Мектептегі байқау практикасы бойынша есеп



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мектептегі байқау практикасы бойынша есеп:
Мен Жолдасқалиева Амина Байназарқызы 01.03.2021ж. және 01.04.2021 ж. аралығында Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің 2 вг сынып оқушыларына қосымша білім бердім.2 вг сыныбынан қосымша оқуды қажет ететін 6 оқушы таңдалып алынды.Оқушылар тізімі:
1.Ақжолов Алихан
2.Мнайдар Нұрым
3.Орынбасар Әлімжан
4.Саламатұлы Әлиакбар
5.Бисенбай Сағыныш
6.Жұмабек Медина
Бастапқы кезде қосымша білім беруде оқушылардың білімі төмендеу болды.Тақтаға шығуға,қойылған сұраққа жауап беруге қысылды.Дәптерге жазуда,сандарды таңбалауда қателіктер жіберді.Берілген тапсырмаға тақтада ұзақ тұрып қалатын болды.Сондай-ақ балалармен жұмыстанар кезде мынадай жағдайларға назар аудардым:
1) Оқушылар математика пәнінде көбейту және бөлуге арналған есептерді онша жақсы біле қоймады.Санаулы оқушы математикаға жақсы болды.
2) Кейбір оқушылар көбейту және бөлу таңбаларынан шатасты.
3) Тақтамен жұмыс жасауда көп уақыт алатын болды.Көмек сұрауға қысылып,уақыт жоғалтатын болды.
4) Қазақ тілі пәні бойынша оқушылар орташа жағдайда болды.Арасында оқуға қиналатын оқушылар да болды.Өткен тақырыптардағы сұрақтарға жауап беруде қиындық тудырды.
5) Өткенді қайталауда ережелерді еске түсіре алмады.
6) Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушылар оқулықта берілген мәтіндерді оқуда қиналды.Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындауы шамалы болды.
7) Сонымен қатар өз пікірлерін айтып,ой алмаса алмады.
Осы мәселелерге аса назар аударып,мынадай жұмыстар жүргіздім:
1) Ең алдымен балаларға дәптерге жазу ережесін,сандардың таңбалануын,көбейту және бөлу амалдарының таңбасын үйреттім.
2) Тақтамен жұмыс жасағанда жинақы әрі ұқыпты жазуды үйреттім.
3) Көбейту кестесін жаттатқыздым.Күнделікті сабақ үстінде көбейтуге арналған есептерді шығартқыздым.Қосымша көбейту кестесін ауызша сұрадым.
4) Көбейтумен қатар бөлуге арналған есептер де қиындық туғызған болатын.Сол себепті бөлуге арналған есептер дайындап әкеліп,балаларға орындаттым.
5) Сабақ үстінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,балаларға түрлі тапсырмалар орындаттым .
6) Қазақ тілінен өткен тақырыптардағы ережелерді еске түсіріп,қайталау жұмыстарын жүргіздім.
7) Тақырыптар бойынша тапсырмалар беріп,өз бетінше жауап беруге талпынысын арттырдым.
8) Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушыларға минутына сөз оқытып дағдыландырдым.
9) Оқулықта берілген мәтіндермен жұмыс жасатқыздым.
10) Тапсырмалар бойынша өз ойын ашық айтуға үйреттім.
Нәтижесінде оқушылар мынадай жетістіктерге қол жеткізе білді:
1.Ақжолов Алихан сандарды дұрыс таңбалай алды.Көбейту кестесін жаттап үйренді.Көбейту және бөлуге есептер шығаруға талпынысы бар.Тақтаға шыққанда білгенін айтып,білмегенін сұрап,нәтиже көрсетті.Қазақ тілі пәнінен ережелерді айтып,мысалдар келтіреді.Берілген тапсырмаладры уақытылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу
Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Оқушымен байланыс
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқушылардың тәрбие кеңістігі арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми- тәжірибелік мазмұны
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы
Пәндер