Дәлелдемелер ұғымы және оның қасиеттері



Дәлелдемелер ұғымы және оның қасиеттері

Қылмыстық іс әдетте бұрын болған оқиғалар бойынша қозғалады. Сондықган іске маңызы бар деп есептелетін барлық мәліметтерді анықтау дәлелдемелер арқылы жүргізіледі.
Дәлелдеме ұғымының заңды анықтамасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 115.бабының 1 бөлімінде берілген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Дәлелдемелер ұғымы және оның қасиеттері

Қылмыстық іс әдетте бұрын болған оқиғалар бойынша қозғалады. Сондықган
іске маңызы бар деп есептелетін барлық мәліметтерді анықтау дәлелдемелер
арқылы жүргізіледі.
Дәлелдеме ұғымының заңды анықтамасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 115-
бабының 1 бөлімінде берілген.
Қылмыстық іс бойынша анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот негізге ала
отырып, іс-әрекеттегі қылмыс құрамының бар немесе жоқ екенін анықтайтын
сондай-ақ дұрыс шешім қабылдау үшін мәні бар басқа да мән-жайлар үшін занды
түрде алынған нақты мәліметтер дәлелдемелер болып табылады.
Дәлелдемелерде іс үшін маңызы бар нақты мәліметтер, мән-жайлар туралы
мағлұматтар сақталады.
Нақты мәліметтер — бұл дәлелдемелердің мазмұны, қылмыстың тергелуі,
қаралуы және шешілуі жөніндегі мәліметтер.
Куәның жауабы, жәбірленушінің жауабы, күдіктінің жауа-бы, айыпталушының
жауабы сарапшының қорытыңдысы, ревизия жөне құжаттық тексерулердің актісі
заттай айғақтар, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары және басқа
құжаттар -бұлар дәлелдеме нысаны. Оларды нақты мәліметтердің көзі немесе
дәлелдемелер көзі деп атау қабылданған. Заңмен белгіленген мәліметтер
тізімі жеткілікті болып табылады және кең көлемде талқылауға жатпайды.
Дәлелдемелердің көмегімен қылмыс жасаған адамның кінәсін алдын ала да,
сот сатысында да анықтау жүргізілуі мүмкін. Қылмыстық процесте жинақталған
дәлелдемелер және оларды зерттеу негізінде акиқат анықталады.
Занды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер мен мөн-жайлар тізімі Қылмыстық
іс жүргізу кодексінің 116-бабында анықтал-ған. Олар дәлелдеме ретінде
мүмкін бола алмайды, яғни заңды күші жоқ, олар айыптау негізіне жатпайды,
сондай-ақ іс бойынша дәлелдеуге пайдалануға болмайды.
Дәлелдеменің қасиеті — бұл мәліметтерден өзгеше дәлелдемелердің
ерекшелігін құрайтын белгілер. Олардың мазмұны мен нысаны іс жүргізу
заңымен анықталады.
Дәлелдеменің қасиетіне жататындар: қатыстылық, мүмкіңдік және
шынайылық. Қылмыстық заң қылмыстық іс бойынша олардың қатыстылығы
тұрғысынан алғанда дәлелдемелерді бағалау кезіндегі негізгі шарт болып
табылады.
Дәлелдемелердің қатыстылығы дәлелдемелердің мазмұнын сипаттайды және
іске маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы қорытындыға күмән
келтіретін немесе растайтын болмаса теріске шығаратын нақты мәліметтермен
іске қатыстылығы танылады (ҚР ҚІЖК 128-бап).
Дәлелдемелердің қатыстылығы — бұл оның іс бойынша сәйкесті іс жүргізу
шешімдерін негізге қоятын және мәні бойынша бағалайтын, істің материалдық
құқықтық мән-жайлары мен дәлелдемелер арасындағы себептік байланысты
объективті түрде көрсететін фактілерді анықтаудағы жарамдылығы.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затына енетін қандай да болмасын мән-
жайдың бар не жоқ екенін анықтау үшін қолданғанда ғана тек сонда ғана
дәлелдеме бұл іске қатысты болып табылады.
Дәлелдеменің қатыстылығын анықтау іс бойынша дәлелдеу процесі кезінде
жүргізіледі, дәлелдеме жинаудан бастап мәселе шешіліп жатқанда қандай да
бір тергеу әрекетін жүргізгенде және істің мән-жай тұрғысынан алғанда
қандай нәтиже күтуге болады.
Дәлелдеменің қатыстылығын бағалау мен тергеуді жоспарлау тергеу
мәліметтерін тергеу тәртібі, дәлелдемелерді жинау және оларды іске тігу
жөніндегі процеске қатысушылардың ұсынысын шешу байланыстырылады.
Нақты іс бойынша дәлелдеу затына енетін мән-жайларды анықтау үшін
маңызы бар мән-жайлар шегін алдын ала анықтау мүмкін бола бермейді. Бұндай
мән-жайлар шегін ең алдымен тергеуші болған оқиғаны қарап, мәліметтер
тексере отырып анықтайды, белгілейді. Олар процеске қатысушылардың ұсынысы
бойьшша да анықталуы мүмкін.
Дәлелдемелердің қатыстығы негізінен осы дәлелдеменің көмегімен іс
бойынша дәлелдеу затына мән-жайлардың енетіндігі мүмкін болғанда, сондай-ақ
бұл мән-жайды анықтауға өзінің мазмұны бойынша дәлелдеме қабілетті болғанда
анықталады.
Дәлелдеменің мүмкіндігі деп дәлелдеме көзінің заңдылығын, алыну
тәсілдерін және нақты мәліметтерді анықтау түсініледі. Бұл оның
дәлелдеменің бекітілуі, зерттелуі, табылу тәртібі, шығу көзімен
салыстырғанда заң талаптарына жауап беретін, іске маңызы бар мән-жайларды
анықтау кезінде пайдалану ушін жарамдылығы.
Дәлелдеменің мүмкіндігі — бұл дәлелдемелердің шығу көздерінің, әдістері
мен тәсілдерінің олардың алынуына көмектескеннің заң тұрғысынан алғанда
толықтылығы.
Заң бойынша дәлелдеудің міңдеті айыптаушыға, анықтаушыға, тергеушіге,
прокурорға және сотқа жүктелген (ҚР ҚІЖК 124-бап).
Занда көзделгендей дәлелдеменің шығу көзі іс жүргізу кодексінің 115-
бабының 2-бөліміне сәйкес күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің
жауаптарымен, сарапшының қорытындысымен заттай дәлелдемелермен, іс жүргізу
әрекеттерінің хаттамаларымен және басқа құжаттармен анықталады.
Дәлелдемелердің мүмкіндігінің келесі белгісі тергеу өндірісінің және
сот әрекетінің нәтижесінде олардың алынуының заңды тәсілі болып табылады.
Дәлелдемелердің мүмкін еместік ұғымы заңды түрде бірнеше құқықтық актілерде
бекітілген. Бұл ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясында, оның
77-бабының 9-тармағында заңсыз тәсілмен алынған дәлелдемелердің ешқандай
заңды күші болмайды делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясының
ережелерін Қылмыстық іс жүргізу кодексі қайталайды, оның 116-ба-быңда былай
деп нақтыланған: Дәлелдемелер ретінде нақты деректер мүмкін емес деп
танылады, егер олар Қылмыстық іс жүргізу кодексі талаптарын бұзу жолымен
алынған болса. Олар:
қинау, күш қоддану, қорқыту, аддау, сондай-ақ өзге де заңсыз іс-әрекеттер
арқылы;
оларға түсіңдірмеудің толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан
туыңдаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары міндеттеріне
қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;
іс жүргізу туындаған әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге құқығы
жоқ адамның жүргізуіне байланысты;
іс жүргізу туындаған әрекетіне қарсылық білдіруіне жататын адамның
қатысуына байланысты;
іс жүргізу іс-әрекетін жүргізудің тәртібін айтарлықтай бұзу арқылы;
белгісіз көзден немесе сот отырысыңда анықтала алмайтын кезден;
дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді
қолдану арқылы.
Қылмыстық іс жүгізу кодексінің 116-бабыңда тізілгендер дәлелдеме алудың
тиісті көздері дәлелдеме мүмкіндігінің критерийлері болып табылады. Бұлар:
күдіктінің, айыпталушының жауаптары;
жәбірленушінің, куәгер жауаптары;
сарапшының жауабы мен қорытындысы
заттай айғақтар;
тергеудің және сот әрекетінің хаттамалары;
басқа да құжаттар.
Дәлелдеменің шынайылығы. Бұл олардың сипаттамасы сондай тексеру
нәтижесінде анықталғандай, ондағы мәліметтер шынайы ақиқатқа, өмір
шындығына сай келеді. Ақиқаттығы ешқандай күмән келтірмейтін, негізделген,
дәлелденген білім шынайы болып табылады.
Сонымен, кез келген шынайы білім ақиқат болып табылады, алайда кез
келген ақиқат шынайы больш табылмауы мүмкін.
Жеткілікті деп тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, іс бойынша
акиқатты анықтайтын, мүмкін болатын және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті
көлемде және бір жинаққа түгел жиналуын атайды.
Дәлелдеменін қатыстылық, мүмкіндік, шынайылық және жеткіліктілік сияқты
қасиеттерін зерттей отырып іс бойынша ақиқат анықталуы мүмкін, демек қылмыс
жасаудағы адамның кінәсі де анықталады деген сөз.

Дәлелдемелерді классификациялау
Заттай айғақтар — бұл белгіленген заң тәртібімен, іске тігілген өзінде
қылмыс іздерін сақтап қалған объектілер, заттар, материалдық заттар әлемі.
Іс бойынша тікелей маңызы бар құжаттар мен заттай айғақтарды талап
етпеген сот тергеуі біржақты немесе толықтай жүргізілмеген деп танылады.
Заттай дәлелдемелер деп қылмыстың қаруы болды деп ойлауға негіз
болатын, істің нақты мән-жайын белгілейтін, кінәлілерді табуға не айыпты
жоққа шығаратын немесе жауаптылықты жеңілдететін құралдар қылмыс
жабдықтары, қылмыстық іс-әрекеттер, сол сияқты қылмыстық жолмен табылған
ақшалар мен басқа да құндылықтар болып табылады.
Заттай айғақтардағы дәлелдеменің шығу көзі, олардың денелік,
материалдық қасиеттері мен белгілері (мысалы, салмағы, мөлшері, саны,
химиялық құрамы, құрылымы, сыртқы пішіні, бейнесі мен іздердің сақталуы),
мекенжайы, орны (мыс, ұрланған құндылықтар күдіктіден табылуы) немесе оны
жасау не түрін өзгерту фактілері (мыс, қолдан жасалған шетел валю-тасы не
құжаттары) болып саналады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 223-бабының 2-бөлігіне сәйкес затты
тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу туралы қаулы
шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелді іспен бірге қаддыру немесе оны иесіне
немесе әзге адам-дар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туралы мәселе шешілуі
мүмкін.
Іске заттай айғақтың үлгісі тігілуі мүмкін. Заттай дәлелдің сақгалу
орны туралы істе анықтама болуы қажет.
Тез бұзылатын заттай айғақтарды егер иесіне қайтару мүмкін болмаса
тиісті ұйымға өз мақсатыңда пайдалану не өткізу үшін жібереді, ал алынған
соманы қылмыстық процесті жүргізуші органның депозитіне түсіреді.
Іс қысқартылған кезде не ақтау үкімі шығарылғанда, пайдаланылған немесе
өткізілген заттай айғақтар сол күйіңце, сапасы сақтала отырып иесіне
қайтарылады немесе оның қүны төленеді.
Істі анықтау органдары тергеушіге өткізгеңде немесе іс бір тергеушіден
екіншісіне өткенде сондай-ақ істі прокурорға не сотқа жолдағанда не іс бір
соттан екіншісіне өткеңде заттай айғақтар іспен бірге алынып жүргізіледі
(көшіп жүреді).
Заттай дәлелдер оралған және мерленген күйінде, оның жеке белгілері
керсетілген жазбаша тізімімен қоса беріледі.
Үкім шығару немесе істі қысқарту кезінде заттай дәлелдемелер туралы
мәселе шешілуі тиіс. Бұл ретте:
қылмыс қаруы тәркіленуге жатады немесе оны белгілі бір адам тиісті мекемеге
береді немесе жойылады;
ұстауға тыйым салынған заттар тиісті мекемеге беруге жа-тады немесе
жойылады:
құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделі
адамдар немесе мекемелер өтінген жағдайда оларға берілуі мүмкін;
қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құңдылықтар, сондай-ақ заңсыз
кәсіпкерлік және контрабандалық заттар сот үкімі бойынша мемлекеттің
кірісіне қаратылуға жатады; қалған заттар заңды иелеріне беріледі; ал
соңғылары анықталмаған кезде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешуге
жатады;
заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар істің бүкіл сакталу мерзімінің
ішінде онымен бірге қалады не осы Кодексгің 123-бабының 3-бөлігінде
көрсетілген тәртіппен мүдделі ұйымдарға немесе азаматтарға беріледі.
Құжаттар. С.И. Ожеговтың сөздігі бойынша құжат (доку-мент) сөзі
мынадай мағынаға ие: 1) іс қағазы, қандай да болмасын фактіні немесе
құқықты растайтын; 2) куәлік, ұсынушының жеке басын куәландыратын ресми
қағаз; 3) жазбаша куәлік қандай да болмасын тарихи оқиға, фактілер туралы.
Құжаттар өзінің қасиеті бойынша заттай дәлелге жақын болып келетін
дәлелдеме түрлерінің бірі болып табылады. Бұл туралы ҚР Қылмыстық іс
жүргізу кодексінің 121-бабының 3-бөлігінде құжаттар заттай дәлел болып
табылады деп көрсетілген.
Қылмыстық процесте құжат дегенді іске қатысы болатын мәліметтер мен
фактілерді баяндайтын жазбаша немесе басқаша тәсілмен рәсімделген актілер
түсініледі. Өзге де құжаттар дер іс жүргізу барысында әзірленген құжаттар
айтылады.
Құжат дәлелдеме ретінде мына белгілер болған даға танылады:
іс материалдарына ол калай келіп түскендігі көрсетілген мәліметтер (сілтеме
хат, ҚР ҚІЖК 122-бабының тәртібіңдегі хаттама) болса;
реквизиттері белгіленген қызмет құжаттары немесе құжат жасалған азамат
женіндегі мәліметтер болса;
құжат жасаушы адамның білетіндігі, оның алынған кезі көрсетіген құжаттар
(нормативтік актінің атына сілтеме, архивтік құжаттың нөмірі мен мерзімі,
мәлімет алынған адам) болса.
Қылмыстық іс жүргізудің маңыздылығына байланысты құжаттар — заттай
дәлелдеме құжаттар, жазбаша дәлелдеме болып бөлінеді. Онда мағыналық
мазмұны жазылған заңды фактілер туралы мәліметтер бар.
Заттай айғақтар түпнұсқалар (диплом, техникалық паспорт, накладной)
сондай-ақ дубликаттар немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған
көшірмелері, егер олар иесінен ұрланған және тінту кезінде күдікті мен
айыпталушыдан табылған болса, заттай айғақ бола алады.
Қылмыстық себептердің іздері бар (өшіру, үстіне басып жазу, мер ізін
қоддан жасап өзгерту, т.б.) құкьіқтық қатынасты куәландыратын құжаттар және
ресми құжаттар, егер ол қандай да болмасын пайданы алу мақсатында
қодцанылса, бұндай қылмыстарды жасаудың құралы ретіңцегі дәлелдемелік
маңызға ие болады. Мысалы, қолдан ақша немесе құнды қағаздар жасап өткізу
(ҚК 206-бап), банкрот болған кездегі заңнан тыс әрекеттер (ҚК 215-бап) және
басқалар.
Жеке дәлелдемелер. Жеке дәлелдемелерге жататындар: куәнің,
жәбірленушінің, айыпталушының жауаптары, тергеу және сот әрекетінің
хаттамалары және баска құжаттар, сарапшы қорытындысы, әртүрлі топтар үшін
жеке дәлелдеме адамның оқиғаны психикалық қабылдауы, істі дұрыс шешу үшін
маңызы бар мәліметтерді ауызша немес жазбаша тілмен не өзгеше арнайы
формада жеткізу ортақ болып табылады.
Жеке дәлелдеме, дәлелдеу субъектілеріне мәліметті алуан түрде
жеткізетін, қылмыс жасаудың мән-жайын адамның психикалық қабылдауымен
қалыптасады. Сонымен, жеке дәлелдеме жеке бастан, яғни адамнан шығады.
Зан әдебиеттерінде мына дәлелдемелерді классификациялау жүйесі жалпы
қабылданған болып табылады:
а) дәлелдеу затымен байланысты сипаты бойынша дәлелде-
ме тура және жанама болып белінеді;
б) айыптауға дәлелдеменің мазмұнына қатысы бойынша
дәлелдеме айыптау және ақтау болып бөлінеді;
в) дәлелдемелік ақпараттың аралық жеткізушінің шығу көзі
бойьшша дәлелдеме алғашқы және туынды болып болінеді.
Адам санасында дәлелдеменің бейнелену тәсілі және материалдық ортадағы
қылмыс іздері бойынша дәлелдеме жеке және заттай болып белінеді.
Тура дәлелдеме. Тура дәлелдемелердегі мәліметтер дәлелдеу затындағы мән-
жайдың өзінде сақталады, олар дәлелдемелік ақпараттың тікелей аралық
звеносынсыз көрінеді.
Бұдан басқа, тура дәлелдемелерде ақпарат анықталған фактінің өзінде
болады, яғни әйгілі адамның қылмыс жасауы.
Тура дәлелдемеге мысалы, жасалған қылмыстың мән-жайлары туралы
айыпталушының өзінің жауаптарын немесе бұл мән-жайларды көрген куәнің
жауаптарын жатқызуға болады. Тура дәлелдемелерде болған оқиғаның фактілері
туралы бір мәнді қорытынды жасалуы мүмкін.
Жанама дәлелдеме. Жанама дәлелдемелерде, дәлелдеуге жататын, қылмыс
жасау фактілері мен өзге де мән-жайлар аралық ақпарат арқылы анықталады
және ол бойынша бірнеше шешім қабыдцануы, бұл дәлелдеменің ақиқаттығы
туралы бір мәнді емес қорытынды жасалуы мүмкін. Жанама дәлелдеме-лерде
анықтауға жататын мән-жайлармен тура байланыс жоқ. жанама дәлелдемелерде
тура дәлелдемеден өзгеше расталған мөн-жайлармен көп мәнді байланыстар
болады.
Жанама дәлелдемелер ретінде көрініс беретін, мән-жайлардың саны кеп
және алуан түрлі болып келеді.
Тәжірибелік қызметте көптеген істер бойынша тура дәлелдемелер табу,
оған сүйену мүмкін бола бермейді. Бұндай жағдайларда дәлелдеуге жататын мән-
жайлар кептеген жанама жәлелдемелерді тікелей жинау арқылы аньгқталады.
Оларды талдау және іріктеу негізінде, кейін іске қоса тігілетін бұл
дәлелдемелердің шынайылығы мен жеткіліктілігі туралы қорытынды жасалады.
Айыптау дәлелдемелері. Айыптау дәлелдемелеріне ереже бойьшша оқиғаны
және қылмыс құрамының белгілерін (қылмыс жасау уақыты, орны, тәсілі, басқа
мән-жайлары) адамның жеке басын, айыптының кінәлілігін және басқа
ауырлататын айғақтарды анықтайтын, дәлелдемелерді жатқызуға болады. Бұлт
реттерде, әңгіме, айьшталушының кінәлігі жөнінде қозғалып отыр.
Айыптау дәлелдемелерін қарастыру барысында, заң шығарушы, дәлелдеу
субъектілерін, істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу
үшін заңда көзделген шаралардың барлығын қолдануға істі қарастыру кезінде
объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып айыпталушының кінәсін
мойнына тағуға да, ақгауға да, сондай-ақ оның жауаптылығы мен жазасын
жеңілдетуге немесе ауырлатуға міндеттейді.
Ақтау дәлелдемелері. Ақтау дәлелдемелері — бұл іс бойын-ша күдіктіні
актайтын немесе ол жасаған іс-әрекетті теріске шығаратын мән-жайлар, яғни
оның кінәсіздігі туралы куәлан-дырылады. Актау дәлелдемелерінің алуан
түрінің біріне али-би жатқызуға болады. Латыннан шыққан алиби термині,
аудармасында қайда болса да басқа жерде деген мағынаны білдіреді.
Жалпы қабылданған заң ұғымында алиби айыпталушыньщ қылмыс жасалған
уақытта қылмысқа оның қатынас жоқ екеңдігін дәлелдеу ретіңде, басқа жерде
болғаңдығын білдіреді.
Алғашқы дәлелдеме. Алғашқы дәлелдемелер, ең бастапкы кезден анықталып
және акпарат жеткізушілерден аралық звеносыз алынған дәлелдемелер болып
табылады. Мысалы, тікелей көзімен көрген куәнің жауабы алғашқы болады, ал
туынды дәлелдеме бұлар факті туралы куәнің баска адамдардың сөзінен алыну
арқылы белгілі болған жауабы.
Құжаттардың түпнұсқасы — алғашқы, ал көшірмелері—туынды дәлелдемелер
болып есептеледі.
Куә мен жәбірленушініц жауаптары. Дәлелдеменің кең тараған түрі куәнің
және жәбірленушінің жауаптары болып табылады. Куә мен жәбірленушінің жауабы
ұғымының құқықтық негізі, оның мазмұны мен маңызы қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 214-бабында анықталған.
Куәнің (жәбірленушінің) жауабы - бұл анықтау процесіндегі алдын ала
тергеудегі немесе сот талқылауындағы жауап алу кезіңдегі іске маңызы бар
қандай да болмасын белгілі мән-жайлар туралы ауызша және жазбаша формада
хабарланған мәліметтер. Куә мен жәбірленуші жасалған тергеудегі қылмыс үшін
жауаптылыққа тартылмайды. Сондықтан куә мен жәбірленушінің жауаптарының
құқықтық негізі мен мазмұны жалпы сипатта болады. Оның ерекшелігі сол,
жәбірленуші зор іс жүргізу құқығына ие.
Жәбірленуші — бұл қылмыс арқылы моральдық, денелік және мүліктік зиян
келтірілген адам. Ол тергеушінің сәйкесті қаулысымен жәбірленуші деп
танылады. Оның куәдан ерекшелігі сол, жәбірленуші істің барлық
материалдарымен танысуға, ұсыныс және қарсылық білдіруге, кінәлімен,
айыпталушымен келісуге құқығы бар.
Заң бойынша, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 82-бабының, 2-бөлігі куә
ретінде жауап алуға тыйым салынады:
1) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына байланыс-
ты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу
бөлмесінде талқылау барысында өздеріне белгілі болған қылмыстық істің мән-
жайлары туралы — судья, алқаби;
1-1) аралық судьяның немесе төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты
езіне белгілі болған мән-жайлар туралы — аралық судья мен төреші;
қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі
болған жағдайлар туралы — сезіктінің, айыпталушының қорғаушысы, сонымен
бірге жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтақы жауапкердің
өкілі;
оған ішкі сырын ашу кезінде белгілі болған мән-жайлар туралы — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заттай дәлелдемелердің сот - медициналық сараптамасы
Қылмыстық процестегі дәлелдеу ұғымы
Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы
Дәлелдеме ұғымы
Әкімшілік процесте
Қылмыстық процестегі ақтау
Арнаулы білімдерді пайдаланудың непзп нысаны ретіндеп сот сараптамасы
Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме ұғымы
Дәлелдеу және дәлелдеме: түсінігі және белгілері
Сот сараптамасы
Пәндер