Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағытта

Тексерген: Жакпарова. Г. А

Орындаған: Әділханова Н.
Топ: ПХ-915

2020

Балалардың психикалық даму мәселесі, мұндай дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.

20 ғасырдың басында даму психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

Биогенетикалық бағытқа «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, түс түсіну тенденциялары жатады. Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқымқуалаушылық фактор айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқымқуалаушылықпен анықталады, ал орта-бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқымқуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсы бір өзгермейтін фактор ғана. Биогенетикалық заңды ең алғаш тұжырымды алғаш ашқан 19 ғасырда Геккель болды. Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ал сыртқы фактор ретінде қайсы бір тұқымқуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды болады деген идея жатқызылады.

Әлеуметтік-генетикалық бағытты қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары, сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Швейцария ғалымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы - психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық қағида дәрежесіне көтерді. Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды.

Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді. Осы құрылымды қарапайым эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды. Ж. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі - баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады. Ж. Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады.

Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік - қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру. Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуі жабайы өмір тұрғысынан Г. Гете мен Л. Н. Толстойдың еңбектерінде кездеседі. Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді, әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келді. Азия мен Африка елдерінде бала бір жастан екінші жасқа өткенде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі болып келеді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде болады. Әлеуметтік жас дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.

Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: әр жас кезінде өз үй ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңдерін топтастырып көрейік:туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі.

Нәресте жас мынадай 2 кезеңге бөлінеді:

- бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін) ;

- еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін) ;

- 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең - бөбектер жасы. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі;

- 3- тен 7-ге дейінгі кезең - сәбилік жас. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты. Қыздар көбіне аналарына көмектесіп, ұлдар болса әкелеріне көмектеседі;

- 8-ден 11 жасқа дейінгі жас - періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда (1-1, 5) жыл алда келеді. Бұл жас кезеңін періште жас кезеңі деп атау себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді;

- 12 жастан 15 жасқа дейінгі кезең - бозбала жасы. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың дәуір есейіп қалған кезі. Үйге қонақ келсе қыздар қонақтардың көзіне көрінбейді, ұлдарды үлкендермен табақтас ететін;

- 15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.

Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кезеңдегі бала өзінің ісін соған түгелдей арнап отырған.

Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық «дағдарыс» кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:

Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу) тұрады. Ж. Пиаженің жүйесінде сезу-қозғалу интеллектісінің бастапқы кезеңі.

1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.

3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады.

7-ден 11-ге дейінгі кезең - бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.

16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста «балаға» тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.

Осы келтірілген жас кезеңдері психологиялық тұрғыдан топтастыру балалар бақшасында, не мектепте ресми түрде қабылданған жастарға үнемі ұқсамайды. Себебі психологиялық тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.

Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Фрейдтің психоаналитикалық теориясы
Танымдық іс-әрекетте ересектіктің дамуы салдарын негіздeу
Даму психологиясы
Дамудың биогенетикалық теориялары
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz