ҚАЗАҚ ДЕГЕНІМІЗ - ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ ЕДІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ДЕГЕНІМІЗ - ЕЖЕЛГІ ҚАҢЛЫ ЕДІ

Артель А. Қ., М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі, 5B011400-Тарих мамандығының 4 курс білімгері, тараз қаласы.

Қаңылы ру - тайпалары туралы сөз еткенде, Қаңылылардың шығу тегі, олардың таралу өрісі, даму - өркендеу кезеңдері, түркі халықтарының тарихында алатын рөлі туралы айтылып бітпеген талас пікірлердің көп екендігін аңғарамыз. Ханзу ғалымы Уи Цуан: «Үш ордаға бөлінген қазақтар ежелгі Қаңлылар» - дейді. 1

Ендеше Қаңлы тарихы туралы түптеп зерттеп, тереңдеп іздену керек ! Ол - қазақтың көне тарихы. Қаңылы туралы жазу - қазақ тарихы туралы жазу. Қаңлы атауының шығу түп-төркінің анықтауға атсалысып жүргендердің ой-пікірлерін өзара салыстырып, саралап көргенде олар негізінен үлкен екі тұжырымды анықтап айтатыны аңғарылады. Оның бірі: Қаңлы атауы « өзен-су » мағынасын білдіретін кан//каң гидрония түбірінен туындаған деп қараса, екіншісі: қаңлы атауы көне түркі тіліндегі « арба» мағынасындағы қаңға сөзінен және сол арбаның қаңқа-қаңқа етіп шыққан дыбысынан туындаған деген жорамал бар. Бұл кан//кан түбірінен өрбіп, әр кезде әр аймақта дамыған «Қаңлы» ұғымына байланысты атаулардың жалпы саны 40-тан астам екен. Азия құрлығының көне картасын қарап отырсаңыз үлкенді-кішілі өзен-су және солардың жағасындағы елді мекен атауларын кездестіресіз. Мәселен, Үндістан жерінен ұлы да қасиетті Ганг өзені, Оңтүстік Корей жерінен Сеуіл қаласын қақ жарып ағып жатқан суы мол Канган өзені, Солтүстік Кореядан Канге қаласы, Қытай еліндегі - Цзань өзені, Сырдарияның бір замандағы аты Қаң//Қаңға болған.

О. Т. Молчанованың Сібір, Томск, Таулы Алтай өлкелерінің жаратылыс өңірін зерттеген «Топонимиялық сөздіктерінде» «Кан» деген атауының бірнеше нысандарын ұсынды. Енисейдің Сібірден өткен жерінде оң жақтан құятын «Кан» деген өзен арналары бар. Дәл осы жерде «Кан» деген картада «Канск» қалашық, орман ағашын топтап ағызатын « биржа және гидролиз » зауыты бар.

Ертеде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының деректерінде: Аққорған төңірегіндегі Ангреннің төменгі ағсында Сырдарияның оң жағалауында 10 шақырымдай « ойпат-шұңқыр жер Канга немесе Канка деп аталады » деп жазады. ] 1, 164-84-б. б. [ .

Қаңғалас - этнотопоним: сонау Саха елінің (Якутияның) жеріндегі таудың аты. Ол таудың қаңлы тайпасымен қандай байланысы барын тілге тиек етеміз. Сахара республикасының халық жазушысы, Алаш сыйлығының лауреаты, Савва Тарасов Алматыда болған кезінде шығыстанушы Бақыт Тұрсынқұловтың Қаңғалас тауы туралы сауалына былай деп жауап беріпті:

«- Иә, ол біздің - Қазығұртымыз. Мен қазығұртта, жеңгең де болған, қызым да келіп қайтты. Қаңғалас тауы - біздің қасиетті туымыз. Саха халқы нақ осы таудың бауырынан өрбіген. Элляй бабамыз осы жерді мекен етіпті. Тау аты сол кісінің түпкі негізінен байланысты Қаңғалас сендерше (Қаңлы) тау аталған. Сондықтан якуттар (сахалар) да өздерінің негізі түп атасын қаңлылар деп есептейді» 2, 8-12-б. б. [ .

Қаңғалас - Н. Аристовтың айтуынша: Якуттар (сахалар) өздерін екі атадан Элляйдің 12 ұлының ең үлкені Хангалас, оның атымен Қаңғалас ұлысы аталады. Одан тараған ұрпақ - Лена (Сібірдегі) өзенінің екі бойын жайлайтын ханғала тайпасы. ] 3, 330-б. [

Қаңлы - тайпа атауы. Шағатай ұлысының ханы Тоғылық- Темір ханның жауға жасалатын жорығына қатысушы үш түркі тайпасының және қолбасшысы Қаңғалы тайпасы деп аталған. ] 4, 32-б. [ .

Ресейдің Минвода қаласының батысында Волга-Дон күре жолының бойында қазіргі күнде «Кангли» атымен сақталған (аумағы 10 км. ) көне қалашық бар. Өткен тарихи жағдайларды ескерсек, XIII ғасырдан бастап қаңлылардың біраз этикалық топтары осы өлкелерге қоныс ауыстырып, жергілікті ақ-ноғай, қара ноғай ру-тайпаларымен жіті араласып, сіңісіп, өздерін «ноғайлымыз» деген атаумен атап кеткен.

Қаңлы, ғұн, сақ, үйсін, қыпшақтармен тарихи тұрғыдан терезесі тең, бір деңгейдегі түркі тайпасы деп атау қажет. Әр алуан еңбектерде кездесе беретін қаңлы тегін сан-саққа жүгіртіп, біресе иран, біресе сақ, біресе печенек, алан, қыпшақ т. б. тайпалардан шығаратын жорамалдар да баршылық. Бұл пікірді айтудағы мақсатымыз - түркі халықтарында жиі кездесетін қаңғалас, қаңға, қаңғар, кеңгелес, кеңерес тағы осы сияқты біраз атаулардың басқаларға емес, қазақ-қанлы этносына тікелей қатысы бар туыс атаулар екенін көзі қарақты оқырмандарға құлаққағыс ету.

Қаңлы атауына байланысты бір көзқарастылар: түркі әлеміне, түркі тану ғылымына кеңінен таралған болжам-жорамалдардың бірі - оның төркінін көне түркі тілдеріндегі «Қаңға» > «арба» сөзінен шығуы. Бұның түп негізі VIII ғасырда дүниеге келген «Оғызнама» дастанында айтылып қалған бір ауыз әңгімеге байланысты. Қалыптасып қалған аңыз сарыны қарапайым ел жадында емес, тіпті ғұлама ғалымдардың дуалы аузымен айтылып, қаламына ілігіп, шежірешілердің баянына арқау болып, дамып, тіпті күні бүгінге дейін сақталып келе жатқандығы мәлім. Осы аңыз туралы әйгілі түркі зерттеуші ғалым А. М. Щербактың қаңлы туралы көне ұйғыр тіліндегі нұсқасын арнайы зерттеп, жариялаған талантты ғалым, ертерек көз жұмған Құлмат Өмірәлиевтің қазақша аудармасы мына төмендегідей: «Үлкен бір ұрыстан соң Оғуз қағаның әскеріне, нөкеріне ел-жұртына жеңілген елден сондай үлкен олжа түсті, жүкті тиеуге, алып жүруге, ат, қашыр өгіз аздық етті.

Оғуз қағанның әскерінде үздік шебер бір кісі бар еді. Оның аты Бармақлұғ Жосын Білік еді. Бұл шебер бір қанға (арба) жасады. Қанға үстіне мүлікті тиеді, қанғаның (арбаның) алдына адамдарды жегіп тартып кете берді. Нөкерлердің, халықтардың бәрі мұны көріп, тездеттіп тағы қанға (арба) жасатты. Мұндай қанға жүргенде «қаңға, қаңға» деп шиқылдап дыбыс шығарып жүрді. Оғыз қаған қаңғаларды көріп күлді де: «Қанға, қанғамен» өлі олжаны тірілер алып жүрсін; саған қаңғалық аты беріліп қаңға аты сақталсын» деп айтты. ] 5, 208-б. [ .

Жоғарыда келтірілген және басқа да деректер мен әртүрлі еңбектерден алынған мағұлматтарды сараптап талдап-тарата келіп, қаңлының қай тұлғада ( кай, қаңға, қаңғар, қангуй, кенгерес, кенегес т. б. ) айтылып жазылмасын, «Оғызнамада» келтірілген аңыз бойынша қаңлы-қаңға - «арба» сөзіне байланысты емес, өзен-су мағынасын білдіретін о бастағы негізгі түбір - қаңқаннан туындаған, «өзен адамы», өзенді ел, өзен бойына жайлаған тайпа, одан аз дегенде 10 ғасыр бұрын өз алдына мемлекет құрып, іргелі әрі ұзақ жасап келе жатқан көне топтардың бірегейі, қазақ жерінде өсіп-өнген тайпа - қаңылының бұрынғы атауы деуімізге негіз бар. 111 «Канғюй (қаңлы) мемлекеті» - түркі әлеміндегі ең көне мемлекеттердің бірі. Бұл атау ойдан туындаған қиял емес, қағазға қатталып, Қытай қолжазба қорында сақталып, талай ғасырлар аттап бізге жеткен тарихи деректер негізінде қалыптасқан ғылыми, тарихи ұғым. Қаңлы мемлекеті туралы деректерді де тілге тиек ете кеткенім жөн шығар.

1996 жылы Қазақстанның бір топ қазақ-ұйғыр тілші, тарихшы ғалымдары делегациясы Қытайдың Бежин қаласында болғанда таныстырушы бір қытай ғалымы: «Мына Тянь-янь-мынь алаңының шетінде тұрған Гугуң мұражайы, мұнда көне қытай қолжазбалары сақталады, сіздердің көне тарихтарыңыз осында жатыр. Бірақ оның есігі елдің бәріне ашық емес. Тарихи деректемелер мен жылнамалардың бәрі осында жинақталған, олар өте мол, әрі өте қатаң бақылауда. Онымен танысу үшін жоғары деңгейдегі мемлекет аралық келісім қажет» деген екен. 11

XIII ғасырдың басында Шыңғыс ханның жер қайысқан қалың қолы Қазақстанның оңтүстік өлкесіне қаптап кіргенде сол кездегі хорезмшах Мұхаммедтің құзырындағы жер мен қалаларды қорғау үшін Шыңғыс қолына бірінші болып қарсы шыққан Мұхамедтің анасы, тегі қаңлы Туркен хатунның өзіне ғана бағынған 20 мыңдай сардарлары мен сарбаздары болған. Моңғолдардың қоршауында қалған Отырар қаласын алты ай бойы бермей, ерлікпен қорғаған қаланың әкімі қаңлы Қайырхан болатын. Оның сарбаздарының көпшілігі қаңлылар еді деп жазылған тарихи деректерде.

Қазақ біртұтас халық болып қалыптасуына бұрынғы дәуірлерде оның этикалық негізін құраушы қаңлы, үйсін, қыпшақ, арғын т. б. ірі тайпалардың өзара жақын, бірақ өзіндік ерекшеліктері де бар өз тілдерінің қалыптасқандығы жөнінде тарихшы ғалымдарымыз жазып жүр.

Өзбек ғалымдарының пікірі бойынша: Қаңлы тілі - Орта Азиялық жазба әдеби тілдерінің, атап айтқанда: көне өзбек, түркімен, татар, қыпшақ, ұйғыр т. б. әдеби тілдердің қалыптасуына әсерін тигізіп, ұйтқы болған. ] 6, 85-89-б. б. [ . Осылардың бәрін қорытып, ой тұжыра келгенде, ең көне түркілердің бір қауымы - қаңлылардың да тайпа деңгейінде қалыптасқан, мемлекет ауқымыңда да қолданыс тапқан ауызша да, жазбаша да әдеби тілі болған деп батыл байлам жасауымызға болады. Біздің осы пікірімізді Бартольдтың: «И так чисто тюркскими элементами вошедшими в состав киргиз-казацкого народа, из его нынешнего тюркского языка главную часть можно признать только канглов и кипчаков» деген дәйекті сөздері нықтай түседі. ] 7, 276-б. [ .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаңлылардың шығу тегі және тарихи кезеңдердегі орны
Қаңлы тайпасының шығу тарихы
Қаңлылар туралы
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Қаңлылар мен үйсін тайпаларының бірлестігі
Үйсін тайпалары және Қаңлы елі
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Қаңлы мемлекеті. (б.з.д. 3 – 1-ғасыр)
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Қаңлы мемлекетінің саяси-экономикалық және шаруашылық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz