Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай


Өскемен қаласының
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты:
Қоғамдық зерттеу мен Қазақстанның мәдениеті
Тақырыбы:
«Сленг және масыл сөздердің қазақстандық жастардың сөйлеу мәнеріне әсері қандай?»
Өскемен 2020
Кіріспе
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі болғандықтан, оның сақталуы мен тазалығы еліміздің ұлттық мүдделерінің қорғалуына әсер етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» демекші, қазақ тілінің мәртебесінің артуын күтуде. [1] Бұл мақсатқа жету үшін халық арасында қолданылатын ауызша сөйлеудің тазалығын қадағалаған жөн, себебі күнделікті қолданысқа ие тілге бөгде сөздер кірігіп, ана тіліміздің бастапқы байлығв мен «сұлулығын» бұзуы мүмкін.
Ауызекі стиль қай елде болмасын, сөйлеу мәдениеті мен тілде маңызды рөл атқарады. Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орынға ие. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі - сөйлеудің алдын - ала дайындықсыз тікелей қарым - қытынас жасау барысында жүзеге асатындығы. [6] Оның мақсаты тікелей және тез қатынас, жауап беру болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері - варваризмдер, жаргондар, сленг, масыл сөздер т. б жиі кездеседі.
Ана тіліміздің метоморфозы мемлекетіміздегі үштілділік саясаты, яғни жасардың мектепте, жоғарғы оқу орындарында қазақша ғана емем, еркін орысша сөйлеп, кейде ағылшын тілін қолдануына байланысты деуге болады. Себебі, жаргон немесе сленг сөздерінің көбі дәл осы орыс және ағылшын тілдерінен енген. Жастардың тілі барған сайын сленгке қанық бола бастады, ол тіпті түсініксіз дәрежеге жетті. Жасөспірімдер таныстарымен сол «сәнді» сөздерді негізгі тіл ретінде пайдаланады және қажет болған кезде қоғамның қалған мүшелерімен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керектігін ұмытып кетеді. Мен өзім достарыммен сөйлескенде жаргон сөздерді қолданамын, оны дұрыс грамматика туралы ойланбастан қолдану оңай, бірақ мен көптеген сленг сөзднрді ұстаздарыммен сөйлескенде байқамай сөзіме қосып жіберуге бейіммін. Сондықтан, сленг сөздер мен сияқты жастардың қалыпты қарым-қатынасқа түсуіне жол бермейді деп санаймын.
Сонымен қатар, 21 ғасырда Жаһандану өміріміздің барлық саласына әсер етуде, олардың бірі - тіл мен сөйлеу мәнері. Қазақстандықтар батыс елдерінен немесе ағылшын тілінен кіріккен сөздерді күнделікті өмірде жиі қолдануда. Әсіресе жастар арасында масыл сөдер мен сленг сөздерін бір сөйлем ішінде бірнеше рет кездестіруге болады. Бұл сөздер жастардың сөйлеу мәнеріне кірігіп, тіл тазалығын бұзады, әрі сөйлеп тұрған адамның ойын шалағай етіп көрсетеді.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу мәнері өзгеріп, көптеген басқа тілден еңген сленг сөздер немесе сөз мағынасын бұзатын қыстырма сөздер тым жиі қолданылып, тіл тазалығының сақталуына қауіп төндіріп тұр.
Негізгі бөлім
Термин сөздермен танысу
Сленг - бұл жаңа формалармен сипатталатын және тез өзгеретін сөздік қорымен сипатталатын, жастар немесе әлеуметтік және кәсіби топтар «топішілік» қарым-қатынас үшін пайдаланатын және сол арқылы сөйлеу қоғамдастығының қалған бөлігінің түсінуіне кедергі келтіретін сөйлеу түрі[7]
Жаргон - жалпы мүдделермен біріктірілген, қалыпты тілден өзгеше, басқалар толық түсінбейтін көптеген сөздер мен сөз тіркестерін қамтитын кез-келген топтың сөйлеуі, жоғары өрнек пен ерекше бағалау бояуын білдіруге арналған (әдетте жағымсыз) . [5]
Жастар жаргоны - бұл 13-30 жас аралығындағы адамдардың өзін-өзі аға буынға және ресми жүйеге қарсы қоюдан туындаған және ауызекі, кейде дөрекі таныс бояумен ерекшеленетін әлеуметтік диалект. [5]
Масыл сөздер (слова паразиты) дегеніміз адамдар сөйлеу кезінде кішкене кідірістерді толтыруда қолданылатын қысқа, мағынасыз сөздер (немесе дыбыстар) . Біз бұдан әрі не айтарымызды шешкен кезде пайда болады. Паразиттік сөздер әлемнің көптеген тілдерінде кездеседі, өйткені олар пайдалы функция - кідірістерді толтыру рөлін орындайды. Алайда, мұндай сөздерді жиі қолдану сөйлеудің ретсіздігіне, ауырлатуына әкеледі. [3]
Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жастар арасында қолданылу деңгейі мен қазақ тілінің қазіргі жағдайы
1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» деген конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. [2]
2019 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мәресіне жетті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. [1]
Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында үкімет тарапынан мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР-да жыл сайын «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Тіл шебері», «Тілдарын», Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, түркі, славян жазбалары мен мәдениеті күндері және басқа да түрлі форматты іс-шаралар өткізіледі. [1] Алайда, бұндай шараларға қарамастан жастардың тілге емқұрайлы қарауы мен қазақ тілінің тазалығының жоғалуы дамуға үлкен кедергі болуда.
Сленг сөздерінің шығу тарихына келетін болсақ, «Америка сленг сөздігінің» авторларының бірі Стюард Б. Флекснер мынандай мәліметтер келтіреді. Оның айтуынша, әрбір американдықтың сөздік қорында шамамен 1-2 сөз бар. Оның 2000 сөзі сленг қатарына жатады. Яғни сленг жалпы лексика қорының 10-20 пайызын құрайды. Бірақ Стюарт Б. Флекснердің пайымдауынша, бұл лексика қоры әрбір американдыққа толығымен белгілі болса да, күнделікті сөйлеу тәжірибесінде толығымен қолданылмайды. Ғалымдардың есептеуінше АҚШ-та ағылшын тілінің сөздік қорында 1 сленг сөзі бар, ал оның басқа бір түрлеріне 35000 сөз жатады: олар - кәсіби сленг, жаргонизмдер, арго, қанатты сөздер. [9]
Сленг табиғаты оның үнемі жаңарып отыруын талап етеді. Көптеген сленг сөздері салыстырмалы түрде ұзақ өмір сүрмейді және егер олар тілде тұрақталса, яғни сленг қатарынан жалпы ауызекі тіл лексикасына өтіп кетсе, қолданыстан түсіп қалады. Сленг бойынша әйгілі ағылшын маманы Эрик Партридж ағылшын тіліндегі «боқмұрын» мағынасындағы сөздің бірнеше қолданылу қатарын келтіреді: blood (1550-1660) ; macaroni (1760) ; buck (1720-1840) ; dandy (1820-1870) ; swell (1811) ; toff (1851), бұл қатарға одан бергі spiv және қазіргі заманғы teddy-boy-ды қосуға болады. Жақша ішіндегі сандар сөздің ең бірінші рет тіркелген кезі мен қолданыстан шыққан уақытын көрсететінін айта кету керек. Осыдан сленг сөздері 16-шы ғасырдан бастап өмір сүреді деген қорытынды шығарамыз. [9]
Қазіргі кезде қазақстандық жас ұрпақтың қолданатын жаргондарының көбі орыс не ағылшын тілінен енген. Орыс тілінен келген сленг кеңестік және посткеңестік қоғам әсерінен, түрмедегі тұтқындар мен қылмыскерлердің оларды басқалар түсінбеу үшін қолданған жаргондардарынан алынып, тұрғындардың, әсіресе жастардың күнделікті сөйлеуіне кірігіп кеткен. [5]
Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды түрлі себептерге байланысты қолданады:
- сезімді жеткізу оңайрақ,
- елден ерекше болу,
- өзгелер түсінбеу үшін,
- барлығы қолданғандықтан, «сәннен» қалыспау,
- белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін.
Жастардың сленг сөздерін қолдану себебін зерттейтін болсақ, көрсетілген диаграммалардағыдай ақпарат аламыз. Орта мектеп оқушылары арасында жиі кездесетін жауап: жаргондар сәнді, басқалармен бірге болу керек, бұл 37%, 25% мұндай сөйлеуді ең қолайлы деп санайды. Мектеп оқушыларының шамамен 18% жаргон қатты эмоцияны білдіру үшін жақсы деп санайды. 11% жаргон аз сөздік қоры бар адамдарға белгілі бір ойды айтуға көмектеседі деген ойда. Қалған 9% -ы осы тілде сөйлесу адамдарға «салқынқандылық» сезімін тудырады дейді. [10]
Студенттердің жаргон сөздерді қолдануды ұнататын себептері әр түрлі: 1) жаргон ақпаратты жақсырақ жеткізеді, өйткені онда мағынасы үлкен сөздер бар (бір сөз бүтін сөйлемді білдіре алады) ; 2) 36% - жаргон эмоцияны жақсы жеткізеді; 3) 28% - сән (дәрежесін көрсетеді) Сөйлеушінің «озық болуы», құрдастарымен хат алмасуы, басқалардан ерекшелігі) ; 4) 13% - әлеуметтік желілердің әсері; 5) 11% - сөздік қоры аз (олар аз оқиды, өз ойын қалай басқаша айтуды білмейді, мәдениеттің төмен деңгейі) ; 6) 8% - оқшаулану аға буыннан; 7) 3% - есте сақтау оңай - 1%. [10]
Жиналған материалды талдай отырып, студенттер (97%) мектеп оқушыларына қарағанда (94%) жаргон сөздерді жиі қолданады деп айта аламыз. Мүмкін бұл бірінші курс студенттерінің сөздік қорының молдығымен және жаңа әлеуметтік ортаға енуімен байланысты болуы мүмкін. [10]
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері
Зерттеудің мақсаты - Қазақстан жастарының сөйдеу мәнеріндегі қазақ тілінің қаншалықты таза екендігін және сленг, масыл сөздердің жастар арасында қолданылу деңгейін анықтау арқылы тілдің дамуына кедергі келтіретін осы фактормен күрес жолын ұсыну
Жоғарыда аталып өткен мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді алға қойдым:
1. Қазақстандың жастардың қазақша сөйлеу тазалығының қазіргі жағдайына баға беру;
2. Қазақстан Республикасының Президентінің жаныдағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының доценті, филологиялық ғылым кандидаты - Сейлхан Айгүл Қабатайқызынан сұхбат ала отырып, еліміздің жастарының қазақша сөйлеу мәнері мен тіл тазалығы жайында біліп, мемлекеттік тілдің дамуы үшін не істелініп жатқанын анықтау;
3. Назарбаев Зияткерлік мектебінің және Қазақстанның басқа да орта мектептерінің оқушыларынан сауалнама алу арқылы сұхбаттың нәтижелерін қолдау және жаргон мен масыл сөздердің болашақта қолданылуына болжам жасау;
4. Қазақ тілінің тазалығының жойылу мәселесіне орай оны тоқтатудың жолдарын ұсыну.
Зерттеу сұрақтары
1. Қазақстан жастарының қазақ тілін қолдануының қазіргі жағдайына қандай баға беруге болады?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz