Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

https://pbs.twimg.com/ext_tw_video_thumb/1172025235073392640/pu/img/EJ9iWYo1sWGJcViL.jpg

CӨЖ 12. 3

Тақырыбы: Сыныптан тыс оқу жұмысының формалары.

Орындаған: Маркабаева Балауса 202-топ

Тексерген: Саудабаева Гулмира Сауытжановна

Сыныптан тыс оқыту формалары

Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықытра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Олардың адамгершілік мінез құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға өте үлкен мүмкіндіктер ашады. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесі күрделі әрі көпқырлы процесс. Оқыту және сыныптан тыс жұмыстардың органикалық бірлігі мен тығыз байланысы осы процестің деңгейін көтеруде маңызды орындардың біріне ие болады.

Оқу тәрбие процесіндегі сыныптан тыс жұмыстардың маңызы үздіксіз жоғарлайды, себебі тәрбие жұмыстарының мақсаттары жүзеге асырушы осы сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі сан қилы әрі күрделі. Атап өтсек:

  • Табиғат пен қоғам арасындағы баайланысқа деген диалектика-материалистік көзқарастары қалыптасады.
  • Теориялық білімдерін өмір көріністері мен ұштастыруына себепші бола алады.
  • Оқушылардың мамандыққа байланысы қызығушылықтарын арттырады.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушылардың бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтық дамытуға жұмылдырады.
  • Пәнге байланысты тұрақты қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
  • Оқушылардың сабақта алған білімдерін кеңейтіп тереңірек дамытуды пән мұғалімі сыныптан тыс жұмыстарға өте көп көңіл бөледі. Сондықтанда сыныптан тыс жұмыстардың дәстүрлі және дәстүрсіз формаларын қалыптастырып, олардың мүмкіндіктерін одан әрі дамытуға мүдделі.

Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым - қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді. Сонымен қатар, сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т. б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Химияда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстың мәні
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сыныптан тыс жұмыстардың формалары
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz