МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Габдрахманова Нургуль Серікқызы
Педагогика және психология
мамандығын 4 САЯСИ курс студенті
Ғылыми жетекші - ҚАЙРАТКЕР Салим А.К
Әлеуметтік педагогикалық пәндер
кафедрасының оқытушсы
Абай Мырзахметов атындағы
Көкшетау университеті

Мүмкіндігі шектеулі балалар бұл сөзді естігенде жаның дүршігеді шынымен. Бұрынғы заманда осындай балаларға ешқандай көмек, қолау көрсетілмей, қаншама балаларды білім алу, өзін әлеуметте еркін емін сезіну мүмкіндіктерінен айыратын. Қазіргі заманымыз дамып келе жатыр, онымен бірге адамдар да ойлауы да қандай қуанышты жаналық. Еліміздің көптеген көзі көрмейтін, мүгедек, тілінде кемістігі бар балалар дені сау балалармен қосылып білім, тәрбие алуда. Қазақстан Республикасында осындай жандарға яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуға зор мүмкіндік беріліп отыр. Инклюзивті білім беру бағдарламасы жасалынып, сол жоба бойынша оқыту жүзеге асуда, бұл керемет жаңалық. Адамның дене бітіміне, дініне, жағдайына қарамастан әрбір бала ол қандац болса да өзін еркін ұстап білім, тәрбие ала алады [1].
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қазір екінші орынға шегермей, олардың білім алу жағын бірінші орынға қойып отыр. Қазіргі кезде көптеген мұғалімдер арнайы курстан өтіп білім алуда. Педагог-дефектолог, педагог-психолог, педагог-логопед сияқты мұғалімдер кемістігі бар балалармен қалай жұмыс істеу керек екендігіне үйреніп жүр, бұны да жетістік деп айтуға болады. Сол курстарда мүмкіндігі шектеулі балалармен қалай тіл табысуға болатынын, оларға қаншалықты көңіл бөлу керектігін, олармен қандай жұмыстар өткізу керектігін үйретеді. Инклюзивті білім беру керемет ойлап тапқан бағдарлама деп айтуымызға болады өйткені бұл жобада кемістігі бар балалар дені сау балалармен қосылып сөйлескенде, олармен өосылып білім алып тәрбиеленгенде өздерінде қандай да бір кемістігі бар екенін ұмытып, денсаулығы жағынан жақсара бастайды [2].
Қазіргі Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу жүйесі ұйымдастырылып жатыр. Біздің елімізде сондай балалар өкінішке орай көп. Психолог мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, олардың ата-анасымен де жұмыс жасап қолдау көрсету керек. Өйткені кемістігі бар балаларды тәрбиелеу ол ата-анамен мұғалімге берілген аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін күрделі тапсырма. Мұғалімнің міндеті ата-анамен бұл жұмысты ұйымдастырып қолау көрсету. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін түсіндіру, баламен қарым-қатынасын жақсарту. Әрбір ата-анаға баламен өзара әрекет жасау әдіс-тәсілдерін үйретіп айтып көрсету. Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық ағарту жұмыстарына мұқтаждығын анықтау, оларға кеңестерін беру. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жұмыс әртүрлі формада жүзеге асады. Олар: жеке әңгіме жүргізу, кеңес беру, әртүрлі леккциялар, консультациялар, семинарлар өткізу, өзгеде іс-шаралар өткізу. Қандай да бір кемістігі бар балалардың ата-аналарына заңды өкілдеріне рүқсат етіледі: балаға білім, тәрбие беруге, түзетуге. Баланың оқу сабақтарына қатыса алады. Мектеп ұжымынан қандай да бір көмек қолдау ала алады және де дамыту, білім беру үрдісіндегі нәтижелер туралы толық әрі нақтылай ақпарат ала алады. Оқыту тәрбиелеу барысында мектепке, мұғалімге қойылатын талаптардың бірі мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау және білім алып толықтай меңгеруге психолгиялық ахуалы жақсы орта құру. Кемістігі бар балаларға толыққанды білім беруді қамтамасыз ету, оқуға қажетті материалдық-техникалық құралдар, дидактикалық матералдармен қамтамасыз ету. Сол балалармен жұмыс жүргізетін дефектолог, психолог, логопед мұғалімдерінің кабинеттерін әртүрлі қажетті құралдармен, матералдармен жабдықтау. Психолог мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсетеді, оқыту, білім беру ұйымында жақсы көңіл күйді қалыптастыруға септігін тигізеді [3].
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрі білім алады, яғни көзінде, тілінде, дене бітімінде ауытқушылықтары бар. Қандай да бір мүмкіншілігінде шектеу болса да, олардың әр біреуі дені сау балаға қарағанда тез үйреніп, тез қабылдауы әбден мүмкін. Өйткені кемістігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артпедагогика
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Инклюзивті сабақта қолайлы білім ортасын жасау
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Пәндер