Азаматтық құқықтың ұғымы



Жоспар

1.Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны, азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу, мүліктік және мүліктік емес қатынастар.
2.Азаматтық құқықтың жүйесі.
3.Азаматтық құқықтың принциптері.
4.Азаматтық құқық және азаматтық заңдар, азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы, азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы, азаматтық заң қалыптарының түсінілуі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны, азаматтық құқықтық
қатынастарды реттеу, мүліктік және мүліктік емес қатынастар.
2.Азаматтық құқықтың жүйесі.
3.Азаматтық құқықтың принциптері.
4.Азаматтық құқық және азаматтық заңдар, азаматтық заңдардың уақытқа
қарай қолданылуы, азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы,
азаматтық заң қалыптарының түсінілуі.

Азаматтық құқықтың ұғымы

1.Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны, азаматтық құқықтық
қатынастарды реттеу, мүліктік және мүліктік емес қатынастар.
Азаматтық құқық-мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
реттейтін құқық саласы.
Азаматтық заңдар мүліктік қатынастарды эквиваленттік-ақылы және
ақысыз деп бөледі.
Эквиваленттік-ақылы айналымда жүрген заттың құнын өндіріп алуға
байланысты туындайды. Бұл- сатып алу-сату, айырбастау, жеткізіп беру, мүлік
жалдау және т.б. түріндегі тауар-ақша қатынастары.
Ақысыз қатынастар ақысыз негізде құрылады, бұлар-сыйға тарту, ақысыз
пайдалану, мұрагерлікке алу, процентсіз заем және т.б.
Мүліктік қатынастардан жеке мүліктік емес қатынастардың айырмашылығы
оларда құндылық сипат болмайды, тікелей экономикалық мазмұннан алыс тұрады.
Азаматтық құқықтың негізі болып табылатын азаматтар мен ұйымдардың
әрқайсысының жекешелегін білдіретін жеке мүліктік емес қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастарға, бір жағынан тікелей мүліктік
қатынастарға, екінші жағынан, оларға мүлде байланысы жоқ қатынастар жатады.
Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш
өзінің авторлығын мойындау туралы мәселе қойса, өзінің жеке игілігін қорғай
отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Мұндай
авторлықты мойындаумен бірге зерделік шығармашылықты пайдалану нәтижесі
үшін ақы төлеу талабына орай, мүліктік қатынастар туындауы мүмкін.
Мүліктік емес жеке қатынастар- азаматтардың ар-ожданын, абыройын және
іскерлік беделін қорғау жөніндегі қатынастар.
Азамат немесе заңды тұлға,- Азаматтық кодекстің 143-бабында айтылған,-
өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың
шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап
етуге құқылы.
Азаматтық кодексте, мәселен, автордың және оның келісімінсіз
жариялауға болмайтын хат адресаттың мүдделерін қорғайтын ереже бар. Қайтыс
болған жағдайда қайтыс болған адамның жұбайының немесе балаларының
келісімінсіз жариялауға болмайды.491-бап
Азаматтық құқық мына қатынастарды: мемлекеттік, кооперативтік және
қоғамдық ұйымдардың өзара қарым қатынастарын; азаматтардың мемлекеттік,
кооперативтік және қоғамдық ұйымдармен қарым қатынастарын; азаматтардың
өзара қарым қатынастарын реттейді.
Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастардың қатысушылары Қазақстан
Республикасындағы әр түрлі сыртқы сауда операцияларын жасап жүрген шетел
фирмалар, ал кейде жекелеген жағдайларда азаматтармен мүліктік қарым
қатынасқа түсетін шетел фирмалары, шетел азаматтары, шіркеу бола алады.
Мүліктік қатынастардың қатысушалары ретінде мемлекет те қатысуы
мүмкін.
Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының ерекшелейтін маңызды
жағдаяттар мынау:
олар, бұл қатынастарда бөлектенген мүліктің иелері ретінде көрінеді.
Сөйтіп, азаматтық құқық дегеніміз тауар-ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-
ақ мүліктік қатынастарға байланысты немесе (байланысы жоқ) мүліктік емес
жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

2.Азаматтық құқықтың жүйесі.
Азаматтық құқықтың жүйесі деп мазмұнына байланысты азаматтық құқықтық
институттардың тиісті бөлімдеріне топтолған құқық нормаларының жиынтығын
түсінген жөн.
Ол барлығы үшін немесе нақты азаматтық құқықтық қатынастардың
көпшілігі үшін жалпы маңызға ие нормалары бар жалпы бөлімді жинақтайды.
Атап айтқанда, олар: азаматтық құқықтың мақсаттары, міндеттері; құқықты
қорғауды жүзеге асырудың тәсілдері мен ережелері; азаматтық құқықтық
қатынастар туралы ережелер; талап мерзіміне, мәмілелерге, өкілдікке және
т.б. қатысты нормалар.
Азаматтық құқықтың ерекше бөлімін мемлекеттік, қоғамдық жеке
меншіктер саласында қалыптасқан немесе басқа жекелеген шарттар мен шарттан
тыс міндеттемелерге қатысты ережелерді қамтитын міндетті құқықтар бір
қалыпты қатынастарды реттейтін құқық нормаларын құрайды.
Оларға: шығармашылық қызметті құру нәтижесін пайдалануға байланысты
қатынастар жатады; авторлық құқық, ашу құқығы, патенттік құқық; иесі қайтыс
болғаннан кейін мүліктің мұрагерлерге өту мәселесі бойынша қоғамдық
қатынастарды реттейтін мұрагерлік құқық және т.б.
Азаматтық заңдарымен реттелетін қатынастар екі ерекше белгілермене
анықталады: 1.Олар мүліктік сипаттамада, басқаша айтқанда белгілі бір
мүліктің пайда болуын оны пайдалану немесе өзге тұлғаларға беру, мүліктік
зиянды өтеу және т.б. АК-тің 1-бабының 1 тармағы, тауар-ақша қатынастарды
белгілеген, бірақ азаматтық құқықтың нысанасы осындай қатынастарды
реттеумен шектелмейді, себебі, мысалы мұрагерліктен, немесе сыйға тарту
сияқты өзге де мүліктік қатынастарды қамтиды.
2.Кейбір мүліктік қатынастардағы сияқты, мысалы, салықтық олардың
қатысушылары бір біріне бағынбайды.
Қатысушының біреуі де өз еркін басқа қатысушыға жүктеуі мүмкін емес.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың айырмашылығы осы.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар,
заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып
табылады.
Азаматтық заңдар, мүліктік қатынастардың салдарынан, мүліктік емес
сипаттамадағы жеке қатынастарды реттейді.
Мысалы, әдеби туындыны шығару, мүліктік емес авторлық құқықты
туындайды. Бірақ, автор, сыйақы үшін туындысын өзге тұлғалараға пайдалануға
беруге құқылы. Мысалы, өзге тілге аударуға рұқсат беру.
Азаматтық заңдар мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес
жеке қатынастарды реттейді. Оларға мысалы, есімге құқық, жеке өмір құпиясын
қорғау және т.б.

3.Азаматтық құқықтың принциптері.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың
теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігі, жеке істерге кімнің
болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық
құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына
келтірілуін, олардың соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға
негізделеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көздей отырып, ие болады және оларды жүзеге
асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауды
және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуге
ерікті.
Азаматтық құқық принциптерінің біліктік мазмұны дегеніміз-олар
мүліктік және деке мүліктік емес қатынастардың реттелу ерекшеліктеріне
байланысты нақты қолданылатын негізгі бастама.
1.Меншікке қол сұқпаушылық Қазақстан Республикасы экономикасы
меншіктің алуан түрі нысандарына негізделетіні белгілі, мемлекет олардың
тең жағдайда қорғалуын қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдайда меншіктің барлық
нысандарын қорғап, сақтау ерекше маңызға ие. Бұл міндетті орындай отырып,
азаматтық заңдылық меншіктің нығаюына ықпал жасайды, мемлекеттің,
ұйымдардың және азаматтардың меншіктерінің құқығын сенімді қорғауды
қамтамасыз етеді. АК,259-267-баптар. Сонымен,
меншікті қорғауды қамтамасыхз ету, азаматтық құқықтың басты принциптерінің
бірі болып табылады.
2.Азаматтық құқық субъектілерінің тең құқықтығы олардың заңды
теңдігінде. Олар бір біріне бағынышты емес, заңға сәйкес бір біріне қарым
қатынасы бойынша кез келген азаматтық құқықпен міндеттерге ие бола алады.
Бұл принцип азаматтық құқықтың айырымды белгісі ретінде көрінеді, сойтіп
азматтардың құқықтар мен міндеттерге тең жағдайы ие болуын қамтамасыз
етеді.
3.Шарт еркіндігі қағидасы дегеніміз:
а) кез келген шартты жасасуын немесе жасаспауын тұлға өз ерікі бойынша
шешеді;
б) шарт жасасатын партнерды өзі таңдау;
в) шарттың жағдайларын белгілеу.
Сонымен қатар, шарттық партнердың да дәл осындай құқықтары бар
екендігін ескеру керек. Сондықтан да азаматтық құқықтық шарт деп- ерікті
және екіжақты келісімді айтамыз.
Шарт еркіндігі белгілі бір императивтік құқықтық нормалармен
шектеледі. Егер заңда қару-жарақ немесе есірткі заттарды сатуға тыйым
салынса, шартқа осындай жағдайларды енгізуге жол берілмейді.
4.Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол берілмейді
қағидасының мәні мынада. Басқару және билік органдарға, ата-аналарға,
қызметтік бастықтарға және өзге де тұлғаларға, әрекетке қабілетті азаматтар
мен заңды тұлғалар өздерінің мүлкін іске асыруын, табыс бөлу, пайданы
пайдалануына ешқандай араласуына құқықтары жоқ. Осы қағида тағы жеке іске
өзге тұлғаның жеке өміріне, жеке құжаттарына және қатынастарына араласуға
ешкімнің құқығы жоқтығын көрсетеді.
5.Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар саласында, азаматтар және
заңды тұлғалар, заңда тыйым салынғаннан басқа, кез келген әрекетер жүзеге
асыруға құқылы.
6.Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері АК-тің 9-10 баптарында
көзделген.
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелік сот немесе аралық сот:
құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейін болған жағдайды қалпына
келтіру; құқықтарды бұзатын немесе оның бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге
тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды,
төленетін айыпты өндіртіп алу; мәмілелерді жарамсыз деп тану және т.б. ,
сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырады.
Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына
өтініш жасау, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі
жасамайды.
Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды
қорғау құқығы бұзылған адамның тікелей іс жүзіндегі немесе заңдық
әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін өзін-өзі қорғау.
Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше
көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Сыртқы экономикалық шарттармен байланысты дауларға БҰҰ-ның ұсынысымен
ЮНСИТРАЛ процедурасы қолданылады.
Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан республикасының бүкіл аумағында
емін- еркін орын ауыстырып және айналысқа түсіп отырады. Егер қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени
қазыналарды сақтау үшін қажет болса, заң құжаттарына сәйкес тауарлармен мен
қызметтің орын ауыстыруына шектеулер енгізіледі.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар,
заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып
табылады.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың
теңдігін, меншікке қол сұқпайшылықты, шарт еркіндігі, жеке істерге кімнің
болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық
құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына
келтірілуін, олардың соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға
негізделеді.
4.Азаматтық құқық және азаматтық заңдар, азаматтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық құқық нормалары
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Пәндер