Адамгершілік адамдықтың айнасы


Адамгершілік адамдықтың айнасы
Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса,
ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек.
Аристотель.
Адамгершілік адам бойындағы ең асылда құнды қасиеттердің бірі. Бұл тіпті айтпасақта белгіліғой. Сонау заманда өмір сүрген әлемнің бірінші ұстазы Аристотельде адамгершілік ақсап жатса білімді адамнан не пайда демейме. Ендеше осы айтып отырған адамгершіілік дегеніміз не өзі соған бір тоқталып өтсем. Адамгершілік - бұл рухани құндылық, рухани тәрбие. Адамгершілікті мейірімділік, қайырымдылық, үлкенге құрмет-кішіге ізетпен, ақкөңіл, адалдықпен сыйпаттай аламыз. Яғни бір сөзбен осылардың бәрін адамгершілік дейміз. Біреуге қол ұшын созып, қайырымдылық жасап жатса, кез-келген жерде сыйлап құрметтеп жатса, барымен бөлісіп, руханида материалдықта көмек беріп жатса адамгершілігі мол жан екен дейміз. Адамгершілік бұл адамның сана сезімімен өлшенеді. Адам қаншалықты тәккәппар болса көкірегін соншалықты көкке көтереді, яғни оның сана сезімі төмендігі соншалық өзін елден өзгешемін деп есептейді. Айтқым келгені сана сезімі төмен адамдарда адамгершілік қасиетте төмен.
Адамгершілік ақсап жатса ол адамның ілгерілеуінен кері кетуі тезірек дейді. Менің түсінуім бойынша қанша бір ғылымды меңгерсеңде, талай жаңалық ашсаңда оны айналаңдағы адамдармен бөліспесең оны не үшін аштың, және оны ары қарай қалай дамытпақсың. Адамзатқа пайдаң болмаса не тапсаң да оны өзіңмен бірге көріңе алып кете алмайсың.
«Қайырсыз итке мал бітсе - аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге. » - дейді Бұқар жырау. Бұның астарында не жатыр үңіліп қарасақ. Сананың төмендігі, адамгершіліктің жоқтығы, адамның соншалықты өзгеруі. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.
Әр уақытта байыптылық керім іс
Адамгершілік сапалы қыр сеніңіз
Абай айтқан бес асыл іс керегі
Жаныңызға рахаттана теріңіз
Хакім Абайда адамгершілікті аз дәріптедіме, жоқ әрине ең бір керемет өлеңі барғой:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз - дейді қараңызшы қаншама білім жатыр бұл бір өлеңнің өзінде. Бұдан басқа қаншама қара сөзі, өлеңдері бар адамның асыл қасиеттеріне арнаған. Алдыңғы аталған бесеуді ойшыл «бес дұшпаның» деген. Неге? Себебі, ел бұзылуы, яғни әлеуметтік әділеттілік пен дәстүрлі өмір реттілігі бүлініп, қоғамның қилы өрнекке орануы - осы бесеудің ісі. Абайдың: «Ел бұзылса, табады шайтан өрнек» дейтіні сол. Бес асыл іс - бұл дүние ғана емес, ақиретке де егіндік. Ол Шығыстың ақыл-ой қазанында ғасырлар бойы қайнап, өмір сынағынан өткен идея. Былайша айтқанда, бақытты болу формуласы. Өйткені, бесеуі де Құдай сүйетін қайырлы істер.
«Ғылым таппай мақтанба» - Абай «пайда ойламай, ар ойлайтын» шапағатты адам, кісілікті кісі болуды аманаттаған өлеңдерінің алғашқы қарлығашы. Онда адамның адамгершілікке жету жолы және өзін-өзі жетілдіру жолдары паш етілген. Абай өсиетінің ел ішінде мақал-мәтелге, қанатты сөздерге айналу үрдісі осы өлеңнен басталғанын да айта отырайық.
М. Әуезовтің: «Абай адамгершілікті, моральдық философияны барлық жайдан жоғары қойды», - деген ойы ақын танымын терең танудан туған. «Философиялық ойдың даму тарихында «адам» ұғымының алатын орны орасан зор», - деп философ Сократ айтпақшы, Абай даналығы Конфуций мен Сократ сынды адам және оның ізгілік пен рухани дамуға ұмтылысы сияқты құнды ерекшелікке аса мән береді. Көпғасырлық тарихымызда игеріліп, соңғы отыз жылда ескерусіз қалған рухани және моральдық ерекшеліктері басым құндылықтарымызды шашау шығармай жинап алатын уақыт келді. Соларды қайта тірілтуге һәм жандандыруға бүгінде негіз бар, себебі, материалдық жетістікке жету идеясы түкке алғысыз болып қалғаннан кейін барша әлем қазір ізгілік идеясына қайтадан аса мұқтаждық кешуде. Рухани құндылықтар мен адамгершілік нормалары өркениет дамуының нәтижесі екенін айттық. Қоғамдық байланыстарды бұзып, рухани өмірдің дағдарысына, адамгершіліктің құлдырауына жеткізіп болған қоғамдық апаттар, табиғи және әміршілдік режимдер бұл күні өз шарықтау шегіне жетіп отыр. Өркениет игіліктеріне әбден бейімделген адамзат табиғаттан алыстап, оның заңдылықтарымен өмір сүру ережелерін естен шығарып жатады. Әлемдік тарихи даму жолында бұл аса маңызды рөл атқарады. Өркениетті қоғамдағы өмір сүру заңдылықтары адамгершілік нормаларына сәйкес болған жағдайда ғана ізгілікті қоғам идеясы іске асады.
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Көрнекті педагог
В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz