Сақтандыру: теориясы, практикасы, шетелдік тәжірибесі


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

бет

Кіріспе 5

1. Нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметі

1. 1 Сақтандыру қатынастарының теориялық аспектілері 8

1. 2 Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің қалыптасуы және дамуы 13

1. 3 Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу 17

2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің тәжірибесі

2. 1 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру түрлері және оларды тәжірибеде қолданудың алғышарттары 24

2. 2 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру қызметінің нәтижесін талдау 28

3. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметтерін жетілдіру

3. 1 Республикадағы сақтандыру қызметтерінің кемшіліктері және оларды жою жолдары 42

3. 2 Дамыған шет елдердегі сақтандырудың тәжірибесі 45

3. 3 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының дағдарыс жағдайындағы шығу жолдары 57

Қорытынды 71

Қолданылған әдебиеттер тізімі 73

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың күрделі және тез өзгермелі тұсында барлық экономикалық субъектілер мен жеке тұлғалар өзінің барлық назарын экономиканың аса күрделі мәселелері мен қатаң бәсеке жағдайына аса көңіл аударады. Осы мәселелер тұрғысынан алғанда тәуекелділік пен қатаң бәсекелестікке төтеп беруде және оның алдын алуда елімізде қарқынды дамып келе жатырған сақтандыру қызметі аса маңызды рөл атқаратыны артық айтқандық емес. Сақтандыру қызметі тек жоғарыда айтылған жағдайлар тұрғысынан қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның инвестициялық қуаттылығын көтеруге және ұлттық байлықты көбейтуге мүмкіндік береді.

Сақтандыру - бұл қоғамдық экономикалық қатынастың ерте уақыттан келе жатырған категорияларының бірі және ол өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болып саналады. Қазіргі жағдайда сақтандыру әрбір жеке адамның тұрақты және қауіпсіз өмір сүруінің маңызды алғышарттарының біріне айналып отыр. Ол экономикасы жақсы дамыған мемлекеттердің ұзақ мерзімді қаржылық ресурстарының негізгі көзіне айналып отыр. Сондықтан, сақтандыру қызметі нарықтық экономикалық қатынастары тұрақты дамып келе жатырған Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады.

Қазіргі уақтытта біздің елімізде сақтандыру, қайта сақтандыру және шетелдік сақтандыру ұйымдарымен бірлескен жоғары білікті компаниялар сақтандыру нарығында тұрақты қызмет орната бастады.

Егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының жалпы экономикасында, соның ішінде сақтандыру қызметі саласында да көптеген өзгерістер мен реформалар болып жатыр. Атап айтатын болсақ, елімізде 2000 жылдың 18 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы» Заңы және азаматтардың сақтандыру мүдделерін қорғайтын ҚР Азаматтық Кодексінің негізгі құқықтық базалары қабылданды.

Жалпы сақтандыру қызметі қаржы категориясының құрылымдық бөлігі бола отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру қатынастарын қамтиды. Сондықтан, сақтандыру бұл - мүмкін болатын қауіп-қатердің орнын толтыру немесе жанұя табыстарының жоғалтуларын қалпына келтіру үшін арналған мақсатты сақтандыру жарналарының есебінен құрылған қайта бөлу қатынастарының жиынтығы болып саналады.

Сақтандыру қатынастары арқылы қаржылық ресурстар жоспарланады, шоғырландырылады, ұйымдастырылады, реттеледі, бағаланады және бақыланады.

Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңына сәйкес (26. 07. 07 жылдағы толықтырулар мен өзгертулерді қоса) сақтандыру қызметі дегенiмiз - сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.

Ал сақтандыру қызметі деп - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес уəкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сəйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызмет түрі.

Нарықтық қатынастардың күрделі өзгермелі тұсында меншік иелері өздерінің қаржылық ресурстарын барынша тиімді пайдалануға және ұтымды өндіріс пен айналыс процесіне салуға тырысады. Міне осы мақсат пен міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда сақтандыру нарығының тиімділігі арта түседі. Сақтандыру қаржы және несие жүйесінің маңызды құрамдас бөліктері болып саналғандықтан, қаржының инвестиция түрінде экономикаға және халық шаруашылығына толық қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Демек, сақтандыру нарығындағы қаржылық ресурстар белсенді инвестициялық қызметті ынталандыру арқылы экономиканың дамуына ықпал ете алады. Басқа сөзбен айтқанда, сақтандыру нарығында сақтанушылардан келіп түскен пассивті ақша қаражаттары нарық қызметінде активті капиталға, яғни инвестицияға айнала отырып, экономиканың әртүрлі салаларында қызмет істей бастайды. Сондықтан, бүгінгі күні нарқтың өзгермелі жағдайында елімізде сақтандыру қызметтерін нақты тәжірибеде қолдану, оны тәжірибелік және ғылыми жағынан зерттеу және жетілдіру уақыт күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Сонымен қатар, кез-келген елде сақтандыру қызметінің жоғарғы деңгейде дамуы сақтандыру қатынастарына қатысушылардың жоғары біліктілігіне де тікелей байланысты екенін естен шығармаған абзал.

Жалпы отандық және шетелдік ғалым-тәжірибешілердің арасында сақтындыру қызметін зерттеу және жетілдіруге байланысты көптген ғылыми-тәжірибелік еңбектер жүргізілді және жүргізіліп келеді. Дегенмен де, еліміздің экономикасының дамуында өзінің ерекше орны бар сақтандыру қызметін бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қалыпты жағдайда сақтау, оны осы дағдарыстан шығару, сондай-ақ болашақта дамыту сияқты мәселелер маңыздылығы мен өзектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейді. Осы мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға негіз болды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық қатынастар жағдайында републикадағы сақтандыру қызметінің теориялық негізіне сипаттама бере отырып, сақтандыру ұйымдарының тәжірибелік қызметтерін талдаудың негізінде, болашақта сақтандыру қызметін жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру болып саналады.

Осы мақсаттың негізінде жұмысты орындау барысында шешілуге тиісті міндеттер болып мыналар саналады:

  • сақтандыру қызметінің экономикалық мазмұны мен мәнін анықтай отырып, оның қалыптасуына талдау жасау;
  • сақтандыру нарығындағы сақтандыру қызметінің құқықтық-мемлекеттік реттелуіне баға беру;
  • отандық және шетелдік сақтандыру қызметінің тәжірибесін бағалау;
  • сақтандыру нарығындағы негізгі мәселелерді анықтау және сақтандыруды болашақта жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі болып Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі және Алматы қаласында орналасқан «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру ұйымының нақты іс-тәжірибесі саналады.

Жұмысты орындау кезінде жалпы экономикалық талдау, салыстырмалы салыстыру, көлденең талдау әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, кестелер мен сызбалардан және қосымшадан тұрады.

Жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері және сақтандыру ұйымының мәліметтері қолданылды.

1. Нарықтық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметі

1. 1 Сақтандыру қатынастарының теориялық аспектілері

Қазақстанда нарықтық қатынастар мен сақтандыру нарығының қалыптасуы және оның дамуы нарықтың күрделі мәселелері мен жоларынан өткен болатын. Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт аралығында өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырды. Жалпы сақтандыру қызметі өткен ғасырдың 20 жыдарынан бастап сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылардың негізінде материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине, экономиканы тиімді басқарудағы қаржылық - несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті.

Сақтандыру қызметін сонымен қатар сақтандыруға қатысушылардың (сақтанушының) мүліктік мүддесіне келетін қауіп - қатерді тәуекелділікті қайта бөлумен түсіндіруге болады.

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл - ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерінде) натуралдық - заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай - ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв пен сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені деген түсіндірме берілген. Демек, сақтандыру белгілі бір тәуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы басталған кезде заңды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін арнайы қалыптастырылған мақсатты ақшалай сақтандыру қоры есебінен сақтандыру қорғауымен қамтуды қамтамасыз етуге байланысты сақтандырушы мен сақтанушы, пайда алушы арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді.

Сақтандырудың мақсаты - қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады [1, 13 бет] .

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1. қатынастардың ықтималдық сипаты;

2. қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  • оның іс - қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отыруы;
  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категориялардың қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысқан және жалпыұлттық сипаты бар төтенше оқиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорынның, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе - теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымындағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғаудың бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл - ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл - жалпы, сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру теориясында жекелей бағалау әдісі, орташа шама әдісі, проценттер әдісі бар.

Орташа шама әдісі шағын топқа бөлшектенеді, сөйтіп қатердің белгілері бойынша мөлшерді анықтау үшін қолданылады, мысалы, сақтандыру обьектісінің баланстық құнын, өндірістік қуатын, технологиялық циклдың түрін және т. б.

Проценттер әдісі шикізаттар мен тағы басқалардың материалдарының жаңа түрлерін, өнеркәсіптегі жаңа өндіріс жағдайымен сол секілді оның технологиясының өзгерістерінде, жаңа көлік жүйесін игеруде, құрлықтағы, судағы, әуәдегі жол қатынастарының жоғары өткізіп жіберу әрі тасымалдық мүмкіндігі бар жерлерде қолданылады.

Нарықтық экономикада сақтандыру қатердің мөлшерімен тығыз байланысты. Қатерді туралау, тарату мен бөлу техникалық тәсілден құрылады, яғни бұдан іс жүзінде барлық сақтандыру кешенін өткізу ұйымдастырылады. Қатердің пайда болуы адамдардың еркі мен оқиғаның кездейсоқтығына тәуелді емес. Бұл күтпеген апат пен бақытсыздық оқиғасына қатысты болады. Адамзат қатерге тиімді бақылау қойып және де оның қажет емес әсер ықпалын ең аз мөлшерге дейін жеткізгенде ғана сол тиісті ғылыми білімге, сол дәрежеге қол жеткізеді. Қатерді бағалау үшін нақты хабар (мәлімет) қолда болуы қажет.

Теория мен практика жүзінде экологиялық, көліктік, саяси және арнайы қатерлер деп бөлінеді.

Экологиялық қатер табиғи ортаның ластануымен байланысты, яғни нақты бір сақтандыру мүддесіне әкеп соғады. Көлік қатерлері автомобиль көліктерін, өзен, теңіз бен әуе кемелерін сақтандыруға келтіреді, сол секілді өзен, теңіз, әуә, автомобиль, әрі темір жол көліктерімен тасылатын жүктерді сақтандырылуына әкеледі.

Саяси (жазалау) қатерлер егемен мемлекет пен оның азаматтарына қатысты шет ел мемлекеттері тарапынан жасалатын құқыққа қарсы әрекеттеріне, шараларымен акцияларына байланысты. Бұл қатерлер сақтандырушының зор жауапкершілігінің ішіне кіреді.

Арнайы қатерлер деп - бұл ерекше құнды жүктерді тасымалдауды сақтандыру, мысалы, алтын, күміс және басқа қымбат заттар, металдар және олардан істелген бұйымдар, өнер шығармалары, қолда бар ақшалар т. б. Осы қатердің мазмұны сақтандыру шартындағы ерекше жағдайда атап көрсетіледі және де сақтандырушы жауапкершілігінің көлеміне енгізіледі. Сақтандырушы құрылған сақтандыру қорынан сақтандыру оқиғасы пайда болған кездегі зардапқа өтем беруге сақтандыру шарты әрекет етіп тұрған бүкіл кезең бойына қаржы беруге дайын болуға тиіс. Міне, осылайша теориялық тұрғыдан сақтандырушы сақтандыру ісін жүзеге асырумен байланысты тек бір ғана өзгеше қатердің қауіп - қатеріне ұшырайды.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады. Олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.

Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету мен сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айырмашылықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтануға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуде түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.

Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі тиіс. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардың қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады [2, 218 бет] .

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі обьективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі салаларының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. Сақтандыру табыс әкелу мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі болып табылады.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгеленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  • міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
  • сақтандыру обьектісі бойынша - жеке және мүліктік;
  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес [3, 17 бет] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жалпы сақтандыру жағдайы
Тәуекелділіктің мәні мен түсінігі
Сақтандыру шартының түрлерін жіктеу және Ресейдің азаматтық құқығындағы сақтандыру міндеттемелерінің түрі
Маркетингтің мәні
Тәуекел: түсінігі,функциясы, көздері
ҚР экономикалық дағдарыстың мемлекеттік тәжирибесі
Қаржылық институттардың қызметін реттеу
Кәсіпкерлердің құқыққа қарсы бейім мінез-құлықтарының алдын алу мәселелері
Инвестициялық қарым-қатынастарды реттеу
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz