Гумбольдт және тіл философиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сөж
Тақырыбы: Гумбольдт және тіл философиясы

Орындаған: Абдрахманова А.КРО 4-курс
Тексерген: Сейталиева Қ.

XIX ғасырдағы тіл философиясының алға қойған мақсаты -тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен,адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель,Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт болды. Тіл
ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл
білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды.
Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі
болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің
принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген
проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады.
Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл
мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл
тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген
проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы
тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын еңбектері -
"Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" 1827,
"Ява аралығындағы Кави тілі туралы" 1836
деп аталатын туындылары. Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі
құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен,
ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен
байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік
лингвистикалық, философиялық біртұтас
сындарлы жүйе құрды. Гумбольдт өзінің лингвистикалық, философиялық концепциялары арқылы лингвистика тарихында жаңа бет бұрыс, жаңа дәуір жасаған адам. Дамудың әр түрлі сатысындағы түрлі халықтар тілдері мен олардың рухани өмірлерінен жиналған материалдарды өз замандастарының қай-қайсысынан да көп және терең білетінінің арқасында бірінші болып тұр, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік линвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық базасы - тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді, оның формаларын әрекет деп тану, оларды халықтың ұлттық санасы деп есептеу. Тіл - әрекеттің өзі. Сондықтан оның бірден-бір ақиқат анықтамасы генетикалық қана болу керек. Тіл - дыбысты ойдың көрсеткішіне айналдыратын рухтың әрекеті. Даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің творчестволық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы да. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. Бұл сөйлеу мен ойдың бірлігі. Өйткені тіл жалпы, коллективік меншік болғандықтан, индивидуммаға әсер етеді. Адам тілді неғұрлым жақсы меңгерген болса, солғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді. Осылармен қатар, Гумбольдт тіл мен "халық рухы" арасындағы байланысты да сөз етеді. Бірақ тілдің қоғамдық сипатын ұлттық табиғат, адамдардың жанында, санасында болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.Фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Сана - философия мәселесі ретінде
Тіл философиясы – тілдің философиялық қызметі жөніндегі ғылым
В.фон гумбольдтың және ф.де соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Тіл білімі тарихында
Тіл білімінің жаңа бағыттары
В. фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
XIX ғасырдағы тіл білімі
В.фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы жайлы
Пәндер