Басқару психологиясының өзекті мәселелері


Басқару психологиясының өзекті мәселелері
Басқару психологиясының өзекті мәселерін бастамас бұрын, бірінші басқару психологиясы қандай ғылым екені жайлы айтып кетейік. Басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдап талқылайтын ғылым болып саналады. Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, басқарушылық ойлары мен миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен қатар, оның өз ішінде қабылдаған басқару ережелері мен принциптерін зерттейді. Басқару психологиясын менеджмент терминімен байланыстырып жатады. Менеджмент ағылшын тіленен аударғанда басқару деген мағынаны береді. Бірақ менеджмент бізге не істеу керектігін үйретсе, ал басқару психологиясы оны біз не үшін істеуіміз керектігін, немесе қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіреді. Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады, бұлардың негізгі бағыттарына:
- жүйелік басқарушылық ұйымның өзгеруі
- жағдайларды болжаулары
- диагностикалау,
- басқарушылардың іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыру,
- жетекшінің өз іс-әрекетін оңтайлы ету.
Б. Ф. Ломов, А. И. Китова, В. Ф. Рубахина, А. В. Филиппов ғалымдарының жұмыстарындағы басқару психологиясының анықтамасында былай деп жазылған:
«Жеке тұлғаның және ұжымның сан алуан қызметі ұйымның мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған » [1, с. 2] . Яғни, басқару психологиясы еңбек психологиясымен салыстырғанда әлдеқайда кеңірек, маңызды болған екен.
1911 жылы Ф. У. Тейлордың «Ғылыми менеджмент принциптері» атты кітабынында, негізгі басқарушылық еңбектің принциптері көрсетілген, сол себепті ең алғаш бұл жайында әңгімелер айтыла бастады. XXғасырдың 20-жылдарында атақты металлургия компаниясын басқарушы, француз инженері А. Файоль менеджмент принциптері жүйесінің нәтижесін айтып кеткен болатын. А. Фейолдың арқасында басқаруды іс-әрекеттің ерекше спецификасы деп есептеді.
Басқару психологиясының мәселелері ретінде Ю. А Мальцев, О. А Юценко. өзінің еңбектеріне мыналарды қарастырған:
* Жеке тұлғаның психикалық процестері мен құрылымы. Басқару- адамның психикалық қасиеттерін қалыптастырудың негізі. Зерттеушілердің пікірінше барлық психикалық процестер өзара байланысты, және олар біртұтас тұтастықты құрайды. Психикалық процестерді үш топқа бөледі: танымдық (сезу, қабылдау, ойлау, сана, сөйлеу, зейін, есте сақтау, қиял), эмоционалды( сезімдер), еріктік. [2, с. 12] . Яғни, басқарушы, көшбасшы өзінің психологиялық процестерін, эмоциясын бақылауда ұстау керек.
* Ұжымда және шағын топтарда басқару психологиясы. Шағын топ - ортақ мақсатпен бірлескен кішігірім адамдардан құралған бірлестік деп айтуға болады. Ұжым - ортақ мақсаттармен біріктірілген қоғамның бір бөлігін құрайтын, жақын мотивтермен құрылған адамдар жиынтығы. Яғни жеке тұлғаның осы топта, ұжымда өзін- өзі ұстау бақылауы. Әрбір ұжым мүшесі ұйымдағы оңтайлы тұлғааралық қатынастарды қалыптастыру заңдылықтарын, ұйымдағы құндылық бағдарларды, оларды қалыптастыру процесін басқаруды, ұйым мүшелерінің жұмыс ынтасын артыра білу керек. Корпоративті мәдениеттің дамуы, оның күшті мотив пен біріктіруші бастамаға айналуы ұйымның тиімді жұмыс істеуіне әкелетін басты көздерінің бірі болып табылады. [2]
Басқару психологиясының тағы бір мәселесі ретінде ұжымда туындаған конфликт немесе қиын адамдармен тіл табысуды айтып кетуге болады. Конфликтердің түрлі болуына қарамастан, оның өтуі кезеңдері бірдей болады:
- қақтығыстар пайда болды, бірақ қатысушылардың іс-әрекеттері байқалмайды
- қатысушылар жанжал шығарған іс-әрекеттерді байқайды
- жанжалдың шешілуі [2, с. 76-77] .
Габриелян Б. В. өзінің еңбектерінде ішкі корпоративтік мотивациялық потенциалдың даму үдерісі корпоративтік мәдениеттің даму процессімен тығыз байланысты деп атап кетеді. [4]
Басқарау психологиясының өзекті мәселелерін қарастыра отырып, менеджмент психологиясы психологиялық аспектілерін зерттеудегі әртүрлі ғылымдаардың жетістіктерін біріктіріп, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру үшін зор үлесін қосадытын ғылым саласы.
Пайданылған әдебиеттер:
1. Ломов Б. Ф., Китов А. И., Рубахин В. Ф., Филиппов А. В. Актуальные проблемы психологии управления. М., 1977.
2. Ю. А Мальцев, О. А Юценко. Психологии управления
3. Іргебаева Н. М. Басқару психологиясы.
4. Габриелян Б. В. Корпоративная культура как основа мотивации персонала // Актуальные вопросы экономических наук. 2017. No 56. С. 38-46
5. Тейлор Ф. У. Принципы научного менеджмента
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz