ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕУ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аужанова И.Д
Студент, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.
Қасымжанова Қ.С
т.ғ.к., доцент, ғылыми жетекші, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.На - зарбаев: Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу.
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс - түрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адаса бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдыретімен маңызды.
Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, бола - шаққа сеніммен бет алуын қалаймын, - деген тұжырымдамасымен ақиқатқа тура қарайтын болсақ, ол халықтық мәдениет яки этникалық мәдениет. Жалпы эникалық мәдениетке: салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ырымдар, тыйымдар, сол халықтың тілі, діні т.б. кіреді.
Кеше ғана тәуелсіздік алған еліміз өзінің балауса, ұрпағын ұлттық, халықтық және этникалық арнада тәрбиелеуі қажет болып отыр, - дейді С.Қалиұлы.[1]Расыменде, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздігімізді қадірлемей, бос жүріспен уақыт өткізіп, өзге тілде сөйлейтін болсақ, не болмақ?
Өз еліміздің тарихын, ана тілін білмей, мәдениетіміз бен салт-дәстрлерімізден мақұрым болсақ, ұлттық мүдде мен ұлттық стратегиямызды қалай өрлетпекпіз?
Бабаларымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тиыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, ақылы көркіне сай қызды тәрбиелей білген. Салт-дәстүр - адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң десем артық айқаным емес. Алайда, қазіргі таңдағы көптеген дәстүрлеріміз қолданыстан шығып ұмытылып бара жатыр. Жаңадан қауызын ашқан гүлдей өсіп келе жатқан ұрпақтың салт-дәстүр жайлы білімдерінің таяздығы мені қатты алаңдатады. Менің ойымша, қазіргі таңда жастардың салт-дәстүр жайлы аз білуі ол кітапты аз оқып, әлеуметтік желіде сағаттап отырулары себеп.
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы деп ежелден қазақ елі бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. Оны қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеуді киелі парыз деп санаған. Бала бойына жақсы қасиеттерді ғана дарытып қана қоймай, білімі мен білігі сай келіскен тұлға қалыптастыруды көздеген. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі демекші бала тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасынан алған саналы да жақсы тәрбиенің барлығы дерлік қыз баланың инабатты да, ибалы бой жетуіне, ұл баланың халқына жаны ашитын, ірі тұлға болып ер жетуіне әсер етеді.
Өз еліміздің тарихын, дәстүрін, тілін, дінін білмегендік - мәңгүрттік. Оған қарсы болудың бірде-бір жолы, ең алдымен ана тілді жақсы меңгеруден басталады. Қазіргі қоғамда ана тілін түсінгенімен екі ауыз сөздің басын қосалмайтын жандар көбірек етек алуда. Ана тілін жақсы меңгеріп құрметтейтін пенде төл тарихын да, дәстүрінде ардақтамақ. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің ұлтына, туған жеріне, қазақ халқына жанашыр патриоттарды тәрбиелеу біздің парызымыз.

Бүгінгі күн ертеңгі тарих деген екен Қоркыт ата, расымен де бүгінгі күніміз ертеңгі күні тарихқа айналады емес пе?! Қазіргі заманда арзан күлкі мен бос жүріс етек ала бастағаны бәрімізге аян. Абай атамыз айтпақшы шығысымыз батыс батысымыз шығыс болып батыс пен шығыстың мәдениетіне еліктеп, қазақылықтан қол үзіп барамыз. Батыс жаққа еліктеуде ұялы телефонға тәуелді болудан белең алып жатқаны бәрімізге айқын. Бұндай жағдайды болдырмас үшін ұлттық мәдениетімізді бала бойына дүние есігін ашқаннан бастап дәріптеуге тиіспіз.
Әрбір бала балалық шағында жаңа отырғызылған шыбық тәріздес болады. Ата-ананың алақанынан, жылуынан, мейірімінен бой түзіп, балапан өз ұясынан, қоршаған орта мен қоғамнан болашақтағы болмысын өз бойына сіңіріп қалыптасады. Тәрбие тал бесіктен басталатынын ұмытпайық.
Түркия елінің тұңғыш президенті М.К.Ататүрік өз жұртына осылай үн қатқан еді: Әлем бізді құрметтесін десек, өз ұлтымызды және ұлттық бейнемізді алдымен біздің өзіміз бар сезімімізбен, ақыл-ойымызбен, бүкіл қимыл-әрекетімізбен құрметтеуіміз керек. Өзінің ұлттық бейнесін таба алмаған ұлттардың басқа ұлттарға жем болатынын білгеніміз дұрыс. Қай ел болмасын әлемдік аренада тек өзін ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы Қазақстандық ғалымдардың патриоттық мәселелерге байланысты ой-пікірлері
Қазақ этнопедагогикасы негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің мүмкіншіліктері
Халықтық педагогика - тәрбие бастауы
Адамгершілік тәрбиесінің негізі
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Пәндер