Құқық мемлекетпен орнатылған жəне қорғалатын мінез- құлықтың өлшемі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Құқық мемлекетпен орнатылған жəне қорғалатын мінез- құлықтың өлшемі. Құқық бір жағынан мүмкіндік беруші, ал екінші жағынан қарым-қатынаста сыртқы бостандықты шектеуші нормалардың жиынтығы
Қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана- сезіміне байланысты емес туындайтын қатынастарды реттеу - құқық ережелері болып табылады.

Құқыктық мемлекет - бұл адамдардың құқықтар мен бостандық-
тарының толық түрде қамтамасыз етілуіне жəне құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін кұқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен бай-
ланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Азаматтық қоғам - жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді: мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек,кəсіпкерлік); мемлекеттен тəуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар жəне т.б.); қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер; саяси партиялар мен қозғалыстар; тəрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;отбасы жəне т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері: адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі; өзін-өзі басқару;еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарасы;жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мəнінде жүзеге асырылуы; экономиканың көпжақтылығы; демократиялық сипаты; құқықтық мемлекет; адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті əлеуметтік саясаты жəне т.б.
Құқық негізінде үш жолмен пайда болған: əдет-ғұрып нормалары, нормативтік-құқықтық кесімдер, сот прецеденті.
Құқық функциялары: жалпы əлеуметтік (мəдени-тарихи, тəрбиелік, əлеуметтік
бақылау, информациялық бағыттық), жеке заңдық (реттейтін, қорғайтын, динамикалық, статикалық).
Құқықтың қайнар көздері: негізгі жəне туынды болып бөлінеді.

Құқықтық норма -дегеніміз мемлекет бекіткен бәріре бірдей формалды, айқын және орындалуы, сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз ететін мінез құлық
Құқық нормасының белгілері:
1)жалпыға міндеттілігі - ол адамдардың мүмкін жəне міндетті əрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
2) формальды анықталғандыгы - ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;
3)мемлекетпен байланысы - оны мемлекеттік органдар орнықтырады жəне мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
4)ұсынушылық-міндеттемелік сипат - ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүм-кін емес.
Құқықтық норманың құндылығы
~құқықтық нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы,заңды тұлғалардың қарым қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады;
~құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, ~қолайсыздарын қысқартып, экономикалық, əлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
~құқықтық нормалар қоғамда əділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
~құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы;
Құқықтық норманың ерекшелігі
1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар.ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылады
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5.Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тəртібінің кепілдігі болады.
Құқық нормасы ішкі құрылымы жағнынан үшке бөлінеді
Гипотеза - норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мəн жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
1)Егер гипотезада бір ғана мән жай көрсетіліп, сол жағдайда құқық нормасы қолданылатын болса, оны жай гипотеза деп атайды.Мысалы, Егер бала туғанда ата анасы ҚР азаматы болса, бала ҚР азаматы болып саналады
2)Eгерде құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мəн-жайлар қажет болса, ондай гипотезаны күрделі дейді.
3)Eгер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мəн-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама (альтернативті) гипотеза деп атайды.
Диспозиция- құқық нормасы бекіткен субьектілердің мінез құлық ережесін айтады
1) жай немесе жалпылама диспозиция - нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері айқын көрсетілмейді;
2) айқын түрі - диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі.
3) сілтеме түрі - диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады.
Санкция - диспозиция бұзылған жағдайда туындайтын, міндеттемелерді жүзеге асыру кезінде қамтамасыз ету үшін қолданылатын жаза түрлері
1) Абсолютті айқын санкция-кеңес үкіметі орныған кезден пайда болды, нақтылы,айқын жаза. Жұмыстан шығару, қызметтен төмеңдету.
2) Салыстырмалы айқын санкция-минимум мен максимум арасындағы жауапкершілік (Қылмыстық кодексте көп кездеседі)
3)Альтернативтік санкция- судьяларға құқық нормада көрсетілген бірнеше жазадан субьектінің жасаған құқықтық бұзушылығының ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты таңдауға мүмкіндік береді
Көлемі бойынша
Жай санкцияда əрекет үшін бір ғана жаза көзделеді.
Күрделі санкцияда құқыққа қарсы жасалған əрекет үшін бірнеше жаза қолдану нақтылы нормада көрсетілед...
Қосымша санкция түрлері
Халықаралық Санкция құқықтар мен міндеттердің орындалмауы, шарттың тоқтатылуы (Көлемі жағынан ЖАЙ жане КҮРДЕЛІ )
Несие Санкциясы бір тарапы несие беруші, біреуі несие алушы. Белгілі бір шартта көрсетілсе, ақша бермесе, кешіктірсе осы, процент төйлейді немесе шарт тоқтатылады
Құқықтық норма түрлері
1.Қоғамның əр саласына қарай өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, мəдениет, экономика, əлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
2.Құқықтың саласына қарай : конституциялық, əкімшілік, азаматтық, қылмыстық, т.б. саладағы нормалар.
3.Субъектілеріне қарай : жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.
Заң нормаларының түрлері:
1) реттеуші жəне құқыққорғаушы; (Атқаратын жұмысына қарай)
2) Ерік беруші, тыйым салушы жəне міндеттеуші; (Мазмұнына қарай)
3) императивтік жəне диспозитивтік.
Реттеуші норма - бұл субъектінің субъективтік қүқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқыққорғаушы норма-бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма - бүл субъектіге белгілі бір əрекеттердіі жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма - бүл субъектіге белгілі бір мазмұндағы, əрекеттерді жасауды жүктейтін норма.
Императивтік норма - бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрде əрекетететін норма.
Диспозитивтік норма - бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
Керсету тəсілдері бойынша куқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:
а) тікелей тəсіл - құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;
ə) сілтемелі тəсіл - нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;
б) бланкеттік тəсіл - нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды
Адам құқықтары -- адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру
мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи жəне əлеуметтік болып екіге бөлінеді.
Табиғи құқықтар дегеніміз -- адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары.
Əлеуметтік құқылар дегеніміз -- адамның мемл-пен өзара əрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот əділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқықтары.

Жеке құқық - бұл оған мемлекет араласпайтын барлық нəрсе, өзара бағыну емес келісімді қатынастар. Жеке құқықтық қатынастар сипатталады: - құқықтық қатынас тараптарының теңдігімен; - құқықтық қатынас тараптарының салыстырмалы бостандылығымен жəне дербестілігімен; - өзара субъективтік құқықтармен жəне міндеттермен. Жеке құқықтық қатынастардың заң жəне сот алдында тең жəне бір-бірі алдында ешқандай артықшылыққа ие емес. Жеке құқықта тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген деген қағидат іске асады. Олармен реттелетін қатынастар азаматтар араларындағы муліктік, отбасылық, авторлық құқықтық қатынастар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтік ұйымдар, өзге бірлестіктермен қтынастар, яғни оларда жеке мүдде көрініс табатын қатынастар.
Жария құқық саласы-мемлекеттің, мемлекеттік ұйымдардың қызметі, азаматтардың мемлекеттік ұйымдармен, мемлекеттік органдардың өздері арасындағы қатынастар Жария құқық бұл - жария - құқықтық саладағы мемлекеттік қызметті реттейтін құқықтық нормалар. Онымен реттелетін қатынастарда мемлекеттік мүдде көрініс табады. Ол көлденең емес - тік, яғни бағыныстылық қатынастарын реттейді. Жария құқық саласында құқық соған жол беретін ғана рұқсат етілген деген қағидат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт
Құқықбұзушылыктың объективтік жағының элементі болып табылатындар
Құқық, жеке тұлға, қоғам
Құқық және Заң
Әлеуметтік нормалар
Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану
Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері
Құқыққа сай жүріс тұрыс ұғымы және мінез құлық түрлері
Әдет - ғұрып алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Пәндер