3 жастағы балалардың сана-сезімі және өзін-өзі бағалауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Қорғауға жіберілді
МДжППД кафедрасының меңгерушісі
__________________Н.В. Мирза

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 3 жастағы балалардың сана-сезімі және өзін-өзі бағалауы

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

Орындаған:
МДОжТ-22 топ студенті Д.Б.Молкей


Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.к., доцент Р.Б. Маженова

Қарағанды 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1.Үш жастағы балалардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.Үш жастағы балалардың даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...

5

1.2.Үш жастағы балалардың сана-сезімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7

2.Үш жастағы балалардың өзін-өзі бағалауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Үш жас кезінде балалардың сөйлеуін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
15
20

20
2.2.Үш жастағы балалардың жас ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
25
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жан-жақты дамыту және оның сана-сезімін,өзін-өзі бағалауға және жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу міндеті тұрғаны бәрімізге белгілі.
Тәрбиесіз баланы толыққанды тәрбиелеу мүмкін емес.Сондықтан бала бейнесі,жеке адам бейнесі.Біз көбінесе баланың шынайы бейнесін емес,өзіміз қалаған бейнені,баланың идеалын көреміз.
Ғылым тілінде адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстарды сезім деп айтады.Күнделікті тұрмыс-тіршілік ақыл-парасат иесінің бойында кездесетін сезімдер әртүрлі.Олар сан-қилы болғанымен,ең басты сезімдер де болады.Олардың ең бастылары:
Жайдарлану мен торығу,шөлдеу мен шаршау,ауырсыну мен жан рахаты,тоқпейілсу мен ашығу,сырқаттану мен сауығу,ұнату мен жек көру,шошу мен ұялу,тамсану және таңдану және т.б.
В.С.Кукушкин қасиеттерді ғана емес тұлғада жүртін үрдісті көрсетудің,маңызды пікірі және тұлғада жүретін:өзін-өзі тану;өзін-өзі көрсету;өзін-өзі сену;өзін-өзі анықтау;өзін-өзі реттеу;өзін-өзі іске асыру және т.с.с. үрдістердің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік,экономикалық,мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді.Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:
жаңа жағдайларға сай бізді,бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді,кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес,қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті,рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады-,деп атап көрсетті.
Осы жағдайларға байланысты елбасымыз артымыздан өсіп келе жатқан ұрпаақтарды жаңа заман талабына сай,кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу керек дегеен.Яғни заман талабына сай қазіргі жастардың да сәбилердің де сана-сезімі және өзін-өзі бағалауы артып келеді және баяғыдай емес.Әсіресе 3 жастағы балалардың өзінөзі бағалауы артып келеді.
Тұлғаның өзіндік бағалауын,ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған.
(Б.Г.Ананьев,Л.И.Божович,А.И.Липкин а,И.И.Чеснакова т.б. ғалымдардың жұмыстарында көрсетілген.)
Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші,сана-сезімі көптеген эксперименттік жұмыстар бар.(Коссов Б.Б,Сафин З.В.,және т.б. ғалымдардың жұмыстарында.)
Сонымен қатар,Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Р.Ш.Сабырова,С.Ж.Өмірбекова және Л.С.Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері,өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді.
Қазіргі қоғамда балалардың өзін-өзі бағалауын және сана сезімі психологиялық тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі әрқашан да зор болмақ.
Зерттеудің нысаны:мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеті
Зерттеудің пәні:бала психологиясындағы 3 жасар балалар және оқу іс-әрекетіндегі өзін-өзі тану.
Зерттеу мақсаты:мектепке дейінгі 3 жасар балалардың сана-сезімі мен өзін-өзі бағалау жүйесін теориялық тұрғыда дәлелдеу
Зерттеудің ғылыми болжамы:3 жасар балалардың сана-сезімінің дамып,өзін ортадан бөлуі және өзін бағалағанда үлкендердің айтуы бойынша,яғни соны қайталауы
Зертеу міндеттері:
1)3 жасар балалардың сана-сезімі қалай дамитытын білу;
2)3 жасар балалардың өзін-өзі бағалауын зерттеу;
3)3 жасар балалардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктері;
4)3 жасар балалардың сана-сезімінің ерекшеліктері;
Зерттеудің көздері:зерттеу мәселесі бойынша педагог-психологтардың,философ-мәде ниеттанушылардың еңбектері;оқу-әдістемелік кешен;педагог-психологтардың ғылыми жетістіктері мен тәжірибелері.
Зерттеу объектісі:Мектепке дейінгі 3 жасар балалар
Курстық жұмыс құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, тараудан,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан тұрады.

1. Үш жастағы балалардың дамуы
Бала үш жасында дұрыс тамақтанады,дұрыс отырады,өзге адамдарға кедергі жасамайды,өзінің іс-әрекетін басқа балалардың іс-әрекетімен үйлестіре біледі,негізгі ережелерді игереді,сөздік қоры көбейеді,қимыл-қозғалысты бұрынғыдан жақсы игереді және айтылғандардың барлығы оның әрі қарай дамуына негіз болады.Сондай-ақ үш жасар балалар мәдени-гигиеналық дағдыларды меңгереді.Белсенді сөздер қарым-қатынас құралына,мінез-құлқының реттеушісі болады да,алғаш сананы түсінуге бастайды.Сөздерді саналы түсіну дүниені көруге үйретеді.Осылайша сананың белгілік қызметі қалыптаса бастайды.Бұлар даму үшін өте маңызды.
Үш жасар баланың ояу жүру уақыты ұзарады. Олар 6 - 6, 5 сағат ояу жүре алады. Күндіз балалар 1 рет 2 - 2, 5 сағат ұйықтайды. Үш жасар балалармен таңертеңгілік жаттығулар өткізіледі. Тамақтау, киіну, жуыну біртіндеп орындау принциптерімен орындалады.
Үш жаста бала тұрмыстық процессте,ойында сондай-ақ ұйымдастырылған оқу-әрекетінде дербес,ал қозғалыстары үйлесімді бола бастайды.Және үш жастағы баланың күн тәртібін құру барсында ең алдымен сергіту уақыты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет болады.
Баланың жалпы дамуымен байланысты сергектігіндегі өзгерістерге қарамастан,бала үш жаста жоғары жүйке жүйесі қызметі ерекшеліктеріне сай олар ұзақ уақыт бойы қалыпты бір іспен шұғылдана алмайды.Яғни оларды бірқалыпты істер тез жалықтырып жібереді.Үш жастағы бала әрдайым өзінің жай-күйін бағалай білмейді және іс-әрекетінің сипатын,е сипатын,ежарлығын өзгерте алмайды.Сол үшін күн тәртібін құру барысында серуендегі және бөлмедегі іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру қажет болады.
Үш жаста балалардың тілінің жетуі де жылдам болады.Бұл жаста балалардың тілі ең керек құралға айналады.Яғни үш жастағы балалардың үлкендермен де,құрбыларымен де қарым-қатынасқа түсе бастайды.Үш жаста балалар сөйлеу белсенділігі әлдеқайда күшейе түседі.
Үш жаста балалардың сөздік қоры бір жарым мыңға көбеюі мүмкін.
Үш жастағы жас ерекшелікте балада жеке ішкі бағыт қалыптасады, ол өзінің мінез-құлқын сезінумен және ересектер әлеміне деген қызығушылығымен сипатталады.
Сәбилердің белсенділігі мен қажымастығы осы кезеңде үнемі іс-әрекет жасауға деген дайындығынан байқалады.Бала өз еңбегінің нәтижесін сын көзбен бағалай алады және өз күш-жігерінің нәтижелерін нақты елестете алады.
Үш жаста балада көрнекілік-әрекеттік ойлау негізінде көрнекілік-бейнелілік ойлау қалыптаса бастайды.Яғни бала әрекетінің нақты заттан біртіндеп қол үзуі, оқиғаны сияқты, едіге ауыстыруы өтеді.
Үш жастағы балалардың қайта жасау қиялы басым болады.Қиялдың дамуында баланың білімі, оның ой-өрісі үлкен рөл атқарады.
Үш жастағы баланың есі еріксіз, бейнелілікпен сипатталады.Есте сақтау емес, тану басым болады. Бала өзінің әрекетімен байланыстыны , қызықтыны және эмоционалдық боялғанды есіне жақсы ұстайды.
Бала бір затқа өзінің зейінін ұзақ уақыт ұстай алмайды, ол әрекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйзеліс мәселелерін педагогиклық-психологиялық тұрғыдан қарастыру және шешу
Физикалық вербальды агрессия
Баланың күйзеліс жағдайының топтағы алатын орнына әсері
Жеткіншектердің өзіндік бақылауының психологиялық табиғаты
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Пәндер