Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
әдеби ағым мене көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
Әдеби бағыт және ағым - көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани және эстетикалық ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалықшығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы. Бұл терминдерді түрліше түсіндіріп, түрлі мағынада қолдану әлі де жиі кездесіп жүр. Кейде оларды бір-бірінің орнына қолданса, кейде ағымды әдеби мектеппен немесе топпен теңестіреді, бағытты көркемдік әдіспен немесе стильмен бірдей түсіну де ұшырасады. Осы тұста айта кеткен жөн, ағымдар мен бағыттардың күресуі мен алмасуы кезінде әдеби үрдістердің негізгі заңдылықтары айрықша анық байқалады. Қысқа қайырар болсақ, бағыт көркемдік мазмұнның рухани-эстетикалық терең мәнін белгілейді. Бұл үлгідегі көркемдік мазмұн мәдени-көркемдік дәстүр бірлігінен, қаламгерлердің дүниетаным ұқсастығынан және олардың алдындағы өмірлік проблемалардың ортақтығынан, түптеп келгенде, дәуір тудырып отырған әлеуметтік, мәдени, тарихи жағдайлардың ұқастығынан шығады. Дегенмен, бір бағыттағы әр қаламгердің дүнитанымы, проблемаға қарым-қатынасы, оларды шешу жолдары мен тәсілдеріне қатысты түсінігі, идеялық және көркемдік концепциялары әр түрлі болуы әбден мүмкін. Соған орай бағыттың әдеби мектептер мен топтардан айырмашылығы айқындалады. Әдеби мектептер мен топтардың мүшелерін идеялықкөркемдік таным бірлігі, яғни бағдарламалық-эстетикалық тұтастық топтастырады. Ал, бір бағытта бірнеше ағым, мектептіңболуы ұшыраса береді. Демек, ағымдар бағыттың алуан түрлері болып тбылады. ХҮІІ ғасырда туып, ХІХ ғасыр бас кезіне дейін ұласқан өнер атаулының бәрінде, әсіресе Батыс Еуропа әдебиетінде кең өріс алған әдеби ағымклассицизм латынша классикус - үлгілі, өнегелі бағыт дегенді білдіреді. Классицизм ағымының ХҮІІ ғасырда Францияда көрінуі - бұл кезеңде осы мемлекетте абсолютизм нығайып, мемлекеттік билік бір қолға шоғырланып, ұлттық тұтастық идеясы нығая бастаған болатын. Елдің қоғамдық өмірінде жаңа әлеуметтік топ - буржуазияның ықпалы арта түсті де, аталмыш әлеуметтік топқа абсолюттік монорхия да, дворян қауымы да бірдей қатысты болды. Қоғамдық өмірде пайда болған жаңа талап-тілектер өнерге де жаңа талаптар қоя бастады. Нәтижесінде осыған дейін өнер әлемінде үстемдік еткен барокко стилімен күрес үстінде жаңа бағыт дүниеге келді. Бағыт өкілдерінің өз шығармаларында антикалар әдебиеттің озық үлгілерін өнеге етуіне байланысты классицизм деп атады. Классицизм поэзиясы мен поэтикасының бастаушысы Ф.Маларб болды. Алайда күрес үстінде қалыптасып, таныла бастаған француз классигінің поэтикасы Н.Вуалоның Поэтикалық өнер аталатын еңбегінде жан-жақты жүйеленген сипатқа ие болды. Еңбекте ХҮІІ ғ. Француз әдебиетінің тәжірибелері жинақталып, қортындыланды. Классицизмге тән сипат - асқақ азаматтық тематика, шығармашылық нақты қағидалар мен ережелерді қатаң сақтау болып табылады. Классикалық үлгідегі ежелгі өмір классицизм дәстүріндегі туындыларда кемел де жарасымда өнер үлгісі ретінде көрінеді. Сол себепті классицистер, антикалық миф бейнелеріне жиі оралады. Жоғарыда айтқаңымыздай, классицистердің көркемдік бейнелеуіндегі шешу ұстанымы антикалық үлгілерге еліктеу болды да, оған табиғатқа еліктеу және ақыл-ой дауысына бағыну ұстанымдары қосылды. Бұл жерде классицизм өкілдернің табиғат деген де барлық ақиқат құбылысарды түсінетінің ескеру керек. Бұл ұстанымдар Қайта өрлеу дәуірінде қалыпасқан жақсы дәстүрлерді белгілі бір дәрежеде дамытқанымен, кемшіліктерде болмай қалған жоқ. Дәлел ретінде классицистер туындыларында кейіпкер мінездерін жан-жақты жанды сипатта көрсетуден гөрі, біржақтылық, схематизм орын алғаны айтуға болады. Француз классицизмның ерешеліктері, әсіресе, драматургияда айрықша байқалды. Классицизмнің өркендеуі ХҮІІ ғасырдағы француз драматургиясында П.Кармел, Ж.Рассин, Ж.Б.Муллиер поэзиядан Ж.Лафонтен шығармашылықтары арқылы жарықырай көрінді. Драмалық шығармалардың негізгі өзекті желісіне бүкіл ұлт мүддесін көздейтін мәселелер алынды. Мысалы, Корнель трагедиялары, әсіресе, оның Гораций трагедиясы француз классицистік драматургиясының жарқын үлгісі болып саналады. Корнель мен Расин шығармашылығында көркемдік-идеялық шыңына көтерілген француз классицстік трагедияларының негізіне жеке адам мүддесімен азаматтық парыз арасындағы қақтығыстар алынды. Өз кейіпкерлерінің жан дүниесіндегі қарама-қайшылықтарды көрсете отырып, Корнель мен Расин адамның ішкі әлемін бейнелеу тұрғысынан соны жаңалықтар жасады. Мәселен, Сид, Гораций, Цина сияқты Корнель кейіпкерлері - ер жүрек, қатал, өзін мемлекет мүддесіне арнаған жандар. Романтизммен реализмнен бұрын классицизмді алмастырған ағым сентиментализм болды. Феодализммен күрес барысында прогрессивті роль атқарған буржуазия мен арестократия арасындағы күшейе түскен қарамақайшылықтар жағдайында туған бұл жаңа ағымның барынша жарқырай көрінуі ХҮШ ғасырдың ортасында Англияда буржуазия өкімет билігін қолға алып, феодализм қалдықтары мен күресін жалғастырып жатқан кезеңге сай келді. Бұл кезеңде буржуазия белгілі бір дәрежеде қоғамдағы орташалардың мүддесін жақтап, олардың өмір салтындағы тұрақтылықпен қарапайым жандарға тән ізгілік сипаттарын аристократтар өміріне қарсы қойды. Әдеби өмірде бұл күрес ұлттық мүддемен шектелген классицизді ығыстырып шықты.
Көркемдік әдіс - белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиеттте, сондай-ақ көркемөнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ-сипат белгілер аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады. Мұндай өзгеше сипат- белгілерді көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қарайды. Ал көркемдік әдіс одан әлдеқайда кең мағынада алынып, жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі
осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйене отырып дәлелдеді. Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл
даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс - романтизм мене реализм деуге болады. Әрине, өмір құбылыстарын осы айтылған екі тұрғыдан қарап түсіну, бейнелеу бір-біріне түгелдей қарама-қайшы нәрсе, олардың арасында ешбір байланыс, жалғастық жоқ деп санау қате болар еді. Оның бірі бар жерде, аз ба көп пе, екіншісі жалғаса жүреді. Бірақ қай жағы басым болса, негізгі сипаты соған сәйкес анықталады. Ал басқа көптеген әдеби ағым-бағыттар қалайда осы екі негізгі әдістің біреуін тірек етеді немесе оларды басқа бір қырынан толықтыруға, кейде, тіпті, солармен жарыса басқа бір жанама тәсілдер табуға тырысады.
Романтизм - ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында пайда болған. (роман деген сөзден шыққан, яғни түпкі мағынасы өмірді кітаптағыдай, ой-қиялмен ұштастырып суреттеу) - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттеулер шындық қиялға негізделеді, қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтікі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.
Орыс әдебиетінде және дүние жүзі әдебиетінде, көркем өнердің әр түрлі салаларында соңғы ғасырларда мол тараған әдіс - романтизм орыстың декабрист ақындардың (К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхелбекер, А.И.Одоевский т.б. творчествасында орын алса, екінші жағынан, Н.В.Жуковский секілді ақындардың шығармашылығынан мол көрінеді. Алдыңғы топтағы жазушылардың творчествосында романтизмнің озат сипат-белгілері қалыптасты. Ал Жуковскиийдің шығармаларынан романтизмнің осал жақтары да анық сезіледі. Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзімен қарау, шарқ ұрып іздену, қиялға берілу болса, революционер жазушылар творчествосында ол жаңашылдықпен, алға ұмтылуымен ұштасты. Ал енді болашаққа үміт артпай, артқа қарайлаудан романтизмнің осал, кемшіл жақтары байқалады. Романтизмнің озат, өршіл қасиеттері Лермонтов поэзиясынан, Пушкиннің алғашқы кездегі өлең дастандарынан айқын аңғарылады. Бұл көркем әдістің ұтымды, өнімді жақтарын А.М.Горкий өз шығармаларында жаңа сипат - белгілерімен толықтырып қолдана білді. Қазақ әдебиетінде асқақ роматикалық толғаудың ақыны Махамбетті, Мағжан поэзиясындағы роматикалық сарынды айтуға болады.
Романтизм түгел алғанда әдебиетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкерлер әкелді, сөз өнерін көптеген көркемдік ерекшеліктерімен байытты. Азаматтық лирикалық, тақырыптық, идеялық ауқымын кеңейтіп, романтикалық поэманың озық үлгілерін туғызды. Романтизмнің құнды, ұтымды жақтары оған ілесе өркендеген реализмге үлкен тірек болды. Алайда романтизмді реалистік әдіске қарсы қойып, оған алыс-жақындығы тұрғысынан қарап бағалау дұрыс болмас еді. Романтизмнің бағалы жақтары, өзіндік артықшылықтары да, сонымен бірге осалдығы өз табиғатынан туындайды. Романтизм мен реализмді екі түрлі көркемдік әдіс деп қарасақ, олар бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі нәр бере
алатынын есте сақтаған жөн. Қазақ әдебиетінде романтикалық сарын мысалды М.Жұмабаевтың (Батыр баян) шығармасында көрініс тауып, өте әдемі, өте әсерлі болып шыққан.
Реализм (латынша realis - заттылық, шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа сипатқа ие болып, әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғастық тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде, әрине, мұны оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс болмайды. Мысалы, Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің, қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын.
Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз.
Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің Евгений Онегин, Капитан қызы романдары, көптеген лирикалық өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі М.А.Гончаров, И.С.Тургенев, Л.Толстой, А.П.Чехов шығармаларында кеңінен өріс алды. Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.
Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: біреулер бағыт ретінде ХVІІІ ғасырда туды десе, біреулер ағым ретінде ХІХ ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі. Көне дүние (антика) реализмі, ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта өрлеу кезеңінің реализмі, Сыншыл реализм, Социалистік реализм.
Сыншыл реализм- әдебиеттегі көркем әдіс, оның басты ерекшелігі - өмірді шыншылдықпен бейнелеп, адамдардың тағдырын, олардың типтік мінез- бітімін, характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды, кемшіліктерді қатты сынға алу. ХХ ғасыр басындағы әлекметтік өзгерістерге байланысты жаңа сатыға көтерілген қазақ жазба әдебиеті өмірдің қат-қабатына терең бойлап, қоғамдық әлеуметтік
қайшылықтарды ашуға ұмтылды. Россиядағы саяси хал-ахуал, қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуы сыншыл реалистік әдістің әдебиетте жетекші әдіске айналуына әсер етіп қана қоймай, осы саладағы әдеби дамуға негіз қалады.
Сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің көрнекті өкілдері Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Мағжан және т.б. дарынды өкілдерінің өнерпаздық-шығарашылық қызметіндегі басты көркемдік әдіс болды. Олардың барлығы да қазақ елінің дертті мәселелерін тілге тиек етіп, қоғамдық өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып көрсетті.
Сыншыл реализм әдісінде Гүлкәшима, Қалың мал, Кім жазықты? сынды шығармалар жазылды.
Әдебиеттегі ағым-бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Академик З. Қабдолов Сөз өнері монографиясында әдеби ағымды әдеби стильмен салыстырып, түсінік береді:
Байқап қарасақ, стиль - бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым - бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік; стиль - әр жазушының дара қасиеті болса, ағым - әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға тән ұғым болса, ағым жалпыға тән таным; стиль әр жазушының әдеби беті болса, ағым әр жазушының әдеби бағыты. Ғалымның осы пікірінде ғылыми тұжырымдалған шындық бар.
Әдеби ағым әр елдің әдебиетінде әрқашан болған, әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жағдай туғызады. Әдеби ағым - тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси- әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
ХҮІІ ғасырдың аяқ жағында туып, ХҮІІІ ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе Еуропа әдебиетінде кең өріс алған ағым классицизм (латынша classicys - үлгілі, өнегелі бағыт). Бұл ағымның өкідері (Расин, Мольер, Корнель) баяғы көне дүние классикасын өздеріне өнеге тұтты; әдеби шығармаларын сол үлгімен жазды. Бұл ағымның көркем шығарма мазмұны мен пішініне қоятын қатал талабы, үш бірлік (уақыт, орын, оқиға) атанған бұлжымас шарты болды. Үш бірлікке бағынған шығарманың мазмұны: 1) бір-ақ тәулік ішіндегі шындық; 2) тек бір орында өтетін тартыс; 3) бір ғана сюжеттік желінің бойында жататын оқиға. Бұл - сөз өнерін ақиқат өмірден алшақтатып, нәтижесінде, әдеби ағым классикалық сипаттан әншейін схемаға көшіп бара жатты. Осы тұста (ХҮІІІ ғасырдың орта кезінде) өмірдегі абсолютизммен күрес идеясынан туған сентиментализм (французша - сезімталдық) өнерде классицизмді ауыстырар тың ағым болып қалыптасты. Сентиментализм әуелі Англиядан - ағылшын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz