Коммуникация ұғымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«Коммуникация» терминін саясаттану ғылымында саяси контексте алғаш рет ХХ ғ. басында қолданысқа енгізген зерттеушілердің бірі - Ф. Ратцелдің айтуынша, «саяси қатынаста ақпаратты тарату барлық коммуникациялық қызметтің ең маңыздысы саналады. Дегенмен коммуникация термині кең мағынасында сөз, ишара, бейне және басқа да материалдық тасымалдаушыларға түсірілген нышандар арқылы адамнан адамға ақпарат берілуі деп саналады. Коммуникация саяси ықпал етудің символикалық та, визуалдық та құралы ретінде ежелден қоғаммен бірге пайда болып, дамып келе жатыр.

Коммуникацияның негізгі функциясының өзі танымдық қызмет атқару болып саналады. Ол қоғамдық-саяси өмірді байланыстыратын, бағыттайтын және инновациялайтын адам қызметінен, саяси тасымалдаушының түрлі тәсілдерінен, коммуникациялық процестерден тыс саясат өмір сүре алмайды. Кез-келген пәнаралық зерттеу сияқты саяси коммуникативистикада бүгінде коммуникация теориясы, психологиясы мен социологиясы сияқты аралас пәндерге тән ұғымдар мен түсініктердің ауқымды жүйесі қолданылады. Саяси коммуникативистиканың бірқатар теориялары жекелеген индивидтер деңгейінде қарастырылады, әсіресе, хабарлама тарату нәтижесінде сендіру ықпалына қатысты әрекеттерді атауға болады.

2/ «Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру, біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығы болып табылады. Бұл процестерді жекебастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдық-әлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.

Ресейдің жұртшылықпен байланыс саласындағы ғылыми мектебінің негізін қалаушыларды бірі - М. А. Шишкина жұртшылықпен байланыс «әлеуметтік субъектінің өз жұртшылығымен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыруға бағытталған» деп есептейді. Белгілі батыс ғалымдары С. М. Катлип, А. Х. Сентер, Г. М. Брум: «Паблик рилейшнз дегеніміз ұйым мен жұртшылық арасындағы өзара тиімді байланыстарды орнатуға немесе қолдап

отыруға жәрдемдесетін басқару функциясы, ұйымның табысқа жетуі немесе сәтсіздікке ұшырауы көбіне осы функцияның дұрыс яки бұрыс атқарылуына байланысты болады» - деген анықтама ұсынады.

Украйындық PR теоретигі В. Г. Королько: «Басқару ретінде ақпараттық сылтау-себеп пен ақпарат туындату процесін, сондай-ақ қолайлы қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыру үшін коммникация құралдары арқылы дайын ақпараттық өнімді таратуды түсінетін болсақ, паблик рилейшнз дегеніміз - ақпаратты (соның ішінде әлуметтік ақпаратты) басқарудың арнайы жүйесі болып табылады» - деп жазады.

• Қарым-қатынас барысында ақпарат бір адамнан (коммуникатур-ақпарат беруші) екінші адамға (реципент- ақпарат алушы) тек беріліп -алынбайды, алмасады. Сондықтан, ортақтасудағы ақпарат алысу -тікелей ары-бері ауысу ғана емес, бұл процесстің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу. • Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді.

• Кері байланыс дегеніміз- коммуникатордың әрекетіне реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты - ортақтасу серігіне оның мінез құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.

Кері байланыс түрлері тікелей Тікелей кері байланыс кезінде реципенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады Тікелей кері байланыс реципенті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді. жанама Кері байланыстың жанама түріпсихологиялық ақпараты ортақтасу серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі риторикалық сұрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады.

• . Коммуникация барысында ортақтасушыларға қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алысу емес, сол ақпаратты қатынас серігің мүмкіндігінше дұрыс қабылдап түсінгені.

• Коммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.

Фонетикалық кедергі адамдар әр түрлі тілде, диалектте, не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңкі жоқ, тез, жаңылтпаш, қажетсіз сөздерге толы болған кезде де, түсніспеушілік кедергісі туындайды Семантикалық кедергілер жаргон және слэнг мәселесімен тығыз байланысты. Ортақтасуға қатысушылардың өзіндік шағын құбылыстардың ерекше мән-мағынасы болады.

Тұлғааралық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз ететін кедергінің келесісі- стильдік тосқауыл • Стильдік кедергі - коммуникатор мен реципиенттің тілдік стильдері бір-біріне не тілдің стилі ортақтасу жағдайына, реципиенттің көңіл-күйіне сәйкес келмеуі. Мысалы, балаларға, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болсада, екі түрлі тіл стилі қажет болады. Қайғырып не қуанып тұрған адамға бір ақпаратты әр түрлі мәнерде айтуға тура келеді. Коммуникатор неғұрлым сезімтал болса, реципиенттің ахуалын, ортақтасу жағдайын ұқыпты назарға алса, соғұрлым оның мәлімдемесі реципиентке дұрыс дәрежеде жетеді.

Логикалық кедергілер - сөйлеуші мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болғанда пайда болатын. Қоғамда логиклық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар логикасы, әйелдер мен ерлер логикасы, басшы мен бағыныштылар логикасы. Әлеуметтік-мәдени айырмалар кедергілері әлеуметтік, саяси діни көзқарастарға, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады. Қатынас кедергісі - коммуникаторды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемесіне де қарсы қабылдау сенімсіздік сезімін туғызатын коммуникатордың сөзіне күдікпен қарау. Кез-келген психологиялық кедергі - ақпарат қабылдау жолында құрылатын реципиенттің өз-өзін қорғауы.

Америкалық әлеуметтану саласының негізін салушылардың бірі Чарльз Кули коммуникация - механизм арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының дамуы деп тұжырымдайды. Оған - сөз, жазу өнері, телеграф, телефон, темір жол, адамдардың қарым-қатынасы т. б жатады. Коммуникацияда адамдардың өзара қарым-қатынасы мен бір-бірімен ақпарат алмасуы жүзеге асырылады. Ол хабар, хабарлау, өзара әрекет, қоғамдағы ақпарат алмасу және байланыс құралы. ХХ ғасырдың 1940-1950 жылдары коммуникацияның 2 түрі болды:

Рационалистік (технологиялық концепция детерменизміне құралады)

Иррационалистік (адамдардың бір-бірімен өзара түсінігіне құралады)

Ал қазіргі таңда «коммуникация» терминінің 3 басты интерпретациясы бар.

Коммуникация - байланыс құралы (белгілі бір структура)

Коммуникация - тілдесу, қатынасу құралы (адамдардың бір-бірімен өзара әрекеті мен ақпарат алмасуы)

Коммуникация - ақпарат алмасу құралы (қоғамдық санаға әсер ету мақсатымен)

Коммуникацияның даму тарихы 4 коммуникациялық революциядан өтті:

Сөздің пайда болуы;

Жазу-сызуды үйрену;

Баспа станогының жасалуы;

Электронды БАҚ құралдарының пайда болуы;

4/Коммуникация дегеніміз - жүйе арқылы ақпарат алмасу үдерісі. Бұқаралық коммуникация тарихы қалыптасқан ақпаратты жасау, сақтау, тарату үдерісі және әлуметтік субъект пен объектілер арқылы ақпарат алмасу болып жүктеледі. Субъект - коммуникатор, объект - коммуникант болады. Коммуникация болу үшін 3 талап керек:

Коммуникант (жіберуші субъект)

Объект (жеткізуші)

Реципиент (қабылдап алушы)

Коммуникация кеңістік пен уақытқа тығыз байланысты. Осыған байланысты коммуникацияның 4 түрі бар.

Материалдық (қаржы) коммуникация: а) көліктік, ә) энергетикалық, б) халықаралық көші-қондық, в) эпидемиялық.

Генетикалық коммуникация: тектік не түрі.

Психикалық коммуникация: өзара қарым-қатынас автокоммуникация.

Әлуметтік коммуникация (қоғамдық қарым-қатынастар) : 1) әлуметтік; 3) тілдік; 4) дербес коммуникациялық негіз;

5/Коммуникация мақсаттары: Мақсатты аудиторияларды таңдау коммуникациясының тиісті міндеттері негізінде жүргізіледі, бұл сондай-ақ фирма хабарландырулары жолданған алармандардың күтіліп отырған жауап реакциясына қалыптастыруға да бағытталады. Коммуникацияның мақсаттарына әдетте:

Хабарлылықтың негізін қалау;

Қажетті ақпаратттарды беру;

Тиісті имижді қалыптастыру;

Жақын тарту сезімін ояту;

Имиджді бекіту;

Талдау-талғамды орнықтыру;

Сенімділікті нығайтып, қалыптастыдіру;

Өнімді байқап көруге итермелеу;

Өнімді сатып алуға итермелеу;

Сату көлемін ұлғайту;

Мақсатты аудиторияның экономикалық мінез-құлқын өзгерту жатқызылады.

6/ Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей болып келеді:

1. Ақпараттық қызмет

2. Әлеуметтік қызмет

3. Экспрессивті қызмет

4. Прагматикалық қызмет

5. Интерпретациялық қызмет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар ұғымы
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Ғылымдағы коммуникация, ұжымдардағы немесе ұйымдастырушы коммуникация
Менеджменттегі коммуникация
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Әлеуметтану обектісі
Мұражай коммуникациясы
Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz