Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетін табыстырушы Батыс Еуропа орта ғасырының ірі ойшылдары Р. Бэкон, Д. Скот Фарабидің еуропа ғылымына ықпалы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шәрі Жұбаныш
Метеорология 1-группа
Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетін табыстырушы Батыс Еуропа орта ғасырының ірі ойшылдары Р.Бэкон, Д.Скот Фарабидің еуропа ғылымына ықпалы.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан - ұпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұятап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзентерінің бірі Әбу-Насыр Әл-Фараби.
Әбу-Насыр Әл-Фараби - дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы (арабша "Муаллими ас-сани") атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиеті, ақын.Әл-Фараби Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді, Сырдың суын ішті, Арыстың суын кешті, Қызылқұмның аптабына күйді.Осы еңбегімізде біз сіздерді Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми қызметі, оқыған жазған ғылыми еңбектерімен және орта ғасыр ғалымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлерімен таныстырмақшымыз. Енді сөзімізді Әл-Фарабидің өмірбаянынан бастасақ жөн болады.Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында туылған. (Оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған). Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен қыпшақ, қаңылы, қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар - бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы - егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол атау бойынша, ұлы ұстаз Әл- Фараби атанып кеткен.Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оны әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан, туған жері Фараб (Отырар), осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараб, яғни Фарабтан шыққан Әбу-Насыр атанған. Кейбір көптеген еңбектерде оны "Тархани" деп те атайды. Осы күнге дейін бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол түста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Сондықтан да Фараби қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы - қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар.Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарды қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдад, Қарасан, Дамаскі, Каир т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында, ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Әл-Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайтқан. Ол бұрынырақ өз отаны - Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі мансур ибн Нұхтың өтінуі бойынша екінші тәлім (Ат-тавлім ас-сани) атты еңбек жазған, Екінші ұстаз осы оқиғаға байланысты алған дейді. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 жылға желтоқсан айының аяғы немесе 950 жылғы қаңтардың басы). Дамаскіде қайтыс болады. Тарихшы ибн Халликанның айтуынша Данискінің Биб ас-сағир (Кіші дарбиза) зиратына қойылған көрінеді.Ғұлама-ғалым ретінде Әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білім, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал Совет ғылымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді.Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма болады. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі ақ Әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.Әрине Әбу-Насыр әл - Фараби ең алдымен кезінде Шығыстың Аристотелі атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетпен таныстыруда зор роль атқарды.Фарабидің "Ақылдың мәні туралы тарихтан", "Данышпандықтың інжу маржаны", "Ғылымдардың шығуы", "Философияны оқу үшін алдымен не білу керек", "Аристотель еңбектеріне түсіндірме" ("Поэтика", "Риторика", "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", бірінші және екінші "Аналитика") сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель талаптты да, жан-жақты білім иесі, данышпан адам.Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да "Кемеңгерлік меруерті", "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы", "Мәселелердің түп мазмұны", "Ғалымдардың шығуы", "Бақытқа жету", "Азаматтық саясат", "Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері" сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары т.б. туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш-ақыл-парасат деп біледі.Әл-Фараби өзінің "Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы" атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы "қала" деп отырғаны - мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы менсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моралдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті еді.Сонымен Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін-еркін өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бір құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден - бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Үлкен ғұлама, ойшыл ретінде қайырымды мемлекет барша халықтың бақыты туралы армандады. Ал, енді Фараби ұлы гуманит феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқын қорғауға әрекет жасады.Фараби Аристотель еңбектерін барлық қорынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Фараби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
. Әл-Фараби жайлы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Философия дәрістер
Әбу – Насыр Әл - Фарабидің шәкірттері
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Пәндер