1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық.

Жаңа заман тарихына көз жүгіртетін болсақ, ХХ ғасырдың бірінші жартысы халқымыздың демографиясына аса ауыр зардап тигізді. Оның басты себебі екі алапат ашаршылық. Олардың ең алғашқысы 1921-1922 жылдары болған ашаршылық. Аталған тақырыпты зерттеп келген тарихшылар ашаршылықтың бірнеше себебін келтіреді. Олардың ең басты себептері: азамат соғысы, 1921 жылдың шілде-тамыз айларындағы қатты құрғақшылық, адамдардың мал және егін шаруашылығы жерлерінен айырылуы.

Аштыққа қатты ұшыраған губерниялардың арасында Орал мен Бөкей губерниялары да болды. Орал, Бөкей губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Сонымен қатар жергілікті өлкеден Самара мен Саратов секілді губернияларға бір миллион пұт астық жөнелтілді. 1921 жылғы тамыз айынан бастап Орал және Бөкей губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді.

Ашаршылықпен қатар, еске алып зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі, ол ХХ ғасырдың 20-30 ж. ж бүкіл Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерде болып өткен репрессиялар. 1997 жылы еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» ретінде ресми бекіткен болатын. Еліміз үшін бұл күн ерекше мәнге ие, себебі 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Солардың ішінде халқымыздың ақын-жазушылары, ғалымдары, саяси қайраткерлері, партия жұмысшылары да болды. Бұл күні репрессияға ұшырағандар мен қатар ашаршылық құрбандарын да еске алу күні ретінде аталып өтіледі.

1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тарихымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. «Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: «Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.
Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды немесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.

Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке - Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай көшті. Еділ бойының тұрғындары Орынбор және Түркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді.

Наразы болған халықтың әрекеттері:

1. Шаруалар қарсылығы күшейіп, “жасылдар” қозғалысы пайда болды.

2. Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның Новоишим ауданында басталды.

3. 1921 жылы 25 мың адамнан тұратын көтерілісшілер Петропавл қаласында Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты.

4. Қарқаралы уезінің 70 - тен астам басшы, партия және кеңес қызметкерлері қаза тапты.

Нәтижесінде Жаңа экономикалық саясат керек екені айқын болды . 1921 жылы наурызда партияның X сьезі Жаңа экономикалық саясатқа көшуге шешім қабылданды.

Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлді.

Торғай уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 12 мамырдағы кеңейтілген отырысында ашыққан халыққа жедел көмек көрсету жөнінде мәселе қаралды. Отырысқа уездік атқару комитетінің Т. Жүргенов басқарған мүшелері, ОАК-нің өкілдері Ә. Жангелдин, С. Арғыншиев, Тимошенко мен Арынғазиев қатысты. Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жергілікті жерлерде Комиссия бөлімшелерін ұйымдастыру көзделді.

Қолданылған әдебиеттер :

1. Т. М. Әминов:Қазіргі Қазақстан тарихы. - Алматы: «Бастау», 2017.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық туралы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Ашаршылық нәтижесі
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz