Ел болашағы әрбір адамның денсаулығына байланысты


Денсаулық. Осы бір сөзге адамзат өмірі түгелдей тәуелді. Денсаулық Құдайдың адамға берген үлкен сыйы. Алайда бұл сый барша әлемдегі халыққа бірдей берілмейді. Бірі дені сау болып туылса, бірі туыла сала науқас болады. Кейбірі өмірінің қандай бір кезеңінде науқастанып, кейін айығып кетсе, кейбірі дені сау болып жүріп, бір уақытта ауруға ұшуырауы мүмкін. Денсаулық әр адамға әртүрлі мағынада түсінікті. Біреулер денсаулық дегенді әсемдік, әдемілік десе, келесі біреулер күш-қуат, салауатты өмір дейді. Қалай түсінсе де денсаулықты сақтауда барлық адамның мақсаты мен іс-әрекеті бірдей болады.
Денсаулық дегеніміз адамның организмінің дұрыс істеуі. Яғни адамның дене мүшелерінің, әрбір органының қалыпты қызметі.
Дені сау адам қоғамның ең қымбат жемісі. Бұл туралы сол кезден бекер айтпаған. Ерте заманнан ауырмаудың жолын іздеп, қазірге жеткен көптеген ем-домдарды, халықтық емдеу құралдарын ойластырғаны денсаулықты жаға жетпес байлып деп бағалағандарына дәлел. Уақыт өте келе адамдар жұмысы, жеке қызуғушылықтарын, басқа да қосымша дүниелерді алдыңғы қатарға қойып, денсаулықты шегеріп тастаы ертелі-кеш өз жағымсыз нәтижесін көрсетеді, тіпті осы жылғы дүниежүзін қамтыған вирустың әсерінен нәтижесі көрініп те отырған секілді.
Адамның денсаулығы ұлттың байлағы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы үшін еңбектнуі керек. Себебі дені сау адамның өмірге деген көзқарасы мен құштарлығы жоғары болады. Дені сау ел байлығы демекші Отанымыздың болашағы халықтың салауатты өмір салтын ұстануына байланысты.
Салауатты өмір салты дегеніміз - адам денсаулығын сақтауға, нығайтуға, мұқият мән беруге және қалыпты деңгейде ұстауға бағытталған адам іс-әрекеті. Салауатты өмірді қалыптастырудың негізгі мақсаты адамдардың денсаулығын сақтап, жас ерекшеліктеріне байланысты салауаттылық туралы ұғымдарды және ережелерді қалыптастыру. Негізгі мақсаттан мына мінгдеттер қатары шығады: салауаттылық әдісьерін үйрету, адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, негізгі жеке бас гигиеналық ережелермен таныстыру және қазіргі уақытқа тән ауру түрлерімен таныстырып, сол және өзге де ауруларды алдын алу мен емдеу туралы ақпарат беру. Салауаттылық адам өмірінде өздігінен қалыптаспайды, оны адам өз өміріне мақсатты түрде қалыптастырады. Деректерге сүйенетін болсақ, адам денсаулығы 53-55% - ға салауаттылыққа тәуелді болады екен. Медициналық сарапшылардың деректеріне қарайтын болсақ денсаулықтың 50% - ы салауатты өмір салтына, 20% - ы қоршаған ортаға, 20% - ы генетикалық базаға және 10% - ы денсаулық сақтау деңгейіне байланысты дейді. «Денсаулық ауадан аумайды, барында кім оны аңдайды» деген мақалды басшылыққа алып, денімізге барынша мұқият болып, зиян келтіретін әректтерден, нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу және басқа да зиянды заттардан аулақ болу керек. Бұл салауатты өмірдің бір бөлігі.
Ерте кезден бастап денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін, одан артық ештеңе жоқ екенін сонау Аристотель заманында «жанды дене қозғалмаса өледі» деп тұжырым жасағанынан мәлім. Қазіргі таңда да адамдар салауаттылық туралы, өз организмі, оның қызметі туралы көп біле бермесе де, денсаулық туралы, оны сақтау мен нығайту туралы біраз ақпарат біледі. Сол біліп тұрғанның өзінде, адамдар сыртқы жағдайларды кедергі ретінде қарап, денсаулықтарны мән бермейді. Халқы көп, алып АҚШ және Ресей мемлекеттерінің статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Ресей халқының 12% - ы, ал АҚШ халқының тек 3% - ы ғана салауатты өмір сүреді екен.
Ел болашағы әрбір адамның денсаулығына байланысты. Адам денсаулығын сақтау және нығайту тек бір адамның жеке мәселесі емес, бүкіл елдің негізгі мақсаты мен міндеті. Еліміздің халықтың денсаулығына көңіл бөліп, оны жақсартуға барынша мән беріп отырғанын жоққа шығаруға болмас. Бүгінгі таңда халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шаралар мен түрлі бағдарламалар ұйымдастырып, адамдардың салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарына мұқият қарауға тәрбиелеуді қоғамның басты талабы етіп отыр. Себебі соңғы 20 жылдық уақытта ел аумағында мыңға жуық денсаулықты сақтауға нысандалған обьектілер салынған. Түрлі бағдарламар, соның бірі «100 мектеп және 100 аурухана» атты бағдарламаның нәтижесінде көптеген емдеу орталықтары ашылған. Мемлекет басшының қолдауымен «Салауатты Қазақстан», «қазақстан азаматарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» бағдарламарының әсерінен медициналық қызметтердің қолжетімділігіне, сапалы әрі қолжетімді ем - шараларға барынша көңіл бөліп, медициналық құрал - жабдықтың, кадрлық және қаржылық деңгейгелерін көтерген.
ҚР ҰЭМ статистикалық комитетінің мәліметтеріне жүгінсек еліміздегі ең көп таралған ауру түрлері: туберкулез, сифилис, қызылша, миокард инфаркты, қант диабеті, қатерлі ісік аурулары және т. б. туберкулез ауруымен 2014 жылы 9925 адам тіркелсе, 2015 жылы 8845 адам тізімге енгізілген. Алайда соңғы онжылдықта туберкулезбен ауырған науқастар саны 54, 9% - ға азайған. Сифилис ауруымен 2014 жылы 5405 адам, ал 2015 жылы 4972 адам тіркелген екен. Қызылша ауруымен ауырған адамдар саны 2014 жылы 321болса, 2015 жылы 2341 яғни есе өскен. Ал 2016 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 36 есе қысқарған. 2016 жылы тыныс алу жүйесі ауруларымен тіркелгендер саны 3 863 000 құрапты. Миокард инфаркты 1000 адамға шаққанды көрсеткіш бойынша 2014 жылы 62, 1 адамды, 2015 жылы 65, 7 адамды құраған. Қант диабетіне қалдыққандар 2014 жылы 164, 4 адам, 2015 жылы 169, 1 адамдық көрсеткіш көрсеткен. Қатерлі ісіктен қайтыс болған науқастар саны 2011 жылы 101, 5 адамды, 2015 жылы 89. 9 адамды қамтыған. Республика аймағында орта есеппен жыл сайын қатерлі ісіктен 17 мыңға жуық адам қайтыс болады екен. Оның 42% - ы еңбекке қабілетті тұлғалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz