мысалы -ғы, -қы қосымшасы ен көне жазба ескерткіш -- орхон жазбаларында да әрі заттық мағына, әрі сындық мағына берген. Ал -ығ, -іг жұрнары көне жазба ескерткіштердің өзінде көп марыналы қосымша болған. Мысалы, біліг сөзінде дерексіз заттық ұрым жасаса, учук, дегенде жанды заттың атын жасаған, яғни ол құс деген сөз. Сондай-ақ бітіг дегенде жазу, жазба деген ұрым беріп, жорарыдары келтірілген марыналардан да басқа ұрым турызьш тұрғаны көрініп тұр.
Бұдан шыратын қорытынды Орхон жазбалары кезе-ңінде қосымшалардың семантикалық жарынан даму процесі болран. Бүл процесс тілдіқ даму тарихында үздіксіз жүріп отырран, сондықтан оны тіл дамуына тән негізгі зандылықтардын, бірі ретінде қараран дүрыс. Осы заңдылыктың нәтижесінде тілде көп марыналы қосымшалардың саны көбейген. Қазіргі тіліміз көп мағыналы қосымшаларға өте бай. Мысалра -дық-дік, -тық-тік, -лықлік жұрнары қазақ тілінде екі сөз табына жатады. Олар -- зат есім және сын есім. Осы жұрнақтың екі сөз табына бірдей қатысты болуы оньщ сөзге заттық марына беріп, зат есімдер жасауына және заттың сындық белгісін біл-діріп, сын есім сөздер жасауына тікелей байланысты.Одан қосымшаның мүлдем екі басқа мағына беретін омоним қосьшша екенін көруге болады. Рас -лық қосымшасының мундай дәрежеге жетуі көне дәуірге катысты. Ал олар қазір екі қосымша болғанымен, төркіні бір екені -- ғыльшда дәлелденген мәселе. Бірақ бұл қосымшанын мағынасы мұнымен бітпейді. Зат есімнің өзінде ғана ол -- бірнеше турлі мағына беретін көп магыналы косымша. Мысалы: ауыздық, мұрындық сиесты сөздерде -дық журнағы үй малына қолданылатьш құралдың атын, орындық, қазандың дегендерде үй заттарының атын жасаған. Қымыздык,, өсімдік дегендерде өсімдіктерге қатысты атаулар, егіндік, шабындык, шаруашылыққа катысты атаулар, жазықтық, терістік, оңтустік дегендерде геогра-фиялық атаулар, белдік, желдік, тундік дегендерде киіз үй жабдықтарының атаулары, тұздық дегенде тағам аты, жемтік жемге тасталған заттың аты, көптік, жіктік, тэуелдік, септік дегендерде терминдер, оқулық, сөздік дегенде кітаппен байланысты заттың аты, көрімдік, қалыңдық дегендерде салтпен байланысты атаулар, шындық, жастық, шаттық, достық, озбырлық дегенде дерексіз заттык ұғым атаулары жасалған. Келтірілген аз мысалдардың өзінен бір зат есімнің өзінде бұл жұрнақтың турлі-турлі атаулар жасап, талай мағына беретіні көрінді. Мұнда зат есімнің келтірілген журнағының мағыналары толық қамтылмағанын да ескерте кету керек. Бұл осы журнақтың мағына көлемінің молдығын, көп мағына беру қабілетін анық көрсетіп тұр. Жазба ескерткіштерде -лық жұрнағы заттық және сындык мағына ғана берген. Оның қалған мағыналарының бәрі -- кейін қосылған мағыналар.Сол сияқты -ыс, -іс, -с жұрнағын алайық. Бұл жұрнақ та қазір екі сөз табына (етістік және зат есімге) катысты. Етістікте бұл жұрнак ортақ етіс жасап, қимылдың бірнеше субъектіге қатыстығын білдіреді. Зат есімде етістіктен зат есім жасап, одан заттық мағына туғызады. Сөйтіп, екі сөз табында бул журнак баска-басқа мағы-налар береді, ол казір омоним қосымша дәрежесінде. Тарихи тұрғыдан алғанда, олардың алғашқы бір қосымша екені белгілі. Ортақ етістің журнағы өз мағына-сының үстіне заттық мағына білдіретін болып, тағы бір мағына қосып алған. Сөйтіп, оның мағынасы кедіген, екі сөз табының керсеткіші дәрежесіне жеткен. Егер де оның мағынасында өзгеріс болмаса, бурынғы мағынаның устінетағы бір мағына қосылып, оның семаншкалық жүгі артпаса, ол тілде екі қосымша болып танылмас еді. Сөйтіп, бұл арада -ыс морфемасының мағынасынын, кеңеюі арқылы зат есімнің -ыс жұрнағы қалыптасып, тілге ол жаңа қосымша ретінде қосылған. Мұның барлығы синтетикалық тәсілдің күрделеніп отырғанын көрсетеді.Бірсыпыра жұрнақтардың қолданудан шығып кал-ғаны да белгілі. Оларға орхон-енисей жазбаларындағы -меч жұрнағы жатады. Мысалға енисей жазба ескерткіш-теріндегі -ег түбірінен -меч жұрнағы арқылы жасалған егмеч (тәте) сөзін келтіруге болады2.

Тілдегі сөз жасаудьщ көне тәсіліне жататын аналити-калық тәсіл де совет дәуірінде ғылымның, техниканын. өсуіне байланысты талай терминдердің жасал-уына негіз болып, қызметі артты, актив тәсілге айналды. Мысалы: сірке суы, сірке қышқылы, радиохабар, радиоқабылдағыш, таңдай безі, көркемөнер, радиотехника, сутегі, та-мыр жүйесі, үш бурыш, агрономия, азот кымқылы, халықаралық, социалистік жарыс, оқшау сөздер, зат есім, сын есім т. б. осылар сияқты сөздер жасалып, тілімізді байытты.Семантикалық тәсіл де тілдің сөзжасам жүйесінде кө-не замандардан бар. Бірақ бұл тәсілдің де қызметінін, өте активтенген кезеңі бары анық. Ұлы Октябрь револю-циясынан кейінгі алғашқы қырық-елу жылдарда тілде бұл тәсілдің атқарған қызметі ерекше. Сөздің дыбыстық құрамын, тұлғасын өзгертпей, оның бұрынғы мағынасы-ның үстіне тағы да жаңа мағына қосу, сол арқылы бір сөзге бірнеше сөздін қызметін атқарту тілде кең өріс алды. Мысалы: құн, буын, одақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды мағына
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
СӨЗЖАСАМ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Күрделі сөздер
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Негізінен сөзжасам саласында біріккен сөздер - туынды сөздер
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамының өзекті мәселелері
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Сөзжасамның қазақ тіл білімінде зерттелуі
Пәндер